Банктің несиелік саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 18:34, курсовая работа

Краткое описание

Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарыз трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарыз алушылардың арасындағы қарым қатынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

Оглавление

Кіріспе
І бөлім. Несие туралы түсінік және олардың мәні мағынасы
1.1. Қазақстандағы несие саясаттын жетілдіру жолдары
1.2 Ақша – несие саясатының түрлері
1.3. Ипотекалық кредит. Қазақстанда ипотекалық несиелендірудің даму мәселесі
ІІ бөлім. Несиенің мәні және функциялары
2.1. Несиенің мәні және қажеттілігі
2.2. Несиенің құрылымы
2.3. Несие экономикалық категория ретінде.
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны

Файлы: 1 файл

Банктің несиелік саясаты.doc

— 201.00 Кб (Скачать)

32,6 млрд. теңге көлемінде тартылу көзделіп  отыр және олар ЖІӨ 1,7 %, салық  түріндегі бюджетке түскен сома 7,8 млрд. теңге және мемлекеттік  таза табысы 2,9 млрд. теңге есебінен  де құрылуы тиіс.

    Тұрғын  үй құрылысын қаржыландыруға бағытталған қаржы көзі –

мемлекеттік емес және ипотекалық облигациялар эмиссиясы  болып табылады. Бұл қаржы инструментінің артықшылығы: төмен пайыз мөлшерлемесі және ұзақ мерзімді несиелендіру операцияларын  жүзеге асыруында.

    Тұрғын  үй қаржыландыру процесіне қатысушылардың бірі – мемлекет

болып саналады. Әлемдік тәжірибеде мемелекет  тұрғын үй саласын қаржыландыруда елеулі жағдай жасауда және тұрғын нарығының  инфрақұрылымын дамытуда жетекші рөл  атқарады.

    Тұрғын  үй нарығын қаржыландырудың басқа да көзі - тұрғын үйді

сатып алуға халыққа мүмкіндік беретін  мақсатты дотациялар болып табылады. Негізінен дотациялар әлеуметтік қамтамасыз етілмеген адамдарға, бюджеттік  қызметтерге, әскери тұлғаларға, экологиясы нашар аймақтағы тұрғындарға  беріледі.

    Ипотекалық  несиені ұзақ мерзімге беру аса маңызды емес, маңыздысы

несие мөлшерлемесін төмендету. Мысалы, егер 20 жылға берілетін несие көлемі 12 % жылдық мөлшерлемесі бойынша 10000 АҚШ  долларын құраса, онда ай сайынғы төлем 110 АҚШ долларын құрайды. Егер де төлем мерзімі 25 жылға созылатын болса, айлық төлем 105 АҚШ долларын құрайды, яғни тек 5 доллар артық төленеді, бірақ төлем мерзімі 5 жылға өсетін болады.

    Ипотекалық  несиенің алгоритімін анықтау маңызды  болып табылады.

Мысалы: 2006 жылы тұрғын үйде 30000 АҚШ долларға пәтер алу үшін жеке тұлға банкпен  шарт құрды. Ол шартта 20 жылдық уақытпен 14 % жылдық төлем қойылған. Айлық  төлемді есептеу үшін аннуитет дәрежесі көрсеткіш формуласы қолданылады.

    I / m*(1+ I / m) n* m / ( 1   + I / m )n* m – 1

    I – жылдық пайыздық төлем, m – айлық төлем

    N =20 m= 12 I = 0.14 D = 21000. k= 14 / 2 =1.17%

    Y= 21* 1, 17* (1+1, 17)20 * 12 /   ( 1 +1.17)20 * 12 -1=261.14

    21000*1.17=245$ айына 

    Кесте-1

Айлар Негізгі қарыз Негізгі пайыз  төлемі Негізгі қарыз өтемі Айлық төлем
1 20983,86 245 16,14 261,14
2 20967,53 244,81 16,33 261,14
3 20951,01 244,62 16,52 261,14
......... ..................... ...................... ....................... ...................
13 20774,83 242,59 18,55 261,14
......... ..................... ..................... ..................... ...................
121 16753,69 196,32 64,92 261,14
......... ..................... .................... ..................... ...................
225 392,24 6,81 191,3 198,29
......... ..................... ................... ................... ...................
240 0 3,09 258,14 261,14
Барлығы   41673,6                                21000  62673

