Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.
Тасымалдаудың өзіндік құнына және шарттарына байланысты тарифтер жүзу түрлері бойынша айрықшаланады – кіші каботаж (жағалаудағы кеме қатынастары) тарифтері, үлкен каботаж және шетел тасымалдаулары.
Су көлігінң тарифтерінің екіқойылымдық формасы болады. Бір тонна–милге қозғалу операциясына жеке тарифтік сома анықталынады. Осы ставканың мөлшері жүкті тасымалдау шығындарымен байланысты. Бір тонна тұру операциясына да жеке тарифтік ставка құрылады. Осы ставкаға кемелердің тұрақтардағы тұру операцияларына кеткен шығындары енеді.
Қозғалыс операция түрлерінің жүзуінің ставкасы жүктердің топтарына байланысты шектеулі. Жүк тасымалдауға кеткен шығындармен қосқандағы тариф ставкасының көлемін анықтаумен байланысты он топқа бөлінеді. Жүкті белгілі бір топқа жатқызудың белгісі болып, ол жүктің м3 - ғы көлемі жатады. Жүктің минималды көлемі 1,5 м3–дейін – жоғарғылары, яғни Х тобына жатады. Осы жүктерге қозғалмалы операциялар бойынша минималды тариф ставкасы бекітіледі. Жүкті тиеу көлеміне байланысты тариф ставкасы да жоғарылайды. І топқа 8,01 м3 тен одан жоғары жүк тиеу көлемі жатады. Осы жүктерді тасымалдағанда қозғалмалы операцияға ең жоғарғы ставка қолданылады.
Х тобына көптеген өндірістік, сонымен қатар сатылатын жүктер жатқызылады (тас көмір, кен, металдар, қант т.б.). VІІІ топқа әртүрлі жүктер жатқызылады. Оларға сатылатын және тұтыну бағытындағы тауарлар жатқызылады (мазут, сүт). V топқа едәуір жеңіл жүктер тиесілі болып табылады. ІІІ топқа ағаш ұнтақтары, мақта қалдықтары. І топқа ең жеңіл жүктер жатады, яғни – ағаш тарасы.
Сонымен тасымалдау төлемі өзіне келесілерді енгізеді:
Т = ао + ан + вl + с;
мұндағы, ао, ан – 1 тоннаға тұру операцияларындағы порттағы жөнелту және бағытталу мөлшерлемесі, теңге.
в – қозғалмалы операцияның бір тонна-милге мөлшерлемесі.
l – тасымалдаудың орташа белдік қашықтығы.
с – бір тонна жүктік жинақ.
Тариф төлемдерінің шамасы келесі реттілікте анықталынады:
5. Ғылыми
– техникалық өнімдерге баға бекіту.
Ғылыми-техникалық өнімге зерттеу үдерісінде алынған ғылыми-техникалық құжаттамалар, жаңа техника мен технология арқылы дайындалған өндіріс құралдары мен материалдардың теориялық және қолданбалы білімдері жатқызылады. Оның құрамына ғылыми-техниалық қызметтер мен кеңестер кіреді.
Дүние жүзінде ғылыми-техникалық өнімге сұраным үнемі өсіп отырады, өйткені ол бір жағынан өндірісті дамытуда техникалық деңгейі мен әсерін жоғарлату мақсатымен байланысты, екінші жағынан - өндірілген өнімді жаңарту мақсатымен байланысты.
Сыртқы нарықта ғылыми-техникалық өнімді сату бойынша дүние жүзілік лидер болып АҚШ саналады. Ол осындай өнімдерді 700 млрд. долларға сатады. Екінші орында Германия (530 млрд. доллар), үшінші – Жапония (400 млрд. доллар).
Ғылыми-техникалық өнім өзінің сипаттамасы бойынша біркелкі өндіріс өнімі болып табылады. Сондықтан оның нарығына таза монополия сипаты тән және ең алдымен – сатушылардың бағаға әсер етуі.
Ғылыми-техникалық өнімге бағаны қалыптастыру үшін ең алдымен оның тиімділік деңгейі туралы мәліметтерді жинау керек.
Баға мен экономикалық тиімділік арасында тура байланыс жатыр: неғұрлым әсер жоғары болса, соғұрлым баға жоғары болады.
Жалпы экономикалық тиімділік келесі сипатта анықталынады:
Энт
=
мұндағы, Т – инновациялық мерзім, жыл
Pt – t жылындағы нәтиже (табыс)
Зt – t жылындағы шығын
аt - дисконттау коффициенті
Дисконттау коффициенті мына формуламен анықталынады:
мұндағы, Е– ссудалық пайыздың жылдық деңгейіне қолданылатын дисконт мөлшері.
Ғылыми-техникалық өнімді өңдеудің негізі болып ғылыми-өндіріс орны мен тапсырыс беруші жасасқан келісім-шарт қызмет етеді. Осы келісім шартта да ғылыми-техникалық өнімнің де бағасы тәркіленеді. Бағаның есептелінуі келісім-шартқа ұсынылған арнайы хаттамамен бекітіледі. Ғылыми-техникалық өнімнің келісілген бағасы белгілі бір шектен аспауы керек.
Сонымен бағаның төменгі шегі шығындық әдіспен анықталады:
Ртш = С + С х Rc,
мұндағы, С – тапсырушымен келісілген ғылыми-техникалық өнімнің есеп айырысуының өзіндік құны;
Rc – есептік рентабельділік;
Бағаның жоғарғы шегі экономикалық тиімділік мөлшерімен байланысты:
Рж.ш. =Эт.ш. х (1 – Кт),
мұндағы, Кт – экономикалық тиімділіктің үлесі, ол ғылыми-техникалық өнімді қолданған мерзімдегі тапсырушының бастапқы есеп-айырысу деңгейін қамтамасыз етуін жүзеге асырады.
Бағаның жоғарғы шегі үнемі бағаның төменгі шегінен жоғары болуы керек, болмаған жағдайда - өнім тиімді емес.
Ғылыми-техникалық өнімнің нарығы, әсіресе, халықаралық лицензиялы нарық ретінде көрінеді, яғни онда лицензия мен келісім-шарттар жасалады.
Лицензия сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шарт болып табылады. Ол арқылы бір жақ екінші жаққа белгілі бір төлем үшін жаңа өнімді өндіру мен жаңа технологиялық үдерісті қолдануға құқық береді. Осы жағдайда сатушыда лицензиялы келісім-шарттық құрал – патент болады.
Патент – мемлекеттік органдармен берілетін құжат. Ол оның қожайынына өзінің шығармасының иесі екені туралы құқық береді, яғни осы шығарманы қожайынның патентісіз қолдана алмайды деген сөз.
Лицензияны сауда шартында ғылыми-техникалық өнімнің бағасы лицензиялы баға түрінде көрінеді. Баға лицензиясы мерзімді төлем формасы түрінде көрінуі мүмкін (роялти). Мерзім ішінде лицензиялы келісім-шарт немесе бір уақыттық төлем формасында (паушального) көрінеді.
Роялти ставкасы әр түрлі формада сипатталынуы мүмкін: пайыз түрінде лицензия мен өндірілген өнімнің құнынан алынады; бірлік өнімнен қатаң ставкасы түрімен; өнім бағасынан пайыз түрінде; лицензиялы өнімді сатып алу барысындағы пайда пайызы түрінен алынады.
Мерзімді төлемдер лицензиатпен анықталған уақыт мерзімімен төленеді. Ол лицензиялы келісім-шартта қараастырылған.
Әдетте лицензиардың үлесі жалпы пайданың 10нан–50%-ға дейінгі шаманы құрайды.
Паушалдық төлемді бір жолата төлемей, бөліп төлеуге болады.
Іс-жүзінде роялти ставкасы лицензиялы өнімнің сату көлемінен пайызы түрінде қалыптастырылады:
Ro
=
мұндағы, Ro–лицензиялы өнімнің өндірілген көлемінен роялти ставкасының пайыздық түрі.
роялтидің жылдық сомасы;
РП – лицензиялы өнімнің жылдық көлемі.
Бұл жағдайда лицензияның бағасы мына формуламен анықталады:
Рл
=
Рл – лицензия бағасы;
Рі – і – жылындағы лицензиялы өнімнің бірлік бағасы;
Qі – лицензиялы өнімнің өндірілген көлемі;
Rоі - роялти ставкасы (әдетте 2 – 10%);
І – лицензиялы
келісімнің мерзімі.
Тақырып
бойынша бақылау
сұрақтары: