Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 06:42, лекция
Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.
7)1995 ж 23 желтоқсанда «Жекеменшіктендіру туралы» №2721 жарлығында мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акциялары жекеменшіктендіру объектісі екені айтылған.
8)1998 ж 10 шілдедегі «Акционерлік
қоғамдар туралы» №281-1 Қазақстан Республикасының
заңы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын,оны
құру және тарату тәртібі,акционерлердің
құқықтары және т.б жағдайлар қарастырылған.
2.1996 жылдан бастап Қазақстанда тек бір ғана қор биржасы қызмет көрсетеді.
1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы
қағаздар нарығы туралы» және
«Қ Р бағалы қағаздармен
1997 жылы жүггізілген тендердің
нәтижесінде Ұлттық банк пен
Қазақстан қор биржасының
Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым тәртіпке салынды.Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса,ал шілдеде ол 43-ке дейін азайды.олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 және 14 еді.Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан- банктер пайда болып,эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды.Егер жыл басында 4 тіркеуші болса,ал жыл соңында ол 34-ке жетті.Сөйтіп,1997-1999 ж.ж Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган,атап айтқанда,Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды.Екі бірдей толық құқылы жүйені бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі-жергілікті жерлерде Ұлттық комиссияның аймақтық бөлімшелерінің болмауынан.
2001 жылдың 11 маусымында Қ Р Президентінің «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің біріңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыққа сәйкес б.қ жөніндегі Ұлттық комиссия таратылып,оның барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді.
3.Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында.
Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсптында
мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін
шығырмай,оның орнына мемлекеттік бағалы
қағаздарды,мысалы,мемлекеттік
Экономикалық мәселелерге:
-нарықты реттейтін
-нарықты дамытатын біріңғай көз қарас жүйесінің жоқтығы
-заңдардың мүлтіксіз
-салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы
-бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы
-нарықтық инфрақұрылымның өсу деңгейінің төмендігі жатады.
Ал,әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады.Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын.Оқуды ойдағыдай бітіріп,мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дей адам брокерлік,дилерлік іспен айналысуға құқық алып,қызмет атқаруда.
Әлемдік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлгісі(моделі) бар,олар:
1.Банктік үлгі-онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі(ол Германияда,Австрияда,Бельгияда көп тараған).Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.
2.Банктік емес үлгі
немесе нарықтық үлгі-онда бағалы қағаздар нарығының механизмі
арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк
емес мекемелер шұғылданады(мысалы,АҚШ-та,
3.Аралас үлгі-онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктер де,банк емес мекемелер де шұғылданады(мысалы,Жапонияда).
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі-мүлікті кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгерту жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру.Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ.Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік(монополизация)роль атқарады.Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды.Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделген дұрыс.
Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:
-Нарықта акционерлік капитал үлесінің көптігі
-Үлестік бағалы қағаздардың қарыз қағаздарынан көптігі
-Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы
-Нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі
Бұлардан басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар.Олар:
1.Өндірісті өркендету
үшін шығарылып сатылатын
2.Әлі көп уақытқа
дейін Қазақстан нарығында
3.Саясат факторы-
Қорыта айтқанда,Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты біріңғай көзқарас жоқ.Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.
Қазақстан азаматтарына
отандық компаниялардың акциясын сатып
алып дивидентке қол жеткізуіне құқықтық
негіз болмай тұр,ал керсінше,осындай
табысты компаниялардың акциясын(мысалы,Қазахмыс)Лондо
Сабақ №3
Курс тақырыбы:Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы
Сабақ тақырыбы: Қор биржаларының дамуы
.Жоспар:
1.Биржалық сауда-ұйымдастырылған нарық.
-Ұйымдасқан нарық:
а)сатылатын актив түрінде
ә)ұйымдастыру деңгейіне қарай
б)пайда болуына қарай
в)сауда формасына қарай қандай нарықтар болып бөлінеді?
