Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2012 в 06:42, лекция
Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
РМҚК«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»
М.Н.МУХТАРОВА
(курс лекции)
2008-2009 оқу жылы
Сабақ №1
Курс тақырыбы:Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы
Сабақ тақырыбы:Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және даму процесі
.
Жоспар:
1.Бағалы қағаздар
нарығының мәні,мақсаты,
2.Жекеменшіктендіру-бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі
3.Бағалы қағаздар нарығы-қаржы нарығының құрамдас бөлігі.
4.Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
Кіріспе
Нарық-күрделі,әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса,екінші жағынан
қор жинау нарығын қамтиды.Қор жинау нарығы қаржы нарығы мен қозғалмайтын
мүлік нарығынан тұрады.Осы
аталған нарықтардың өзара
экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Жалпы тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша оған қатысушылар арасыда туындайтын экономикалық
қатынастар жиынтығы деп қарастырылады.Кез келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы-оның объектісі,субъектісі-нарыққа қатысушылар.Экономикалық қатынастар-ол нарық субъектілерінің,яғни нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздармен жүргізетін кез-келген іс-әрекеті,яғни қолданыстағы шаруашылық заңнамаларына сәйкес жүргізілетін әртүрлі операциялар.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады.Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық-экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
Осы күрделі құрылымдардың
қызметін ұйымдастыратын,басқаратын,
Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты-студенттерге бағалы қағаздар нарығының теориялық және методологиялық негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсетуге арналған білім көлемін беру.
Бағалы қағаздар нарығының басқа кез-келген нарықтан бір ғана айырмашылығы бар-ол ақша капиталын қалыптастыруға қызмет етеді.Болашақта ол капитал нақты тауар өндіру үшін немесе алғашқы капиталды өсіру үшін жұмсалуы мүмкін.Уақытша бос ақша қаражатын тарту мерзіміне байланысты нарық ақша нарығы және капитал нарығы немесе қаржы нарығы деп бөлінеді.Ақша нарығына,негізінен,халықтан қысқа мерзімге(1 жылға дейін)уақытша бос қаражат тартылса,ал қаржы нарығында бағалы қағаздар(ақша нарығымен салыстырғанда)ұзақ уақыт бойы айналыста жүреді.
1.Бағалы қағаздар нарығы(қор нарығы)-ол қаржы нарығының құрамдас бір бөлігі.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді
Ол өзгеше тауар-бағалы қағаздар.олар біріншіден,меншік белгісі,екіншіден,қарыз міндеттемесі,яғни олар бойынша табыс алу құқығы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады.Бұл тауарды өз құны болса да,өте жоғары нарықтық бағамен сатуға болады.Бағалы қағаздардың көрсетілген құгы(номиналы) өте төмен болғанымен,мысалы,ол өндіріске жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді.Егер бағалы қағаздарға.Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса,онда онығ бағасы көрсетілген құнынан(номиналынан) жоғары болады(керісінше де болуы мүмкін).Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы,бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенін көрсетеді.
Жалған капитал-нақты капиталдың қағаз белгісі,яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі(сауда,қарыз капиталдары).
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны қордың құндылықтары деп те атайды.
Сонымен бағалы қағаздар нарығы-капитал нарығының,яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметінің көрінісі.
Бағалы қағаздар нарығының мақсаты-қаржы ресурстарын шоғырландыру және оларды нарыққа қатысушылардың әр түрлі операциялары арқылы қайта бөлу,яғни уақытша бос ақша қаражатының бағалы қағаздардың инвесторларынан эмиттентеріне ауысуына делдалдық ету.Осы мақсатқа жету үшін бағалы қағаздар нарығы мына міндеттерді жүзеге асырады:
Аталған міндеттерді жүзеге асыруда бағалы қағаздар нарығы көптеген қызмет түрін атқарады.Оларды шартты түрде екіге бөлуге болады:
1.Жалпы нарықтық
2.Ерекше,яғни осы нарықты басқа нарықтардан ажырататын қызметтер.
Жалпы нарықтық қызметтерге:
Бағалы қағаздардың ерекше қызметіне:
Бағалы қағаздар нарығы-нарықтыұ экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі
Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты жүзеге асырылады.
Капиталды инвестициялау деген күрделі қаржының капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы,ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынуы.Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті.Мысалы,кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе,онда соған сәйкес бағасы да өседі.Демек,оларды өндіруден пайда да өседі,сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып,олардың экономикалық тиімділігі кеміп,ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйыладыБағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал.олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағытталып отырады.
Бағалы қағаздар нарығының маңызы.Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздардың көмегімен қосымша капитал тарту анағұрлым жеңіл.
Акция және облигация сияқты негізгі бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 апта,эмиссия проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 апта,оларды сатып алу-сатуға және есеп айырысуға 2-3 апта кетеді.Қортындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент(шығарушы)өзіне қажетті капиталды жинап,оны басқару құқығына ие болады.
Өткен ғасырдың 70-жылдарында әлемдегі өркендеген елдерде капитал қозғалысындағы шектеулердің алынып тасталуы халықаралық бағалы қағаздар нарығының пайда болуына жағдайлар туғызды.
Халықаралық бағалы қағаздар нарығы,ұлттық нарық тәрізді, алғашқы және екінші нарықтардан құралады.Алғашқы нарықта бір елдің эмитенті өзінің бағалы қағаздарын басқа елде(немесе басқа елдерде)орналастырады,ал екінші нарықта арнаулы қаржы мекемелерінің делдалдық етуімен бағалы қағаздарды қайта сату жүргізіледі.Бұнда екінші бағалы қағаздар нарығында негізгі сатып алушы және сатушы ретінде орталық және коммерциялық банктер,сақтандыру компаниялары және басқа да банктік емес қаржы институттары жүреді.
сонымен бағалы қағаздар нарығы-экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
2.Жекеменшіктендіру-бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін.Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады.Соңғы 10-15 жылда дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүргізілді.Әсіресе Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті.Ал ТМД елдерінде жайы өзгеше.Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан пайда болып және қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру процесі оларды акцияландыру арқылы жүргізілді.
Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі-жекеменшіктендіру чектерін(купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі,олар мемлекеттің иелігінен алып,жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануға құқық берді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталады.Акционерлік қоғамның иесі-акционерлер,олардың меншік құқығы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшіктендіру чегіне кез-келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады.Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымының мүшелері қызмет істеп тұрған кәсіпорынның акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқығы бар.Оны сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады.Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондарда жүргізіледі.Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады.Сонымен бірге жекешелендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады.
Инвестициялық қорлар-жекеменшіктенген мекеме.Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.Осы айтылғандардан басқа,жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға,сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге болады.Біздің елімізде
меншікті жекеменшіктендіру процесі және жекеменшіктендіру купондарына акция сату 1994-1995 жылдары өтті.Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып,халық ол қорларға купондарын тапсырғандарымен олардың орнына акция алғандары аз.
2.Бағалы қағаздар нарығы-қаржы нарығының құрамдас бөлігі.
Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейліжаңа,нарықтық тетіктер реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін инститтуттардың құрылуын талап етеді.Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат.Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде не қаржы нарығы,не оның инфрақұрылымы,яғни коммерциялық және инвестициялық банктер,биржалар,сақтандыру қорлары болған жоқ.
Нарықтық экономика-адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы
жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың
ең тиімді түрі екендігі дүние жүзі мемлекеттерінің
көпшілігінің өркендеу тәжірбиесі дәлелдеген
ақиқат шындық.Ал Қазақстан үшін шаруашылықты
жүргізудің жаңа әдістеріне өту-тек ашық
нарыққа өту ғана емес,сонымен бірге мемлекеттік
экономикалық саясаттағы субъективизімнен(
Шаруашылықты нарықтың
әдістерімен жүргізу қаржы
Қаржы нарығы-мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы.
Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп отырады және үнемі қозғалыста болады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ-тың,Еуропа Одағы мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде.Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол,өз өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте.
Жалпы қаржы нарығы бір-бірімен
тығыз байланысты,бірақ өз алдына
қызмет жасайтын нарықтардан тұрады:Біріншіден,
Екіншіден,қарыз капитал нарығы,яғни қысқа және ұзақ мерзімді банктік несие нарығы.Коммерциялық банктер қысқа мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары проценттік өсіммен береді.Бұл несиені өзінің айналым қаржысы жоқ кәсіпорындар алуға мәжбүр.Негізгі қорларды құруға және оларды жаңартуға процеттік өсімі өзгеріп,қайта қаралып отыратын ұзақ мерзімді несие беріледі.сондықтан,қаржы нарығының бұл бөлігіне де дағдарыс тән;
Үшіншіден, бағалы қағаздар нарығы.Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да Қазан революциясына дейін болғанмен,соңғы жетпіс жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ.
Информация о работе Лекции "Бағалы қағаздар және қор нарығы"