Кәсіпорын және кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:26, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша ТМД елдерінің ішінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бірақ, еліміз алдағы 10 жылдың ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Мұндай міндеттің оң шешімін табуына еліміздің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану айтарлықтай ықпал етеді.

Файлы: 1 файл

Кәсіпорын және кәсіпкерлік.doc

— 142.00 Кб (Скачать)

Әрбір нақты жағдайда жұмыскер іс – сапарының ұзақтылығы жұмыс берушімен тапсырмадан  шыға отырып орнатылады. Қажет болған жағдайда іс – сапар мерзімі жұмыс берушінің құқығымен создырылуы мүмкін. Ережелердің 3 бабына сәйкес жұмыскерлер іс – сапарларының мерзімі мемлекеттік мекемелердің басшыларымен анықталады, бірақта ол жолда болу уақытын есептемегенде 40 күннен аса алмайды. Қызметтік қажеттілік жағдайында іс – сапар мерзімі аталған мекеменің басшысының сәйкес бұйрығымен создырылуы мүмкін.

Кәсіпорынның, фирмалардың  құрылуында кәсіпкерлік мәдениет маңызды  роль атқарады. Ол тек кәсіпорынға  жоғары беделді қамтамасыз етіп қана қоймай, өнеркәсіптің тиімділігінің өсуіне, тауар мен қызмет сапасының жақсаруына, сонымен қатар, пайданың көбеюіне ықпалын тигізеді. «Кәсіпкелік мәдениет» түсінігінің әр түрлі трактовкалары бар.

Кәсіпкерлік мәдениеттің  түсінігі кәсіпкерліктің өзін жай экономикалық терминологиядан қоғамдық дамудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде көрсете білді. Кәсіпкерлік мәдениеттің мәселесін Р.Роюттингер, Б.А.Райзберг, В.И.Верховин, О.С.Виханский, А.В.Бусыгин сияқты авторлар зерттеп, қарастырды.

В.А.Райзбергтің көзқарасы бойынша, кәсіпкерлік мәдениеттің үш жағы болады.

Біріншіден, бұл «бизнестің  құндылықтары туралы кәсіпкердің көзқарасы». Әрбір кәсіпкер бизнестің мақсаттарын  өзінше түсінеді және құндылықтарды  өлшейтін өзіндік, жеке көзқарасына  ие. Осыған сәйкес  ол тұтынушылар, клиенттер туралы және өзінің тауарының тұтынуын, тауардың сапасын және шығыс пен кірісін  бағалайды.

Екіншіден, «кәсіпкердің өзі үшін бизнес операцияларды жоспарлау  мен жүргізу кезіндегі ережелер мен нормалар. Мысалы, үлкен кіріс  әкелетін, қажетті клиенттерге жоғары дәрежеде қызмет көрсету ережесі.

Бұл олармен байланыстың  үзілмеуі, олардың мүдделерінің ойдан  шығуы, оларға керекті тауарларды ұсыну, сатып болғаннан кейінгі қызметтер.

Үшіншіден, бұл «бизнес  операцияларды өткізу кезінде кәсіпкерліктің нақты тәртібі», бұл әрекетте ол өңделген ережелер мен мәдени тәртіптің нормасын практикада жүзеге асырады.

Толығымен кәсіпкерлік  мәдениет – бұл тәртіп  үлгілерінің, жүйе құндылығының, әлеуметтік нормалардың, фундаментальды қалыптасқан принциптерінің және қоғамдық институттардың жиынтығы.

Р.Роюттенгер,  кәсіпкерлік  мәдениет – бұл істен шығарылған және нақты сендірулер мен құндылықтар  туралы көрсетілімдердің біріккен жүйесі деп есептейді. Құндылықтар туралы ұсыныстар кәсіпорынның маңызды  сұрақтарына жауап беруге, ал сендірулер ксәпорындардың қалай құрылу керектігін және оны басқару тиімділігін түсінуге мүмкіндік береді.

О.Найбергер мен А.Компа  менеджерлері ұйымдық мәдениетке көптеген сендірулерді, құндылықтарды, ережелерді жатқызып, кәсіпорындарды өз алдына жеке қылып көрсетеді.

