Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 07:42, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау:
- шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
- оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
- шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;
- шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;
- қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;
- шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 252.15 Кб (Скачать)

 

Кесте 10.

«ФРМП-1 несие желісі» бағдарламасы

Дәреже                                               

Кіші, орта, корпоративті бизнес

Қарыз валютасы:

теңге, евро, АҚШ доллары

Қарыз мәні:

Бизнес мақсаттарға беріледі

Қарыздың максимал сомасы:

300 000 АЕК, АҚШ долларындағы  эквивалент

Қойылым % :

Қарыз алу мерзімі қосымша 18 айға дейін жылына 12,5%; 
Қарыз алу мерзімі 18 айдан асқанда жылына 11%, (APR* – жылына 14 % аспайтын)

Несие мерзімі:

30.09.2015 жылға дейін

Ерекше шарттар:

Тұрақты бизнес, өтінішті беруге дейін 12 айдан (үзіліссіз) кем болмайтын  мерзім аралығында қызмет ететін.


 

APR* – жылдық тиімді  сыйақы қойылымы, қаржылық нарықты  және қыржылық ұйымдарды ретке  келтіру мен бақылау бойынша  ҚР Агенттігі Ережелеріне сәйкес  несие шарттарына тәуелді банкпен  анықталады.

 

 

2.2 «Еуразиялық банк» АҚ-ның  негізгі  қаржылық экономикалық  жағдайын талдау

 

 

Банк активтері – пайда  табу мақсатында банктік ресурстарды  түрлі активтер бойынша орналастырылған  қаражаттары.Банктік активтердің  құрылымы баланстың актив жағында  көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын  сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді  активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің  өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай  анықталады. Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт  топқа бөлуге болады:

  • касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттары;
  • займдар;
  • бағалы қағаздарға жұмсалынған  инвестициялар;
  • банктің ғимараты  мен жабдықтары
  • Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне,  тәуекел активтерінің көлеміне, толық бағалы емес активтерінің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.  Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуі тиіс. Осыған сәйкес банк өз активтерін, олардың өтелу  мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай жоғары өтімді активтер, өтімді акитвтер,  ұзақ мерзімді өтімді активтер болып бөлінеді, жоғары өтімді активтерге  кассадағы қолма –қол акшалар, орталық бактергі корршоттағы қаражаттар, мемлекеттік қарыздық міндеттемелер, өзге де банктердегі корршоттағы қаражаттар жатады.

Кесте 11.

Банктің 2008-2009 жж активтері 

 

2008 жыл 

2009 жыл 

Абсолюттік ауытқуы (+;-)

Өсу қарқыны (%)

Активтер

Ақша және оның эквиваленттері

6219460

9587033

3367573

 

154

Міндетті резервтер

680970

1011728

330758

149

Саудалық бағалы қағаздар

8383241

13746056

5362815

164

Несие мекемелеріндегі құралдар

1779223

2674516

895293

150

Клиенттерге займдар

35459390

49431820

13972430

139

Негізгі құралдар

1888070

2539425

651355

134

Басқа да активтер

325446

768188

442742

236

Барлық активтер

54735800

79758766

25022966

146





 
         Жоғарыдағы кестеде «Еуразиялық Банк» АҚ-ның 2008-2009 жж активтерінің ауытқуы мен өсу қарқыны көрсетіліп, есептелінген. Өткен жылмен салыстырғанда есеп беру жылы активтердің жалпы соммасы 25022966 мың теңгеге (79758766-54735800) , яғни 46 %-ға өскен.

Бұл банктің 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы жұмысының нәтижелі болғандығын  көрсетеді. Әсіресе, банк активтерінің өсуіне ерекше үлес қосқан басқа да активтер болып табылады. Банктің  басқа да активтері алдағы жылмен салыстырғанда есепті жылы 442742 мың  теңгеге (768188-325446) көбейген. Баланста көрсетілмеген, яғни банктің басқа да активтеріне  мыналар жатады: өзге қаржы мекемелеріндегі  шоттар мен депозиттер, бағалы металдар, табыс салығы бойынша алдын ала  төлемдер, мерзімі ұзартылған салық  активтері және т.б. Басқа да активтер соммасының жоғарылауы банктің тиімді жұмыс жасап, қаражатттарын тиімді орналастыра алғандығын көрсетеді. Басқа да активтерден кейінгі өсу қарқындылығы жоғары көрсеткіш - сатуға арналған бағалы қағаздар. Сатуға арналған бағалы қағаздардың үлес салмағы 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 64 %- ға жоғарылаған. Сатуға арналған бағалы қағаздардың өскендігі банктің жоғары дәрежеде жұмыс жасап, акцияларының сұранысқа ие болғандығын көрсетеді. Өткен жылдан қарағанда есеп беру жылы ақша және оның эквиваленттері  3367573 мың теңгеге (9587033-6219460) өскен. Пайызбен көрсететін болсақ 54 % .

