Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 06:42, лекция

Краткое описание

Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.

Файлы: 1 файл

рцб лекция.doc

— 421.50 Кб (Скачать)

Мерзімді нарық жасасқан мәмілелердің тек әртүрлігіне  ғана байланысты емес,сондай-ақ нарықты  ұйымдастырудың түріне қарай да  жіктеледі.

 

 

 

2. Қоғамның жарғысына  қарсы келмесе онда оның «екінші қатардағы»,немесе айналымдағы бағалы қағаздарға қосымша тағы да бағалы қағаздар шығарып капитал табуға мүмкіндігі бар .Оларды құқықты бағалы қағаздар деп те атайды.Оларға жазылу құқығын опцион ,варрант деген сөздер айқындайды.

 

Акцияға жазылу құқығы- акционерлерге қоғам акциясының жаңа тиражын сатып алу артықшылықты құқығын береді.бұл акционерлердің мүлікке деген мүддесін қорғайды.Ол бағалы қағаздардың ерекшелігі қоғам жарғысында акцилнерлердің «артықшылықты құқығы» деген арнаулы сөзбен белгіленеді.Ондай құқықты тек жай акция иелері ғана пайдалана алады.Әдетте, акцияның сатылу бағасы ағымдағы курсынан төмен болады.

 

Акцияға жазылу құқығын  үш түрлі жолмен жүзеге асыруға болады:

  1. өз құқығын іске асыру,яғни жаңа акция сатып алу.Ол үшін сертификатты толтырып және ақша аударып қоғамға тапсыру керек;
  2. жазылу құқығын сатуға болады
  3. жазылу құқығын пайдаланбауға да болады.Онда сатып алушылар туралы мәселені қоғам өзі шешеді.

Жазылу құқығы-қысқа мерзімді бағалы қағаз.Әлбетте,ол бір айдан аспайды.

Егер қоғамның акциясы қор биржасында айналымда болса ,онда құқық сертификаттары да сол биржада бағалануы мүмкін.

 

Депозитарлық  қолхат- ол  шетел компаниясы шығарған акцияның белгілі-бір мөлшерін банктің иемденуін куәландыратын бағалы қағаз.Ол арнаулы заң негізінде шығарылады.алғашқыда депозитарлық қолхат өткен ғасырдың 20-жылдарында американдық инвестицияны шетел акциясына салу мақсатында АҚШ-та пайда болды.Сондықтан оны американдық депозитарлық қолхат (АДҚ-ADR) деп атайды.АДҚ-ның мәні банк өзінің шетелдегі филиалында (әдетте эмитент елде) акцияның белгілі-бір мөлшерін сақтайды,ал акцияны қамтамасыз ететін қолхаттар Америкада эмиссияланып, американдық нарықта айналысқа түседі.Қолхатты шығарушы банк эмиссиялағаны және оны өңдегені үшін сыйақы түріндегі пайда алады.АҚШ-та депозитарлық қолхаттарды шығарушы ең ірі депозитарлық эмитент –банктер-City Bank of New-York,The Bank of New –York,Mozgan Bank.

 

Депозитарлық қолхаттар  шығарушының ынтасына байланысты демеушілік (демеуші шығарған) қолхат және демеушілік емес қолхат болып екі класқа бөлінеді.Егер қолхат компанияның өзінің ынтасымен шығарылса,онда компания американдық бір банкпен шығару шартын жасасады.олар демеушілік қолхаттар деп есептеліп,демеушілік бағдарламаның барлық шығынын компанияның өзі өтейді.ондай депозитарлық қолхаттар бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияда тіркеледі.

Демеушілік  емес қолхаттарды компанияның кейбір акционерлерінің ынтасы бойынша банктер шығарады.бұндай қолхаттарды шығару шығындарын,атап айтқанда,оларды депозийтариде сақтағаны және одан алғаны үшін ,дивидендтерді долларға айырбастағаны үшін және т.б ақыны ынталы топ өздері төлейді.Қазіргі кезде демеушілік емес қолхаттар бойынша бағдарламалар ескірген деп есептеліп,олар өте сирек шығарылады.

 

3.Негізгі бағалы қағаздарды  сату немесе сатып алу құқығын пайдаланудың алғашқыларының бірі –опцион.

 

 Опцион- шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз.Ол белгіленген уақытта немесе одан бұрын келісілген бағамен қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық береді.Опцион биржада саудаға түседі.Әдетте,опцион қоғамның  өзінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен  жай акция сатып алу құқығын беретін екінші қатардағы –бағалы қағаз.

Опцион-заңды түрде  бекітілген стандартты құжат.

онда сатылатын бағалы қағаздар саны көрсетіледі.Оның өлшемі лот деп аталады,

1 лотта 100 дана бір  атаулы бағалы қағаз болады..

Опционның мазмұнында опциондық  шартта бекітілген құқықтың орындалуы, яғни бағалы қағаздардың сату немесе сатып алу күні,айналыс мерзімі,аяқталу  күні,жөнелту –қабылдап алу жағдайлары және бағасы көрсетіледі.

 

Опционның екі түрі кездеседі:

Колл опцион- активті  сатып алуға құқық беретін,сатып  алу шарты,онда опционның өзі  сатып алынады.

 

Пут опцион- активті сатуға құқық беретін,сату шарты,ол бағалы қағазбен бірге сатылады.

Айта кететін жай,алғашқыда  опциондық шарт тек қор нарығындағы  акцияға қатысты болса ,қазіргі  кезде ондай шарт кез-келген активке  жасалады.

 

Опционның негізі болған активтің екі бағасы болады:

 

-ағымдағы нарықтық  баға немесе спот бағасы

-опционда көрсетілген орындау бағасы

Ал опционның өз бағасы сыйақы деп аталады.

 

Варрант- ол өз иемденушісіне белгілі бір қоғамның анықталған акция (немесе облигация) мөлшерін алдын-ала бекітілген бағамен алдағы мерзімде сатып алу құқығын беретін екінші қатардағы бағалы қағаз. Ол – қоғамның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқығын беретін міндеттемесі.

Варрант  иемденушісі  қолындағы варранты белгілі бір  уақыт аралығында тұрақты бағамен  онда белгіленген артықшылықты акциялар және облигациялар саныны айырбастауға құқығы бар.

Варранты акцияға айырбастамай-ақ ,қоғам оны өзіне сатып алып,жою  мүмкіндігі де бар.

 

Варрант ұзақ мерзімді –бағалы қағаз.Ол 10 жылдан 30 жылға дейін,ал кейбіреулері мерзімі шектеусіз айналыста жүреді.Әдетте,оны қоғам облигациялармен және артықшылықты акциялармен қоса шығарады.Бұл,бір жағынан,бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда өтімді етсе,екінші жағынан,қоғамның эмиссиялық шығындарын азайтады.

Варрант қоғамның басқа  бағалы қағаздарымен қоса шығарылғанынан кейін,олардан бөлініп,өз алдына айналымға түседі. Ол  туралы қоғамның жарғысында көрсетілген болуы керек.Екінші нарыққа түскеннен кейін варрант өзінің нарықтық курсына ие болады.

Варрант бойынша сатып  алынатын бағалы қағаздың бағасы варранттың орындалу бағасы деп аталады.

Кейде варрантты негізгі  бағалы қағазбен бірге ұсынады,ондай  жағдайда олардың бағасын біріктіріп айтады.

 

акцияға негізделіп шығарылған екінші қатардағы бағалы қағаздардың пайда болуы- ұлттық бағалы қағаздардың өз елінің шекарасынан шығуына байланысты,яғни әлемдік бағалы қағаздар нарығының пайда болуының себептерінің бірі.

Заңды немесе жеке тұлға  шетелде орналасқан компанияның  акциясын тікелей ала алмайтындықтан компания орналасқан мемлекетте депоненттелген (шығарылған) депозитарлық қолхатты қолдана алады.

 

4. Бір биржалық активтің – физикалық нақты нарықта және фьючерістік нарықта - әр түрлі бағасы болады.Себебі физикалық нарықты активті нақты сатып алу-сату дәл сол кезде жүреді де,ал фьючерстік нарықта ол процесс бірсыпыра уақыттан кейін,яғни бірнеше күннен кейін,тіпті бірнеше айдан,жылдан кейін де болады.

Өз кезегінде кез  келген нарықтың бағасы тәрізді фьючерстік шарт бағасының обьективті негізі- құн.

Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен құннан ауытқуы мүмкін.сондықтан фьючерстік шарт бағасының дәстүрлі түрде қалыптасуы.(суретте)

 

Шарт бағасына әсер етуші факторлар.