 

    Ипотекалық  несие беруді үлкен көлемде жүзеге асыруға қабілетті

жоғары  деңгейде қаржыландырылған мемлекеттік емес ұйымдар болмағандықтан Қазақстан үшін Малайзияның ипотекалық несие беру жүйесіндамыту моделі неғұрлым қолайлы болып табылады. Бұл орайда еуропалық және американдық модельдерді қолдану мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.

          Несиелік  ұйымдардың ұзақ мерзімді несие ресурстарды тарту моделдері

мыналар:

  • несие берушілердің ипотекалық облигацияларды шығаруы және оларды

қаржы нарығында сату;

  • ұжымдық инвестициялар жүйесі арқылы заем берушілердің қайта

қаржыландырылуы балып табылады.

    Қорыта  келгенде, ипотекалық несие беру жүйесін қалыптастыруда

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  Ұлттық Банктің негізгі рөлі қатысушылардың қаржылық тәуекелін азайту мен азаматтар  үшін тұрғын үйге қол жеткізуді арттыру  мақсатында заңнамалық базаны жасау және процесті нормативтік реттеу нысанында көзделуде.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  бөлім. Несиенің мәні және функциялары 

1.1.  Несиенің мәні  және қажеттілігі 

      Өндіріс , ұдайы өндіріс процесінің  бастапқы пункті, шешуші жағдайы болып  отырып, басқа фазалармен  тығыз байланысты. Ұдайы өндіріс процесі  материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз  жаңаруы ретінде, оның  әр түрлі сатыларының бірітіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

      Ұдайы өндіріс фазаларының брлігі мен  өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен  қамтамасыз етіледі.

      Ұдайы өндіріс процесі фазаларының  өзара әсерлі тауарлық шаруашылықтағы  несиенің орнын айқындауда  және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік  қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік  қатынастардың  тек бірінші жағы – алынған несиенің  өндірістік мақсатқа пайдаланушы  қарыз алушы ғана  қатынаса алады. Екінші жақ -  кредитор өндірістік  процестің  сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты  білдіреді. Сондықтан несиенің мәні ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.

      Несие құнының белгіленіп үлгерген  қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда болмайды, өйткені мұндай өнім әлі  шығарылған шоқ, ал оның бөліктері ұдайы  өндіріс процесінің  сәйкес қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы  өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, соның сыртындағы қатынастар болып табылады.

      Осылайша, өндіріс сферасының айқындауыш мағынасы оның несиелік қатынастарының түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының  мағынасын толық бере  алмайды. Айырбаспен өзара  әрекет процесінде  өндірістің белгілі бір мағынасы бар.

      Өндірілген  өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.

  Өз кезегінде, үлестіру және айырбастау біртұтас алғанда өндіріс және бір-бірімен  өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. несие үлестірумен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестірудегі екі маңызды жағдай тән:

  1. үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады;
  2. ол қоғамның келп шығатын көз ретінде анықталады.

    Айырбастың  үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол  индивидуумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы  келетін белгілі бір  өнімдерге қол жеткізеді,  екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге  сәйкес бөлініп қойғанды  қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде анықталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар  ұдайы фазалары  және айырбас  арасында  айтылған айырмашылықтар  ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің иелігіне түседі, өндіріс сияқт үлестіру процесіне қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, ол олардың жылдамдатылуына көмектеседі. Несиенің ұдайы өндіріс процесінде  бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің иелігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында  субъектілердің біреуінде қозғалысы тқтаған уақытша босаған құн мен  басқа субъектілердің оның қосымша  пайдалану  қажеттілігі арасында  қарама-қайшылықтар пайда болған кезде мүмкін борлады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден  шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің  дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    1. Несиенің  құрылымы.
 