2008 жылмен салыстырғанда  2009 жылы міндетті резервтердің  көлемі 330758 мың теңгеге (1011728-680970) артқан болса, несие мекемелеріндегі  құралдардың соммасы өткен кезеңмен  салыстырғанда есептік кезеңде  895293 мың теңгеге (2674516-1779223)өскен.  Ал, клиенттерге берілген займдардың  соммасы 39 %-ға жоғарылаған. Клиенттерге  берілген займдардың өсуі банктің  өз клиенттері алдында үлкен  сенімге ие болғандығын көрсетеді.

 

 

  • 2008 жылдағы активтердің көлемі – 54735800 тг
  • 2009 жылдағы активтердің көлемі – 79758766  тг

Сурет 5. «Еуразиялық банк» АҚ-ның активті операциялары

 

Бұл көріністен, активті  операциялардың көлемі  2009 жылы, өткен  жылмен салыстырғанда біршама жоғарылағнын айтады.

Баланстың пассиві – олар өз қарауына әртүрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және сол  сияқты  операцияларды тартып қаражат  жүргізеді. Пассив операцияларына салым  қабылдау, өзінің бағалы қағаздарын шығару, банкаралық несиелер алу, міне осылар жатқызамыз.

Нарықтық қатынастарға өту  барысында банктің ресурстарының  құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына , біріншіден , коммерциялық банктің  акционерлік капиталы, резервтік  қоры, сол сияқты қосымша қорлары  кіреді. Тартылған қаражаттардың  жаңа түріне : ҰБ- тен және де басқа  да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттағы, депозиттік  шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен   қаражаттар, лизингтік операцияларды  жүзеге асырғаны үшін  алынған тауарлы  – материалды құндылықтар жатады:

-   банктің меншікті капиталы.

-   банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын , коммерциялық және шаруашылық қызметіне  қамтамасыз ету үшін құрылған банктің  әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардан  тұрады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • қосымша капиталдар;
  • банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету  мақсатында құрылған қорлар;
  • бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде  міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық  негізін  құрайды. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары  немесе пайлары соммасынан тұрады. Акционерлік банктер өздерінің  жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол  сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

 Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі – акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің  жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін қарыздардың  орнын жабуы мақсатында құрылған қаражат қоры. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің  артықшылығы бар акциялар бойынша  пайыздар төленеді.

Қосымша капиталдар- негізгі  құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы  бөлу нәтижксінде құралатын қаражаттар.

Арнайы қорлар- негізгі  қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау  қоры, яғни ұлттық валюта мен  шетел  валюталары арасындағы айырма нәтижесінде  құрылады.

Бөлінбеген пайда-  акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін  және резервтік қорға  аударғаннан  қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Бантік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне  байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:

  • депозиттік қаражаттар;
  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Депозит- бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған  қаражаттар- бұл банктің алған  қарыздары түрінде немесе өздерінің  меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен  тарататын қаражаттары.

Кесте 12.

«Еуразиялық банкі» АҚ- ның 2008-2009 жж пассивті операцияларын талдау

Көрсеткіштер

2008 ж

2009 ж

Ауытқуы

(+; -)

Өсу қарқыны

Міндеттемелер

ҚР-сы Үкіметінің құралдары

243394

73260

-170134

 

30

Несие мекемелерінің құралдары

8729317

20314228

11584911

232,7

Клиенттердің құралдары

30022490

31695136

1672646

105,5

- Шығарылған ұзақ мерзімді  бағалы қағаздар:

-Субординарлық ұзақ мерзімді  бағалы қағаздар

7049859

10572891

3523032

 

 

 

