Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 06:42, лекция

Краткое описание

Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.

Файлы: 1 файл

рцб лекция.doc

— 421.50 Кб (Скачать)

 

Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

  • несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекетікм бақылау
  • мемлекеттің салық саясаты
  • депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі
  • қарыз капитал нарығына мемлекеттің араласуы(қазынашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді б.қ , мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және с.с шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы.
  • мемлекеттің  сыртқы экономикалық саясаты(шетел валютасы мен алтын операцияларын,экспорт шараларын ынталандыру және с.с жұмыстарды реттеу)

Б.қ.н реттеу мемлекеттік  органдарға, не арнаулы ұйымға(бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министірлігіне, не мемлекеттік(орталық) банкке жүктеледі.

 

  1. Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеттері:
  • нарыққа қатысушылардың қызмет етуіне нарық ережесіне сай жағдай жасау
  • нарыққа қатысушыларды кейбір жақтардың алаяқтық, арамдық және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау
  • бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету
  • кәсіпкерлікті ынталандыратын тиімді нарықты қалыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру
  • белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін б.қ.н ұлттық моделін(мысалы,экономикалық даму деңгейін көтеру,жұмыссыздық деңгейін төмендету және т.б)құру

 

Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мақсаты- бағалы қағаздар мен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.Мемлекеттің мұндай айрықшы статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында еі ірі эмитент(мемлекеттік қарызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы)болуына байланысты туындайды.

Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының  ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік  органдарға жүктелген. Олардың ең негізгісі-1995 жылы Президенттің «Бағалы қағаздар және қор биржасы» жарлығына сәйкес құралған  Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы.

Сабақ  жоспары№ 4

Пән: Бағалы қағаздар және қор нарығы 

Курс тақырыбы:  Қазақстан Республикасында қор нарығын реттеу 

Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік басқару органдарының құрылымы және функциялары

 

1. Қор нарығын мемлекеттік реттеу органының қызметі

2. Өзін -өзі ретеуші  ұйымдар

 

Қор нарығын мемлекеттік  реттеу органының негізгі атқаратын қызметтері төмендегідей:

  • БҚН дамыту Бағдарламасын дайындау және орындау
  • қор нарығн ретейтін заңдар мен нормативтік актілердің жобасын дайындау
  • бқн дамыту Бағдарламасын орындау үшін мемлекеттік қаржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарды шоғырландыру
  • бқн қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету
  • қор нарығына мамандар дайындаудың мемлекеттік жүйесін құру
  • бқн-ның инфрақұрылымын құруға әрекет жүргізу

Осы аталған қызметтердің орындалу барысында Қазақстан бқн  және оның қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қалыптасып, одан әрі дамуда.

Қазіргі кезде бқн  реттеумен және қадағалаумен айналысатын  уәкілетті орган – ол 2004 жылы құрылған Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі.

Агенттіктің негізгі  атқаратын қызметтері:

  • бқн дамытудың мемлекеттік саясатын және заңнамалық базасын дайындау және орындау
  • белгіленген мақсатқа (негізінен макроэкономикалық) жету үшін қаржы ресурстарын (мемлекеттік және жеке) шоғырландыру
  • нарыққа қатысушылар үшін ойын тәртібін белгілеу
  • нарықтың кәсіби мамандары мен нарық клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтың қауіпсіздігін бақылау
  • нарықтың жағдайы туралы ақпарат жүйесін құру және инвесторлар үшін ашықтығын қамтамасыз ету
  • инвесторларды шығыннан қорғау жүйесін құру

 

  1. өзін-өзі реттеуде  қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге бқн кәсіби қызметтедің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұқсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дәріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар- ол бқн кәсіби қатысушыларының нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан

 

коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциациясы немесе одақ түріндегі құрылымдар.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін қағидамен қызмет көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курс тақырыбы:  Қазақстан Республикасында қор нарығын реттеу 

Сабақ тақырыбы: АҚШ-ғы бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеу

 

 

1. АҚШ-ғы қор нарығының реттеудің  моделдері

2. АҚШ-ғы қор нарығы  құқықтық реттеу.

3. Англияның бағалы  қағаздар нарығы

4. Францияның бағалы  қағаздар нарығы

5. Германияның бағалы  қағаздар нарығы

 

  1. Америка Құрама штаттарындағы қор биржасы әлемдегі ең ірі және сауықтыру орны болып табюылады.

АҚШ территориясында  аймақтық биржалар қызмет көрсетеді, олар жергілікті компаниялардың бағалы қағаздарын шығуы мен айналысын қамтамасыз етеді, олар ұлттық қор биржаларының (ликвидность) қызметін қамтамасыз етеді(бұндай биржалар Бостонда, Сол-Лейк –ситиде және Цинцинатиде бар).

АҚШ территориясында  ертеде құрылған және АҚШ-тың шығыс  жағалауында орналасқан көлемі бойынша 3 орындағы биржа 1754 жылы құрылған Филодельфияда.

1950 жылы Сан-Франциско  және Лос-Анжелеес биржалары бірігіп  Тынықмұхиты қор биржасы құрылды.

АҚШ-ғы қор биржаларының негізгі орталығы Нью-Йорк қор биржасы  болып табылады. (New-York Stock Exchange). Ол 1792 жылы 24 брокермен,яғни брокерлер қол қойған келісіммен құрылған болатын.1817 жылы биржаның жарғысы жасалып, биржаның директорлар кеңесі және реттелген жұмыс кестесі құрылды.

1972 жылдан бастап Нью-Йорк  қор биржасы –бұл коммерциялық  емес, 1300 мүшесін біріктірген корпорация  болып табылады.

Биржаның мүшесі болу тек жеке тұлғаларға ғана болады, ал егер биржаның мүшесі фирманың бір  мүшесі болса, онда фирманың барлық мүшелері биржаға мүшелікке енеді.

Биржадағы орын белгілі  бір талаптарға жауап беретін  тұлғаларға ғана сатылады. Биржаның  шамамен 1/3 бөлігі жалға берілген.

Нью-Йорк қор биржасының мүшелерінің айырмашылығы келесі категория бойынша анықталады:

  1. Коммисионды үйлердің брокерлері.Олар өз шоттарымен сатып алу операциясын жүргізе алмайды, олар тек операциялық залдағы мамандарға клиенттереді табыстырады.
  2. Мамандар.Олар операциялық залда диллер ретінде және брокер ретінде қызмет көрсетеді, яғни олар өз есебінен бағалы қағаз сатып алады немесе брокерлерге брокер бола алады.
  3. Сауда залының брокерлері немесе 2$- қ брокерлер,Бұлар басқа брокерлердің поручениесін орындай алады, яғни өз клиенттерінің бұйрығын орындай алмаған жағдайда орындайтын биржа мүшелері.

 

  1. Биржа маклерлері. олар тіркелген маклерлер.Олар өз есебіне операция жасай алады және тапсырыстарды орындай алады және ол тапсырыстан өзіне тиселі қаражатын алады.

 

  1. Облигация брокерлері.Биржаның бұл мүшелері тек облигациялармен ғана жұмыс жасайды.

 

  1. Ассоцияциялық мүшелер, ол тұлғаларға операция залына кіруге болады , бірақ келісім жасай алмайды, ондай тұлғаларға директорларды, басқарушыларды және басқа фирмалардың   өкілдерін-биржа мүшелерін жатқызамыз.

 

Нью-Йорк қор биржасын сайланған кеңес басқармасы басқарады. Қазіргі кезде Кеңес 21 басқармадан тұрады: ондаған биржа өкілдері, ондаған тәуелсіз  өкілдері және төраға.Төраға егер дауыс тең түскен жағдайда ,  дауыс беруге құқылы.

Биржада листингтен өткен  бағалы қағаздар ғана саудаға түседі.

Нью-Йорк қор биржасының листингке талабы әлемдегі өте қатаң болып табылады:

  • компанияның 2 милл.жуық акционерлері болуы қажет және 1 млн.акциясы айналыста жүруі қажет.
  • нарықта айналыста жүрген акцияның құны 16млн $ болуы қажет
  • компанияның салық төлегенге дейінгі соңғы қаржы жылындағы табысы 2,5 млн.$ болуы қажет

Екінші ең ірі қор  биржасы Америка биржасы болып  табылады, америка қор биржасы  ұсақ кәсіпорындардың б.қ айналысқа  түсіретін орталығы болып табылады, өйткені онда Нью –Йорк қор  биржасына қарағанда талабы қатаң емес,сондықтан шетел компанияларының эмитенттері Нью-Йорк биржасының талабын орындағылары келмегендіктен осы биржамен жұмыс істеуде.

НАЗДАК(NASDAQ) –қор диллерлері ұлттық ассоцияциясының бағамының автоматталған жүйесі(1971ж)


Информация о работе Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"