Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.
Өзара шарттың орындалу үдерісіндегі тіркелінетін баға (қалқушы, реттелінуші, икемді), тауардың әр топтамасының жеткізілімі алдында өзара шартқа қатысушылармен немесе (ұзақ мерзімді өзара шарттарда) кезекті шаруашылықты-қаржылық жылдың басында нақтыланады. Өзара шарта бағаның деңгейін анықтауда қағидасы мен беркіту (тіркелу) шарты келісіледі.
Тауар жеткізілімі кезінде бағаның нарықтық бағалар көлемінде ауытқуы турасында ескертпе қолданылады. Мысалға, «жоғарлау» - нарық бағасының кез-келгені соңынан тауар бағасының жоғарлауына септік етеді. «Төмендеу» ескертпесі нарық бағасының төмендеуіне байланысты тауар бағасының төмендеуін білдіреді. Жоғарлау/төмендеу ескертпесі нарық бағасының өзгеріс жағдайына байланысты бағаның не жоғарлауы не төмендеуі күтіледі. Мұндай ескертпе биржада негіз болып саналатын негізгі тауарларға қолданылады.
Өзара шарттық бағалар деңгейін алдын-ала анықтау кезеңінде өнім жеткізілімі мен таңдауында бағаның екі түріне бағдарланады: жариялымды және есеп айырысушылық баға.
Жарияланымды баға – арнайы және фирмалық ақпараттар көздерінде көрсетілетін бағалар. олар белгілі бір өнім бойынша ірі жабдықтаушылардың әлемдік бағасын айқындайды. Мысалы, алюминий мен астыққа әлемдік баға болып Канада бағасы; кесуші материалдарға – Швеция экспорттық бағасы; каучукке – Сингапур биржа бағасы; шәй үшін – Калькутта, Коломбо, Лондон аукцион бағалары негіздік сипатта саналады.
Егерде
шикізат тауарлары бойынша
Жарияланымды бағаға: анықтамалық баға, биржалық баға белгілеу, орташа экспорттық және импорттық бағалар, аукциондық баға, нақты мәміле бағасы, ірі фирмалар ұсыным бағасы.
Анықтамалық баға – ішкі көтерме немесе сыртқы сауда тауарлар бағасын танытады және олар әртүрлі баспаларда, экономикалық газет пен журналдарда, арнайы бюллетендерде, фирмалық каталогтар мен прйскуранттарда жарияланады.
Мұнай, мұнай өнімдері және табиғи газ үшін халықаралық операцияларда нарықтық бағалары туралы ақпарлар көздері: «Platt’s Global Alert/McGraw Hill Inc» (Ұлыбритания); органикалық емес химияүшін, кен өнеркәсібі үшін, түсті металлдар және ферроқұймалар мен мақталар үшін «Energy 2000, Commotides 2000»/ Reuters Ақпараттық агенттігі (Ұлыбритания).
Анықтамалық бағалар номиналды болуы мүмкін, яғни, нақты коммерциялық операциялармен байланысты емес, немесе өткен апта не ай ағымында атқарылынған операцияларды айқындаушы ретінде болуы мүмкін.
Биржалық баға немесе биржалық котировка (баға белгілеу) (1 тақырыпты қараңыз) - биржалық келісімнің объектісі болып табылатын тауар бағасы. Мұндай бағалар негізінен нақты мәмілені айқындайды. Биржалық котировкалар өз соңынан нақты мәмілелерді туындатпаған жағдайда оларды жарияламас бұрын баға алдына котировканың номиналдығын айқындайтын «Н» индексі қойылады.
Орташа экспорттық және импорттық бағалар тауар массасының оның физикалық шамасына бөлу арқылы алынатын сыртқы саудалық статистика мәліметтері негізінде есептелінеді және де анықтамалық бағаларға қарағанда сенімді индикатор баолып саналады.
Олар осы кезеңдегі нақты іс жүзінде болған нақты экспортты-импорттық мәмілелердің бағасын ғана емес, сәйкесінше уақыт интервалындағы тіркелген экспорт пен импортты білдіреді. Уақыт бойынша мұндай екі жақтылық өнімнің сатылу маусымы мен нақты экспорты арасындағы үлкен айырмашылық кейбір салаларда елеулі маңызды, мысалға, кесуші материалдар саудасы.
