Кәсіпорынның инвестийиялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

Оглавление

Жоспар
I. КІРІСПЕ
II. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы түсінік және
оның мәні мен мазмұны
2.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері
2.2.ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар
III. ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
3.1.ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
3.2.Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу
3.3.Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін
анықтау жолдары
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 139.50 Кб (Скачать)

Жаңа  өндіріс орындарын ашуға бағытталған  инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.2. ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 

      Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.

      Жалпы еліміздің бизнес - климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы  инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

      Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол-ұлттық экономиканың  даму деңгейі болып саналады.     Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:

     1. мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;

     2. табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

     3. экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;

     4. инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;

     5. нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;

     6. банктік жүйенің тұрақтылығы;

     7. саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

         Шетелдің инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды.

    Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн..км) ЕЭО (2,3 млн.км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз.

     Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды  бағасы:көмір бойынша-685,5 млрд.,мұнай-222,5 млрд.АҚШ доллар.

     Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың  минереалдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған  елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті.

     Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа  саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп  болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет.

  1. Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциялар мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық, алдын-ала болжау және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызады.
  2. Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттарға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық “ойын ережелері” анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.
  3. Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
  4. Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін тең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.
  5. Келісімшарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі
  6. Тікелей инвестициялардың пайдалылығы мен нәтижелілігі. Инвестор пайда алуға құқығы бар және оны Қазақстан экономикасына дамуы үшін еркін репатриациялау мүмкіндігі болуы тиіс.
  7. Экономиканың басымды салаларына тікелей инвестицияларды ынталандыру.

Әр инвесторлар  тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының  ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III.   ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясатын талдау және  

       бағалау 

3.1.Кәсіпорынның инвестициялық саясаты 

     Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты олар таңдаған инвестициялық стратегиясының бір  бөлігі болып табылады. Инвестициялық  стратегия кәсіпорындардың инвестициялық  қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар  жүйесін тұлғалайды.

     Инвестициялық саясатты жүзеге  асыру барысында мақсатқа сай келесі белгілерді сақтау керек:

  1. Жоғары- экономикалық, ғылыми- техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету;
  2. Салынған капиталдан кәсіпорындар қолайлы табыс табуы керек;
  3. Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану;
  4. Инвестициялар тиімділігін жоғарлату үшін мемлекет араласуын қолдау;
  5. Шетел инвестицияларынан несие жеңілдіктерін алу;
  6. Инвестициялық тәуекелділікті азайту.

     Коммерциялық  тәуеклділіктің әсер етуі жобалау табысының  өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдер тапсырыс берушілер арқылы азайтылу мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуы. Коммерциялық емес тәуелділіктен қорғауды Қазақстан Республикасының үкіметімент қадағаланады.

     1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын  басым секторлар тізімі бекітілген  болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі,жаңа  ел орданың нысандары,әлеуметтік  сала мен туризм,ауыл шаруашылығы.

     Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген  тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз.  

     Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз  шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай - газ саласындағы  ресурстарды игеруіне жол ашуымыз  арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

     Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды  тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі  Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі  туралы  түсінігінің болмауынан  күрделі күйде тұрды. 1993 жылы  «Шеврон»корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

     Инвестициялардың  мұнай-газ саласына белсене келуі  осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда  әлемнің аса ірі мұнай компанияларының  бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық  тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

       Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ, біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет, ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет, себебі:

  • Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;
  • Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;
  • Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;
  • Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциалын өзара байыту үшін;
  • Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;
  • Ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту үшін;
  • Импортты алмастыру өндірісін дамыту үшін.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.2.Инвестициялық қызмет және оны мемлекттік реттеу

     Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер  жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамуына негіз болады.

     Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Тапсырыс берушілер инвесторлар және инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы тәжірибелік түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық салада іс-әрект жасайды.  Инвестициялық салалар құрамына қосылады:

  • Капиталды құрылыс саласы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;
  • Инновациялық сала, яғни ғылыми-техникалық өнім және интелектуалдық потенциялдың жүзеге асырылуы;
  • Қаржылық капиталдың айналым саласы.

     Инвестициялық қызмет «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы» Заң, «ҚР Президенті Жарлығын өзгерістері мен толықтырулары  туралы» Заң күшіне ие, «Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заң және «Банкроттық

туралы», «Коннцессия туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР –ның инвестициялық  қорлары туралы» және де басқа  да нормативтік актілермен реттеледі.

     Айтылып кеткен заңдар және нормативтік актілермен сәйкес Қазақстандағы шетел капиталын  тартудың негізгі мақсаттары:

  1. ішкі ресурстар жеткіліксіз болғандықтан экокномиканы инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету қажет;
  2. үздік технологияларды тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу және өндірісті басқару, «ноу-хау»;
  3. Қазақстанның  халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, әлемдік шаруашылық жүйесінде өз экономикамыздың интеграциялық процесін жандандыру;
  4. серіктестер мен шетел инвесторларының қазақстандық экономиканы экономикалық ынтымақтастық бойынша сенімді қамтамасыз ету.

     Жүзеге  асыру процесінде шетел инвестицияларын  тартудың негізгі мақсаттары келесі экономикалық - әлеуметтік мәселелерді  шешу қажет:

  • экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына  жәрдемдесу;
  • өндірісте бәсекелік сфераны дамыту;
  • ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату және жаңа техника мен технологияға негізделіп, бәсекеге қабілетті үлесті үлкейту;
  • өндірістік және өндірістік емес тұтынуға шығарылған өнімнің дайындылығы жоғары дәрежедегі толық және аяқталмаған технологиялық циклдардың жасалуы;
  • депрессивті,алыстағы,экологиясы нашар аудандарға жәрдемдесу;
  • жаңа жұмыс орындарын жасау.

     Инвестициялық қызмет - «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге асырылады:

Информация о работе Кәсіпорынның инвестийиялық саясаты