Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.
Қызметтер бағасы осы қызметтерді белгілі бір уақыт мерзіміне оның көлемін шектемей қолдануға құқық беретін абономент қағидасы бойынша тұрғызылуы мүмкін.
Қызмет аясында бағақалыптастыру үдерісіне, бағақалыптастыру стратегиясы мен әдісін таңдауға фирма жұмыс істейтін нарық құрылымы елеулі түрде әсер етеді.
Бәсекелестік нарық шартында тұрмыстық қызмет ету кәсіпорындары, туристік агенттіктер, стоматологиялық клиникалар жұмыс істейді. Осы топтағы кәсіпорындар өз қызметтеріне баға деңгейін орнату бойынша белгілі бір дәрежеде шектелседе, олардың қызметтеріне баға ерікті сипатта болып, нарық конъюнктурасының өзгерісінде жылдам өзгеруі мүмкін.
Монополия шартында бағалары мемлекетпен реттелінетін тұрғын-коммуналдық шаруашылықтар қызмет етеді. Нақты бәсекелестік нарық жағдайында көптеген тұтынушылар қызметтерге бекітілетін баға деңгейі турасында ақпаратты толықтай меңгере алмайды. Нәтижесінде өндірушілерде «жеңілдік баға», «төмен баға» стратегиясын қолдана отырыпбелсенді түрде баға саясатын жүзеге асыруға мүмкіншілік пайда болады.
Кейбір монополиялық билік болып, тұтынушылар алмастырылушы-қызметтер туралы ақпарларды білмеуі жағдайында «жоғарғы баға» және «толықтырушы тауарлар», немесе «екібөлікті баға» стратегияларын қолдану мүмкіншілігі пайда болады. Бұл стратегия бір қызметті тұтынудың бір бөлігі оның екінші бөлігіне үстеме төлемді жүргізгенде ғана іске асады. Мысалы, аттракцион паркіне тұтынушы кіру үшін төлем жасау керек, ал одан соң жеке, аттракционды пайдалану үшін төлем жүргізуі керек. Парктің қожайыны кіру үшін де, аттракциондарды қолданғаны үшін де қандай баға, яғни жоғары не төмен баға қою керек екенін өзі шешеді, немесе керісінше болуы мүмкін.
Қызмет аясында қызметтерді басқа біреуге қайта сату жүргізілмейтіндіктен баға қалыптасу үдерісінде бағалық дискриминация жүзеге асырылуы мүмкін. Ол, қызметтерді төмен немесе жоғары бағамен сатып алатын нарық сегменттеріне немесе тұтынушы топтарына бөліну түрінде көрінуі мүмкін (коммуналдық қызметтер, транспорт, адвокат қызметі және т.б.).
Қызметтерге
бағақалыптасу тауарларға қолданылатын
бағақалыптасу әдістері арқылы жүргізіледі.
Көбінесе бағақалыптасу шығындар және
ағымдық бағалар әдісі арқылы қалыптасады.
Сол арқылы қызметтер аясындағы көптеген
кәсіпорындарға баға туралы ақпаратты
жылдам және тез жинауға мүмкіндік береді.
4. Көліктік
саладағы бағақалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы көліктік қызметтер нарығы автокөлік кәсіпорындары, әуекомпаниялардың акционерленуінде айқындалатын, өнеркәсіптік және көліктік кәсіпорындардың коммерциялық қызметтерінің ырықтандырылуын анықтайды. Көліктік қызмет нарығындағы бәсекелестік тек қана әр түрлі көліктер арасында ғана емес, сонымен қатар көлік жүйесінің барлықтай саласындағы көлік фирмаларының арасында (мемлекеттік монополия болып саналатын теміржолдан басқа) сипат алады.
Көліктік тариф – кеңістіктегі материалдық объектінің тасымалдануының бағасы. Көліктік тарифтер өз құрамына жүк тасымалдау мен жолаушылар тарифтерін енгізеді. Жүк тасымалдау көлігі өндірушіден тұтынушыға өнімді жеткізе отырып, оның құнын ұлғайтады және өндірістік салаға тиесілі болады. Жолаушы тасымалдау көлігі қызмет көрсетушілік сипатта болатындықтан, оны қызмет көрсету аясына тиесілі деп санаймыз.
Жүк тасымалдау тарифтерінің негізінде ақшалай айқындамасы ретінде көліктік тариф болып табылатын, тасымалдау құнын анықтайтын жүкті жеткізу бойынша қоғамдық қажетті шығындар жатыр.
Бастапқы-соңғы операциялар шығындары өзіне жүк партияларының құрамының қалыптасуымен және жүкті тиеу-түсіруіне байланысты шығындарды енгізеді.
Жылжыту операцияларына (жүкті тасымалдау) шығындар, бюайланыс-хабар жолдарын, энергетикалық шаруашылықты қамтамасыз ету бойынша, жүктерді жалжыту бойынша шығындарды енгізеді.
Теміржол көлігі – Қазақстанның негізгі көлік кешені болып табылады. Жүкайналым көлемі бойынша ол бірінші орынды алады. Теміржол көлігінің негізгі ерешелігі - өндірістік және ауылшаруашылық жүктерін үлкен партиялармен тасымалдауында. Теміржол көлігі үнемі реттілікте жұмыс істеуімен сипатталады.
Теміржол көлігінің тарифтері вагон типтеріне, қандай қызмет үшін тиесілі екендігіне, жөнелту түрлеріне, тасымалдау жылдамдығы мен арақашықтарына, вагонның жүк көтеріміне, тасымалдаудың ерекше шарттары мен басқа да шарттарға байланысты бекітіледі. Жүкті тасымалдау төлемі кез келген ара қашықтыққа тасымалдау төлемін енгізетін тарифтік схеманың есеп айырысу кестесімен анықталады. Жүкті тасымалдаудың ең минималды төлемі болып 50 км. қашықтық бекітілген.
Сонымен қатар жалпы, жергілікті және айрықша тарифтер қолданылады.
Жалпы тарифтер тарифтердің ішіндегі ең негізгі формасы болып табылады. Ол арқылы жүктердің тасымалдау төлемі анықталынады.
Жергілікті тарифтер жалпы теміржол желісіне қосылмаған жергілікті қатынастар бойынша теміржол тораптарымен жүкті тасымалдауда қалыптасады. Олар жергілікті кәсіпорындардың жекелеген шығындары негізінде олардың басшыларымен бекітіледі.
Айрықша тарифтер – мемлекеттің қойған міндеттіне байланысты жалпы тарифтерден төмен не жоғары болуы мүмкін.
Жүктерді жеткізу түрлеріне байланысты теміржол тарифтері вагондық, контейнерлік, аз тонналы және ұсақ жеткізу тарифтері болып бөлінеді.
Вагондық тариф негізінде оған жүкті тиеудің белгілі бір нормасы арқылы анықталған жағдайдағы вагон үшін мөлшерлемесі жатыр. Тиелу дәрежесіне қарамай вагон үшін тасымалдау төлемі алынады. Ол вагонның жүк көтеру және сиымдылығын толығымен қолдануын реттейді.
Контейнерлік тасымалдау тарифтері контейнердің толық жүккөтерімін қолданумен есептелінеді. Ол әр вагондық тарифтен жоғары, сондықтан контейнерді қамтамасыз ету үшін қосымша шығындарды алмастыру қажеттілігі туындайды.
Тонналық тарифтер ұсақ және аз тонналы жүк тасымалдауларда қолданылады. Ұсақ жіберу тарифтері құрылымдық вагонда әр түрлі құжаттармен жүкті тасымалдауда қолданады. Аз тонналы тасымалдау тарифтері жүктің салмағына байланысты айырыммен есептелінеді. Тасымалдау төлемі вагондағы жүк салмағына байланысты алынады (30тоннадан – 40, 50, 60, т.б.).
Тасымалдау төлемінің есеп айырысу схемасы төмендегідей:
Қызмет етуші тарифтен шегерімдер төмендегі сипаттағы жағдайлар орын алғанда бекітіледі:
Тарифтік мөлшерлеме тасымалдау қашықтығына байланысты анықталады.
Рейстің (сапар) орташа уақыты келесі формуламен анықталынады:
Т = 2tn-b + ;
мұндағы, tn-b – жүкті тиеу және түсіру кезіндегі станцияда тұру уақыты.
tгр – тиелген рейс
Кпор – жүксіз жүрген кезеңнің жүкпен жүуіне қатынасы;
Vp – вагон құрамының жүру қозғалысының есепті жылдамдығы.
Автомобильдік көлік жүкті жеткізудегі жоғарғы жылдамдығымен ерекшеленеді. Оның негізгі артықшылығы сатушы қоймасының сатып алушы қоймасына жүкті жеткізуде үзілістің бомауы. Автомобильдік көліктің тиімділігі жүкті тасымалдау түрлеріне, жол тораптарының жағдайы мен дамуына байланысты.
Автомобильдік тасымалдаудың өзіндік құны басқа көлік түрлеріне қарағанда жоғары болады. Ол автокөліктің аз жүкті тиеушілік мүмкіндігімен және де энергия шығындарының жоғарлығымен шартталынады.
Тасымалдаудың өзіндік құны әр түрлі жол-климаттық шарттар мен жүктер түріне, жүру құрылымының типіне байланысты ауытқып отырады.