 

сұраныс




 

фьючерстік

шарт





Фьючерстік шарт бағасы





ұсыныс





 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фьючерстік шарт бағасына мына факторлар әсер етеді:

 

- физикалық нарықтағы  активтің бағасы,

- фьючерстік шарттың  әрекет мерзімі

- проценттік ставка

- активті қолдануға  (сақтау,0қауіпсездендіру) байланысты  шығындар

 

 

  1. Биржалық опцион – биожалық активті (фьючерстік шартта кіреді( сатып алуға немесе сатуға құқық беретін стандартты биржалық шарт,басқаша оны еркін айналыстағы опциондық шарт деп те атайды.
  2. Құқықты сатып алу үшін белгіленген датаға дейін (мысалы,5/Х) шарт орындалатын (мысалы,30/Х) баға бойынша сыйақы деп аталатын белгілі бір сома төленеді.

Әдетте биржалық практикада опционның екі түрі –сатып алу( «колл» опционы) және сату ( «пут» опционы)-қолданылады.

Бірінші жағдайда сатып алушы биржалық активті сатып алу міндеттемесін емес,опционды иемдену құқығын алады.

 

Ал,екінші жағдайда сатып алушы сол активті сату міндеттемесін емес ,опционды сату құқығын алады.

 

Орындау мерзімі бойынша  опцион екі типке бөлінеді.

  1. американдық-ол опцион мерзімі біткенше кез-келген кезде орындалуы мүмкін опцион.
  2. Еуропалық-ол тек опцион мерзімі бітетін датада орындалуы қажет опцион.

Опционның негізі болатын биржалық активтің түрі бойынша опциондар төртке бөлінеді:

    • тауарлы,оның негізі –кез келген тауар (металл, астық, мұнай, және т.б)
    • валюталық,олардың негізі –шетел ақша бірліктері
    • қор опциондары ,олардың негізі –акция, олигация,индекстер(белгілі бір экономикалық құбылыстың арақатынасын білдіретін салыстырмалы көрсеткіш)
    • фьючерстік немесе фьючерстік шарттарды сатып алу-сату опциондары

Фьючерстік шарттың  бағасының негізі-биржалық активтің бағасы,ал опционның бағасы- оны орындау құқығын алғаны үшін сатып алушының төлейтін сыйақысы.Егер опцион тиімді болса оны орындайды,ал егер зиян келтірсе оны орындаудан бас тартады.Міне бұл бағасы бойынша фьючерстік шарт пен опционның бір-бірінен айырмашылығы.

 

 

Сызба «Биржалық активтердің түрлері»

 

Биржалық активтің түрі бойынша опциондар төртке бөлінеді:


 

 

тауарлы,оның негізі –кез келген тауар 

(металл, астық, мұнай, және т.б)


 

 

 

 

валюталық,олардың негізі –шетел ақша бірліктері


 

 

 

 

қор опциондары ,олардың негізі –акция, олигация,индекстер(белгілі бір экономикалық құбылыстың арақатынасын білдіретін салыстырмалы көрсеткіш)



 

 

фьючерстік немесе фьючерстік шарттарды

сатып алу-сату опциондары


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚ №3

Курс тақырыбы:  Қазақстан Республикасында қор нарығын реттеу 

Сабақ тақырыбы: Қор нарығын мемлекеттік реттеу мазмұны, мақсаттары, мәселелері және әдістері

 

1. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің

2. Б Қ нарығын реттеудің  міндеті және мақсаты

 

Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген  оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі.

Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты- ішкі және сыртқы – реттеуге болады.

Ішкі реттеу- ол осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы.

Сыртқы реттеу- осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

 

Кез-келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде  сауда саттыққа барлық қатысушылардың- эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы  ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады.

Реттеудің түрлері:

  • мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;
  • нарықтың өзін-өзі реттеуі
  • , немесе б.қ нарығыныа кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі.Жалпы мемлекеттік немесе нарықтың кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі б.қ.н кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады
  • қоғамдық реттеу , яғни нарықты қоғамдық пікір арқылы реттеу

 

Таратып айтқанда, б.қ.н-дағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыққа кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.

Әлемдік тәжірбиеде б.қ.н  мемлекеттік реттеу 2 түрлі жолмен жүргізіледі:

  1. мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу
  2. іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу

Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

    • б.қ.н мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы
    • атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары
    • б.қ.н-ның жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқада мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Б.қ.н қатысушыларға лицензия беру,б.қ кейбір түрлерінің айналысына шек қою немесе оны тоқтату ,б.қ тіркеу және с.с жұмыстар.

Информация о работе Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"