     Несиенің  мәнін ашу – бұл несиенің экономикалық қатынастардың

біртұтас жүйенің  элемент ретінде көрсететін, оның мәнді  анықтығын білдіретін сапаларын  тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы  жоғарыда айтылғандарға  қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.

          Несиенің  құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік

қатынастар танымының  сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде  тұрақты, өзгеріссіз қалады.  Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие  зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар  өндіріс мен тауар айналдысы негізінде жүреді. 

      Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай эквивалентін әр уақытта  тез арада алуына мүмкіндік  бермейді. Сатып алушы  тауарды  белгілі бір  мерзімнен кейін  төлеуі мүмкін.  Бір тауар иеленуші қолма-қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе  болашақтағы ақшаның  өкілі ретінде  бола отырып  тауарды сатып алады. Сатушы – қарыз беруші, ал сатып алушы – борышқор болады. Кредитор және  қарыз алушы  бір полюсте эквивалент мерзімінің  ұзартылуы, ал басқасында оның  төленуі  жүзеге асатын  жағдайлардың  барлығына қатысады.

      Бастапқы  кредитор және қарыз алушы қарапайым  қатынастарда болады. Мүліктік теңсіздіктің  тереңдеуіне байланысты артық өнімдері  бар рулық қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болады. Өсімқор – саудагер, көпесі  тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақытта банкир болудан бұрын, ол үлкен тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде  храмдар, қоғамдағы  шаруашылық жүргізуші  субектілерінің едәуір байлықтары жинақтайтын  шаруашылық пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.

      Кредитор  – несиелік мәміленің қарызды ұстаушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың  қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде  қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесініәң басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігінде ресурстар есебінен ғана емес,  оның шоттарында  сақтаулы  тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар  есебінен де бере алады.

      Банктердің  құрылуымен кредиторлардың  шоғырлануы  жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың  өкілі боалыд. Банктер ұжымдық  кредиторлар  ретінде  бола отырып,  несиелеу үшін шаруашылықта уақытша  пайдаланылмайтын ресурстарды  жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда  боасаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да  қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.

      Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және  алған қарызды  қайтаруға  міндетті  жәғы болып келеді.  Борышқор және қарыз алушы – бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Несиелік мәмілеге сәйкес емес. Борышқор – міндетті жалпы сипаттайтын  анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмлеге  сәйкес борышқор туралы емес,  қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға  деген  қажеттілік танытатын жекелеген қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің  бар болуының  басқа формасы – ақсүйектердің  көбінесе  жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.

      Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдар  және мелкеттің өзі де қарыз алушылар  ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол  несиелік мәмледе  төмендегідей ерекшеліктерге ие:

Біріншіден,  ол қарызға беріетін  қаражаттардың  меншікті иесі болып табылмайды, олардың  уақытша иесі ретінде  болаы;

Екіншіден, қарыз  алушы қарызға алынған қаражаттарды  айналыс сфермасында  да, өндіріс  сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей  қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде  де қарызды ұсына алады.

Үшіншіден, қарыз  алушы өзінің  шаруашылығында  шеңбер айналымын  аяқталған қарызға  алынған  қаражаттарды қайтарады. Қарыз  алушы  кредитормен  жеткілікті түрде  есеп айырысумен  қоса қайтарымды  толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсуі керек.

Төртіншіден, қарыз  алушы уақытша пайдалануға  алынған  құнды ғана қайтарып қоймай, соанымен қатар, қарыз пайызын да төлейді.

Бесіншіден, қарыз  алушы өзінің  кредиторы қойған  талаптарын орындауға  тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға  алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Банктің несиелік саясаты