Кәсіпорындағы баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.

Файлы: 1 файл

Конспект лекции.doc

— 729.50 Кб (Скачать)

Инкассо – банктің өз клиентері атынан және олардың шоттарынан әртүрлі құжаттар бойынша (вексель, чек т.б.) ақша алуды сипаттайтын банктік операцияны білдіреді.

Бағалық ақпарат дисконттық көмекпен қолма-қол  төлемге келтіріледі. Ол үшін әр несиелік төлем дисконттау коэффициентіне көбейтіледі. 

Кд= 1/(1+П)n,

мұндағы, Кд – дисконттау коэфициенті;

П –  несие пайызы;

 n – мәміле жүзеге асқаннан кейінгі төлем жүргізілетін жыл.

Несиелік  қарым-қатынас сыртқы саудалық операцияларды  жүзеге асыруда  өзара байланысты болып табылады – жабдықтаушы импортерді несиелендіре алғандай (төлемді ұзарту), сатып алушы да – жабдықтаушыны да (аванс).

Авансқа (болашақ төлем есебінен берілетін  ақша) түзетілімдер келесі үлгіде есептелінеді:

                                    æ   а1       1         а2           …       ап      п ö

                    Па= Кб х è 100 х 12   + 100 х 12   +      +  100 х 12ø,

мұндағы,   Кб – банк пайызының шамасы;

         а12, апбазистік баға шамасынан аванстік төлемдер;

             1,2,…,п – авансталу мерзімі.

Тауар санына түзетілімдер. Бұл жағдайда жеткізілген тауар көлеміне байланысты қойылатын шегерімдер ескерілінуі керек.

Технико-экономикалық айырмашылықтарға түзетілімдер бәсекелестер бұйымдарының ерекше технико-экономикалық көрсеткіштеріне байланысты бағаларына түзетілімдер енгізу. Бәсекелестер материалдардың бәсекелестік бағасы  әр техникалық параметрлер бойынша бір өнім (базистік) бағасына енгізіледі: өнімділік, қуаттылық, жылдамдық және т.б., формула бойынша:

                                                                  æ  П2 ö п

                                                   Р2=  Р1 х è  П1ø  ,

 мұндағы,    Р1 - базистік бұйым бағасы;

          Р2 - базистік бұйыммен салыстырмалы баға;

           П1- базистік бұйым үшін салыстыру жүргізілетін технико-

                  экономикалық параметрлер мәні;

               П2 - бәсекелестік материалдар бұйымы бойынша салыстыру

                      жүргізілетін технико-экономикалық  параметрлер мәнділігі.

Сыртқы  саудалық операциялар үшін бағаның оңтайлы деңгейі болып келтірілген бәсекелестер бағаларының орташа шамасы саналады. Бірақта бәсекелестік күрестің жоғарғы деңгейлігімен сипатталынатын нарыққа шығу кезінде келтіріліп отырған бағаның төменгі шамасы қолайлы болып табылады. Экспортер үшін баға туралы келіссөздерді максималды деңгейден орташа деңгейге дейінгі шекте, ал импортер үшін төменгі деңгейден орташа деңгейдегі аралықта жүргізген тиімді.

Өзара шарттық баға келісілген базистік жеткізілімдегі тауардың сандық бірлігіне белгілі бір валюталық ақшалай бірлікте көрсетіледі. Бұл жағдайда, өзара шартта бекітілетін баға, экспорттаушы не импорттаушы ел валютасымен, немесе үшінші бір ел валютасымен бекітілуі мүмкін. Экспорттаушы тұрақты валюта кезінде бағаны тіркеуге ұмтылыс білдірсе, ал импорттаушы құнсызданушы валюта сипаты кезінде баға бекітуге тырысады. 

Тақырып бойынша бақылау  сұрақтары: 

  1. Өзара шарттық  бағалар қандай критерилер бойынша  жіктелінеді?
  2. «Қатаң» баға дегеніміз не және оның ерекшеліктері қандай?
  3. «Қозғалысты» баға қандай жағдайда қолданылады?
  4. «Сырғанақ» бағаға қандай бағалар тиесілі?
  5. Есеп айырысушылық бағаға анықтама беріңіз?
  6. «Анықтамалық» бағаға қандай бағалар тиесілі?
  7. «Франко» нені білдіреді?
  8. Жеткізілімнің базистік шартының мәні қандай?
  9. Жеткізілімнің базистік шартының қандай топтарын ажыратамыз?
  10. Сыртқы саудалық бағаны есептеудің негізгі кезеңдері қандай?
  11. «Бәсекелестік материалдар» дегеніміз не және олардың қандай ерекшеліктері бар?
  12. «Құжаттық аккредитивке» анықтама беріңіз?
  13. Бәсекелестер бағасын бірлік төлем шартына келтіруде авастық төлем қалай ескерілінеді?
  14. Бәсекелестер бағасын бірлік төлем шартына келтіруде несиелік төлем қалай ескерілінеді?
  15. Экспорттаушы (импорттаушы) үшін бәсекелестер материалдары жеткізілгеннен кейін бағаның қандай деңгейі бағдарлық сипатта болады?
 

