Кәсіпорындағы баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.

Файлы: 1 файл

Конспект лекции.doc

— 729.50 Кб (Скачать)

Мысал. Айталық, Х компаниясы тауар бірлігін 70тг  бағамен сатады. Мәміленің жалпы көлемі 1000 бірлікті құрайды. Біртекті өнім өткізетін компанияның пайдалылығының орташа нормасы 25% құрайды.  Тауардың өндірісіне кететін шығындар 60тг-ні құрайды. Компанияның табысын келесі соммаға түзету керек:

(60*1,25-70)*1000=5000тг

Шығындық  әдіске сәйкес жабдықтаушының тәуелді  тұлғаға тауарлар немесе қызметтерді ұсынғандағы шеккен шығындарын қосқандағы мәміле бағасы нарықтық шарттарға сәйкес келуі үшін белгілі бір жиынтық үстеме бағаға көбейеді.

Жалпы шығындық әдістің келесідей артықшылықтарын  бөліп көрсетуге болады:

  • әмбебап сипат, қызмет көрсету мен жұмысты орындаудағы және тауар өндірісінде қолдану қолайлығы;
  • өндіруші (жабдықтаушы) нарықтың жағымсыз әсерінен жекелей түрде қорғалған.

Әдістің кемшілігі, сатып алушылар үшін бағаның жоғарылау мүмкіндігінің болуы, бұл шығындарды бақылаудың қосымша тәсілдерін талап етеді.

‡шінші  әдіс – соңыра (кейінгі) өткізу әдісі. Берілген әдісті қолдану барысында тәуелді жабдықтаушыдан тауарлар сатып алу бағасы тәуелсіз сатып алушыға соңыра өткізу бағасына сәйкес түзетіледі. Соңыра өткізу бағасы белгілі бір маржаға төмендейді. Бұл маржа мәмілені жасаудың нарықтық шарттары мен шеккен тәуекелдерді ескеретін пайда мен шығындарды жабады. Мұнда тәуелді жабдықтаушыларға бастапқы өткізудің нарықтық бағасы тәуелсіз сатып алушыға кейінгі өткізудің маржаға төмендетілген бағасы ретінде анықталынады.

Мәміленің бағасының нарықтан ауытқуын есептеу  келесі формула бойынша есептеледі:

Ауытқу  пайызы = (Рн - Рм)х100%,

мұндағы, Рн – нарықтық баға,

                Рм – мәміле бағасы.

Табысты түзету берілген жағдайда кедесі реттілікте жүреді:

Түзету (корректировка) =Рн х Q – Рп х Q,

 мұндағы, Рп –компанияның қолданатын баға;

                  Q – өнімді өткізу көлемі.

Мысал. Нарықтық баға 1100 құрайды, мәміле бағасы – 700, онда ауытқу пайызы = (1100-700) х 100%/100=36.36%.

Түзету  =(1100 х 1000)-(700 х 1000)=400000.

Сонымен, 400000 соммасына табыс түзетіледі (көбейеді).

Егер  жеке мәмілелер қолданылатын бағаның  нарықтық бағадан [V] ауытқуының құқықтылығын дәлелдесе (растаса) түзету бұл жағдайда жүргізілмейтінін айта кету керек [тауар  сапасы, жеткізу көлемі, төлем шарттары және т.б.]. Мұнда Қазақстан Республикасындағы шыққан шығындардың құқықтылығын дәлелдеудің ауыртпалығы салық төлеушіге жүктеледі.

Соңыра (кейінгі өткізу) әдісінің артықшылықтары:

  • «шығындық операциялар»  бойынша бағаларды растаудағы тиімділік;
  • ЭЫДҰ-ен ұсынылған;
  • нарықтық табиғатқа ие;
  • салыстырмалы түрде қарапайым.

Кемшіліктеріне  жататындар:

  • маржа туралы ақпараттың жоқтығы;
  • маржаға енгізілуі мүмкін көрсеткіштерге қатысты анықсыздық;
  • салық органдары салықтөлеушінің көрсеткіштеріне қарағанда басқа көрсеткіштерді қолдануы мүмкін.

Пайданы үлестіру әдісі  бір-біріне тәуелді қатысушылар арасында бөлінуші бақыланатын мәміленің пайдасын анықтайды. Мұндағы пайда экономикалық дәлелділікке сәйкес және компаниялардың тәуелсіз болған жағдайындағы  алатын пайдасының негізінде бөлінеді.

Көрсетілген әдіс тәуелді қатысушылар арасындағы мәмілелерді жүргізудің негізгі механизмін ашады, оның көмегімен тексерудің жеткілікті дәрежеде дәлелді нәтижелерін алуға болады. Көбінесе олар жекелеген ұқсастары жоқ жағдайларға (ситуация) қатысты қолданылады. Бірақ оның, компания тобы туралы жалпы ақпаратқа қолжеткізуге негізделгені мен сыртқы берілгендерді қолдануды практикалық түрде талап етпейтіндігімен байланысты, оны айтарлықтай субьективті деп есептейді. Сонымен қатар көрсетілген әдісті қолдану кезіндегі жүйелік бақылаудың жоғалтуларының қандай болатындығы жайлы сұрақ жеткіліксіз түрде талқыланған.

Таза  операциялық табыс  әдісіне сәйкес нарықтық баға салыстырмалы шарттар жағдайында тәуелсіз қатысушылардың осы мәміледен алатын таза табыстарына сүйеніп анықталады. Таза табысты анықтау келесіге негізделеді:

  • активтердің рентабельділігіне;
  • таза операциялық табыстың өткізу көлеміне қатынасы;
  • басқа көрсеткіштер.

Бұл салыстырудың қатаң параметрлері бар және қиын талдауды талап етпейтін әдіс қызметтің  барлық түрлерін қолданылуы және кейінгі өткізу бағасының әдісі немесе шығындық әдістің модификациясы ретінде шығуы мүмкін. Оның кемшіліктеріне ЭЫДҰ қолданылуына ұсынылмайтындығын, біршама біржақтылығын, қаржылық ақпараттың қолжетерлігін (доступность) жорамалдайтындығын, және ең негізгісі, баға мен пайданың қиын өзарабайланыстылығын көрсететіндігін жатқызуға болады.

Алдын-ала  анықталған формулаға негізделген  әр түрлі елдердегі өзарабайланысты  қатысушылар арасындағы мультиұлттық корпорациялардың пайдасын бөлу еңбекақыға, сату көлемі мен активтерге негізделіп есептелінеді, глобальді пропорционалды бөлу әдісіне сәйкес шығарылады.

Кедендік  және салық органдары тауарларға қолданылатын бағалардың бақылауын  үнемі жүргізуге кедендік органдардың  мәліметтері мен халықаралық  іскерлік операцияларға қатысушылардың ұсынатын ақпарларын негіз етіп алады.

Халықаралық сауда операцияларының қатысушылары берілген мәміленің бағасын растайтын  құжаттар мен қолданылатын бағаның  экономикалық дәлелдерін алдын-ала  өкілеттік органдарға ұсынуларына  болады (Нарықтық бағаның анықталуы, шарттардың келісімін және бағаны анықтаудың әдісін таңдау). Біздің республикамыздың экспорттық шикізаттық бағытты ұстанғанымызды ескеріп құрастырылған, мониторингқа жататын заңдық түрде бекітілген тауарлар тізімі бар.

Оларға жататындар:

  • мұнай және мұнай өнімдері (шикі мұнай, газдалған конденсат, бензин, мазут, дизельдік отын);
  • мұнай газдары (сұйылтылған және табиғи газдар);
  • түсті металдар (мыс, хром, магний, қалайы, галлий, титан. мырыш, бериллий, рений, тантал);
  • қара металдар (көміртегі құрышынан (болат) тегіс прокат, қара металл бұйымдары);
  • ферроқорытпалар;
  • қымбат металлдар (алтын, күміс);
  • концентраттар мен кендер (темір, қалайылық, марганецтік, мырыштық және хромдық);
  • неорганикалық химия өнімдері (алюминий оксиді, хром гидрооксиді мен оксиді, уран);
  • дәнді астық (бидай);
  • мақта (түкті мақталы талшық);
  • жоғарыда көрсетілген тауарлардың экспорты және импортымен байланысты жұмыстар мен қызметтер.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында  трансфертті бағақалыптастыруды мемлекеттік  бақылаудың заңдық реттеу механизімінің негіздері бүтіндей жасалған. Мұнда біздің республикамыздағы трансфертті бағаларды қолдану бөлігіндегі мемлекеттік бақылау басқа әлем мемлекеттерімен салыстырғанда мәмілелердің кеңірек шеңберін қарастырады. 

6. Бағаны  реттеудің шет елдік тәжірибесі 

Көп елдерде  жалпы тактика ретінде мемлекеттік  органдармен құрастырылатын белгілі  бір бағақалыптастырудың ережелері, әкімшілік-юрисдикциялық әдістер  қолданылады.

Соңғылары ұлттық экономикада мәні бар қызмет көрсетулермен тауарларға нақты бағаларды енгізу мен реттеудің  міндетін өзіне алады.

Мемлекеттік органдар бағаларды бақылауды да жүзеге асырады. Бүтіндей бағақалыптастырудың  мемлекетпен бақыланатын аясы шығарылған өнімнің жалпы көлемінің 10-нан 30%-ға дейінгі көлемін қамтиды.

Бағаларға мемлекеттік әсер етудің әдістері мен  тәсілдері нарықтық экономика жағдайы әр түрлі елдерде бірдей емес. Ол ұлттық, саяси, ресурстық және еңбектің әлемдік бөлінісіндегі елдің алатын орнын анықтайтын басқа факторларға тәуелді. Сонымен бірге бір елдегі бағаны реттеудің әдістері экономикалық қатынастар даму деңгейінің ерекшеліктеріне қарай маңызды өзгертулерге ұшырауы мүмкін.

Мысалға, Италияда, бағаларды реттеудің екі кезеңін атауға болады.

Бағаны бақылау туралы бірінші заңдар экономикалық дағдарыс (1930-1933) жылдарында пайда болды және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрі қарай жалғасын тауып, күшейтілді. Осы заңдармен қарастырылған бақылаудың нысаны тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кең тобына тікелей қалыптасатын бағалар болып табылады. Бұл бақылаудың субьектілері көптеген заңдарды шығару жолымен оны жүзеге асыратын тікелей Парламент немесе Парламент берген өкілеттілігіне негізделіп әрекет ететін Үкімет болып табылады.

90-шы  ж.ж. бұрыңғы көптеген заңдар  жойылған болатын. Бақылау нысаны болып бағалардың өздері емес, олар тіршілік ететін нарық болды. Бақылау субьектілері саяси билік органдары емес, негізінен мамандардан тұратын тәуелсіз мекемелер болды.

Бірінші кезең бағақалыптастыру жүйесінің  сипаттамаларынан екі үлкен топты  бөлуге болады.

Бірінші топқа соңғы 60 жыл ішінде бағаларға «шек қойған», реттегіш сипаттағы сан түрлі заңдарды жатқызамыз, жалғасынша бұл заңдар экономиканың әр түрлі салаларында бағалардың өзгеруін бақылайтын режимді енгізді: мысалы, жалдық төлем, отын бағасы, дәрі бағасы және т.б. Баға реттеудің екінші тобы қызықтырақ. 1944 жылы бағалар бойынша ведомствоаралық комитет құрылды. Оған кез-келген айырбас сатысындағы кез-келген тауар бағасын, импорт пен экспорт кезіндегі кез-келген тауар бағасын сонымен қатар жұмыс пен қызмет көрсетулердің бағасын анықтауға, басқа органдармен құрылған бағаларды өзгертуге сенімдік білдірді. Бұл комитет 1993 жылдың аяғына дейін өмір сүрді.

Араласу құралдарының жиынтығы өте кең болатын  және қайта жаңарту (реконструкция) жылдарындағы (1946-1960) және содан кейін 1973 жылы энергетикалық дағдарыс кезіндегі Италия үкіметінің экономикалық саясатына сәйкес келетін.

Баға  бойынша ведомствоаралық комитет  «қоғамдық пайдалы» жұмыстар бойынша тәуелсіз органдар мекемесімен қызметтері тоқтатылды.

Бұл органдар өкілеттілігі ведомствоаралық комиттетің билігіндегі өкілеттіліктерден бір шама ерекшеленеді. Бір жағынан бұл органдар «тәуелсіз», бірақта басқа ведомствоаралық комитет - Экономикалық жоспарлау бойынша ведомствоаралық комитеттің нұсқауларына бағынды. Басқа жағынан, бұл органдардың міндеті бағаны бекітуде ғана емес, сонымен қатар нарық немесе көмек түрлерінде жеке салалардың әр түрлі аспектілерін реттейді.

АҚШ–да 70-ші жылдарда ішкі нарықтағы көтерме және бөлшек сауда бағаларының өсу қарқыны айтарлықтай жылдамдады, бір қалыпты инфляцияның қарқынындағы ұласуы елдің экономикалық стратегиясын модификациялаудың қажеттігіне әкелді. Мемлекеттің бірінші ықпалы бағаларды тікелей реттеу арқылы инфляцияны жеңу әрекеті болды. 1971 ж. АҚШ президенті Р.Никсон әкімшілігінің белсенділігі бойынша бағаларды орталықтандырып, басқару енгізілді. Елдің экономикалық жағдайы, қоғамдық ойдың қыспағы президентті шекті шараларға баруға мәжбүрледі. Осындай жағдайда инфляция деңгейін төмендету өте ауыртпалы салдарды туғызу мүмкін еді (жұмысбастылықты төмендетпей инфляцияны шектеу еңбекақы мен бағаларды бірдей уақытта тоқтатып қоюды енгізген жағдайда мүмкін болады).

Қысқамерзімдік  жоспарда  АҚШ-дағы бағаларды тікелей  реттеу елдің экономикасының белгілі  бір тұрақтылығына мүмкіндік  берді. 1972 ж. күзіне қарай бөлшек және көтерме сауда бағасының өсу қарқыны төмендеді, жұмысбастылық біршама жоғарылады, Ж¦¤ тез өсе бастады.

Бірақ орталықтандырып реттеудің жағымсыз салдары да көрінді. Еңбекақы мен  бағаларды тоқтатып қою салааралық капиталдың құйылуын шектеді, инвестициялық қызметті тежеді, іскерлік белсенділік деңгейін төмендеттті, табыстың өсуін тоқтатты.

1974ж.  мамырда АҚШ-ы бағаны тікелей  бақылаудан бас тартты. Қазіргі  уақытта жеке тауарлар тобы  бойынша бағаларды тікелей реттеу  мен мемлекеттік қаржыландыруды шектей отырып, американдық әкімшілік елдегі экономикалық жағдайды жалпы сауықтыруға  мүмкіндік беретін жанама реттеудің әдістері мен нарықтық иінтіректерді белсенді қолдануға тірек жасайды. Бағаларды жанама реттеудің негізгі бағыттары:

  • шектеуші сипаттағы ақша–несиелік саясат,  федеральдік қор жүйесінің есептік мөлшерлемесін реттеу;
  • тауарлар мен қызметтерндің федеральдік сатып алынуын кеңейту;
  • мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту;
  • тиімді салық саясаты.

Информация о работе Кәсіпорындағы баға саясаты