Кәсіпорын экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 19:08, реферат

Краткое описание

Еңбек құралдары (машина, құрал жабдық, ғимарат, траспорттық құралдар) еңбек бұйымдарымен (шикізат материалдар, жартылай өнім, отын) бірге өндіріс құралдары құрайды. Құндылық формада көрсетілген өндірістік қорлар кәсіпорынның өндірістік қорлары болып табылады. Өндіріс процессіне, олардың құндарын дайын өнімге апару және еңбек құралдардын қайта өндіру сипатына байланысты негізгі және айналмалы құралдар болып бөлінеді.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
Кәсіпорынның негізгі құралдарының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
Негізгі капиталдың элементтерінің ерекшеліктері, тіркелген активтер: олардың экономикалық мәні.
Салық есебіндегі негізгі құралдарды бағалау әдістері. Негізгі құралдарды қайта бағалау.
Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуы. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, жеделдетілген, өндірістік, кумулятивті. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі кезіндегі амортизациялық саясаты.
Негізгі өндірістік құралдарды пайдаланудың көрсеткіштері. Негізгі өндірістік құралдарды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары. Лизинг – негізгі құралдарды жаңарту нысаны ретінде. Оперативті және қаржы лизингі.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Серикбайулы Н. негізгі капитал.doc

— 103.50 Кб (Скачать)


Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық  университеті

Аймақтық қашықтықтан оқыту орталығы (Қызылорда қ.)

 

 

 

 

 

 

"Экономика" кафедрасы

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Негізгі  капитал

Пәні:  Кәсіпорын экономикасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдаған: Омаров Бахытжан Серикбаевич, аға оқытушы

Орындаған: Серікбайұлы Нұрсұлтан,  ҚР(Д)-235 оқу тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012ж.

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Кәсіпорынның негізгі құралдарының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
  2. Негізгі капиталдың элементтерінің ерекшеліктері, тіркелген активтер: олардың экономикалық мәні.
  3. Салық есебіндегі негізгі құралдарды бағалау әдістері. Негізгі құралдарды қайта бағалау.
  4. Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуы. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, жеделдетілген, өндірістік, кумулятивті. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі кезіндегі амортизациялық саясаты.
  5. Негізгі өндірістік құралдарды пайдаланудың көрсеткіштері. Негізгі өндірістік құралдарды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары. Лизинг – негізгі құралдарды жаңарту нысаны ретінде. Оперативті және қаржы лизингі.

  Қорытынды 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Еңбек құралдары (машина, құрал жабдық, ғимарат, траспорттық құралдар) еңбек  бұйымдарымен (шикізат материалдар, жартылай өнім, отын) бірге өндіріс құралдары құрайды. Құндылық формада көрсетілген өндірістік қорлар кәсіпорынның өндірістік қорлары болып табылады. Өндіріс процессіне, олардың құндарын дайын өнімге апару және еңбек құралдардын қайта өндіру сипатына байланысты негізгі және айналмалы құралдар болып бөлінеді.

Негізгі қорлар бұл материалдық  құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс  істеп тұруы ретіндегі негізгі  қорлардың бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін  өнімге жартылай апарады. Яғни негізгі  қорлардың ең маңызды аңықтаушы белгісі ретінде құндылықты өнімге апару әдісі: өндіріс циклдер кезінде, сатылай; тозу дәрежесіне қарап, бөлшектенеді. Негізгі қорлардың тозуы амортизацияның белгіленген нормалары бойынша есептеленеді, оның сомасы өнімнің өзіндік құнына тең болады. Өнімді өткізуден кейін есептелген тозу жаңа капиталдық салымдар үшін арналған ерекше амортизация қорында есептеледі. Сонымен жарғылық қорға берешекке беріліп, тұрақты айналым жасайды. Бұл негізгі қорлардың экономикалық мәні болып табылады.

Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.

Өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорлары бұл өзінің біркелкілігіне қарамастан мақсаты және қызмет ету  мерзімімен ерекшеленетін еңбек құралдары болып табылады. Осыдан, негізгі қорларды өндірістік мақсаты бойынша топтарға бөлу қажеттілігі туындайды.

Натуралды заттық құрама принципінде  негізгі қорлар мыналардан тұрады: ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік шаруашылық құрал саймандар, жұмыс және өнімді мал, көп жылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері. Негізгі қорлардың ерекшелік топтардың жалпы жиынтығы негізгі қорлардың өндірістік құрылымын көрсетеді. Қоғам өзінің қаражаттарың негізгі қорлардың қай тобына салу өте маңызды болады. Ол, яғни, негізгі қорлардың активті бөлігін оптималды арттыруында қызығушылық көрсетеді. Өндіріс процессіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.

Негізгі өндірістік қорлардың құнында жабдықтар үлесі жоғары болған сайын өнім шығарылымы да, қор қайтарымдылығы да жоғары болады. Сондықтан да негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуы өндіріс және қор қайтарымдылық көрсеткіштің жақсаруына, өзіндіқ құнның төмендеуіне, кәсіпорынның ақшалай жинақтардың ұлғайуына әкеледі. Негізгі өндірістік қорлардың құрылым түрлері өндірістің әркелкі салаларында бірдей емес. Мысалы, негізгі қорларды ғимараттар үлесі жеңіл және азық түлік өнеркәсібінде жоғары болып келеді (44 %), отын энергетика кешенінде құрылғылар үлесі 17%, машина құру кешенінде жабдықтар және машиналар үлесі (45%) артық болып келеді.

          Негізгі  қорлардың құрылымы динамикасы  өте инерционды болып табылады. Тұрақты экономика жағдайында  ол жиі өзгереді. Солай соңғы елу жыл бұрынғы Кеңес Одағының өндірісінде ол тұрақты болды. Актив және пассив бөлектерінің жиынтығы аз өзгеріске ұшырады, өйткені ең бастысы өндіріске салынған инвестициялардың маңызды ағымы іс әрекеттегі құрылым және технологиялық процестерінің көшірмесі сияқты жаңа кәсіпорындардың құрылысына жұмсалған.

Қазіргі Қазақстан өндірісіндегі  негізгі қорлардың құрылымы Кеңес  одағында қалыптасқан ерекше топтардың  жиынтығынан өзгешелеу болып  табылады. Бұл біріншіден жабдықтар  және машиналар үлесінің кемуінде, сәйкесінше транспорттық құралдар және бсқа да негізгі қорлар үлесінің артуында көрінеді. Қорлардың пассивті бөлігінің шамалы өсімі байқалды. Бұл өзгерістер оң әсер тигізеді деп айта алмаймыз. Әрине, бұл жылдары өнеркәсіптің бірнеше салаларында өндірістік қуаттылықтың нақты төмендеу, станоктарды экономиканың басқа секторларына өткізілу процесстері орын алды. Сонымен қатар, құрылымның өзгеруіне негізгі қорларды өткізілген қайта бағалау және қолданылған әр түрлі бағытталған индекстер жүйесі әсер етті.

Негізгі өндірістік қорлар құрылымына әсер ететін ең маңызды келесі факторлар  болып табылады: шығарылған өнім сипаттамасы, шығарылым көлемі, автоматизация  және механизация деңгейі, кәсіпорынның географиялық  және климаттық жағдайы.

Бірінші фактор әсері ғимарат құнында және көлемінде, транспорттық құралдарында көрініс табады. Өнім шығарылымы жоғары болған сайын жабдықтардың және арнайы прогрессивті жұмыс машиналардың үлестік мөлшері артық болады. Географиялық және климаттық жағдайларына байланысты ғимараттардың үлестік құны тәуелді болып келеді.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылым  элементтердің жұмыс атқару сапалығын  арттыру үшін төмендегі іс-әрекеттер  мүмкіндік береді:

  • құрал жабдықтардың сапалығын арттыру және модернизациялау;
  • машиналар және станоктардың үлестік құнын жоғарлату;
  • бос алаңдарда қосымша құралдар орнату;
  • құрылыс проектердің дұрыс құрылуы;
  • артық және бос құралдарды ликвидациялау.

Негізгі қорларды есептеу және жоспарлау  натуралды және ақшалай формада  жүгізіледі.

 Натуралды бағалау  кезінде машиналар саны, олардың өнімділігі, қуаттылығы; өндірістік алаңдар көлемі және тағы басқа сандық көрсеткіштер есептелінеді. Бұл мәліметтер саланың және кәсіпорының өндірістік қуаттылығын, бағдарламаның жоспарлануын, жабдықтардың өімділігін арттыру резервтерін, жабдықтар балансын есептеу үшін қолданылады. Бұл мақсатпен жабдықтардың инвентаризациясы және паспортизациясы, келу және шығу есебі жүргізіледі.

Ал ақшалай есебі кезінде  негізгі қорлар бағасы өндіріс көлемін  арттыруын жобалау, тозу деңгейін және амортизация аударымдарын, приватизация көлемін есептеу үшін қолданылады.

Өндіріс процесіне ұзақ қатысуымен және сатылы тозуымен байланысты негізгі қорларды бағалаудың бірнеше  түрі бар: бастапқы, қайта құру және қалдық құндары бойынша бағалау.

Негізгі қорларды толық бастапқы құн бойынша бағалау еңбек құралдарын қалыптастыру немесе иемденумен байланысты пайда болған нақты шығындарды есептеу болып табылады, яғни ғимараттар мен құрылыстарды салу, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, орнықтыру және монтаж т.б. іс-әрекеттер. Бастапқы құн бойынша негізгі қорлар кәсіпорынның балансында орын алады, және де ол еңбек құралдардың қызмет ету мерзімінің барлық кезеңінде өзгеріссіз болады және тек қайта бағалау кезінде қайтадан қарастырылады. Негізгі қорлардың амортизациясы да толық бастапқы құн бойынша есептеледі. Негізгі қорлардың ағымдық бағасы және тарифтері сұраныс және ұсыныс, инфляция т.б. факторлар әсерінен өзгеріске ұшырайды. Уақыт өткен сайын бастапқы құнда қарама-қайшылықтар жинақтала бастайды. Сол бір машинаның немесе станоктың өзі әр түрлі жылдарда иемденсе әр түрлі құн бойынша есептеленеді. Негізгі капиталдың бастапқы құны ағымдық шаруашылық іс-әрекет жағдайында оның нақты құнын көрсете алмайды. Негізгі қорларды қайта өндіру процесін басқару қиынға соғып, кәсіпорынның коммерциялық шаруашылығын қалыпты іс жүзеге асыруына бөгет жасайды. Қорлардың бастапқы құнымен есептелген көрсеткіштер (капитал қайтарымдылығы, рентабельділік, төлем қабілеттілік, ликвидтілік т.б.) нақты деңгейді көрсетуді тоқтатады. Амортизацияны, өзіндік құнды басқаруында қиыншылықтар пайда болады, сәйкесінше табыс пен салықтарға кері әсерін тигізеді. Сонымен, бірдей құндылық көрсеткішке әкелу үшін негізгі қорларды қайта бағалау қажеттілігі туындайды.

Қайта құру құны негізгі  қорлардың ағымдағы қайта бағалау нәтижесіндегі бағасын көрсетеді. Бұл баға қайта бағалау объектілердің сатып алуына немесе құруына кеткен нақты шығындарын көрсетеді.

Негізгі қорлардың қалдық құны бастапқы немесе толық қалпына  келтірілген құнымен аударылған тозу арасындағы айырмашылықты көрсетеді, яғни белгілі мерзімге дайындалатын өнімге апарылмаған еңбек құралдардың ақшалай көрінісі. Қалдық құны арқылы қорлардың тозу дәрежесі туралы мәлімет береді. Қорларды қайта бағалау кезінде еңбек құралдардың әрбір бірлігіне есептелген тозу көлемі анықталады. Сонымен қатар тозу есебімен қайта құру күні белгіленеді. Ол бухгалтерлік есеп негізіндегі құрылған мәліметтерге сүйене отырып толық қайта құру құнына пайыздық түрде есептелген.

Баланстық құн бойынша  бухгалтерлік мәліметтерге қозғалысы  негізділген негізгі қорлар кәсіпорынның балансында есептеледі. Кәсіпорын балансында негізгі қорлардың құны аралас бағада есептеледі: қайта бағаланған объектілер белгілінген мерзімге қалпына келтіру құны бойынша есепке алынады, ал қайта бағаланудан кейін сатып алынған еңбек құралдары бастапқы құн бойынша есепке алынады. Әдетте, кәсіпорынның практикалық жұмысында және әдістемелік метериалдарда баланстық құн бастапқы сияқты қаралады, өйткені қалпына келтіру құны соңғы қайта бағалау мезетінде бұл күнге белгіленген бастапқы құнға сәйкес келеді.

Негізгі қорларды қайта  бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта бағалау екі әдіс арқылы іс жүзеге асуы мүмкін; экспертті және бағалардың индекстік жүйесі арқылы. Эксперттік әдіс кезінде салалар  мен кәсіпорындарда тәжірибелі және маманданған инженерлер мен экономистерден тұратын арнайы комиссия  топтары құрылады. Бұрынғы Кеңес Үкіметінде негізгі қорларды қайта бағалауы (олар үшеу болған 1925ж, 1960 және 1972ж.) эксперттік түрде өткізілген. Әдістемелік құжаттар және басқару материалдары ортақтандырылған сипатта құрылған. Осылай, 1972 жылдың 1 қаңтарына машина және құрал жабдықтарға 122 бағалар және ғимараттар мен құрылыстарды бағалау үшін 37 көрсеткіштер жинағы тіркелген. Бұл материалдар дайындау үрдісіне 150 ғылыми иституттар және 47 өндірістік министрліктер қатысқан. Негізгі қорлардың қайта бағалау құнын еңбек құралдардың әр объектісі бойынша инвентаризация арқылы жүргізілетін эксперттік әдіс анықтау еңбек сыйымды және қымбат шара болып табылады. Индекстік әдіс кезінде қайта бағалау объекттің баланстық құны негізгі қорлардың берілген тобы үшін тағайындалған баға индексіне көбейтіндісі болып табылады.

Мүліктік бағалауды өткізетін  ұйымдар. Экономиканың нарықтық кезеңінде, яғни әрбір игілік, соның ішінде еңбек құралдар бағасы сұраныс және ұсыныс әсері арқылы белгіленген кезде негізгі қорларды қайта бағалауды директивті басқару, реформалардың жалпы бағыттарына қайшы келеді. Еркін бағалар жағдайында кәсіпорынның меншігінің бағалауын орталықтандырылған түрде басқару логикаға сай келмейді. Сонымен қатар қайта бағалаудың белгіленген индексі әрбір кәсіпорынның мүліктік және әрбір объекттің құнының ерекшелігін көрсете алмайды. Кәсіпорындар өз бетінше қайта бағалау әдісін таңдауға құқығы бар: белгіленген баға индекстері арқылы немесе әр бір объекттің тікелей құны бойынша. Кәсіпорындар негізгі қорларды қайта бағалауды өз күшімен немесе тәуелсіз эксперттаушылар көмегімен жүргізе алады. Қайта бағалау нәтижелері сәйкес құжаттармен және қайта бағаланған объекттердің нарықтық құны туралы эксперттік нәтижелерімен дәлелденуі керек.

Нарықтық экономикасы дамыған  елдерде арнайы эксперт бағалаушылар қызметі ХХ ғасырдың орталарында қалыптасқан. АҚШ та елдегі бағалау іс-әрекетін қадағалайтын арнайы өкіметтік ұйым құрылған. Маманданған бағаларға және тәжірибелі бағалаушыларға қойылатын талаптардың біркелкі стандарттарын дайындайтын баға қоры орналған. Ал Англияда бағалау іс-әрекеттің сандарттары Корольдік бағалау институтымен тағайындалады. 1981 жылы Мүліктік Бағалау Стандарттары бойынша Халықарлық комитеті халықаралық стандарттарды құру мақсатында қалыптасқан. Бұл комитет сегіз стандарт жобалаған, соның ішінде төртеуі іс жүзіне асырылуда: а) баға базасы ретіндегі нарықтық  құн; б) нарықтық құннан басқа баға базасы; в) қаржылық есеп және сметалық құжаттар мақсатындағы баға; г) ссудалық қамтамасыз ету, қарыз берешектер бағасы.

Информация о работе Кәсіпорын экономикасы