Толық және ашық анықтаманы В.Д.Козлов береді. Ол: «Кәсіпкерлік мәдениетті – формальды және формальсыз ереже  жүйесі және қызметкерлер нормасы, салт-дәстүрлер  мен ырымдар, жеке және топтық қызығушылықтар, осы ұйымның жұмысшыларының тәртіп ерекшелігі, басшылық стилі, ұйымдық құрылымның басшылық стилі, өзара қарым-қатынас деңгейі, еңбек шарттарына жұмысшылардың қанағаттану көрсеткіштері, кәсіпорынның даму перспективалары» деп айтқан.

Осылайша, кәсіпкерлік  қызмет ұйымының мәдениеті кәсіпорынның климатын, өзара қарым-қатынас стилін, құндылықтарды айқындайды. Кез келген қайта құрылған кәсіпорындар өзінің мәдениетін шығарады. Яғни, ол осы кәсіпорынның құрылу орнын, ішкі және сыртқы қатынастарын анықтайды және стратегияны құруға, билікті бөлуге, шешімдерді қабылдауға үлгі болады.

Кәсіпкерлік мәдениеттің  тағайындалуы 2 негізгі проблемаларды  шешумен байланысты: әлеуметтік-экономикалық ортада тіршілік ету және алға қойған мақсатқа жету үшін ішкі интеграцияның  қамтамасыз етілуі. Алайда кәсіпкерлік мәдениетті монолитті блок еместігін ескеру керек. Әрбір ірі кәсіпорындардың бөлімшелері, басқарушылары, администрациялары сол кәсіпорынның құрылымын қайталайтын  түрлі субмәдениетті иеленеді. Ол өнеркәсіптік салалардың көптігімен және адам қызметінің сферасының әр түрлілігіне негізделеді. Ол тиімді келісімдер, инновация, административті мәдениет және т.б. болуы мүмкін. Әртүрлі субмәдениет, мәдениеттердің болуы қақтығыстарға әкелуі мүмкін. Сол себепті, әр түрлі субмәдениеті бар, әртүрлі ұйымдық кәсіпорынның бөліктерінің интеграциясы мен жақындасуы кез келген кәсіпорынның маңызды тапсырмалары болып отыр.

Сонымен қатар, кәсіпорын  мәдениетінің интеграциясы мен оның бүкіл қызметкерлерінің мәдениеті  қажет. Кәсіпорын мәдениеті кәсіпкерлердің өндірістік және коммерциялық қызметін, бизнестегі жетістіктерін, қызметкерлерінің еңбекпен максималды қанағаттану шартының құрылуын сәйкес ұйымдастырылуын болжамдайды.

Аймақтардың әр түрлі  салаларына, кәсіпорынның тарихына, адамдарға  байланысты әрбір кәсіпорынның өзінің мәдениеті болады.

Кәсіпорын мәдениетіне  әсер ететін негізгі факторлар: оның құндылықтар және идеялар жүйесі, кәсіпорында қабылданған ережелер мен стандарттар, үздік қайраткерлер мен коммуникацияның формальсыз каналдары және т.б. Кәсіпорын мәдениетінің элементтері осы кәсіпорын қызметінің  және олардың лидерлерінің тәжірибесі  нәтижесінде құрылады.

Б.Карлоф кәсіпорын қызметін ұйымдастыру мәдениетінің негізгі 10 белгілерін атап көрсетті:

  • Әлеуметтік, себебі оның құрылуына фирма қызметкерлерінің барлығы немесе көбісі әсер етеді;
  • Ұжымның қызметінің мінез-құлқын реттейді;
  • Адамдар арқылы құрылады;
  • Шешімдер жұмысшылардың қатысуымен қабылданады;
  • Дәстүрлердің сақталуына негізделген;
  • Танымды;
  • Өзгеруге қабілетті;
  • Көпжақты, яғни оған кез келген бір ықпал арқылы қол жеткізуге болмайды;
  • Әрқашан даму үстінде;
  • Ұғындырылған және ұғындырылмаған.

Кез келген кәсіпорынның мәдениетін құрмас бұрын алдымен оның құндылықтар және сендірулер жүйесін нақты анықтап алу керек.

