Кәсіпорынның инвестийиялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

Оглавление

Жоспар
I. КІРІСПЕ
II. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы түсінік және
оның мәні мен мазмұны
2.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері
2.2.ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар
III. ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
3.1.ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
3.2.Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу
3.3.Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін
анықтау жолдары
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 139.50 Кб (Скачать)
  • Күрделі инвестиция;
  • Инвестициялық сфера;
  • Қаржы капиталын пайдалану сферасы;
  • Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасы.

     Инвестиция  туралы шешім қабылдаудағы негізгі  мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық,өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

     Бұндай  есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның  қазіргі кездегі құны бойынша  есептелген шығындарды табыспен салыстыру  мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс. 

1-кесте

Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялар  нақты бағамен, млн.теңге

Жылдар Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестиция                       Оның  ішінде
  Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдарға Тұрғындарға жеке меншікті үйлер мен пәтерлер салуға.
  млн теңге. % млн теңге % млн.теңге % млн.теңге %
1995

2000

2006

13059

148590

404175

100

100

100

12541

66780

53755

95,3

44,9

13,3

383

80029

342188

2,9

53,8

84,6

225

1781

8232

1,7

1,2

2,0

 

     Кесте мәліметтерінен байқайтынымыз, соңғы 10 жылда күрделі құрылысқа жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлемінде  мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше  мемлекеттік емес кәсіпорындар мен  ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.3.Компанияның   инвестициялық   қызметінің   тиімділігін   анықтау

                 жолдары 

     Компания  қызметінің тиімділігін арттырудың тек екі жолы ғана бар: қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру. Өте қарапайым осы ереже, инвестиция тиімділігін стратегиялық жоспарлауда, жобаны талдау мен басқару барысында өте маңызды болып саналады. Компания басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс-әрекеттер жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау болады.

     Жобаның үш түрлі вариантының «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы» талдауын қарастырып өтелік.

     Инвестиция  тиімділігін стратегиялық жоспарлаудағы жобаның үш вариантын талдау негізінде жасалған қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп

     
 
 

Баптың  атауы

Инвестициялық жобаның варианттары
бірінші екінші үшінші
1. Өнімді өткізуден  түскен түсім (млн. теңге) 2000 2000 2000
2. Айналым шығындары негізінде есептелген өткізілген өнімнің өзіндік құны 1400 1000 600
3. Жалпы табыс 600 1000 1400
4. Кезең  шығындары  (тұрақты шығындар) 580 800 1000
5. Негізгі қызметтен  түскен табыс 20 200 400
6. Негізгі емес қызметтен  алынған табыс 4 10 20
7. Қызметтен  алынған табыс 24 210 420
8. Табыс салығы 7 63 126
9. Таза табыс 17 147 294

     2-кесте

     Ықтимал табыстар мен шығындарды сипаттайтын  варианттарда кестенің кез келген жолында  байқалған өзгеріс, соңғы жолдағы  мәнді міндетті түрде өзгертеді. Жалпы табысы өте үлкен компанияның шығындары өте төмен болады. Басқаша айтқанда, жоспарлай отырып, кәсіпкер өзінің барлық шығындарын жауып, пайда әкелетіндей табыс табу болып табылатын басты міндетін шешуі тиіс. Егер кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарағанда аз шығын жұмсап өнім өндіріп отырса, оның өнімді нарыққа шығару жөніндегі шығындарын арттыруға немесе бағаны төмендетуге мүмкіндігі бар.

     Тек осы екі құжатты - «Бухгалтерлік баланс» пен «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есепті» пайдалана отырып кәсіпкер халықаралық іскерлік тәжірибеде анағұрлым жиі қолданылатын компания тиімділігін сипаттайтын табыстылық, төлем қабілеттілігі жөне өтімділік көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік алады. Бұл құжаттардан өзгешелігі, Кэш-Флоу әдісіне негізделген, ақша қаражаттары ағымының жоспарын жасауда «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» ақша қаражаттарының қозғалысын сипаттайды және компания қызметін кезең-кезеңімен қарағандағы динамикасын көрсетеді. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы ақша қаражаттарының келуі мен кетуі есебінен қалыптасады. Барлық түсімдер мен төлемдер «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте» осы төлемдердің жасалған күніне сәйкес уақыт аралығында көрініс табады. Бұл арада айта кетер бір жайт, еркін айырбасталатын валютамен келген барлық түсімдер мен төлемдер, курс айырмасы бойынша теңгеге ауыстырылуы қажет. Шоттағы ақша қаражаттарының қалдығын Компаниядар төлемдер жасау үшін, алдағы кезеңдердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін, инвестицияларға, қарызды өтеуге, салық төлеуге және жеке тұтынуға пайдаланады.