2.Биржалық сауданың даму кезеңдері
3.Қазақстанда
биржалық сауданың пайда болуы
1.Биржалық сауда-ол
әрқашан ұйымдастырылған
Ұйымдастырылған нарық-ол,басқаша айтқанда реттелген нарық,бірақ бұл реттеу деңгейі әр түрлі болуы мүмкін.Сауданы ұйымдастыратын ұйым болуы қажет.Ол ұйым сауда ережесін жазып,оны бекітіп,нарыққа қатысушыларға жеткізіп,оның орындалуын қадағалап отырады.Сауда ережесі көп жылғы жұмыс тәжірбиесінен қалыптасады.Егер белгілі бір нарықтың конъюктурасының өзгерістерін қадағалап отыратын қатысушылар болмаса(сатып алушылар,сатушылар)жаңа ұйымдасқан нарық болсын,я бұрыннан қалыптасқан нарық болсада сауда жүрмей қалуы мүмкін.Мемлекет нарықты реттейтін екі түрлі саясат жүргізеді,оның біріншісі фискальдық,яғни нарық жұмысына салық салу,екіншісі кейбір активтер нарығын дамытуды ынталандыру мақсатымен саясат жүргізеді.
Ұйымдастырылған нарық бірталай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1.Сатылатын активтің түріне:Өз кезегінде ол:
2.Ұйымдастыру деңгейіне
қарай шартты түрде үшке
3.Нарықтың пайда болуына қарай:
4.Сауданың жүргізілу формасына қарай:
Шын мәнінде биржалық сауда ұйымдасқан нарық,себебі оны ұйымдастырған арнайы ұйым бар ол-биржа.
Биржалық саудан я
капитал тобына(мысалы,бағалы қағаздар,валюта),я
тауарлар тобына(мысалы,түсті металдар,
Барлық саудадағы негізгі операйия ол активтердісату және сатып алу процесі.
Биржалық саудада мысалы,бағалы қағаздарды алады,ссудаға ақша қаражатын,сондай-ақ кепілге тауар және т.б алады.
Биржалық саудаға кез-келген
нарыққа қатысушылар,биржадағы
2. «Биржа» сөзінің екі түрлі этимологиясы бар(шығу тарихы).
Біріншіден,кейінгі латынның «bursa» сөзі әмиян деген ұғымды білдірсе,французша да,грекшеде әмиян және студенттік шәкірт ақы деген мағынаны білдіреді.
Екіншіден,қазіргі Бельгияның Брюгге қаласындағы Вандер Бурзе деген дворияниннің үйінде үш әмияе салынған белгі ілінген.Сол үйдің алдындағы алаңда Еуропа қалаларынан келген саудагерлер сауда-саттық жүргізген,әсіресе ақша айырбастаумен шұғылданған (ол үшін үйдің қожасы ақы алған).Сөйтіп алғашқы биржа 1406 жылы пайда болып,онда Еуропаның қалалары мен елдерінен тауарлар айырбасталған.Ал,қазіргі биржа сауданың ұйымдасқан түрі,сұраныс пен ұчыныстың негізінде белгілі бір тәртіппен және еркін баға белгілеу принціпіне сай стандартты биржалық активтерді сатып алу сатуға биржалық саудагерлер кездесетін орын.
Қазіргі кездегі биржалық тауар саудасының пайда болуының басты себебі:
біріншіден,ірі өнеркәсіптің дамуы және оның шығарған ірі партиялы үнемі,қайталанып отыратын тауарларын сататын нарықтың қажеттілігі:
Екіншіден,тауардың бағасы
сұраныс пен ұсыныстың ара-
Биржалық сауданы бір үлгіге салу,яғни стандарттау биржалық жаңа активтің –биржалық фьючерстік шарттың,яғни белгілі бір мерзімнен кейін келешекте биржалық тауармен қамтамасыз ету шартының пайда болуына әкеп соқтырды.Яғни,биржалық сауданың жаңа механизмі –фьючерстік сауда пайда болды.Фьючерстік шарттың негізіне кез-келген актив алынады,шартта оның белгілі бір сандық көрсеткіші көрсетіледі,мысалы,активтің проценті немесе оның индекісі алынады.
Биржалық тауар саудасы 16 ғасырда пайда болды.
ҒТР биржа ісіне де енді.Енді биржалық сауда сатушының биржалық залда көпшіліктің саудаға қатысуымен өтпейді.Сауда биржалық залда емес компьютерлік желі арқылы жүреді.Сатушы офистен шықпай-ақ,немесе өз үйінде отырып –ақ сауданың барысын бақылап отырады.
Информация о работе Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"