Солай, «Форд Мотор» компаниясында  құндылықтар жүйесі 3 түсініктен тұрады: халық, тауарлар және пайда. Кәсіпорын  қалай құрылу керек екенін, қалай  жетістікке қол жеткізу керек екендігіне қорытынды жасауға мүмкіндік беретін құндылықтар мыналар:

    •   Ең бастысы – бұл сапа;
    • Әрқашан жаңартулар – жетістіктің көзі;
    • Сатушылар мен жеткізушілер – кәсіпорынның серіктестері;
    • Қызметкерлердің пайда түсіруге деген қызығушылығы (қатысуы);
    • Біздің ортақ әлеуметтік және қоғамдық ісімізде дау-жанжал жоқ.

Сонымен қатар, кәсіпорын  мәдениетіне айла-шарғы жасау  дегенді ойламау керек. Ол жылдар бойы жинақталады, әрқашан кемелденеді, динамикалы.

Кәсіпкерлік мәдениеттің  құрылуы мен дамуы біріншіден, өзіндік жолмен жүзеге асырылады. Яғни, кәсіпорын өткен және нақты уақыттағы тәжірибелерді зерттеу негізінде, қойылған мақсатқа жетуде тиімді болған дәстүрлі мәдениеттерді ұстанады.

Екіншіден, арнайы мінез-құлық  жиынтығының күшпен енгізілу мақсатымен бағытталып құрылуы мүмкін.

Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің кемелденуі үшін, дара элементтердің  өзара әрекет механизмін, олардың  арасындағы өзара байланысын, бір-біріне ықпал-әсерін зерттеп алу керек.

Осымен қатар, кәсіпорынға  жетістік әкелген құндылықтар туралы ойлардың ескіргендігін, оларды ауыстыру немесе ауыстырмау, жаңарту не жаңартпау  керек пе соны анализдеу маңызды. Кәсіпкерлік мәдениеттің өзгеруі құндылықтар туралы жаңа ойлардың пайда болуымен байланысты.

Өткізілген зерттеу  жұмыстары бұрын қабылданған құндылықтар өз мағынасын жоғалтқанын көрсетеді. Оларға: тәртіп,  айтқанды тыңдау, билік, мансап, сатылы лауазым, жеткіліктілік, орталықтандыру.

Осымен бірге мына құндылықтардың мағынасы өседі: ұжым, творчество,  жеке тұлғаның ашылуы, ымыраға келу қабілеті, сенімділік, тұрақтылық, кәсіпкерлік қабілеттілік, орталықсыздандыру, қарым-қатынас, өзін-өзі билеу.

АҚШ -та өткізілген зерттеулер, гүлденетін және тез өсетін фирмалардың  мәдениеті жоғары  және стильдері  ерекше  екенін көрсетті,  соның  нәтижесінде әлемдік нарықта жүргізілген позицияның сақталуына және қол жеткізілуіне мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады.  Мұндай фирмалардың қызметтері нақты құндылықтар жүйесін және оларға қол жеткізуде нық ойлар мен мақсаттарын иеленеді; мұндай фирмаларда  барлық деңгейдегі серіктестік қарым-қатынастар бар; кәсіпкерлік біліктілік және іске беріктілік, жоғары сапалы еңбекке талпыну жоғары бағаланады; қызмет  бойынша көтерілу еңбектену нәтижесіне тәуелді; өзіне жауапкершілікті ала білу; жеке жетістіктер мен кәсіпкердің жетістіктері мақтаныш етіледі; ұстанымды қатайту және кеңейтуді армандау; нарықта бірінші болу. Мұндай кәсіпорынға бүкіл қызметкерлермен қабылданған және мақұлданған құндылықтар жүйесі тән.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік  мәдениетке мінез-құлық деңгейінде өтетін жағдайлар негізгі болып табылатынын ескеру керек. Егер де құндылықтардың және мінез-құлықтардың деңгейі сәйкес келмесе, онда ол теріс нәтиже. Бұл, мысалы мына жағдайда болуы мүмкін: егер серіктестік қатынастар насихатталса, ал тәжірибеде байланыстары бар қызметкерлер жоғарыласа. Отандық кәсіпорындарда құжаттарда жазылғандардың тәжірибеде өтіп жатқаннан айырмашылықтар болатын  жағдайлары аз емес.

АҚШ-та  мінез-құлық  үлгілері және құндылықтар жүйесі туралы ойларды үндестіруге мүмкіндік беретін, программалар өңделген.