     «Қаржы  шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте» компания қызметі үш негізгі  салаға белінген:

1) операциялық;   2) инвестициялық;   3) қаржылық

«Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің» әр бөліміндегі ақша ағымының сомасы сәйкес кезеңдегі өтімді қаражаттардың қалдығын құрайды.

     Әрине компания капиталсыз жұмыс істей  алмайды. Меншікті және тартылған капиталдың мөлшерін, Кэш-баланс компания қызметінің барлық кезеңінде оң болған жағдайда, жеткілікті деп санауға болады. Кез келген уақыт аралығында теріс шаманың болуы компанияның банкрот екендігін көрсетеді.

     Инвестицияның тиімділігін стратегиялық жоспарлауды  талдауға қатысатын негізгі факторлар  болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және басқа табыстардың қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады.

     Жобаның өтелу күні болып, операциялық қызметтен  алынған ақша ағымының жинақталған  сомасы инвестицияға жұмсалған шығын  мөлшеріне тең болған күн танылады.

     Нарықтық  қатынастары дамыған елдерде инвестицияның тиімділігін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың aca маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Компания сату көлемін өзгерткеннен, оның компаниясы қанша пайда табатындығын есептегеннен гөрі, сату көлемі қандай болған жағдайда оның компаниясы зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтқанда, зиянсыздық нүктесін табу қажет.

     Зиянсыздық  нүктесі - компанияның өз щығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі.

     Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз - бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай айналатын сомасы.

     Бүгінгі таңда, мамандар инвестицияның тиімділігін тұрақты бағамен есептемейді. Бұл үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әр түрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып тұрады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана, байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеулдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру қажет.

     Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады.

     Аталмыш әдістерді қолдану, қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда, кеңінен таралған. Басқаша айтқанда дисконттау және есім әдістері мынадай белгісіз шамаларды табу қажет болған жағдайда қолданылады:

•  пайыз деңгейі (мысалы, капиталды пайдаланғаны үшін);

•  жыл сайынғы төлемдер ;

• кезең саны (ай, тоқсан, жьш);

• ағымдық деңгей мәні;

• болашақтағы деңгей мәні.

Осы әдістерді  қолдануда мынандай талаптарды ескеру қажет:

•бүгінгі және болашақтағы деңгейлерді есептеуде қолданылатын айнымалылардың мәндері белгілі болуы тиіс;

• пайыздар деңгейі тұрақты.

Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдау жүргізу барысында мынандай кең таралған қателіктер жіберіледі:

1) сәйкес пайыздық мелшерлемені талдауда шатасу;

2) осы пайдаланудың реттілігін сақтамау.

     Пайыз, жалпы алғанда, инвестор үшін капитал құны болып келеді. Инвестициялық жобаға қаржылық талдау жасауда екі мөлшерлемені қолдануға болады.

     Нақты пайыздық мөлшерлеме инфляцияны ескермегендегі капиталдан алынатын табыс. Егер нақты пайыздық мөлшерлемелер қолданылатын болса, онда жобадағы барлық бағалар мен капитал құны тұрақты бағамен алынуы тиіс. Керісінше, ағымдық пайыздық мөлшерлеме - бұл инвестордың жеке нарық тұрғысынан алғандағы табыс мөлшерлемесі, сондықтан да онда инфляция ескеріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                 ҚОРЫТЫНДЫ 

    Қорыта  келе жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың  қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды  кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерін ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуға және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды және капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация және бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты, ауқымы және мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестийиялық саясаты