8 Тақырып. Тауарлар және қызмет көрсету нарығындағы

бағақалыптастыру 

1. Өндірістік-техникалық тағайындалу өнімдеріне бағаның

қалыптасу ерекшеліктері 

Өндірістік–техникалық бағыттардағы өнімдер тауарлар мен қызметтерді әзірлеуде технологиялық үдерістерді іс жүзіне асыру үшін қызмет етеді.

Бағақалыптастыру  ерекшелігіне қарай өндірістік–техникалық  өнімдерді екі топқа бөлуге болады:

  1. бір ретті қолданылатын тауарлар (машина, құрал–жабдықтар, ғимараттар және т.б.);
  2. көп ретті қолданылатын тауарлар (шикізат, материалдар).

Өндірістік – техникалық тауарлардың ерекшелігінің сипаттамасы бойынша, оларға деген бағаның қалыптасуының бірнеше ерекшелігі болады:

  1. осы өнімге деген сұраным нарықта туынды сипатта болады, яғнидайындалуы үшін өндірістік-техникалық тауар нарығының коньюнктурасымен анықталады;
  2. кейбір өнімдердің түрлері ұзақ мерзімде қолданады, сондықтан сатып алу үшін баға көлемі ғана емес, сонымен қатар, осы өнімді қолдану барысында кететін шығындар да, яғни барлық пайдаланушылық мерзіміне кеткен қомақты шығындар;
  3. өнімнің пайдалылығын сатып алушы үшін әдетте сандық (бағалау) параметрлер негізінде бағалауға болады. Олар техникалық құжаттар мен біртекті бақылауға ену арқылы тәркіленеді. Егер өндірістік – техникалық бағыттағы тауарлардың бағаға қатысты сезімталдығын айтатын болсақ, онда ол шикізат пен материалдар бағасынан жоғары, өйткені оларға деген бағаның жоғарлауы шығындарды көбейтеді.

Сатып алушылардың машинаға және құрал-жабдықтар бағасына сезімталдығы төмен. Өйткені оларды сатып алу үшін кететін шығындар өнім өндіруге кеткен шығындар құрамына амортизация ретінде енеді.

Қосымша өнімдерге баға сезімталдығы минималды. Өндірістік – техникалық бағыттағы  тауарлар нарығының ерекшелігі болып, бұл ең алдымен сатып алушының нарықтық күшін ескеру қажет. Сатып  алушы әлсіз болса, онда сатушы үшін оған өзінің бағасын ұсынуға жеңіл болады және де керісінше.

Сатып алушының нарықтық күші сатып алушы  фирмасының көлеміне, өткендегі сатып  алу көлемі, болашақтағы сатып  алуға, несие рейтингісіне, тауарлардың  технологиялық ерекшелігіне байланысты.

Сатыпалушылардың  өндірістік–техникалық бағыттағы  тауарлар бағасына деген сезімталдығы тауарларды сатып алу ерекшелігіне де байланысты: жаңа өндірістік міндеттерді  шешу үшін жаңа өнім сатып алына  ма; бұрынғы игерілген өнімдердің модификациясын білдіретін жетілдірілген өнімдердің болуы; стандарттық өнімдер меңгерілуі.

Жаңа  бұйым соңғы өнімнің жаңа түрін  игеруде немесе олардың өндірісі кезінде елеулі техноглогиялық өзгерістер кезінде игеріледі. Бұл жағдайда бағаның оңтайлы деңгейін бекіту үшін болашақ жабдықтаушылардың баға жайлы ақпаратымен танысу және де олар ұсынатын өнімдер параметрлерімен, баға сату мүмкіндіктерімен таныс болған жөн. Ерекше тауарларды сатып алу аса күрделі емес процедура. Егерде сатып алушыны өнімнің бұрынғы модификациясы қанағаттандырса, онда ол сол жабдықтаушыға өнімнің жаңа модификациясы бойынша тапсырыс береді. Егер ерекше тауарлар үлкен партиямен сатып алынса, онда сатып алушының бағаға сезімталдығы ұлғаяды. Мұндай жағдайда сатып алушы келешекте мүмкін жабдықтаушылар тендерін жариялайды.

Мүмкін  баға деңгейі «құндылық/баға» қатынасын  әрбір фирма өнімдері бойынша  анықтайды.

Стандартты  өнімді сатып алғанда сатып алушының бағаға сезімталдығы төмендейді. Жаңа сатып алушыларды қызықтыру үшін сатушыға сату деңгейін максималдауда  шегерімдерді пайдалануға болады.

Өндірістік  – техникалық бағыттағы өнідердің  баға саясаты қалыптасқанда мына ерекшеліктерді ескеру керек:

Өндірістік–техникалық бағыттағы өнімдерге бағақалыптастыру процедурасы кең таралған, олар ашық және жабық тендерлерге сүйенеді.

Осындай жағдайда тауарлардың көп бөлігі сатылады. Тендер жағдайында баға маркетинг  жүйесінің құрал-жабдықтарының шешуші факторы бола алады, ал қалған жағдайларда  маңызы төмен болуы мүмкін. Сервиз деңгейіне жеткізу мен техникалық қолдау шараларынан төмен болады.

Прейскуранттық  бағалар өндірістік тауарлар маркетингінің  барлық сферасында қолданылады, көбінесе сатып алу жүзеге аспайды. Ірі  келісім-шарт жасағанда уақыт аралық тауарларды сату–сатып алу туралы сатушы мен сатьып алушы арасында бағаны жиі қолданады.

Сатып алушылар тауарды сатып алғанда  қаржылық әсер жасау кеңінен таралған, сонымен қатар ол лизингтік келісм түрінде болады. 

  1. Құрылыс саласындағы  бағақалыптастыру
 

Құрылыс дегеніміз – өндірістік құралдардың монтажы бойынша жұмыстар, қосалқы, транспорттық және т.б.. құрылыс жұмыстарын енгізетін ғимараттар мен құрылғыларды салу және тұрғызу. Сонымен қатар құрылысқа ғимараттарды реконструкциялау және модернизациялау жұмыстары, жалпы жөндеуден өткен ғимараттар жұмыстары енеді.

Құрылыстық  өнім - өндірістік және өндірістік емес бағыттағы құрылған және пайдалануға қабылданған объектілер, кәсіпорындар, ғимараттар.

Жаңа  құрылыс – жаңа алаңдардағы кәсіпорындарды, ғимараттар мен мекемелерді тұрғызу. Олар эксплутацияға енгізілгеннен кейін, өзін-өзі қамтамасыз ету балансында болады.

Реконструкция (қайта тұрғызу, жаңғырту) – объектілердің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерімен байланысты құрылыс жұмыстарының кешені. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылғылар құрылысының сметалық құны – бұл жобалық материалдарға сәйкес құрылысты іске асыру үшін қажетті сметалық құжаттармен анықталатын ақша қаражаттарының соммасы. Сметалық құн капиталдық салымдар, құрылыстық өнімнің келісім шарт бағасының қалыптасуының, атқарылған мердігерлік жұмыстардың (құрылыстық-монтаждық, жөндеу құрылыстары) есеп жүргізуін, сатып алынған және құрылыс орнына жеткізілген құрал-жабдықтар үшін, сонымен қатар, жиынтық сметалық есеп жүргізумен қарастырылған басқада қаражаттар есебіне басқа шығындарды өтеу. Капитал салымдарының технологиялың құрылымдарына сәйкес және құрылыстық-монтаждық ұйымдастыруды жүзеге асыру әрекеттеріне байланысты құрылыстың сметалық құны келесідей топталады: құрылыс жұмыстарының құны; өндірістік жабдықтардың монтажы бойынша жұмыстарының құны (монтаждық жұмыстар); өндіріс жабдықтарының құны, яғни жиһаз бен құрал-сайман; басқа да шығындар.

Бұл жағдайда құрылыстың сметалық құнының формуласы  төмендегідей анықталады:

Ссмет = Сқ.ж + См.ж + Сж.қ + Сб.ш

мұндағы, Сқ.ж- құрылыс жұмыстарының сметалық құны;

                См.ж- монтаждық жұмыстың сметалық құны;

               Сж.қ – жабдықтар мен құрал-саймандардың сметасы;

               Сб.ш- басқа да сметалық шығындар.

 Құрылыстың  сметалық құнын анықтағанда құрылыстық  жұмыстарға төмендегілерді жатқызады:

  • ғимараттар мен мекемелерді тұрғызу жұмыстары: жер жұмыстары;
  • құрылыстық конструкцияларды орналастыру;
  • қайта жасау жұмыстары;
  • тұрғын үйлердегі электр жарықтарын орналастыру (құру) жұмыстары;
  • ішкі санитарлы – техникалық құру жұмыстары (водопровод, канализация, жылу, газбен қамтамасыз ету, вентиляция және ауаны кондинцациялау) және де басқа да ішкі труба желістеріне;
  • сыртқы инженерлік  желілер мен құрастыру бойынша жұмыстар;
  • құрылыстың соңғы кезеңіндегі территорияны көгалдандыру жұмыстары;
  • құрылысты жасау алдында территорияны дайындау жұмыстары, ормандар мен бұталарды кесу, территорияны жоспарлау, грунтты шаю, құрылымдарды бұзу және алып тастау және т. б. ;
  • өндірістік жабдықтарға арналған фундаменттерді құру жұмыстары;
  • объектілерді реконструкциялағанда толық жөндеу жұмыстары орындалғандағы құрылыстық конструкцияларды бөлшектеу жұмыстары.

Информация о работе Кәсіпорындағы баға саясаты