Кәсіпорын мәдениетін мына жағдайда әлсіз деп санауға болады:

  • құндылықтар жүйесі мен мақсаттарға жету әдістері туралы нақты ойлардың ұсыныстардың болмауы;
  • стратегиялық мақсаттың болмауы;
  • тактикалық мақсаттың болмауы (нәтижесінде қақтығыстар пайда болады);
  • әр түрлі көзқарастар болғандықтан, ұйымның жеке бөліктері келісімге келе алмайды;
  • құндылықтардың жалпы түсінігіне, жалпы сендірулердің дамуына басшылар ештеңе істемейді.

Мәдениет үнемі шектелулерді, құндылықтарды және салт – дәстүрлерді айқындаушы ретінде қарастырылады. Хофстед мәдениетті бір әлеуметтік топ мүшелерін басқа топтың мүшелерінен ерекшелейтін сананың ұйымдық бағдарламасы ретінде қарастырады. Сонымен қатар ол 3 негізгі мезетті атады:

А) мәдениет – ол нақты  бір тұлғаны мінездеуші емес, яғни ұйымдық түсінік болып табылады.

Б) мәдениет санада қалыптасқан, ол көзге көрінбейді және адамның  жүріс – тұрысынан білінеді.

В) мәдениет адамдар категорияларын айыруға мүмкіндік береді.

Мәдениет қоғам қайраткерлерінен, белгілерінен және құндылықтарынан көрінеді. Құндылықтар адамдар жүріс – тұрысының негізгі критериясы болып табылады. Олар адамдардың «жаман мен жақсысы», «дұрыс пен бұрысты»,  рационалды мен иррационалды түсінуімен айқындалады.

«Мәдениет» термині  қоғамдық, ұлттық дәрежеде айқындалса, «субмәдениет» термині ұйымдық, кәсіби және қоғам ішілік дәрежемен айқындалады.

Әлеуметтік тұрғыдан қарасақ, кәсіп ұйымдасқан топты  құрайды, ол:

  • Қоғаммен үздіксіз өзара қарым-қатынаста болады.
  • Формальді және формальді емес қатынастар жүйесінің көмегімен әлеуметтік мәні бар функцияларды атқарады.
  • Өзінің субмәдениетін құрады.

Гринвуд әлеуметтік зерттеулердің  нәтижелерін жалпылай келе, барлық кәсіпке қатысты 5 қасиетті атап көрсетті:

А) теориялық білім        Б) бедел     В) қоғамның қолдауы

Г) этикалық тәртіп кодексі        Д) мәдениет

Кәсіп практикада дағдыларды дамытуға көмектесетін теориялық базасы бар білімге сүйенеді. Теория нақты  жағдайларда практикалық жұмыстарда әдіс–тәсілдерді жүзеге асыратын негіз  болып табылады. Осылайша кәсіби дәрежеге жету интеллектуалдық және практикалық тәжірибені жетілдіруге, ал жоғарғы оқу орындарындағы білім тәжірибе базасын құруға және мамандар қатарына қосылуға мүмкіндік береді.

Теориялық кәсіби дайындық кәсіби адамды кәсіби емес адамнан  ерекшелейтін біліммен қамтамасыз етеді. Тапсырыскер маманның тәжірибесі мен көзқарасына сүйене отырып, оның беделін нығайтып, пікірлерінің «монополиясын» дәлелдей түсіп оған бет бұрары  анық. Солайша, кәсіптің беделі екі жақты нығаяды. Кәсіптің өзі арқылы және тапсырыскер мен қолданушылар арқылы.

Кәсіпке көптеген құқықтар мен артықшылықтар берілгендіктен, әрқашанда монополияға зиян келтіру, өз қызығушылығын қорғау мақсатында билікті және артықшылықтарды қолдану  қауіпі болады. Тапсырыскер – маман, маман – маман, маман – қоғам қатынастарын реттей отырып, өз мүшелерінің тәртіп этикасын анықтайтын, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін әрбір кәсіп кодекс құруы қажет. Кодекс кәсіби ұйым мүшелеріне айқындалған тәртіпті айта отырып, сынайды, тексереді және тәртіп бұзушыларды шеттетуге көмектеседі. Қорытындысында бұның барлығы кәсіби имиджді нығайтуға бағытталған.

Информация о работе Кәсіпорын және кәсіпкерлік