Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 06:42, лекция

Краткое описание

Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.

Файлы: 1 файл

рцб лекция.doc

— 421.50 Кб (Скачать)

Өтеу күні-қоғамның сатып алушыға облигацияның номиналына тең соманы қайтаратын және процент төлеуді тоқтататын күнтізбедегі күн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ тақырыбы: Акция мен облигацияның салыстырмалы сипаттамасы

 

                 Акция

          Облигация

Акция деп акционердің  қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын  бағалы қағаз

 

 

 

 

Ол иемденушісіне қоғам капиталының,мүлкінің,кірісінің бір бөлігін заң жүзінде меншік құқығын береді

Шектеусіз бағалы қағаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Акцияда жазылған сома оның

көрсетілген  құны.

 

 

 

 Акционер қоғамды  меншіктенуші,ал акция сол меншіктенудің  куәлігі

 

 

Атаулы акция-иесі міндетті түрде қоғамның реестірінде тіркелуге тиіс

Атаулы акцияны еркін  қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайтындықтан  олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады

Ұсынушы акция-қоғам кітабында  тіркелмеген акция,кітапта жалпы  саны ғана көрсетіледі.Бұндай акцияны екінші нарықта еркін сатуға болады

Облигация-эмитенттің оны  ұсынушығы белгілі бір уақытта  облигацияда көрсетілген құнды  және осы құннан белгіленген пайызды  алуға құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз.

 

Облигация ұстаушыға  пайыз түрінде табыс төленеді

Облигация бойынша пайыз  басқа өтелетін дивидендтерден бұрын  төленеді

облигация ұстаушының дауыс  беру құқығы жоқ

 

Облигация мерзімдік  қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі  саналады

Ол кепілдік-эмитенттің банкротықа

ұшырап,өз міндеттемесін  орындай алмаған кезде-қоғам мүлкінің бір бөлігін иемденуге облигация  ұстаушының құқығы.

 

Облигацияның бетінде  көрсетілген ақша сомасын айтады.Оны  облигация ұстаушы өтелу мерзімі  келгенде алады

 

Қоғамға несие беруші,қоғамды несиелеудің кәулігі

 

 

 

Атаулы облигациялар иесі қоғамда тіркеуден өтеді.Қоғам  пайыздық өсім төлейтін күні оларға пайыз  алу үшін чек толтырып береді

 

 

 

Ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді,ол бойынша пайыздық табыс облигацияны ұсынушы сабъектіге төленеді.ондай облигациялардың әрқашан купондық парағы болады

Қоғам өз жұмысын акция  шығарумен де,сонымен қатар облигация  шығарумен де қаржыландырады.Дегенмен қоғамға акциядан гөрі,облигация  шығару қауіпті.себебі облигациядан пайда  түспесе де,жыл сайын қоғам облигация бойынша пайыз төлеуге міндетті.Ал акция бойынша жылдық жалпы жиналыстың шешімі болмаса қоғам дивиденд төлеуге міндетті емес.

Біріншіден,егер қоғамның дивиденд төлеуге қаржысы болмаса,ол акционердің жеке сәтсіздігші деп саналады,екіншіден,облигация шығару қоғамға қауіпті болғанмен,оны шығару өте арзан.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ№14

Курс тақырыбы: Мемлекеттік бағалы қағаздар

Сабақ тақырыбы:Отандық мемлекеттік бағалы қағаздардың айналымы және шығару механизмдері

1.Мемлекеттік бағалы  қағаздарды айналысқа шығару  формасы

2.Мемлекеттік бағалы  қағаздарды таратып орналастыру

3.Қазақстан Республикасындағы  муниципалдық бағалы қағаздар

 

 

1.Мемлекеттік бағалы  қағаздарды шығару-Ұлттық банктен  қарыз алу және ақша белгілерін эмиссиялаумен салыстырғанда-бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалық тиімді әдісі.Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пйдалану оның капитал нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді.Ал,бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен бара-бар.Ол әрине,инфляцияны туындатады.Мемлеккеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу оны банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан.Себебі мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар.Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар-ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа қағаздармен салыстырғанды екі артықшылығы бар.

Біріншіден,оның жұмсаған қаражат үшін сенімділігі өте жоғары және оған сәйкес жұмсаған негізгі капиталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен.

Екіншіден,басқа бағалы қағаздарға немесе басқаға жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қағаздарға жеңілдетілген салық салынады.Әдетте мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға және олардан түсетін табысқа салық салынбайды.

 

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару формасы,өтеу мерзімі,процент түріндегі табысты есептеу және төлеу жағдайлары,айналыс сипаты және эмитенттің түрі бойынша жіктеледі.

Мемлекеттік бағалы қағаздар:

шығару формасы  бойынша:құжатты бағалы қағаздар және құжатсыз бағалы қағаз болып бөлінеді.

Құжатты бағалы қағаз-ол құжатты нысанда шығарылған(қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздардың мазмұны тікелей оқуға болатын өзге де материалдық берілім кезіндегі)бағалы қағаз.

Құжатсыз бағалы қағаз-ол құжатсыз нысанда(электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде)шығарылған бағалы қағаздар.

өтеу мерзімі  бойынша:қысқа мерзімді-айналыс мерзімі 1 жылға дейінгі,орта мерзімді-айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі және ұзақ мерзімді-айналыс мерзімі 5 жылдан артық бағалы қағаздар болып бөлінеді.

процент түріндегі табысты есептеу және төлеу бойынша проценттік ставкасы белгіленген,сатылы және ауыспалы бағалы қағаздар болып үшке бөлінеді.Басқаша айтқанда,бағалы қағаздарды ақшаға айналдырғанда онда көрсетілген құннан кемітіп сатады;

айналыс сипаты бойынша нарықтық және нарықтан тыс бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Нарықтық бағалы қағаздар биржада да,биржадан тыс нарықта да еркін сатылады және қайта сатылады.

нарықтан тыс  бағалы қағаздар тек алғашқы нарықта ғана сатылады, екінші нарықта қайта сатылмайды.Олар негізінен халыққа сату үшін шығарылады.Олар мемлекеттік әлеуметтік,сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету қорларының бағалы қағаздары

эмитенттің  түрі бойынша бағалы қағаздар қазынашылық,муниципалдық болып бөлініп,оларды сәйкесінше үкімет және жергілікті атқарушы органдар шығарады.

Әдетте,мемлекеттік  бағалы қағаздарды таратып орналастыру:

Біріншіден,мемлекеттің Ұлттық банкі немесе Қаржы министрлігі арқылы жүзеге асырылады.Шығарылған облигациялардың түріне қарай олардың негізгі инвесторлары болып халық,банктер,зейнетақы және сақтандыру компаниялары мен қорлары,инвестициялық компаниялар мен қорлар саналады.

Екіншіден,құжатты(бланктік) немесе құжатсыз формаларда(арнаулы шоттарға жазу түрінде)шығарыладыҚазіргі кезде мемлекеттік бағалы қағаздарды құжатсыз формада шығару бағыты өрістеуде.

Үшіншіден,аукциондық сауда,бекітілген бағамен барлық сатып алуға тілек білдіргендерге ашық түрде сату(ашық сауда),белгілі бір инвесторларға жабық саудада үлестіру және басқа да әртүрлі әдістерді қолдану арқылы айналысқа түсіріледі.

Ел экономикасының нарықтық қатынастарға өтуінің алғашқы кезеңінді,яғни 1994 жылдың сәуірінде Қаржы министрлігі  айналыс мерзімі 3 айлық қысқа  мерзімді вексельдерді шығарды.1996 жылдың сәуірінде ол мемлекеттік қазынашылық  міндеттеме деп,ал 1997 жылдың 22 сәуіріндегі №621 Үкімет қаулысымен МЕККАМ-дар-Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер деп атауы өзгертілді.1995 жылдың шілдесінен бастап Ұлттық Банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қысқа мерзімді ноталарды шығарды.(кесте)

Проценттік бағалы қағаздарға сондай-ақ МЕОКАМ және МЕАКАМ(мемлек.арнаулы қазынашылық міндеттемелер)жатады.

