Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 07:42, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау:
- шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
- оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
- шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;
- шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;
- қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;
- шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 252.15 Кб (Скачать)

2011 жылға ипотекалық несие  бойынша қарыздар қалдығы өзгерісінің  жобалық мағынасын есептейміз.

Алынған математикалық модельді графикалық түрде көрсетеміз:

 

Сурет  9. 2011 жылға ипотекалық несиелеу бойынша қарыз қалдығының өзгерісінің математикалық моделі

 

Ипотекалық несиелендіру бойынша қарыз қалдығының жобаланған мағынасын есептеп шығарамыз, ол үшін теңдеуде шартты мағына (х),  2011жылы  несиелендіру бойынша қалдық 33% (-0,004*4+0,346) құрады.

2011жылға шағын және  орта бизнесті несиелендіру бойынша  қарыз қалдығының өзгерісінің  жобаланған мағынасын есептейміз.

Алынған математикалық модельді графикалық түрде көрсетеміз:

 

 

 

Сурет 10. 2011 жылға шағын және орта бизнесті несиелендіру  бойынша қарыз қалдығының өзгерісінің математикалық моделі

 

Алынған модельді қолдана  отырып шағын және орта бизнесті несиелендіру  бойынша қарыз қалдығының өзгерісінің  жобалық мағынасын есептейміз:

 

У=0,007*4+0,100

У= 0,128

 

Сонымен, 2011 жылға шағын  және орта бизнесті несиелендіру бойынша  қарыздардың қалдығы, ссудалық портфельден  12,8 %құрайды.

Составим сводную таблицу.

 

Кесте 17.

2011 жылға көрсеткіштердің жобалық мазмұны

Көрсеткіштер

2011 ж

Тұтыну несиелері

54 %

Ипотекалық несиелер

33%

Шағын және орта бизнеске несиелер

12,8 %


 

Экономикалық-математикалық  үлгілеуді қолдана отырып, шағын  және орта бизнес, ипотекалық және де шағын  және орта бизнесті несиелендіру бойынша  қарыздардың қалдығы жобаланды. Алынған мәліметтерге сүйене отырып 2010 жылмен салыстырғанда, автонесиелендіру бойынша қарыздардың қалдығы 0,6% өзгереді.

 

 

2.5  Дағдарыстан кейінгі  экономика жағдайында шағын және  орта бизнесті несиелендіру мәселелері

 

 

Дағдарыс жағдайында шағын  және орта бизнесті қолдау экономикалық тұрақтылықтың кепілі болмақ. Оған қарсы әлемнің алпауыт елдерінің өзі қал-қадерінше қарманып, ішкі экономикалық тұрақтылығын сақтауға ұмтылып жатыр. Бұл ретте, ширақтық танытқан ел Үкіметі Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесіп, 2009-2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын былдыр күзде қабылдағаны мәлім. Бұл жоспардың басты мақсаты – ғаламдық дағдарыстың салдарына төтеп беру, сонымен қатар экономикалық өсу, тұрақтылық негізін қалау, халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік-әлсіз жіктерін қолдау.

Дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада шағын  және орта бизнес секторын қолдауға басымдық беріліп отыр. Өйткені экспорттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бағасының  күрт құлдырауы жағдайында мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының  нығаюына дәл осы шағын және орта бизнестің өрге басуы негіз қалайды. Егер бұл сала өркендесе, жаңа жұмыс орындары ашылып, ел берекеті артады. Үкіметтің дағдарысқа қарсы жасақтаған бағдарламасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және жаңа бизнес жобаларды іске асыруға ерекше мән берілуі сондықтан. Дағдарыс салдарынан сыртқы несие көздерінің жетіспеушілігі елдегі кәсіпкерліктің қиындықтарға ұшырауына түрткі болғаны рас. Мәселен, Ұлттық банктің деректері бойынша Астанадағы шағын және орта бизнес 2007 жылы 135 млрд. теңгеге несиелендірілген. Ал 2008 жылы 78 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бір жылда бұл саланы несиелендіру қарқыны 43 пайызға кеміді. Дағдарыс жағдайында кәсіпкерлік субъектілері несиеге деген қажеттіліктері қанағаттандырылмай қалды деген сөз. Осындай жағдай барлық өңірлерде қалыптасты.

Бұл мәселе бағдарлама аясында  өз шешімін табуы үшін мына шараларды  атқару көзделуде:

- жаңа Салық кодексі  ауқымында салықтық жүктемені  күрт төмендету.

- екінші деңгейлі банктер  арқылы шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу;

- «Даму» кәсіпкерлікті  дамыту қоры АҚ арқылы шағын  және орта бизнес субъектілерін  несиелеуді мемлекеттік кепілдендіру;

- «Қазпошта» АҚ аймақтық  пошта желілерін пайдалана отырып, ауылдық жерлерде шағын несиелеуді дамыту;

- шағын және орта бизнестің  мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуін кеңейту;

- бизнесті құру мен  жүргізу бойынша рәсімдерді оңайлату, әкімшілік кедергілерді төмендету, лицензиялауды қысқарту;

- әкімшілік тексерулерді  шектеу;

- әрбір облыс орталығында  кәсіпкерлікті қолдау орталықтары  желісін құру.

Кәсіпкерлерге салынатын  салықтық ауыртпалықтарды жеңілдетудің бір қадамы ретінде жаңа салық  кодексі бойынша корпоративтік  табыс салығын кезең-кезеңмен төмендету  көзделгендігін айтуға болады. КТС 2009 жылға дейін 20%-ға, 2010 жылға дейін 17.5%-ға, 2011 жылға дейін 15%-ға кемітілмек. Шағын және орта бизнестің қиын-қыстау кезеңіндегі ахуалын оңалтуға сеп  беретін тағы бір маңызды қадам  жасалды. 2009 жылы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында салық органдарына  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді  тексеруге тыйым салынып, Үкімет қаулысы бойынша салықтық тексерістерге  мораторий жарияланды.

Үкімет кабинеті «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» мәселесі бойынша 2009 жылдың ақпанынан бастап екінші деңгейдегі банктер арқылы «Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қоры есебінен 1 млрд, доллар (120 млрд. теңге) көлемінде қаржы  аударды. Кәсіпкерлікті несиелеу наурыздың 1-нен бастап жүзеге асырыла бастайды.

Мұндағы бизнеске берілетін  несиенің жылдық үстемесі теңгемен 12,5 пайыздан аспайтын болды. Бұдан бөлек  шағын және орта бизнеске бөлінетін  несиенің мерзімі 7 жылға ұзартылып, ал мөлшері 750 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Республикамыздағы шағын  және орта бизнес субьектілерінің негізгі  шоғыры Алматы мен Астанада орналасқандықтан, бөлінген 120 млрд теңге көлеміндегі  қаржының 50 млрд. теңгесі Алматы қаласына, ал Астана қаласына 30 млрд. теңгеден кем  емес қаржы бөлу жөнінде «Самұрық-Қазына»  ҰӘАҚ әкімдіктермен меморандумға қол  қойды.

Экономиканы жаңғырту жөніндегі  мемлекеттік комиссия және жергілікті әкімдіктер қаражаттардың мақсатты жұмсалуы үшін жан-жақты мониторинг жасауда. Өтінім берген кәсіпорындардың  тиімділігі, олардың қаржы қажеттілігі  қаншалықты, қандай мөлшердегі қаржыға  зәру, сонымен қатар отандық экономиканың қай саласына басымдық берген қолайлы - осының бәрі сараптаудан өтуде. Экономиканы  жаңғырту жөніндегі мемлекеттік  комиссия екінші деңгейдегі банктің  және қаржы ұйымдарының шағын  және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға қатысушылар тізімін белгіледі. Әзірше бұл бағдарламаға 10 банк қатысады: «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Еуразиялық  банк» АҚ, «Kaspi bank» АҚ, «Центркредит банкі» АҚ, «АТФ» Банк АҚ, «Нұр банк»  және «Цесна», «Казкоммерцбанк» АҚ, «Ресей жинақ банкі» АҚ, «Астана-Финанс Банкі» АҚ. Экономиканы тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан олардың әрқайсына  бөлінетін қаржы көлемінің лимиттерін де анықтады. Аталмыш транштық қаржыландыру талаптарының ішінде шағын және орта бизнесті қайта несиелендіру жобаларына қаражаттың 70 пайызын жұмсау көзделген. Ал қаржының қалған 30 пайызы жаңа жобаларды  іске асыруға бағытталады. Бұл елдегі шағын және орта бизнестің тұрақтап қалуына ғана емес, ары қарай өркендеуіне  жол ашады.

