Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 07:42, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау:
- шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
- оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
- шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;
- шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;
- қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;
- шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 252.15 Кб (Скачать)

Дүние жүзіндегі барлық елдерде  шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік  қолдау қоры болады.

АҚШ-тағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау келесідей сипатта орын алады: шағын кәсіпорындарды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету; басқару бойынша  техникалық және консультативтік қызметтер көрсету. Шағын бизнес әкімшілігі тек қана жеке кәсіпкерлікті дамытуға емес, сонымен қатар әртүрлі топтағы қаржылық институттарға да қолдау көрсетеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсету тікелей займдар беру келісімдері жүргізіледі. Бұл жағдайлар 80-ші жылдардан бері жүргізіліп келеді. 1958 жылы шағын бизнес инвестициялық  компанияларын құру басталды. Қазіргі кезде АҚШ-та 450-ден астам шағын бизнес инвестициялық  компаниялары жұмыс жасайды.

Қаржылық қолдау көрсету формалары  келесілерден тұрады:

- шағын кәсіпорындарға  шағын бизнес әкімшілігінің меншіктік  бюджетінен үлестік саудалар  бекіту;

-    несиелер бойынша   кепілдер;

-  арнайы бағдарламаларды  қаржыландыру  (экспортты бір  жүйеге келтіру, өңдеу және  зерттеулер, кадрлар дайындау, нашар  дамыған территорияларды дамыту);

-  шағын бизнеске инвестициялық  компаниялардың капиталдарының  қатысуы, өндірістік компаниялардың  дамуы және бағалы қағаздардың  кепілдігі.

Осындай мақсатпен шағын және кішігірім  бизнесті дамыту реттеліп отырады.

 Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд. долл.Жапония мемлекеті өзінің экономикалық деңгейі бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді.  Әлемдік     әйгілі     экономикалық айсберг болып айтылатын шағын және орта кәсіпорындар осында орналасқан. Олардың ішінде 55 %-ті өндіріс өнімдерін шығару, ал 60 %-і өндіріс көлемі болып табылады.Елде 6,5 млн. шағын кәсіпорындар бар (жалпы өнімнің 90 пайызы). Жапониядағы шағын кәсіпорындардың құқықтық жағдайы арнайы заңдар мен жеңілдіктер арқылы жүргізіліп отырады. Үкімет аппаратында  шағын бизнес істері бойынша өндірістік және ішкі сауда Министрлігі, құқықтық әкімшіліктік органдар, кішігірім кәсіпорындарды  басқарумен айналысады. Жапондық заңнамалар тек қана меншік иелерін басқарумен шектелмейді, сондай-ақ, келісімдік қарым - қатынастарды орнатады.

Елде шағын бизнесті бір  бағытқа жүргізу саясатын орнатудың  төрт орталығы бар:

 -       орталық үкімет;

  • жергілікті билік органдары;
  • ірі бизнес;
  • кішігірім кәсіпорындардың өзіндік бірігуі.

Бір мақсатқа бағыттау барлық бұрынғы, соның ішінде жаңа шағын кәсіпорындарды басқару да жүргізіледі: тіркеулер, бекіту мен өсу деңгейі. Бұл үшін экономикалық рычагтардың жаңа түрлі  жүйелері қолданылады:  несиелер және займ жеңілдіктері (жалпы және бағытталған), әр түрлі салық жеңілдіктері, техникалық және консультативтік несие, ақпараттық-компьютерлік қызмет, кадрлар дайындау және басқалар. Олардың барлығы жалпы ұлттық заңнамалар және мемлекет желілері арқылы жүргізіледі. Жергілікті және орталық  билік органдары кішігірім бизнес компанияларына субсидия, займ, несиелік кепілдер, салық жеңілдіктері және кадрларды оқыту көмектерін көрсету  жұмыстарын жүйелейді. Субсидиялар (қайтарымсыз  каржылық көмек) ғылыми - техникалық бағдарламалар  негізінде  ұсынылады, соның ішінде:

  • өндірістің техникалық деңгейінің көтерілуі  (жергілікті және орталық билік органдарына жүктеледі);
  • өнеркәсіптегі өндірістік технологияларды жаңарту (орталық үкіметке жүктеледі);
  • мемлекеттік зерттеу институттарымен бірігіп жаңа ғылыми техника және технологияны жетілдіру (жергілікті билік органдарымен қаржыланады).

