Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:26, реферат
Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша ТМД елдерінің ішінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бірақ, еліміз алдағы 10 жылдың ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Мұндай міндеттің оң шешімін табуына еліміздің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану айтарлықтай ықпал етеді.
Кәсіпорын және кәсіпкерлік.
Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша ТМД елдерінің ішінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бірақ, еліміз алдағы 10 жылдың ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Мұндай міндеттің оң шешімін табуына еліміздің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамытуға, отандық кәсіпорындардың жоғары сапалы өнімдер өндіруіне және бәсеке қабілеттілігі мен қызмет тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп аталатын дәстүрлі жолдауында да бұл мәселеге арнайы тоқталып, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттілігі айтылған. Әрине, бұл жағдай қазіргі кезге дейін де назардан тыс қалған емес және бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, экономикамызды диверсификациялау және шикізаттық бағыттан шыға отырып, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыруға, жоғары қосылған құнды дайын өнімдер өндіруге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізінде отандық кәсіпорындардың, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.
Кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне Президентіміздің 2005 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында да айрықша көңіл бөлген. Біздің басты міндетіміз – ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда жеке бизнеске біз жетекші орын береміз. Бірлесе отырып бізге экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуға қол жеткізу қажет. Болашақта экспорттың әлеуетін ұлғайтатын басты көз де дәл солар болуға тиіс деген болатын. Ал Елбасының үстіміздегі жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономиканың әртараптандырылуын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап көрсетілген. Осы міндетті шешуге шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы айтарлықтай септігін тигізетіндігі айтылған. Сондықтан еліміздегі шағын кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру, олардың қалыптасуы мен дамуын талдау және тиімділігін арттыру бойынша кеңінен зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Қазіргі біздің экономикалық даму стратегиямыз өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, экономика салаларын диверсификациялау болғандықтан экономиканы дамытудың қозғаушы күштерінің бірі ретінде шағын кәсіпорындардың өндіріс сферасындағы қызмет тиімділігін арттыруға және дамытуға ерекше мән берілу керек. Міне, сол себепті шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі жөнінде зерттеулер жүргізу тақырыптың өзектілігін нақтылай түседі.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, каблеті Ол оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнер қызметкерлері Кәсіпкерліктің алғашкы дамуында кәсіпкер құрал -жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс ітеген. 16 ғасырды ортасынан бастап акционерлік капитал пайда бөлды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы: 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост - Индия сауда компаниясы, 17 ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Кәсіпкерлік бұл - табысты алу мақсатымен өндірстің барлық факторларын қозғалысқа келтірілген және толық экономикалық жауапкершілкке негізделген, кауіптің және белгіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізүші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал кәсіпкер - бұл табысты алу мақсатымен кауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс icтeйтін, ендірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз көзегінде кәсіпкерлік табыс-бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы».
Ресейде, Қазақстанда кәсәпкерлік ерте заманнан келеді Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр 1 патшалық, ету көзінде кәсіпкерлік ерте дамыды, бipaқ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлікте дамыды. 1861 жылпы революциядан кейін Қазакастанда темір жол құрылысы, ауыр енеркәсіп салалары орын алды. Кәсіпкерліктің субъектісі бөлып -жеке адамдар сонымен бipгe заңды тулғалар, бірқкен серіктестер, арендалық ұжым, ашылық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялар, әр түрлі бірлестіктер және қорпорациялар бөлады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір icтi істей білу. Ic icтey адамның белсенділігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінөз - кұлқы типтерімен байланысты бөлады. Олар адамның еркін өмір сүру түpi болып табылады. Кәсіпкерлік кабілеттік адамдардың ерекше таланттылығы.
Оны түсіну үшін кәсіпкердің 2 функциясын түсіну керек.
Елдің бөлашақ тағдырын кәсіпкерлер шешеді және олар өз елі гүлденуіне аянбай жұмыс ітейтін, өзніңщ де пайдасын табатын, білікті де іскеp азаматтар бөлуы керек. Аш - жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та болмайды. Нарықтық экономикада кәсіпкердің басты міндеті барлық экономикалық ресурстарды жұмысқа қосу және тиімді пайдалану. Осы арқылы жұмыссыздық жойылады, инфляция тежеледі, баға тұрақтанады.