Қосымша бөлініп отырған 1 миллиард долларды жылдың ортасына қарай  игерілсе, жылдың екінші жартысында 120 млрд. теңге бөлінеді деп жоспралануда. Бұл еліміздің барлық өңірлеріндегі  кәсіпкерлерді кеңінен қаржылай қамтып, соның есебінен бизнесті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары мен өндірістерді ашуға қолдау көрсететіні анық.

Еліміз әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалына іліккен жылдары Үкіметтің онымен күресте белгілеген бес басым бағытының бірі шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі болатын. Өйткені халықты жұмыспен қамтуда, ішкі рынокты көпшілік қолды тауарлармен қамтамасыз етуде қашанда болмасын шағын және орта бизнестің қалыпты жұмыс істеп тұруының маңызы зор.

Сондықтан Үкімет қай салаға, қандай қызмет түріне жататындығына  қарамастан мемлекеттік қолдауды барлық шағын және орта бизнес субъектісіне көрсету керек деп шешті. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бұрынғы көрсетілген көмекке қосымша 2009 жыл үшін 120 миллиард теңге қаржы бөлетін болды. Оның 70 пайызы іске қосылған және жүзеге асырылған жобалардың жұмыс істеуіне, 30 пайызы жаңа жобаларды жоспарлап, іске асыруға бағытталды.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қоры арқылы бір жобаны қаржыландыру көлемінің шекті мөлшері бұрынғы белгіленген 3 миллион АҚШ долларынан 5 миллион долларға дейін өсірілді.

Мұның сыртында Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесе отырып, шағын және орта бизнеске берілетін несиелердің банктік сыйақы ставкасының шекті мөлшерін бұрынғы дағдарысқа дейінгі деңгейде, яғни 14 пайыздан асырмай ұстап тұру жөнінде шешім қабылдады. Сондай-ақ, бұл шешім жаңадан берілетін несиелерге ғана емес, беріліп қойған несиелерге де қатысты болды.

Осынау күрделі де қиын шақта шағын және орта бизнеске берілген несиелердің қайтарылатынына банктер сенімін арттыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдік беру механизмі енгізілді.

 Екіншіден, «Самұрық Қазына» қоры ауыл тұрғындарын несиелендірудің олар үшін тиімді жаңа бағдарламасын әзірледі. Соның ішінде жұмыс орындарын сақтап, дамыту үшін ауылдағы кәсіпкерлерге де жеңілдікті несиелер берілетін болды.

Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тапсырыстармен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында олар мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тарапынан ұсынылатын мемлекеттік тапсырыстарға молынан қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жаңадан қабылданған «Мемлекеттік сатып алулар» туралы Заң оларға осы бағытта бірқатар артықшылықтар берді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан Қазақстанда жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылар мен сервистік компанияларға, олардың меншік түріне қарамастан өз тапсырыстарында қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі талап күшейтілді.

Мұның сыртында Үкімет кәсіпкерлікті  дамыту үшін олардың алдынан көлденеңдеп шығатын әкімшілік кедергілерді азайту, рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі бұрыннан басталып кеткен жұмыстарды дағдарысқа қарамастан одан әрі жалғастырды.

Міне, осындай шаралардың нәтижесінде қазақстандық кәсіпкерлер әлемдік дағдарыстың ауыртпалықтарын айтарлықтай сезіне қойған жоқ. Батыстың бірқатар елдерінде көптеген шағын және орта бизнес субъектілері бірінен кейін бірі жабылып жатқан тұста Қазақстанда бұл құбылыс жаппай сипат ала алмады. Керісінше, кейбір шағын кәсіпорындар мемлекет арқылы берілген несиелерге ие бола, ұлттық холдингтер мен компаниялар ұсынған тапсырыстарды орындау ісіне қатыса отырып, өздерінің шаруаларын түзеп алды.

Кәсіпкерлердің жағдайын түзетуіне халықты жұмыспен қамту мақсатында әзірленген «Жол картасы» бағдарламасы аясында ұсынылған тапсырыстар да үлкен көмек болды. Бір есептен осы арқылы өңірлердегі, соның ішінде, ауылдағы кәсіпкерлерге жаңа жобалар, халыққа жаңа жұмыс орындары ұсынылса, екіншіден, еліміздің түкпір-түкпіріндегі жергілікті жолдар, мектептер мен емханалар, мәдениет ошақтары жөнделіп, жаңарып қалды. Көп жыл қол көрмей тозғындай бастаған жылу жүйелері мен қазандықтар, коммуналдық сала нысандары мен инженерлік желілер де біршама жаңартылды.

Еліміздің Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен бірігіп Кеден одағын құруы шағын және орта бизнес алдына үлкен міндеттер жүктейтіні белгілі. Істің алғашқы барысы бұл үдерістің қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаман жағдайда жүріп жатпағандығын байқатады. Ал болашақта отандық бизнестің тағдыры нақ осы мәселеге байланысты шешілетіндігі анық. Өйткені қазақстандық кәсіпкерлердің алдынан 170 миллион адамды құрайтын үлкен рынок ашылып отыр. Қазір еліміздің Үкіметі осы рыноктың отандық кәсіпкерлер үшін қолжетімді болуын барынша ойластыруда және сол үшін күрес жүргізуде. Соның жарқын бір мысалы ретінде Кеден одағы құрамындағы елдердің көлік инфрақұрылымдарының тарифін белгілеу мәселесінде біздің еліміз үшін қолайлы мүмкіндіктердің қалыптасқандығын айтуға болады. Бұл қазақстандық тауарлардың Ресей мен Беларусь рыногына еркін кіруіне жол ашады. Енді осыны отандық кәсіпкерлер өздері үшін тиімді пайдалана білуі қажет. Ал оның басты шарты бағасы арзан сапалы тауарлар шығаруға қол жеткізу. Үкімет осы бағыт бойынша да белсенді жұмыстар жүргізуде. Елімізде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының әзірленіп, жүзеге асырыла бастауы осының айғақты мысалы. Кәсіпкерлер осы бағдарлама негізінде Үкіметтен тиімді несие мен экспорттық операцияларды жүзеге асыру үшін берілетін субсидияларға ие бола алады.

Дағдарысқа қарсы  бағдарлама аясында Ұлттық қордан бөлінген 10 млрд. АҚШ долларының 1 миллиарды, немесе 120 млрд. теңгесі осы орта және шағын бизнеске бөлінген.

Аталмыш бағдарлама 2 550 кәсіпкерге ықпалын тигізіп, 4 мыңға  жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға  қуат берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  Шағын және орта  бизнестің даму тенденциясы және  оны қаржылық – несиелік қолдау  механизмін жетілдіру жолдары

 

3.1 Шағын және орта бизнес  субьектілерін мемлекеттік қолдау  жүйесін құрастыру

 

 

Қазіргі жағдайда экономиканы  сауықтан дыруға шағын кәсіпорындардың  қосқан үлестері жоқтың қасы. Оның себебі жалпы өңдірістің төмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың  үзілуіне болып отыр. Сонымен бірге  шағын кәсіпорынға мемлекеттік  қолдау орын ала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан-жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды.

Информация о работе Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері