Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 18:34, курсовая работа
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарыз трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарыз алушылардың арасындағы қарым қатынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.
Кіріспе
І бөлім. Несие туралы түсінік және олардың мәні мағынасы
1.1. Қазақстандағы несие саясаттын жетілдіру жолдары
1.2 Ақша – несие саясатының түрлері
1.3. Ипотекалық кредит. Қазақстанда ипотекалық несиелендірудің даму мәселесі
ІІ бөлім. Несиенің мәні және функциялары
2.1. Несиенің мәні және қажеттілігі
2.2. Несиенің құрылымы
2.3. Несие экономикалық категория ретінде.
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Жоспар
Кіріспе
І бөлім. Несие туралы түсінік және олардың мәні мағынасы
1.1. Қазақстандағы несие саясаттын жетілдіру жолдары
1.2 Ақша – несие саясатының түрлері
1.3.
Ипотекалық кредит.
Қазақстанда ипотекалық
несиелендірудің даму
мәселесі
ІІ бөлім. Несиенің мәні және функциялары
2.1. Несиенің мәні және қажеттілігі
2.2. Несиенің құрылымы
2.3. Несие экономикалық категория ретінде.
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе.
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», «кредит» деген мағына береді. Ол экономикалық категория ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарпайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы кредит табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған, тауар ақша қатынастарының дамуымен кредит ақша түріне кшті.
Қаражатқа деген қажеттілік пен босауы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын кредиттің жәрдемімен ғана шешіледі.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, кредит келісімінің қатысушылары – несие беруші мен, қарыз алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер кредит беруші мен кредит алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда кредит өте қажет болады.Несие келісімін жүзнгн асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде кредитке өзара қызығушылық танытуылары керек. Ф.Энгельс: «Әрбір қоғамның экономика мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.
Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде. Бір жағынан, кредитке ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны алуда кредиттік қарым-қатынастар туындайды.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарыз трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарыз алушылардың арасындағы қарым қатынасты білдіреді.
Оның
көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың
және кәсіпорындардың табыстары
мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары
жинақталып, уақытша пайдаланудың
төлеміне аударылатын несие капиталына
айналады.
І бөлім. Несие туралы түсінік және олардың мәні мағынасы
1.1. Қазақстандағы несие
саясаттын жетілдіру
жолдары
Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.
Орталық
банктің несиелері банктік
Ал
қазіргі кезде ақша-несие
Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4)
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
5)
мемлекеттiк және басқа да
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
Қазақстан
Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит
саясаты шеңберiнде қаржы
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.
Инфляцияға
қарсы саясаттың басты элементі
- қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы
экономикасын тұрақтандыру, залалды және
шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін
қысқарту болып табылады. Бұған халық
тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен
емес, интенсификация негізінде және өндірістің
тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі.
Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды,
оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп
аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының
пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы
салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы,
мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп
және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар
басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен
айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық
өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір
сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір
денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін
төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан
жөн.
1.2
Ақша – несие
саясатының түрлері
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруга бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялың вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлың вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдың пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша крлданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға ңажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.
Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен беруге болады.