        Жеңілдіктер  пайызындағы займдар келесі жобаларды  ұсынады:

  • жаңа өнім түрлерін және жаңа технологияларды өңдеу (жергілікті билік органдары);
  • жаңа өндіріс түрлерін өңдеу (орталық үкімет);
  • аймақтар экономикасын дамытуда шағын кәсіпорындар құру (орталық үкімет);
  • кішігірім бизнес кәсіпорындар арасында өндірістік және техникалық корпорация құру (орталық үкімет).

Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға  салынатын салық жеңілдігі ғана. Егер шағын материалдық базасы жеткіліксіз  болса, айнылым қорына қаражатты  жоқ болса, өндірілген өнімді өткізу жөнінде алдын ала жасақталған шарттар болмаса, ол қалай өз аяғынан жүріп кете алады деген сұрау туады.Қазақстанда шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру 
Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Шағын бизнес қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі ірі кәсіпорындардың манополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын бизнес қиын хал-жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.

 

  • Екінші деңгейлі банктермен  0,8%
  • Жергілікті бюджет және бюджеттен тыс қорлар қаражаты есебінен 9,3%
  • Агроөнеркәсіп саласындағы шығын және орта бизнес субьектілерін несиелеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 7,7%
  • «Самұрық қазына» АҚ  қаражаты есебінен  57,8%
  • Микрокредиттік ұйымдармен 1,6%

Сурет 11. Шағын және орта бизнесті несиелендіру динамикасы

Сурет  9-да бүгінгі таңдағы  шағын және орта бизнеске қаржылық-несиелік тұрғыдан, әр түрлі ұйымдар мен  мемлекет тарапынан көрсетілген  қолдаулардың пайыздық көлемі көрсетілген.

Кез келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің  араласуын қажетететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвеститциялық сферасында мемлекеттік реттеу проблемалары бар. Шағын бизнесті дамыту үшін үш факторлық жағдайды ескеру қажет.Олар:

-  кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау;

-  тексеруші оргондардың санын азайту;

-  рұқсат беруші құжаттардың санын азайту.

Шағын және орта бизнестің  күрделі проблемаларының бірі несиелік ресурстарды алыдың қиындығы.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдаудың негізгі қақидалары:

-  шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы;

-  шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдацудың кешенділігі;

-  инфрақұрылымды дамытуда және кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық формаларын таңдауда жағдай туғызу;

- алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдау.

Қазақстан Республикасының  шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі  агенттігі Экономикалық зертттеулер  институты және Кәсіпкерлер форумы кеңесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасында  Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен  қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасының жобасын жасады. Бағдарламада бірқатар шараларды жүзеге асыру белгіленген:

Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвеститциялық қолдау. 
Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда қаржының пайдаланудың коммерциялық механизміне көшу қажет. Қазір банктер сату-сатып алуды несиелейді немесе ірі тауар өндірушілерді несиелерді қолайлы көреді. Шағын бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығынан несиелік ресурстарға қолы жете алмай тұр. Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікке лизинктік несиелер, сақтандыру, франчайзинкті дамыту қажет.

Кәсіпкерлікті қаржылау қолдау саясаты орташа және ұзақ мерзімді несиелеуді, аймақты деңгейде кепілдік қорлар мен несие серіктестіктерін құруға бағытталуы қажет.

Шағын бизнес субъектілеріне салық салудың әділ жүйесін құрудың  негізгі принципі жалпы экономикалық мүдделердің фискальдық мүдделерден  басым болуы тиіс. Шағын бизнес субектілерінен салық салудың әділ механизмі кәсіпкердердің табысын  анықтаудың байыпты тәртібінің болуын көздеу мүмкін. Кәсіпкерлердің табысына бірыңғай жеңілшдікті мөлшерлеме енгізу немесе потенттік төлем кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Ағымдағы және аванстық төлемдер төлеудің қазіргі  тәртібін жою керек. Өндірісті дамытуға, бәсекеге түсе алатын экспортқа бағдарланға  немесе импортты ауыстыратын өнімдер  шығаруға қаржы жұмсайтын шағын  кәсіпкерлер үшін табыс салығын  есептеген кезде салық салынатын  табысты осы қаржыға кеміту қажет. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың  басты бағыттарының бірі-кеден баждарын төлеу кезінде шағын кәсіпорындарға жеңілдіктер беру. Қазақстанда өндірілмейтін  шикізаттарды импортаған кезде қосымша  құн салығын салуды кейінге қалдыру  қажет.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуды маңызды жағы салалық минеистірліктер  мен ведомстволар, сондай-ақ ірі  отандық кәсіпорындар тарапынан  қолдау жасау болып табылады. Бүгінгі  таңда шағын бизнесті қолдау бағдарламасы транспорт және комуникация салаларында, сонда-ақ жекелеген кәсіпорындарда жасалған.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың  инфрақұрылымдарын дамыту. 
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын қалыптастыру үшін болашақта Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмысын қайта қарау қажет. Нарық инфроқұрылым дамыту шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды бөлігі болып келеді. Шағын бизнестін тиімді қызмет етуін қамтымасыз ететін нарықтық инфроқұрылымға мынадай элементтер жатады: аудиторлық, консалтингтік, бухгалтерлік және басқа қызмет түрлері, қаржы – несие институттары сақтандыру конпаниялары әр түрлі оқу орындары жатады. Сонымен қатар бұл нарық инфроқұрылым субъектілерінің өзіндік проблемаларын шешу қажет. Қазақстанда кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын жетілген ұйымдар бар. Олар: Қазақстан кәсіпкерлер конгресі, кәсіпкерлер мен өндеушілер одағы.

