Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 06:42, лекция

Краткое описание

Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.

Файлы: 1 файл

рцб лекция.doc

— 421.50 Кб (Скачать)

Эмиссия проспектінің келесі тарауында эмитенттің құрылтайшысы,басқарушылардың аты –жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі,басқарушылардың қазіргі уақыттағы лауазымы мен 5 жыл ішіндегі қызмет орны,оның басқару органынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі.Бұдан басқа проспектілерді тіркеу кезінде болған(егер ондай болса)эмитент пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп,қоғамның қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижесі баяндалады.

Ал қортынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары,иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын басқа да хабарлар орын алады.

 

 

2. «Бағалы  қағаздар нарығы туралы»  Қазақстан Республикасы заңында «эмиссиялық бағалы қағаздар-бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері болатын,осы шығарылым үшін біріңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар»

Эмитенттің бағалы қағаздарды шығару туралы шешімі тіркеуден  өткізіледі 

Бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу деген бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру номерін беру.Ол-эмиссиялық б.қ бірдейлендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкілетті орган беретін әріптік-сандық код.Қазақстанда мемлекеттік тіркеуді Орталық депозитарий жүргізеді.

Бағалы қағаздарды орналастыру(андеррайтинг) деген бағалы қағаздар эмитенттен алғашқы иемденушіге өтетін айналыс аясындағы алғашқы мәмілеге келу процесі.Басқаша айтқанда,б.қ орналастыру-ол бағалы қағаздарды эмитенттің иелігінен алып андеррайтердің оларды алғашқы ұстаушыларға беруі.

Андеррайтер деп эмитент атынан немесе өз атынан,бірақ эмитенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздарды орналастыруға өзіне міндет алған жақты айтады.

Акционерлік қоғам құру шартына сәйкес қоғам құрған кезде  барлық акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылуы тиіс.Акцияларды орналастырғаннан кейінгі үш күн мерзімінде б.қ иемденушілердің жеке арызы негізінде олар туралы мәліметтер реестірге енгізілуі( тіркеуге) керекТізімді реестір ұстаушы жүргізеді.Егер акционерлердің саны 500-ден аспаса,реестірді акционерлік қоғамның өзі жүргізеді.Егер акционерлердің саны 500-ден асса,онда реестірді маманданған ұйым жүргізуі тиіс.Реестр ұстаушы тізімге енгізумен,одан үзінді көшірме және анықтама берумен,сондай-ақ дивиденд төлеу үшін және дауыс беру үшін акционерлер тізімін дайындаумен шұғылданады.

Бағалы қағаздардың  айналысы деп оларды сатып алу сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады.

 

Нарық географиялық белгілеріне  және қоғамдық танылуына қарай:

  • халықаралық және ұлттық
  • жергілікті және аймақтық нарық болып бөлінеді

Сондай-ақ қолданылатын қаржы құралдарына байланысты нарық,мысалы,бағалы қағаздардың нақты түрінің(акция,облигация  және т.б)немесе опциондар,фьючерстер,валюта нарығы деп те бөледі.

 

Үйде:Бағалы қағаздардың сатылу тәсіліне қарай бағалы қағаздар нарығының дамуы.

90-93 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ № 7

Курс тақырыбы:  Акциялар 

Сабақ тақырыбы:  Акциялардың экономикалық мәні

Жоспар:

1.Акцияға түсінік

2.Атаулы акция және  ұсынушы акция

 

 

Бағалы  қағаздар олардың иелерінің мүліктің құқықтарын және займ қатынастарын білдіретін ақша құжаттары.

Акция акционерлік қоғамдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, коммерциялық банктермен айналымның бекітілген мерзімінсіз шығарылатын, қаражаттардың олардың дамуына енгізілгендігін куәландыратын және оның иесіне дивиденд түрінде кәсіпорын табысының бөлігін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акция деп акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз.

Ол иемденушісіне қоғам  капиталының,мүлкінің,кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді.

Қоғам қанша уақыт  жұмыс істеп тұрса,акцияда сонша  уақыт қолданылады,яғни акция-қолдану  мерзімі шектеусіз бағалы қағаз.

Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі  мүмкін.Акционер оны екінші нарықта  сатуына болады.

Акцияда жазылған сома оның көрсетілген(номинал)құны деп аталады.

Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға  шаққандағы бағасын білдіреді.

Алайда,акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді.Нақты бағаны тек нарық айқындайды.

Акция сатылатын  баға және қор биржаларында және банктерде  сатып алынатын баға акция курсы деп аталады. Бұл баға акцияда жазылған бағадан  өзгеше:ол көрсетілген құннан жоғары да,төмен де болуы мүмкін.Демек,акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын,сондай-ақ дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады.

Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі  оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі. Ол дивиденд және ссудалық пайыз мөлшеріне байланысты.

Акция курся = Дивиденд/ссудалық пайыз * 100

Акция белгілі бір  жағдайда ақ-ның өз капиталын ұлғайту  және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың  бірден –бір түрі.

Акция бір жағынан,бір  акционерден басқаға беру тәсілі бойынша:атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе,екінші жағынан,қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша-жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді.(сызба)

Қоғам тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

Атаулы акция-иесі міндетті түрде қоғамның реестірінде тіркелуі тиіс акция.Акционерлер кітабында оны қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

Ұсынушы акциясы-иесінің  аты-жөні қоғам кітабында тіркелмеген  акция.Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.

Қоғамға басқару жағынан  қолында атаулы акциясы бар акционерлер  қолайлы.Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын,сонымен  қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын,олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді.Акционерлердің көзқарасы бойынша,қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушы акциясын қолдайды.Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады.Ал атаулы акцияны еркін қолма қол ақшаға айырбастауға болмайтындықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады.

Акцияның осы екі  түрін айналымға түсіру жолдары  да әртүрлі:

Біріншіден сату механизмі  бойынша.Атаулы акцияның иесі оларды қоғамнан сатып алғанын куәландыратын барлық акция саны толтырылған бір сертификат алады.Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған «индоссамент»белгісі қойылады.содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат қоғамға жіберіледі.Содан кейін ғана акциялардың ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.

Ұсынушы акциясын сатқанда оны иемденушілер тікелей,яғни қолма-қол  сатып алушыға береді.

Екіншіден,акцияның осы  екі түрінің жаңа данасын(тиражын)иемденушілер құқығын белгілеу тәртібі де әртүрлі.

Бұл туралы атаулы акция  иесі қоғамнан хабарландыру хат алса,ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес.ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны(талоны)болады.Соны толтырғаннан кейін қоғамға жіберіп,өзінің меншік құқығын іске асырады.

Үшіншіден,ұсынушы акциясының номиналы тым жоғары болмайды,бірақ  ол өте көп тиражбен шығарылады,ал атаулы акцияның номиналы әр түрлі  мөлшерде бола береді.

 

Акция түрлері:

-Еңбек ұжымы – олар кәсіпорынның жұмысшылары арасында ғана таратылады және оның дамуы үшін ақшаның енгізілгендігін куәландырады.

-Кәсіпорындар нақты облигация болып саналады, яғни кәсіпорынның д даму мақсатына қаражаттарды енгізуді куәландыратын бағалы қағаз.

-Акционерлік қоғам акциялары -  АҚ капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз. Бұл акциялар АҚ құрылтайшылары арасында тарату тәртібімен ашық жазылу жолымен таратылады.

АҚ акцияларын шығару оның жарғылық капиталымен анықталады. Акция иелері акционерлер деп аталады. (кредиторлар емес). Кредитор шамасы АҚ табысына байланысты.

Акция АҚ құрылған кезде номиналды құны бойынша  сатылады. Осы жағдайда табыстың нақты  деңгейі анықталады:

Рендит =  Дивиденд/ сатып алу бағасы * 100

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ №8

Курс тақырыбы:  Акциялар 

Сабақ тақырыбы:  Акционерлік қоғам түрлері және түсінігі

Жоспар:

1.Акционерлік қоғам-бағалы  қағаздардың пайда болуының негізі

а)Қоғам құрылтайшыларының  құжаттары,міндеттері,құқықтары

б)акционерлік қоғамның органдары(жоғары басқару органдары,директорлар  кеңесі,атқарушы орган,тексеру комиссиясы)

в)қоғамның құрылу жолдары

 

1.Акционерлік қоғам  деп өзінің қызметін жүзеге  асыру үшін қаражат тарту мақсатында  акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады.

 

Акция-үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз.

Акция қоғам шығаратын  және олардың түрлері мен категорияларына  қарай акционерлердің дивиденд алуға,қоғамды  басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Акционерлік қоғамдар облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығауға құқылы.

Экономикасы дамыған  елдерде олар корпорациялар деп  те аталады.Қоғамның фирмалық атауы  сөзбен жазылып,одан кейін «АҚ» аббревиатурасы көрсетілуі тиіс.

Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден  өтеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»3003 жылғы жаңа заңына сәйкес өз капиталының мөлшері тиісті қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын және акционердің саны бес жүз және одан көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады.

Қоғамды құру туралы шешім  қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып табылады.

Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы  мүмкін.

Оны құруға байланысты және мемлекеттік тіркеуден өткенге  дейін туындайтын шығындарды төлеуді  бірлесіп төлейді.Ал оны жалғыз тұлға  құрған жағдайда қоғам туралы шешімді осы тұлға жеке дара қабылдайды.

Құрылтай шарты  мен жарғы қоғамның құрылтай құжаты болып табылады.

Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы  болып есептеледі.

Құрыдтай жиналысында  құрылтайшылар қоғамды құру туралы шешім қабылдайды,оның жарғысын бекітеді,қоғамның органдарын,сондай-ақ қоғамды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға,заңдарда белгіленген тәртіппен мүлікті,оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге,мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге уәкілетті адамды сайлайды.

Құрылтайшылар құрылтай жиналысының хаттамасын және құрылтай шартын жасасып,қол қоюға,сондай-ақ қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі  мөлшері туралы шешім қабылдауы  тиіс.

Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды нақты құны бойынша төлеу және акцияларды инвесторға белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады.

Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталының мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі  мөлшерінен кем болмауға және оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс.

Ал қоғамның ж.к ең төменгі мөлшері тиісті қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық  есептік көрсеткіштің 50000 еселенген  мөлшеріне теі болады.

Шетелдік инвестордың  қатысуымен қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қоғамның жарғысызаңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат.Бұл жарғыда қоғамның орналасқан жері,жарияланған акциялардың әртүрінің саны,категориялары,атаулы құны,оларды иеленушілерінің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.Сонымен қатар жарғыда, акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі,жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары,яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.

Құқықтары. Қоғамды басқаруға,дивиденд алуға,қоғамның қаржылық есебімен танысуға,ол таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқылы.

Міндеттері.Акционер өзіне тиесілі акцияларды сату жөнінде ірі мәміле жасау туралы ниетін қоғамға хабарлау.Тізілімді ұстаушыға немесе акционерлерге тиесілі акцияларды атаулы ұстаушыға қоғам акциясын ұстаушылардың тізімі өзгеретіні туралы он күн ішінде хабарлау және қоғамның құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтеді жария етпеуге міндетті.

Акционерлік қоғам-заңды тұлға.Оның органдары:акционерлердің жалпы жиналысы,директорлар кеңесі,алқалы орган немесе басқарма,тексеру комиссиясы(ақылы немесе жеке-дара тексеруші) болып табылады.

Қоғамның акционерлерінің  жылдық жалпы жиналысы оның ең жоғары басқару органы.Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс.

Акционерлердің жалпы  жиналысының айрықша қызметіне  жататындар:қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу,қоғамның үлгісін  өзгерту мен оны ерікті түрде  қайта құру және тарату,қоғамның басқару органдарын сайлау,қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту,қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі және т.б.

Информация о работе Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"