Автомобильдік тасымалдаудың өзіндік құнына аймақтық ерекшелік әсер етеді, яғни еңбекақы деңгейі жанар-жағармай бағалары және т.б.
Автотасымалдаудың тарифтік мөлшерлемесі жүктің тасымалдау тоннасына бекітіледі, тонна–километр (т/км), жүру километражы, автомобильдің бір сағаттық жұмысы немесе осы көрсеткіштердің комбинациясы.
Жалпылай
түрдегі тариф, теңге/бірлік, мына формуламен
анықталады:
Т= C+R/Q,
мұндағы, С – қызметтердің өзіндік құны;
R – ақша көрінісіндегі пайда нормасы, теңге;
Q – қызметтер көлемі (т, т/км, а.с, км, қызметтер).
Автокөліктің тарифтерін бірмөлшерлік мен екімөлшерлік, келісімді және мерзімдік ретінде бөліп қарастыруға болады. Тариф түрін таңдау тасымалдау көлемі мен жүкті тасымалдау шарттарымен анықталынады (Сурет 13).
Келісімді тарифтер жылжымалы вагон құрамының жүккөтерімі жақсы қолданғанда және де еңбек өнімділігін арттыру мақсатында уақытты қолданану барысында жүргізуші мен жұмыскер мүдделлі болған жағдайа, әдейі сменада көп рейс жасалсын деген оймен осы тариф ұсынылады.
Бір тоннаға бір мөлшерлік келісімді тариф ара қашықтығы үлкен емес сипатта жүкті тасымалдау кезінде ұсынылады (50 км–ге дейін – қалалық және қала шетіндегі тасымалдау).
Бір тонна–километрге бірмөлшерлі келісімді тариф жүк тасымалдау қашықтығы үлкен болғанда қолданылады (50км жоғары – облыс ішілік және қалааралық тасымалдау).
Бір километрге жүру тарифы көлік құралдарының өзін-өзі тасымалдағанда ұсынылып қолданылады (жүксіз вагонның қажетті жерге дейін жеткізілуі).
Мерзімдік тариф ұсақ партиялы тауарларды тасымалдау кезінде жүк ағымдарының тұрақсыздық шартында жүкті тасымалдау көлемі қиындаған кезде қолдануға ұсынылады, яғни вагон құрамы жүккөтерімділігі, жүру жылдамдығы бойынша нашар қолданып, жүкті тиеп-түсіру сәтінде ұзақ мерзімдік тұруымен сипатталады. Ол әсіресе қалалық және қала маңындағы қатынастардың сауда жүктерін тасымалдауға тиімді болып келеді.
Бірмөлшерлі мерзімдік тариф автомобиль бір ауысымда (сменада) 70–80км. жүріс жасағанда қолданылады. Егер бірдей уақытта автомобиль нашар қолданумен бір ауысым ішінде үлкен жүріс жасаса, онда ондай жағдайда екімөлшерлі мерзімдік тариф қолданылады.
Мерзімдік тарифтерді қолдану үшін минималды төлем құру керек. Мысалы, егер тапсырушы автомобильді АТТ – тан таңғы сағат 8-де 1 сағатқа қолдану үшін алса, онда клиенттен қайтарылған автомобиль басқа клиенттерге қажеті болмайды – олар жаңа автомобиль алады немесе басқа АТТ-ға кетіп қалады. Сондықтан жүргізуші, АТТ да зардап шекпесін деп, тапсырушыдан минималды 3 сағат қолданғаны үшін төлем алады.
Су көлігі – ол да көліктердің жалпы түрлеріне жатады. Су жолдарының үлкен өткізу икемділігімен ол үлкен жүктерді тасымалдайды.
Су көлігі климаттық және ауа-райы шарттарымен, жағдайларымен тығыз байланысты. Су көлігінің жеткізуінің орташа жылдамдығы теміржолға қарағанда анағұрлым төмен болады. Ол кемелердің су порттарына жиі тоқталуымен түсіндіріледі. Су көлігі көбінесе халықаралық қатынастармен жиі ұштастырылады, сондықтан флотты ең алдымен импорттық және экспорттық жүктерді тасымалдауға қолданған тиімді.
Су көлігі тарифтері нақты жағдайларға қолданумен байланысты негізгі, ерекше және жергілікті деп бөлінеді. Негізгі тарифтер төлемі жақсы жағдайларда жүктерді тасымалдағанда қолданылады. Ерекше тарифтер төлемі кейбір жеке жүктерді немесе жеке аймақтарға тасымалдағанда, жолдың жеке бөлігіне немесе белгілі бір жыл мезгілінде жүкті тасымалдағанда қолданылады. Жергілікті тарифтер тек қана қандай да бір аймақтағы жергілікті кеме порттарымен ғана бекітіледі.