МЕОКАМ-аукциондарға бірдей проценттік жағдайда кесілген баға бойынша(эмитент  шығарған бағалы қағаздар көлеміне қойылған баға)орналастырылады.

МЕАКАМ-ол үкіметтің алған несиесі бойынша қарызын қайта рәсімдеу мақсатында 1998 жылы қаңтардың 8-де шығарылған мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттеме.МЕАКАМ-дар шығарылған бағалы қағаздар көлеміне келісілген бағамен арнаулы аукциондарға орналастырылады.

МЕКАВМ-ол индекстелетін мемлекеттік қысқа мерзімді арнаулы валюталық міндеттеме,бұл Қазақстан қор нарығының валюталық құралы.

МЕИКАМ-мұндай бағалы қағаз  индекстелген,яғни инфляция деңгейіне  байланысты индекстеледі(өзгереді),яғни бағалы қағаздың иесі болашақтағы инфляцияның әсерінен алатын табысын жойылту қауіпінен сақталады.

АВМЕКАМ-2004 жылдың сәуірінен  арнаулы валюталық мемлекеттік  облигация.Оның міндеті теңгенің емін-еркін өзгермелі бағамына өтуіне байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақа активтерін қорғау делінген.Жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліндегі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер,яғни МЕККАМ,МЕОКАМ,МЕАКАМ және ҰЖО АВМЕКАМ-ға еркін айырбасталады.Басқаша түсіндірсек,Қаржы Министрлігі МҚО мен ҰЖО-ын ағымдағы құнымен сатып алып,одан теңгемен түскен түсімді АҚШ долларына шаққандағы 88,3 теңге бағамымен АВМЕКАМ-дарды көрсетілген құны бойынша өтеу үшін жұмсады.

Қорыта айтқанда,1994 жылы алғашқы мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер шығарылса,1996-1997 жылдары  ҚР мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ №16

Курс тақырыбы: Өндірістік құнды қағаздар

Сабақ тақырыбы: Өндірістік құнды қағаздардың мазмұны

 

1.Өндірістік құнды  қағаздар мәні

2.Өндірістік құнды  қағаздардың ерекшеліктері

 

1. Өндірістік құнды қағаздар (туынды) деген базистік активтердің бағасы өзгеруіне байланысты,яғни осы бағалы қағаздардың негізі болған активке шығарылған мүліктік құқықты(міндеттемені) білдіретін құжатсыз формадағы бағалы қағаз.Базистік активтерге тауарлар (астық,ет,мұнай, алтын және т.б), негізгі бағалы қағаздарға акция мен облигация жатады. Өндірістік бағалы қағаз деп аталуының себебі,олар негізгі классикалық бағалы қағаздарға (акция, облигация ) шығарылады.

     Өндірістік  бағалы қағаздарды шығарып, айналысқа  түсірудің мақсаты кез келген биржалық активтердің бағасының ауытқуынан тек пайда табу ғана емес,сонымен бірге бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіптен сақтандыру.

     Өндірістік  бағалы қағаздарды сатып алу  –сату үшін екі жақ мерзімді  мәмілеге келеді. Онда мәміле жасаушылар көрсетілген активті болашақта алу,бірақ шарттасқан кездегі баға бойынша жеткізіп беру көзделеді. Өндірістік бағалы қағаздарды қолданып жасалған мерзімді мәміле өндірістік бағалы қағаздар нарығында сатып алынады және сатылады.Басқаша айтқанда өндірістік бағалы қағаздар нарығы-мерзімді нарық. Мерзімді мәмілелер әр түрлі активтерге,атап айтқанда,бағалы қағаздарға,банктік депозиттерге,индекстерге,валютаға,қымбат металдарға,шикізат тауарларына және мерзімді шарттардың тауарларына және мерзімді шарттардың өзіне жасалады.

 

Мерзімді мәмілелердің екі түрі болады:

 

  1. Шартты түрдегі мәміле- онда екі жақтың біріне жасасқан шартты орындау немесе орындамау құқығы беріледі.Оған опциондар жатады.
  2. Тұрақты мәміле – ол міндетті орындалуы тиіс бекітілген шарт.Оған: форвардтық, фьючерстік мәмілелер жатады.

 

2.Өндірістік  бағалы қағаздардың негізгі ерекшеліктері:

 

- олардың бағасы оларды  шығаруға негіз болған биржалық (базистік) активтің бағасына негізделеді;

- олардың айналысының  сыртқы формасы негізгі бағалы  қағаздардың айналысына ұқсас болады;

- шығару негізі болған  активтің айналыс мерзімімен  салыстырғанда (акция-мерзімсіз,  облигация- бірнеше жылдар,тіпті ондаған жылдар) оларды қолдану уақыты шектеулі(бірнеше минуттан бірнеше айға дейін) болады;

- басқа активтермен салыстырғанда өндірістік бағалы қағаздарды шығаруға аз ғана  инвестиция жұмсалғанмен оларды сатып алу-сатудан пайда түсіріледі.

Себебі инвестор активтің барлық құнын төлемей, тек кепілдік (маржалық) жарнаны ғана төлейді.

 Сабақ №17

Курс тақырыбы: Өндірістік құнды қағаздар

Сабақ тақырыбы: Өндірістік құнды қағаздардың түрлері

 

1. Форвард және фьючерстік  шарттар

2.Акцияға жазылу құқығы,депозитарлық қолхат

3.Опцион,варрант

4.Фьючерстік шартқа  баға құру

5.Биржада опциондармен  сауда

 

1. Шетел экономикалық  әдебиеттерінде туынды бағалы қағаздарды деривативтер (derivatives- ағылшынша,туынды) деп те атап, әдетте оларға форвардтарды, фьючерстерді, бағалы қағаздарға шығарылған опциондарды, варрантарды, депозитарлық қолхаттарды және т.б жатқызады.

   Форвардтық нарық  мерзімді нарықтың ең алғашқы формасы.Ол тауарлар бағасының тұрақсыздығына байланысты 18-19 ғасырларда Еуропада сатып алушы мен сатушы тауардың мөлшерін, шамамен жеткізіп беру уақытын және болашақтағы бағасын көрсетіп мәміле жасасқан.Дәл осындай келісімдер қазіргі кезде, әсіресе шетел валютасымен банкаралық сауда-саттықта қолданылады(әрине онда жеткізіп беру уақыты дәл көрсетіледі).

 

Форвард- активті сатып алу-сату жағдайлары туралы алдын-ала келісілген,бірақ болашақта орындалатын биржадан тыс жасалатын мерзімді шарт.Бұндай шарт саудаға түсіру үшін келісілген актив бағасының қолайсыз өзгеруінен сақтандыру үшін жасалады,яғни бағасы өскенде шартты сатып алушы ұтса,төмендегенде сатушы ұтады.

Бұл шарттың стандартты формасы,жоқ сондықтан алған міндеттемені үшінші жаққа бергенде қатысушы бір жақ үшін экономикалық қолайлы жағдайдың тууы шарттың орындалмау қаупін туғызады.

 

Фьючерс – мәмілеге келген кезде бекітілген бағамен белгілі бір бағалы қағаздың стандартты мөлшерін болашақта сатып алуға немесе сатуға жасасқан шарт.Оның опционнан өзгешелігі таңдау құқығы емес,ол орындау үшін алған міндеттеме.Бұл стандартты шартта фьючерстің барлық параметрі-мерзімі,стандартты лоттың көлемі,сақтандыру депозиті көрсетіледі.Фьючерстермен саудаға қатысушылардың мақсаты- бағалы қағаздардың өзін сатып алу емес,бағасының айырмасын алу ұйымдасқан ойын.Шартты сатып алушы оны  жоғары бағамен сатуға,ал сатушы тап осындай шартты болашақта төмен бағамен алуға ұмтылады.Әлемде опциондар мен фьючерстердің ең ірі сауда орталықтары болып,Чикаго опциондар биржасы,Лондон халықаралық қаржы фьючерстерінің биржасы және с.с есептеледі.

Информация о работе Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"