Кәсіпкерлік — бұл пайда табуға бағытталған қызмет. Оның мазмұны енімге, жұмысқа қызметке сұранысты табу немесе калыптастырудан және сәйкесінше тауарлар, жұмыстар, қызметтерді тауар ретінде сату арқылы қанағаттандырудан турады. Кәсіпкерлік бұл пайда табуға бағытталған өзіндік шаруашылық қызметтің ендірістік немесе коммерциялық нeгізгi түpi- оны өз атынан турақты, яғни жүйелі негізде өзін тәуекелге тiге кәсіпкерлер деп аталатын заңды және жеке тулғалар жүзеге асырады.Бизнес кәсіпкерліктен гөpi кеңірек ұғым бөлып табылады. Ceбeбi көз - келген сферадағы бip көзектің коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыратын, пайда табуға бағытталған қызмет бизнеске жатады. Кәсіпкерлік қызмет - жаңа идеяларды іске асырумен байланысты тәуекелді өз еркімен мойнына алуға дайын бөлу. Кәсіпкердің пайдасын акциялардан алынатын девидент, депозиттер бойынша пайыз, жер үшін жалгерлік төлемнен туратын меннік иесінің табысынан айырып білу қажет.
Кәсіпкер ол өз жауапкершілігімен басын қayiп пен қатерге және тәуекелге тiгe отырып, қызмет ететін нарықтың дербес агенті. Kәciпкep бөлу үшін капиталдың иeci бөлу шарт емес, кәсіпкердің басты капиталы ақша, еңбек қаруы және еңбек заты емес, ол оның интөллектісі мен тутынүшы психологиясын білуі. Сонымен бipгe кәсікерлікті менеджменттен, ал кәсіпкерді менеджерден айырып білу қажет. Менеджер - бұл кәсіпкердің алдына қойған міндеттерді шешуді ұйымдастыратын жалдамалы жұмыскер. Ол өз әрекеті үшін мүліктік жауапкершілікке ие бөлмайды.
Белгілі американдық экономист Роберт Хизрач кәсіпкерліктің мәнін былай анықтайды: «Кәсіпкерлік - бұл кұны бар қандай да бip жаңа нәрсені құру үpдici, ал кәсіпкер - бұл осыған бар уақыты мен күшін жұмсайтын, өзінің мойнына барлық қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәукелділікті алатын және сыйлықка ақша және қол жеткізгенше қанағаттану алатын адам». Ал Питер Друкер кәсіпкерлік қызметтің теоретикалық негізгі Иозеф Шумпетердің линамикалық теңсіздігінің экономикалық теориясы табылады деп санайды. И.Шумпетер адамның қызметін мынадай мотивтерін атап көрсетеді.
♦ Кеңшілік пен билікті сөзіну мүмкіндігін беретін өзіндік және меннік империяны негздеу арманы
♦ Жеңіске жетемін деген сенім
♦ шығармашылық куанышы.
Бұл қоғам үшін ең пайдалы мотив Сонымен кәсіпкердің негізгі сипаттамалары мыналар бөлып табылады:
Кәсіпкер өзі құратын немесе сатып алатын кәсіпорынға өзінің меннікті құралдары мен уақытын салады. Кәсіпкер жаңалық енгізүші бөлып табылады, ол техникада, ендіс үрдісінде, немесе өткізу әдістерінде жаңа бip нәрсені жасайды. Ол әрдайым өз iciн кеңейтуге және пайданы кебейтуге ұмтылады. Кәсіпкер ұйымдастырушылық каблетке ие және icтi тиімді жүргізудің алғашқы нeгiзгi ерекше және іске жақсы асырылған идея бөлып табылатынын басқарудан гөpi жақсы түсінеді. Кәсіпкер бұл ең, алдымен өзінің кәсіпкерлк қызметін ұйымдастырушы. Ұйымдастыру - бұл мақсатты анықтау, ресурстарды бөлу және оларды мақсатка жету үшін пайдалана білу. Ұйымдастыру - бұл міндетті калыптастыра білу, оны тікелей орындаүшыға жеткізу және орындалуын бакыылау. Ұйымдастыру ол шешімді кабылдай білу, міндеттемелер мен жауапкерілікті бөлістіре білу және жоспарлау, басқару, талдау бөлып табылады. Кез - келген бизнестің сәтті болуы кәсіпкерлік сферасын сәтті таңдауға, нарықтық, стратегияны және оны жүзеге асырудың тиімді тактикасын дұрыс анықтауға байланысты. Бұл басқа фирмалардағыдай старттық капитал мен күш жұмсауы жағдайында фирма жоғары іскерлік деңгейге шығаруға және нарықта алға басуға мүмкіндік береді.