Лизинг және франчайзингті қалыптастыру. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жедел және қаржы лизингі іс жүзінде дами алмай отыр. Мұндай жағдайға лизингтің заңдық және нормативтік базасының жоқтығы басты себеп болып табылады. Лизингтік қатынастарды тезірек енгізу мақсатында олардың дамуын қолдау жөнінде бірқатар шамаларды қабылдау қажет.  
Франчайзинг шағын кәсіпкерлік өкілдерінің ірі бизнеспен қарым-қатынасының тиімді үлгісі ретінде өз дамуының зор мүмкіндіктеріне ие. Қазақстанда франчайзингтің даму үшін: франчайзинг ассоциациясын, франчайзингтің оқу – консультациялық орталығын құру қажет.

Ақпаратық қамтамасыз ету.Бұл  орайда бағдарлама бойынша шағым  кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етудін ұлттық жүйесін жасау жоспарланған осы жүйе шеңберінде заңдық-нормативтік  актілер, оқу орталықтары, заңгерлік  фирмалар, адвокаттық кеңселер, инфроқұрылымдық  басқа да объектілері бойынша  деректердің ақпараттық базасы құрылады. Шағын кәсіпкерліктің Респибликалық  ақпараттық көрме орталығы бұл жүйені іске асыруға негіз болуы тиіс.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін  қорғау инфрақұрылымын құру. 
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік өзінің құқықтық мәртебесі жағынан жеткілікті қорғалған институтқа жатпайды, бұл әсіресе шағын бизнеске қатысты. Шағын бизнестің ортақ мүдделерін және әр субъектінің мүдделерін қорғау мемлекеттік емес ұйымдардың рөлін күшейту мақсатында, әр түрлі заңдарды жүзеге асыру керек. Кәсіпорынды тіркеу процесі бастаушы кәсіпкерлерге өз ісін бастауда үлкен кедергі келтіреді. Жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындардың тағы бір проблемасы – бұл жарғылық қорды төлеу мәселесі. Жарғылық қорды төлеу заңмен бекітілмесе де, Президент Жарлығы негізінде жүргізіледі. Кейбір кәсіпкерлер бұл талапты орындай алмайды. Лицензия беру мәселесін де заңдық жағынан қайта қарау қажет.

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселелері. 
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – ол мемлекеттің қаржы –несиелік және инвестициялық саясаты. Қолайлы инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын алып отыр.

 Қаржы бойынша бірқатар мәселелер шешімін тапай тұр:

- несие алудың шектеулігі;

- коммерциялық банктердің  кепілдік міндеттемені жоғары  деңгейде ұстауы;

- берілетін несиенің пайыздық  мөлшерлемесінің жоғарғы болуы  және қысқа мерзімділігі;

- шағын кәсіпкерлікке  микро несие берудің заңдылық  негізінің жоқтығы;

- банктердің шағын кәсіпкерлікті  несиелеу саясатының анықсыздығы. 
Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолданудың басты бағыты осы секторға несие мен инвестицияны кеңінен тарату. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлікке қатысты қаржылық-несиелік саясат салалық, аймақтық басымдылықтарға және төмен пайыздық, ұзақ мерзімдік несиелеу жүйесіне негізделуі қажет.

 

 

3.2 Шағын және орта бизнесті  дамыту шаралары мен оны тиімді  несиелендіру жүйесін ұсыну

 

 

Дегенмен, зерттеу барысында  шағын және орта  бизнес алдында  тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын және орта  бизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:

Информация о работе Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері