Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 06:42, лекция

Краткое описание

Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.

Файлы: 1 файл

рцб лекция.doc

— 421.50 Кб (Скачать)

 

3.XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында Қазақстанда қор биржасының құрылуы нарықтық қатынастарды дамытуға қажетті шарттардың бірі болды.

1991 жылы Қазақстанда  үш,атап айтқанда Алматы,Қостанай, және Қазақ қор биржалары құрылды.1994 жылы желтоқсанда Алматы және  Қазақ қор биржалары бірігіп,Орталық  Азия қор биржасы деп аталды.

1995 жылдың 19 сәуірінде  бірінші рет сауда ұйымдастырылды.Биржаның  филиалдары барлық облыс орталықтарында  ашылды.

Қор биржасы көбінесе акционерлік меншік формасында ұйымдастырылады.Оның жарғылық қоры құрылтайшылар арасында акцияларды орналастыру есебінен құрылады.Қазақстан заңдарында қор биржасының жарғылық қорының ең аз шегі көрсетіледі.Қор биржасы коммерциялық емес ұйым,яғни оның мақсаты пайда табу емес,ол басқа жұмыс түрлерімен айналыспайды.Оның мақсаты-бағалы қағаздарды сауда жасауға қолайлы және тиімді жағдай туғызу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ № 4

Курс тақырыбы: Бағалы қағаздар:экономикалық мазмұны және олардың жіктелуі 

Сабақ тақырыбы: Бағалы қағаздардың экономикалық мазмұнын анықтау

 

Жоспар:

1.Бағалы қағаз-жалған  капитал

2.Бағалы қағаздар-қарыз міндеттемесі

3.Бағалы қағаздардың  жіктелуі

1.Жалған(алдамшы)капитал  деген қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе  процент түрінде иемденуге құқық  беретін бағалы қағаздар иесінің  меншік титулы.Бағалы қағаздар-акциялар,облигациялар,вексельдер және басқада түрлерде көрінетін капитал.

Бағалы қағаздардың  жалған капитал аталуының себебі бар:

Біріншіден,табыс көзі-тауар  өндірісі.Ал бағалы қағаздардың пайда  болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей байланысты.

 Өнім өндірістен айналымға түсіп,одан табыс әкеледі.Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс әкеледі  деген бұлдыр қиял пайда болған.Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын емес.Тауар айналымы(Т-А-Т)формуласындағы бірінші актіде(Т-А)керекті басқа тауарды сатып алу мақсатында тауарды сату,яғни қажеттілікті керек тауарды сатып алу арқылы өтеу жүргізіледі.Ал капиталдың айналысы(А-Т-А) формуласындағы мақсат-тауарды сатып алу қайта сату,яғни бұл процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі.Бұндағы А*=А+а,яғни а-қосымша құн,өсім немесе капитал.Ал капитал өздігінен өсетін құн,немесе қосымша құн беретін құн.

Екіншіден,бағалы қағаздардың  капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады.Бірақ олардың  өз құны өте төмен,ал нарықтық бағалары өлшеусіз сандар болады.Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.

Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары және одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса,онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі.

Керсінше,егер капиталды  ұсыну сұраныстан жоғары және банктік  проценттің деңгейі де жоғары болса,онда жалған капитал бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді.Мысалы,бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 50$ делік,ал қарыз процентінің деңгейі 5%болған жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000$ болады:

 

                                50·100%/5=1000$

Демек,жалған капиталдың бағасы жиі өзгеріске ұшырап тұратын  нарықтық құн.

Жалған капитал нақты(өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен,олардың оқшауланып шыққан бөлігі ,яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді.Оның нақты капиталдардан мынадай ерекшеліктері бар:

1.Жалған капиталдың  өз құны өте аз болғандықтан оны жоқ деуге болады.Бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың орнында жүреді.

2.Бағалы қағаздардың  айналысы қор биржасынан және  несие жүйесінен басталады,ал  нақты капитал өндіріс аясына  қызмет көрсетеді.

3.Жалған капиталдың  мөлшері(бағалы қағаздардың бағамы)бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың капиталға айналуымен айналуымен анықталады.Ал өндірістегі нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.

Жалған капиталдың пайда  болуын К.Маркс «капиталдану»деп атады.Ал капиталдану-мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген ұғым.

4.Жалған капиталдың  мөлшерінің өзгеруі нақты капитал  көлемінің өзгеруіне дәл келмейді,одан  әлдеқайда көп болады.

 

2.Нарықтық экономиканың  пайда болуы және қалыптасуы жағдайында ұдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді.Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндеттемелерінің кең түрде айналымда жүруі.

1.Қарыз  міндеттемесі-оны  иемденушінің басқалардың шаруашылығына  несиеге ақша немесе мүлік  салып,сол үшін табыс алу құқығын дәлелдейтін қарыз алушының заң жүзінде берген құжаты.

2.Қарыз міндеттемесі-қарыз  алу кезінде несие алушының  несие берушіге(кредиторға)беретін  құжаты.

Сонымен қарыз міндеттемесі-жеке немесе заңды тұлғалардың,яғни нарыққа қатысушылардың мүліктік немесе қаржылық жағдайларын анықтайтын құжат.

Қарыз міндеттемесін  шығарып және оған одан әрі ұстаушыға  дейін қызмет ететін тұлғаны эмитент  деп атайды.Көп жағдайда эмитентпен қарыз міндеттемесін ұстаушының арасында ұстаушының құқығын және эмитенттің міндетін анықтайтын шарт жасалады.

Қарыз міндеттемесі нарыққа  қатысушылардың қаржылық жағдайларын  алдын-ала болжау қажеттілігінен шыққан құжат.

Қарыз міндеттемелерін  жеке тұлғаларда,мемлекет те және Орталық(эмиссиялық)банк те шығаруы мүмкін.Қарыз міндеттемелерінің шаруашылық айналымында қолданылуын есептеуді қаржы активтері деп те атайды.

Қаржы активтері мен  оны айналымға түсіретін ұйымдық  түрінің органикалық бірлігін

елдің қаржы жүйесі дейді.

Ұйымдық тұрғыдан қаржы  жүйесінің негізін ақша нарығы және капитал нарығы құрайды.Ақша нарығы бір жыл мерзімге дейін шығарылған қарыз міндеттемелерін біріктірсе,капитал нарығы-бір жылдан көп уақытқа шығарылған қарыз міндеттемелерінің жиынтығы.Бұл инвестициялық қорлардың нарығы.

Өз кезегінде қаржы  нарығы алғашқы және екінші нарық болып бөлінеді.Алғашқы нарықта жаңадан шыққан қарыз міндеттемелері орналасса,ал екінші нарықта оның бұрын шыққандары айналымда болады.Демек,алғашқы нарықта олао сатылады,ал екіншісінде-сатып алынып ,қайта сатылады.

Артық қаржысы бар  және тапшылық қаржы жағдайындағы шаруашылық субъектілері бір бірімен үш түрлі тәсілмен байланысты болуы мүмкін:тікелей,қаржы делдалдары арқылы және қаржы институттары арқылы.

1.Тікелей қаржыландыру  тәсілі-артық қаржысы бар субъект  басқаға қаржысын несиеге береді.Сөйтіп несие берушінің біреу берген қарыз міндеттемелері бойынша талабы көбейсе,несие алушының міндеттеме қайтару портфелі ұлғаяды.

2.Делдалдар арқылы  қаржыландыру-бұнда делдал ретінде  брокерлер мен диллерлер жүреді.Бұл  тәсіл бойынша қор биржасы  қызмет жасайды.Себебі не брокер,не диллер өзінің қарыз міндеттемелерін шығармайды.Олар қор биржасы атынан делдалдық қызмет атқарады.

3.Қарыз инститтуттары-коммерциялық  банктер,сақтандыру және зейнет  ақы қорлары,инвестициялық компаниялар  қаржы жағдайлары қарама-қарсы субъектілерді қаржыландыруда делдалдық қызмет атқарады.

Қарыз міндеттемесі белгілі  бір мерзімге шығарылады.Ол мезгіл қарыз міндеттемесін шығарған күнмен оны өтеген күн аралығына тең.Қарыз  міндеттемесінің қызмет мезгілі  үш кезеңнен тұрады:

  • шығару уақыты
  • айналым мезгілі немесе алғашқы нарықты сату
  • өтеу мезгілі немесе қолма-қол ақшаны қорға өткізу

 

3.Қарыз міндеттемесі  мен бағалы қағаздар анықтамасымен  тығыз байланысты.

Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі.Қарыз міндеттемелерінің барлығының бағалы қағаздар сияқты арнаулы құжаттық формасы болмайды.Олардың көбісі келісім құжатында(шартта) 1-2 бап ретінде көрсетіледі.Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді.Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат алуға көмектеседі.Сол арқылы инвестор(салым иесі)өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.

Көптеген елдерде бағалы қағаздар түсіретін кірісіне,эмитентіне,айналыс  жеріне байланысты жіктеледі(сызба)

 

1.Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді

Кіріс нақты процентпен төленіп,ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді.

Үлесті бағалы қағаз,немесе оны акция деп атайды.Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді.

2.Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитент) жөнінен де жіктеледі.Олардың эмитенттері

мемлекет,жергілікті үкімет органдары,акционерлік қоғамдар,қаржы  инститтутары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін.Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

а)Қазынашылық-ол үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығаратын бағалы қағаздар.Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі.Себебі оның төлемін мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді.Бұл қағаздардың көп тараған түрлері қазынашылық вексельдер мен қазынашылық облигациялар.Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.

ә)Жергілікті үкімет органдарының бағалы қағаздары.Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

б)Қаржы инститтуттары мен  АҚ-дың акция және облигация түріндегі бағалы қағазы.Оларды өндіріс,құрылыс,сауда,жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер,сақтандыру және зейнет ақы қорлары,инвестициялық компаниялар шығарады.

в)Банктердің бағалы қағаздары-олар депозиттік сертификаттар(салым құжаты),чектер және бұлардан басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.

г)Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары-олар коммерциялық вексельдер,фьючерстік шарттар және коммерциялық қағаздар.

3.Бағалы қағаздар сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.

Ақша нарығындағы қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылады және сатып алынады.Оның айналымы мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созыладыүБұл нарыққа қазынашылық вексельдер,депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар айналымға түседі.

Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі.Олар үлесті де,қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін.Олардың эмитенттері де әр түрлі:мемлекет,жергілікті атқарушы органдар,корпорацияылар,қаржы институттары және т.б.

Айта кететін жайт,бағалы қағаздардың кейбір түрлері қысқа мерзімге,яғни 1 жылға дейін айналымда болса да(мысалы еркін айналыстағы опцион)капитал нарығында жүреді.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздар нарығында көптеген сегменттер,атап айтқанда,кәсіпорындар мен жеке компаниялардың акциялары,мемлекеттің және жеке фирмалардың облигациялары айналысты жүреді.

Бағалы қағаздардың  экономикалық жаратылысына байланысты алғашқы және туында деп жіктейді.Мысалы,акциялар мен облигациялар алғашқы жалған капиталға жатады.Себебі олар эмиттенттің мүлкінің,ақша қаражатының белгілі бір үлесін құжат формасында білдіреді,ал опциондар мен фьючерстер туынды,екінші ретте шығарылған қаржылық құралдарға жатады.Бағалы қағаздарды кейбір белгілеріне байланысты да жіктейді(кесте)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ № 5

Курс тақырыбы: Бағалы қағаздар:экономикалық мазмұны және олардың жіктелуі 

Сабақ тақырыбы: Алғашқы бағалы қағаздар нарығы

Жоспар:

1.Корпоративтік бағалы  қағаздардың түсінігі

2.Вексельге түсінік

а)Жай вексель

б)Аудармалы вексель

3.Вексельдің қолдану  аясына қарай бөлінуі:коммерциялық,қаржылық,қазынашылық және жалған вексельдер.

 

1.Корпоративті  бағалы қағаздар  деген эмитенттері акционерлік қоғамдар,кәсіпорындар және басқа да ұйымдық-құқықтық меншік формасындағы мекемелер,сондай-ақ банктер,инвестициялық компаниялар және қорлар болатын бағалы қағаздар.Корпаративтік бағалы қағаздар қарызды,үлесті және туынды болып үшке бөлінеді.

Қарызды бағалы қағаздар-ол ақша қаражатын белгілі –бір мерзімге қолдануға алып,оны қайтарғанда қарыз қаражатын қолданғаны үшін алдын-ала келісілген процент түріндегі өсімақы төлеуі қажет.Қарыз қатынастарынан туындайтын корпоратиатік б.қ түрлеріне боблигациялар мен вексельдер,банктердің депозиттік және жинақ сертификаттары жатады.

Үлесті бағалы қағаздар-акция түрінде шығарылады,оны ұстаушы акционерлік қоғам мүлкінің белгілі-бір үлесін иемденуге құқылы.

Туынды бағалы қағаздар-ол базистік активтің(яғни осы бағалы қағаздың негізі болатын актив)бағасының өзгеруіне байланысты туындап,мүліктік құқықты білдіретін құжатсыз бағалы қағаз.Базистік активке тауарлар(астық,ет,мұнай,алтын,көмір және т.б) және негізгі бағалы қағаздар(акция,облигация)жатады.Туынды бағалы қағаздардың түрлері:фьючерстік шарттар(тауарлы,валюталы,проценттік,индекстік және б.)және еркін акйналыстағы опциондар.

Қалыпты жұмыс істеп тұрған қор нарығы негізгі екі нарықтан:негізінен кәсіпорындар мен банктердің акцияларынан тұратын корпаративтік бағалы қағаздар нарығ және мемлекеттік б.қ нарығынан тұрады.

 

Вексель қарыз алушының қолхатына байланысты пайда болған.Вексель  туралы алғашқы заңдар Еуропа елдерінде 17-18 ғасырлада шыққан.Ал ҚР «Вексель туралы заң»1997 жылы 28 сәуірде қабылданды.

Коммерциялық қызмет көрсету кезінде қаржы жетіспеушілігі болған кезде өнімді сатып алушы  жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге  қалдырады.Демек өнім несиеге сатылады.Несиені қайтару кезінде  несие ақшаларының бір түрі–вексель беріледі.

Информация о работе Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"