Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 06:42, лекция

Краткое описание

Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.

Файлы: 1 файл

рцб лекция.doc

— 421.50 Кб (Скачать)

Вексель-қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.Ол бағалы қағаз.Вексельді борышқор ,яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға,яғни вексель иемденушіге береді.

Вексельдің  мәні-несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің)сатушыға(вексель иемденушіге)берген қарыз міндеттемесі.

 

Вексель нарығының қызметі-қысқа  мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу.

 

Қолдану өрісіне қарай  вексель жай және аудармалы,немесе тратта болып екіге бөлінеді.

Жай вексельді төлеуші,яки вексель беруші жазады.Онда вексельді жазған жер,берген уақыты,қандай сомаға толтырылды,қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп,вексель иемденушіге береді.Сонымен бірге,онда вексель берушінің аты-жөні жазылып қолы қойылады.

 

Жай вексельдің айналысы 4 кезеңнен тұрады.

1.Вексельді тауар сатып  алушы тауар сатушыға береді(вексель  беруші-вексель иемденуші)

2.Сатушы тауарды жөнелтеді  немесе тапсырыс бойынша қызмет  көрсетеді(вексель берушіге)

3.Сатушу белгіленген  уақытта вексель бойынша төлем  өтеуді ұсынады

4.Сатып алушы сатып  алынған тауарға немесе көрсетілген  қызметке ақы төлейді-вексельді  өтейді.

Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара әрекет жасайды,яғни вексель беруші делдалды қатыстырмай-ақ өзі белгіленген уақытта вексель берушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель(яғни тратта) пайдаланылса,онда вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады.Әлбетте үш,төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкін.

 

б) Аудармалы вексель деп вексель берушінің(трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы үшінші жаққа(ремитентке) төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады.Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі. Акцепт деген есеп айрысуда төлеушінің(акцептанттың)өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі.Демек,акцепт-есеп айрысудың бір түрі.

 

Аудармалы вексельдің айналысы:

 

  1. Вексель беруші(трассант) төлеушіге (трассатқа),яғни қарыздарға тауарды және траттаны(аудармалы вексельді)береді;
  2. Төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп,оны вексель берушіге(трассантқа) қайтарады;
  3. Вексель беруші(трассант) акцепттелген вексельді ремитентке-аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;

 

Басқа ақшалы қарыз міндеттемелерінен  бағалы қағаз ретіндегі  вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни вексельде қарызды  қандай жағдайға, не мақстақа алғандығы көрсетілмейді.

Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды  қандай жағдайға алғандығына  қарамастан вексельді міндетті түрде өтеу керек.

Үшіншіден, вексельдің айнымалылығы, яғни вексель иемденуші  оны басқа адамдарға беруіне болады.

Аудармалы вексель деп вексель берушінің (трасанттың) қарыз алушыға (трассатқа)

 

 

 6


 

5

 4


3 7 8


 1


 2


 

 

  1. Вексель беруші төлеушіге, яғни қарыздарға  тауарды және  траттаны береді;
  2. Төлеуші  вексель бойынша акцепт беріп, оны  вексель берушіге қайтарады;
  3. Вексель беруші акцепттелген  вексельді ремитентке – аудармалы вексель бойынша ақша алушыға  жібереді;
  4. Ремитент аудармалы вексельді трассатқа  төлемді өтеуге жібереді;
  5. Трассат  банкке вексельді төлеуге  үкім беріп және  сонымен бірге вексельді сырт  жағына оның төленгені жөнінде  белгі қойып  жібереді;
  6. Ремитетнт вексельді несие берушіге  жібереді;
  7. Несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін  трассаттың  банкіне жібереді;
  8. Ақша трассаттан несие берушіге қарызды  өтеу ретінде  түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вексельді қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың  тауармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық,  қазынашылық және жалған вексельдер  болып бөлінеді.

Коммерциялық (саудалық) вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің  негізінде  айналысқа түседі. Бұндай вексель  нақты тауар  кепілдігіне, яғни  ол  сату операцияларын несиелендіру  мақсатында  беріледі. Келісім шартты жасалған  шақта  сатып алушының  қажетті мөлшерде  бос ақшасы  болмаған  жағдайда оның  орнына сатушыға  басқа  төлем  құралы -  вексельді ұсынады. Ол өзінікі болумен қатар, басқаныкі де,  яғни  индоссацияланған  болуы мүмкін. Әлбетте,  вексель айналысының негізі – коммерциялық вексельдер.

Несие келісімдерінің  ақшалай  түрін  рәсімдеу қаржылық вексельдер деп есептеледі.  Оған  банктік,  қазынашылық, траст және  басқа да  банк емес несие  ұйымдарының  вексельдері  жатады. Бұған, мысалы,  қаржы  нарығында  өзіне  қаржы тарту мақсатымен  бір банктің  басқа банкке берген тратталары дәлел  бола алады.

Ал қазынашылық  вексельдер деп мемлекеттік  қысқа мерзімді  қаржылық міндеттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің  бұл түрі кең өріс алуда. Траст компаниялары  ақша салушылардың  өздеріне сенімін арттыру  мақсатында  олардың салымдары  бойынша  қарыз міндеттемелерін беруде. Әрине  қазынашылық және басқа да қаржылық вексельдерді  пайдаланғанда ол үшін өсім ақы төленеді.

Жалған вексельді  беру нақты не материалдық, не ақша  құндылықтарының қозғалысымен  байланысты емес. Оларға достық, қола (бронза), яғни  құр – қуыс және қарсы  жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен  несие алу үшін  және банкте есепте  болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.

Вексель айналысы жүйесінің  негізгі элементі – вексельдің сенімділігі. Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздарды сату тәсіліне қарай төмендегідей бағалы қағаздар нарығы дамуда:

  • Алғашқы нарық-бағалы қағаздарды жаңа шығарылғандары орналастырылады.Олардың эмитенттері корпорациялар,үкімет және жергілікті басқару органдары.
  • Екіншк нарық-бұрын шығарылған бағалы қағаздар қайта сатылады.Екінші нарық-ол барлық сатып алу және сату актілерінің жиынтығы,немесе бағалы қағаздардың бүкіл айналысы кезіндегі оның бір иемденушіден басқаға ауысу формасы.
  • Ұйымдастырылған нарық-ол заңнама негізінде бекітілген ережеге сай бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар-делдалдар арасында нарыққа басқа қатысушылардың тапсырысы бойынша б.қ айналысы.
  • Ұйымдастырылмаған нарық-ол нарыққа қатысушыларға арналған ережені сақтамай-ақ бағалы қағаздардың айналысы
  • Биржалық нарық-бағалы қағаздарды қор нарығына саудаға түсіру,ол әдетте,ұйымдастырылған нарық.
  • Биржадан тыс нарық-бұл бағалы қағаздарды қор нарығынан тыс саудаға түсіру.Ол ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін.
  • Аукциондық нарық-ол өзіне жай аукцион,голландиялық аукцион және қос аукционды біріктіретін нарық.Ол бір бірінен сауда ережелерінің жариялығымен және ашықтығымен,сондай-ақ қатысушылардың өзара жарысқа түсуімен ерекшеленеді.
  • Жай аукциондық нарық деген қор құралдарына сұраныс жасаушы көптеген жоғары төлем қабілетті сатып алушылары бар және монополиялы жағдайдағы аздаған сатушылары бар нарық.
  • Голландиялық аукцион сатып алушылардың мәлімдемесі күні бұрын жинақталады.Содан соң оларды эмитенттер немесе делдалдар сырттай талдаудан өткізіп,бағалы қағаздарды сатып алу мәлімдемесін қанағаттандыратын біркелкі ресми баға бекітіледі.
  • Қос аукционды нарықтың жай нарықтан айырмашылығы-онда бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату құқығына ие болу үшін өзара жарысқа түсетін көптеген сатушылар мен сатып алушылар болады.
  • Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың бірінен –бірінің айырмашылығы мынада:

-компьютерленген нарықта  сатушы мен сатып алушы кездесетін  орын болмайды,демек олар тікелей кездеспейді

-сауда жүргізу және  оған қызмет ету процестері  түгелдей автоматтандырылған

-саудаға қатысушыларға  бағалы қағаздарды сатып алу-сату  туралы мәлімдемені компьютердегі  сауда жүйесіне енгізеді.

    • Кассалық нарық(немесе «кэш»нарық,я «спот» нарық)-ол мәмілені дереу(1-2 жұмыс күнінде)орындау.Ал мерзімді нарық-ол мәмілені орындау мерзімі(2 жұмыс күнінен бастап 3 айға дейін)бекітілген нарық.

Қазақстан Республикасының  заңында «алғашқы нарық»-бастапқы бағалы қағаздар нарығы,ал «екінші нарық»-қайталама бағалы қағаздар нарығы деп талған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ № 6

Курс тақырыбы: Бағалы қағаздар:экономикалық мазмұны және олардың жіктелуі 

Сабақ тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығының қаржылық аспаптары

Жоспар:

1.Бағалы қағаздардың түрлері мен эмитенттері

 Оларды  шығару

2.Бағалы қағаздарды  орналастыру және айналысқа түсіру

3.Бағалы қағаздардың  нарықтары

 

1.Бағалы қағаздар-ең алдымен мүлікті иемденіге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының қарыз міндеттемесі.Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуңы мүмкін:не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі,не есеп шотқа енгізілген жазу түрі.

Егер басқа адамға иемденуге  берілсе бағалы қағаздардың есеп шотқа енгізілген жазу түрі бойынша  куәлік толтырылып беріледі.Оны иемдену құқығын беретін құжатты сертификат деп атайды.

Шығарылуы жөнінен  б.қ нарықтық және нарықтан тыс болып екіге бөлінеді.

Нарықтан  тыс бағалы қағаздар-әлеуметтік –нарықтық қатынастардың ерекше дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі.Оларға жинақ облигациялары,зейнет ақы қорларының облигациялары,депозиттік облигациялар және т.с.с жатады.

Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады.Бұл бағалы қағаздар қазіргі кезде АҚШ-та кең тараған

Зейнет ақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары,оларға,мысалы,АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады.

Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді,орта мерзімді,ұзаөқ мерзімді болып үшке бөлінеді,ол тек басқару органдарына ғана сатылады.Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін,бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.

Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге,оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорындарға,ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді.Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші-заңды немесе жеке тұлғалар-оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ.Сондықтан бұл қағаздар еркін айналымға түсе алмайды.

Ал айналысқа түсетін  бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп атайды.

Бағалы қағаздарды шығарып,оларды орналастырушы эмитент деп атайды.

Эмитенттер  кімдер?

Қазіргі әлемдік стандартқа сай эмитенттер-негізінен коммерциялық құрылымдар және мемлекеттік органдар.Олар бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жөнінде шешім қабылдайды.

«Бағалы қағаздар эмиссиясы туралы»шешімде мына мәліметтер көрсетіледі:

  • шығарылым мөлшері
  • эмиссия проспектісін дайындау және оны ақпарат құралдарында жариялау
  • шығарылымды тіркеу
  • бағалы қағаздар бланкін шығару
  • шығарылым туралы хабарландыруды жариялау

Акция шығарылымының  мөлшері АҚ-ның жарғылық капиталының  мөлшерімен және оны қосымша өсірумен анықталады.Ол мөлшерді жарғылық кңапиталдың немесе оны қосымша өсіру мөлшерін акцияның көрсетілген бағасына бөлумен есептеп шығарады.

Ал қарыз міндеттемелері шығарылымының мөлшері займ сомасын  облигацияның,сертификаттың немесе вексельдің көрсетілген бағасына бөлумен  есептеп шығарылады.

Бағалы қағаздарды шығарып,оларды бірінші иемденушілерге(инвесторларға)сату мына түрде жүзеге асырылады(инвесторлар  жеке немесе заңды тұлғалар болуы  мүмкін)

1.Қоғам құрып олардың  акцияларын құрылтайшылар арасында  орналастырылғанда

2.Қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып ұлғайтқанда

3.Заңды тұлғалардың,яғни  мемлекеттің,мемлекеттік органдардың  немесе жергілікті әкімшіліктердің  облигация және басқа қарыз  міндеттемелерін шығару арқылы  қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен,қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет.Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.

Эмитен және сонымен  қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық  институттар әрбір бағалы қағаз орналастыру тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын-ала шығаруы тиіс.

Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті.

Эмиссия проспектісінің бірінші тарауынды эммитен туралы жалпы деректер,яғни эмитенттің атауы мен ұйымдық- құқықтық формасы және эмиссия проспектінде деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты –жөні көрсетіледі.

Ал екінші тарауында инвестициялық мәліметтер жарияланып,онда инвестицияның маңызы,инвестициялық саясаттың бағыты немесе б.қ нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы жарияланады.

Үшінші тарауынды бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады.Ол мәліметтер арасында:

  • кәсіпорын құрылған кезде оның жарғылық капиталының мөлшері
  • шығарылған б.қ түрі,оның номиналы,жазылу бағаксы
  • бағалы қағаздарды сатуды бастау және аяқтау күндері
  • бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздың саны
  • бағалы қағаздарды сату түрі(қолма-қол ақшаға немесе қолма-қол ақшасыз есеп арқылы сату)
  • кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу
  • эмитенттің телефоны мен адресі көрсетіледі.

Информация о работе Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"