150

-субординарлық емес ұзақ  мерзімді бағалы қағаздар

2250293

6629142

4378849

294

Ұзартылған салықтық міндеттеме

93759

-

-93759

0

Резервтер

123046

189735

66689

154

Басқа да міндеттемелер

500489

686464

185975

137

Барлық міндеттемелер

49012647

70160856

21148209

143

Капитал

Жарғылық капитал

3700462

5797282

2096820

 

156

Қосымша төленген капитал

521530

521530

0

100

Сатып алынған жеке акциялар

487

24987

24500

513

Жиналған дефициттерді есептемегендегі  резервтер

1501648

3304085

1802437

 

220

Барлық меншікті капитал

5723153

9597910

3874757

167

Барлық міндеттемелер  және меншікті капитал

54735800

79758766

25022966

 

146


 

Жоғарыдағы кестеде банктің  пассивтік операциялары көрсетілген. Міндеттемелерге келетін болсақ, банктің барлық міндеттемелері 2009 жылы 70160856 мың теңгені құрады, яғни 2008 жылмен салыстырғанда    21148209 мың  теңгеге өскен. Оның ішінде, ҚР-сы үкіметінің құралдары базистік жылмен салыстырғанда  ағымды жылы 170134мың теңгеге немесе -0,31%-ға кеміген, ал несие мекемелеріндегі  құралдары 2009 жылы 20314228 мың теңгені  құрады, яғни 2008 жылмен салыстырғанда -11584911 мың теңгеге жоғарылаған. Сондай-ақ, клиенттердің құралдары 2008 жылмен салыстырғанда 1672646 мың теңгеге артқан, яғни 2009жылы 31695136 мың теңгені құрады. Яғни бұның  ішінде ең көп қолданылған құралдар, несие мекемелеріндегі құралдары. Шығарылған ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға келетін болсақ: оның ішінде субординарлық  ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды 2008 жылмен салыстырғанда 3523032 мың теңгеге немесе 0,4%-ға өскен, ал субординарлық емес бағалы қағаздарды 2008 жылмен салыстырғанда 4378849 мың теңгеге немесе 4,2%-ға өскен. Яғни, бағалы қағаздың екі түрінде  өткен жылмен салыстырғанда  өте  жақсы қолданбауда. Ал, резервтер  базистік жылмен салыстырғанда 66689 мың  теңгеге жоғарылаған. Яғни, 2009 жылы 189735 мың теңгені құрады. Және де басқада  міндеттемелер 2009 жылы 686464 мың теңгені  құраған, яғни 2008 жылмен салыстырғанда   185975 мың теңгеге жоғарылаған.Яғни, бұл көрсеткіштердің кемуі де, өсуі де  халықаралық рейтингіде Банктің сенімді түрде жоғарлауына  мүмкіндік беруде, яғни банкаралық займдардың көлемінің ұлғаюына үлкен  мүмкіндік беруде.

Ал, капиталға келетін  босақ, меншікті капиталдар 2009 жылы 9597910 мың теңгені құрады, яғни базистік жылмен салыстырғанда 3874757 мың теңгеге  немесе 1,63%-ға өскен. Оның ішінде, жарғылық капиталды базистік жылмен салыстырғанда 2096820 мың теңгеге артқан. Ал, қосымша  төленген капитал 2009 жылы 521530 мың теңгені  құраған, бұл көрсеткіш өзгермеген, яғни 2008 жылы да осы көрсеткішті  көрсеткен болатын. Сатып алынған  жеке акцияларды 2008 жылмен салыстырғанда 24500 мың теңгеге өскен. Жиналған дефициттерді есептемегендегі резервтер 2008 жылы 3304085 мың теңгені құрады, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 1802437 мың теңгеге  немесе 1,4%-ға артқан. Яғни, меншікті капиталдардың  ұлғаюы бұл банктің пассив құрылымының  сапасын және санын өзгертуге  мүмкіншілік берді. Жалпы жылдық өсімі 46 %-ды құрады.

 

 

  • 2008 жылдағы міндеттемелердің жиыны  -  49012647
  • 2009 жылдағы міндеттемелердің жиыны – 70160856

Сурет 6 .«Еуразиялық банк»  АҚ-ның міндеттемелерінің жиыны

 

6-суретте екі жылдағы міндеттемелердің көлемі көрсетілген. Бұл көрсеткіштерді қарай отырып, олардың да өсімін анықтай аламыз. 2008 жылы міндеттемелер жиыны – 49012647 тг-ні құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш -70160856 тг болды.

Информация о работе Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері