Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 06:42, лекция
Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.
Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғын үйренген әдіс-ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай,оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды-қысқа мерзімді мемлекеттік міндеттемелерді шығарумен айналысады.
Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі,яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады,ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды.
4.Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар.
Бағалы қағаздар нарығының п.б сауда және өсімқорлық (растовщиктік)несие түрлерімен тығыз байланысты.Олар вексель және коносамент сияқты қарыз міндеттемелерінің пайда болуына әсет етті.
Бағалы қағаздарға кең түрде капита жұмсау XIX ғасырдың ортасында өрістей бастады.Осы кезде нарыққа қатысушыларда белгілі бола бастады.Алғашқы кезде бағалы қағаздармен жеке адамдар(трейдер-аторней)және банк қызметкерлері айналысты.кейіннен бұл іске заңды тұлғалар да кірісті.
Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар деген бағалы қағаздарды сатушы,не сатып алушы,сонымен қатар олар бойынша есеп айырысуды және олардың айналымын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар.
Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды олардың нарыққа араласуына және нарықтағы позициясына қарай шартты түрде бес топқа бөлуге болады:
Бірінші
топ,бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар:мемлекет,
Екінші топ,инвестициялық институттар,немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары олар:
Үшінші топ,жеке инвесторлар,яғни жеке адамдар,оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауіпті.Статистикалық дерек бойынша олардың 3/4 бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады,тек 1/4 бөлігі ғана кейбір табысқа қол жеткізеді.Мысалы,электронды есептегіш техникалар,ракеталар,жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын шағын өндірістер.
Төртінші топ,бағалы қағаздар нарығының делдалдары,яғни брокерлер мен дилерлер.Олардың қолындағы хабарлар,керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздармен операция жүргізуге жеңілдік береді.
Бесінші топ,бағалы қағаздар нарығын бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдар.Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын мемлекет белгілейді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі сауда-саттық жұмысын қамтамасыз етіп,оның міндетін атқаратын делдалдарды кәсіби мамандар деп атайды.Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:
1.Брокерлер-делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар.Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді.Брокерлер заңды түрде тіркелген маманданған брокерлік фирма қызметкерлері.Батыс еуропа мемлекеттерінде олар не жеке фирма,не акционерлік қоғам ретінде құрылады.Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктес(ЖШС)мекемесі болып та құрылуда.Салық төлеуден жеңілдік алу мақсатында шағын кәсіпорын ретінде тіркелгендіктен олардың жарғылық қоры өте аз болады.
Құрылымы жөнінен брокерлік
фирма дирекция,әкімшілік
Дире Дирекция |
Әкім Әкімшілік бөлі бөлімі |
Кеңе Кеңес беру беру бөлімі
бөл |
Баға Бағалы қағаз қағаздарды сату бөлімі |
Хаба Хабарлама-техн техникалық бөлі бөлімі |
Бролкерлік фирманың қызмет аясына:
1.Консалтинг(кеңес беру)
2.Бағалы қағаздарды алғашқы нарықта орналастыру және екінші нарыққа айналысқа түсіру.
3.инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с міндеттер кіреді
Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді(әсіресе клиент сатып алушы болса)талап етеді.Кепілдік ретінде:
1.мәміледегі бүкіл сомаға кепілдік берілуі
2.мәміленің кемі 25%-ын немесе 100%айтын сома брокердің шотына түсірілуі керек.
3.Брокердің атына ағымдағы шот ашылуы
4.брокерге сақтандыру полисі және с.с кепілдіктер берілуі мүмкін.
Сонымен қатар,брокерлік фирма клиентке несие беріп,бүкіл операцияларды өз есебінен жүргізуі мүмкін.
Дилерлер-олар да делдалдар.Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өзінің(дилерлік фирманың)капиталын жұмсайды.Дилердің қызметін мына мысалмен түсіндіруге болады.Мысалы қалалық әкімшілік көрсетілген құны 100 теңгелік облигация шығаруға шешім қабылдады делік.Эмиссиямен шұғылданатын оның өз аппараты жоқ,сондықтан әкімшілік дилерлік фирмаға тапсырма береді.Егер қалалық заем бірнеше миллион теңгеге шығарылатын болса,онда үлкен көлемді іспен тек маманданған фирмалар,мысалыкоммерциялық банктер шұғылданады.Оның делдалдық механизмі төмендегідей:
Әкімшілік дилерге 100 теңгелік облигацияны кемітілген бағамен(дисконтпен),мысалы,98 теңгеге,яғни номиналынан 2 теңгеге кем сатады.Дилердің облигацияларды сатуға кеткен шығынымен одан түскен пайда 2 теңгеден кем болмауы тиіс.(Бұндай операцияны «дисконтпен сату» деп атайды.
Дилердің атқаратын қызметі:
1.Бағалы қағаздардың шығарылымы,олардың бағамы және сапасы туралы хабар тарату
2.Клиенттердің тапсырмасын орындау
3.бағалы қағаздар нарығындағы
өзгерістерді бақылап отыру.Мыс
4.Сатушылар мен сатып
алушыларды бір бірімен
Джобберлер-нарық конъюктурасын бақылаушылар.
Джобберлер-бағалы қағаздар нарығындағы конъюктура(өзгерістерді сипаттайтын белгілер) мәселелері жөнінен кеңес берушілер.Ең алғашында олар Лондон Сити нарығында пайда болды.Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай,күрделі,кейде кешенді мәселелерді шешуге кеңес береді.Джобберлер қызметі өте жоғары бағаланып,олар жоғары жалақы алатындар қатарына жатады.
Кесте
Эмитенттер-олар бағалы қағаздардың шығарушысы
және сатушысы.Шығарушылар-мемлекет,
Инвесторлар-олар өздерінің нақты капиталын бағалы қағаздарға салушылар,яғни уақытша бос ақша қаржысын өсіруге мүдделі халық,мемлекет,сондай-ақ коммерциялық ұйымдар.
Қор нарығы- олар бағалы қағаздар нарығында эмитенттер мен инвесторлар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін сауда-саттық жүггізуші брокерлік-дилерлік және бағалы қағаздар порфелін басқарушы ұйымдар.
Бағалы қағаздар нарығына қызмет етуші ұйымдар-олар бағалы қағаздарды сатып алу сату қызметінен басқа да бағалы қағаздар нарығындағы қызметтердің барлығын атқаратын ұйымдар.Бұндай ұйымдарға:
1.Бағалы қағаздар нарығын
ұйымдастырушылар(қор
2.Есеп айрысу орталықтары(
3.депозитарийлер
4.тіркеушілер
5.нарыққа қатысушыларға қызмат көрсететін ақпараттық агенттіктер.
Қорыта айтқанда,бағалы
қағаздар нарығына қызмет етуші ұйымдардың
жиынтығын қор нарығының
Қазіргі кезде Қазақстанда қор нарығына орталық депозитарий,65 брокерлер мен дилерлер,17 тіркеушілер,10 кастодиан банктер және 12 зейнет ақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдар қатысады.
Бағалы қағаздар нарығына қатысушы-заңды тұлғалар мемлекеттік лицензия,ал жеке адамдар мамандығы туралы аттестат алулары шарт.
Сабақ №2
Курс тақырыбы:Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы
Сабақ тақырыбы:Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылуы және даму кезеңдері
.Жоспар:
1.Бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері
2.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.
3. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы .
Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт.Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған.Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналысы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару.Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті.
-1917 жыл Қазан Революциясына
дейін Қазақстан Ресей
-1977 жылы қабылданған КСРО
-1990 жылғы 19 маусымдағы КСРО Министрлер Кеңесінің «бағалы қағаздар туралы» Ереже бекітілді.Бұл Ереженің толық тарауында бағалы қағаздардың түрлеріне,сонымен қатар бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған.
-1991 жылы «Шаруашылық
Осы жылы «бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» бағалы қағаздарды шығару,реттеу,тіркеу, лицензиялау және қор биржаларын құру мен жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң:
-1994 жылы 20 наурызда Бағалы қағаздардың нарықтағы қатынасын реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссияның ережесін бекітті.
Осы жылы 3 қазанда «Бағалы қағаздар туралы уақытша ереже»бекітілді.
-1995 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды.Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып,Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық Азия қор биржасы ашылды.
Қазіргі заңда Республика Конституциясына негізделген олар мүлікке мемлекеттік және жеке меншікті мойындап,оларды бірдей қорғауға кепіл болады.
Азаматтық кодекістің жалпы
бөлімінде,азаматтық кодекстің
2)1995 ж 17 сәуір «Лицензиялау туралы» №2200 жарлықта б.қ.н кәсіби қызметті және қор биржасының қызметін міндетті түрде лицензиялау керек делінген.
3) 1995 жыл 21 сәуір «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» №2227 жарлықта мемлекеттік емес б.қ эмиссиясының(компанияның б.қ-ды шығаруы және оларды алғашқы инвесторларға сату)тіркеуге қойылатын талаптарға,оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне ,акционерлерді тіркеуді жүргізетін жағдайлар бағытталған.Атап өтетін басты жағдай,онда Ұлттық коммисияның статусы анықталған,яғни мәмілелерді тіркеу,лицензиялаудың жағдайы және қор биржаларын құру қарастырылған.Б.қ нарығына кәсіби қатысушылардың құқығы бекітілген.
4)1995 жылы 24 сәуірде «Салықтар және
басқа бюджетке төленетін
5)1995 жылы 2 мамырда «Шаруашылық серіктестіктер туралы» №2255 жарлығында шаруашылық субъектілерінің бизнес құрып,оның дамуы үшін өз акциялары мен облигацияларын шығарып,ақша қаражатын тартуға болады делінген. Акцияларды тек АҚ шығарса,облигацияларды АҚ мен ЖШС –лар шығаруға құқылы.
6)1995 ж 31 тамыз «ҚР-даға банктер және
банктік қызметтер туралы» №2444 жарлығында екінші
деңгейдегі банкттерге акция эмиссиялауға
құқық берген.Банктік қызметтерге:заңды
және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемесін
есептеу,б.қ сақтау,акциядан басқа б.қ
эмиссиялау(облигация,
Информация о работе Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"