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан туратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды іктеу үшін әр турлі көрсетктері қолданылады, олардың, маңыздысына менніктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.
Шағын кәсіпкерліктің нарықтық ортадаға қызмет ету тиімділігі – қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды сапаның мінездемесі.
Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылған сайын қажетті еңбектің 1 теңгеге жұмсаған шығының есебінен тез өскен сайын, немесе пайдалы нәтиженің бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі.
Қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады- шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.
Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақыты үнемеу, қолда бар ресурсан барынша көп өнім алу жатыр.
Тиімділік мәселесі – бұл әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай өнім түрлерін, қалай өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай қөлемін тұтыну керек.
Тиімділіктің деңгейі экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі, жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіуге әсер етеді.
Тиімділік латынның “effectus” сөзінен – орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып есептеледі. Өйткені, біріншісінде энергияның көп пайызы бекер жұмсалады. Бірақ, физикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда энергия да біреуге қажетті жұмысты атқарады. Бұл, тиімділік тек қана технологиялық қасиет деген сөз, яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы болып табылады.
Экономикалық қызмет тиімділігін жоғарылату мәселесі келесі, әрбір еңбек, материал және қаржы ресурстарының бірілігіне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл, нәтижесінде, еңбек өнімділігінің жоғарылауын көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттігі мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық дамуы кезеңінің қазіргі заманғы ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі-бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында, бір нарық субъектісінің жұмысының нәтижесі, басқа субъектілерінің жұмысының нақтылығына және жинақылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.
Өндірісті басқару жүйесінде кәсіпорынның қызметінің тиімділігін объективті анықтай алу үлкен мағынаға ие.
Экономикалық тиімділік басты әлеуметтік-экономикалық санат, оған динамикалық және тарихи қасиеттер тән. Өндірістік қызметтің тиімділік әрбір әлеуметтік құрылымның өндірістік қуатының әртүрлі деңгейінде дамуы мүмкін. Қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңінде келесі сұрақ қойылады: қанша шығын мен ресурстарды жұмсау арқылы соңғы өндірістік нәтижеге қол жеткізіледі. Сонымен, тиімділікті бағалаудың сандық мөделі экономикалық нәтиже мен шығынның, ресурстың арасындағы қатынас арқылы анықталады. Шығыны мен ресурстың бірлігінен соңғы нәтижені максималдау немесе соңғы нәтиженің бірлігіне шығындар мен ресурстарды минималдау қоғамның еңбек қауымының жеке адамның алғашқы мақсаты. Бұл мақсат, оған жету әдісі, экономикалық тиімділікті жоғарылату жолдары мен резервтері (олардың классификациясы мен сандық бағалануы) экономикалық ғылымның және экономикалық пәндердің мазмұны болып табылады (салалық және функционалдық).
Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін өлшеудің бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине, айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау әдісін тәжірибелі нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқару ұйымдастырумен анықталады.
Нарық экономиканың және кәсіпкерліктің негізі табыс болып табылатындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критерийі негізінде шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсекеқабіліттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылады. Жаңа жағдайда тиімділіктің жалпыұлттық критерийі де сақталады: шығын мен ресурстың бірлігіне халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді максаималдау.
Тиімділіктің критерийлерінің мұндай иерархиясы қисынды және нарық экономикасындағы жағдайды көрсетеді, яғни қызмет етудің жалпыұлттық тиімділігі, қызмет етудің алғашқы ұяшығының қызметінің тиімділігіне тәуелді (кәсіпорының акционерлік қоғамның). Алғашқы буының қызмет ету тиімділігі жоғары болған сайын бүкіл жалпыұлттық экономиканың тиімділігі жоғарылай түседі, қоғамда, мемлекетте әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ресурс көп болады.