Нақты мәміле бағалары өзара шарттық баға деңгейін анықтау үшін объективтік критерии болып табылады. Бірақта бұл бағалар ретті түрде жарияланбайды, баспада нақты операциялар бойынша байқалып отырады. Бірақта, нақты мәмілелер бағасын анықтамалықпен салыстыру талап етіліп отырған өзара шартта баға деңгейін дұрысырақ орнату мүмкіндігін береді.
Ірі фирмалар ұсыным бағасы мәні бойынша анықтамалық баға сипатын иемденіп, тауар жеткізілімі бойынша монополдік тұрпатты айқындайтындықтан, нақты мәміле бағасына қарағанда айтарлықтай дәрежеде емес, бұған себеп, өзара шарттық баға үшін тиесілі болатын, мәміле жасасу кезінде келісімдік нәтижесінде әдетте баға төмендейді. Фирмалар қатаң бағамен жұмыс істемейді. Клиент ерекшелігі, тұтынушылық сұраныс пен тауар ұсынысы деңгейіне, компанияның ағымдық және ұзақ мерзімдік мақсатына байланыстыбағаның сан түрлі модификациясын қолданады.
Есеп айырысушылық баға жекелей не айрықша тапсырыс бойынша өндірілетін стандартты емес арнайы құралдарға қатысты өзара шартта жабдықтаушымен қолданылады. Нақты тапсырыс үшін бағаны есептеу әртүрлі конструкциямен, пайдалану ерекшеліктерімен, сапа және іске асу сипатына байланысты тапсырыстармен шартталынады.
Арнайы
құралдарды өндіріп, шығарумен осы тар
салада иелікті атқаратын фирмалар өздеріндегі
бар патентті пайдалана отырып, жүзеге
асырады. Арнайы құралдар бағасы турасында
ақпарлар, мерзімдік баспаларда сирек
кездесетіндіктен, оларды баға деңгейін
анықтауда қолдану мүмкін емес.
2. Франколау
немесе жеткізілімнің базистік шарты
Франколау - өндірушіден тұтынушыға жүкті тасымалдап, жеткізілуіне төленетін төлем. «Франко» дегеніміз өнімді дайындаушыдан тұтынушыға жылжыту жолында қай пунктке дейін баға құрамына көліктік шығындарды енгізетінін көрсетеді.
Жеткізілімнің базистік шарттары өзара шартпен анықталады. Олар келесілерді сипаттайды:
Қазіргі таңда, жеткізілімнің қызмет етуші базистік шарттары төрт категорияға бөлінген:
Төмендегі
кестеде жеткізілімнің көп
Кесте 17
Жеткізілімні
Бағалық шарт топтары | Жалпы қабылданған белгілер | Баға базисі | Жеткізілім шарты |
«Е» тобы (заводтан жөнелту) | EXW - «ex works» | «заводтан» | «Франко-жабдықтаушы қоймасы» - барлық шығынды тұтынушы төлейді |
«F» тобы
(негізгі тасымалдау төленбеген) |
FAS - «free alongside ship» FOB - «free
on board» FOR - «free
on rail» |
«кеме бортына
бойлай жеткізу» «кеме
бортына» «станцияға жеткізу» |
«франко-жөнелту
порты» - жабдықтаушы жүкті кеме
айлағына түсіріп, портқа тиеуге дейінгі
шығындарды төлейді «франко-жөнелтуші
кеме порты» - жабдықтаушы айлақтан
кеме портына жүкті тиеу құнын
өтейді «франко-жөнелту станциясы» - жабдықтаушы жүкті темір жол станциясына жеткізіп, жөнелту бойынша шығынды өтейді |
«С» тобы
(негізгі тасымалдау төленген) |
CAF - «cost and freight» CIF - «cost, insurance, freight» |
«құн және фрахт» «құн, сақтандыру, фрахт» |
«франко-бағдарланған
кеме порты» - жабдықтаушы бағдарланған,
тағайындалған портқа дейінгі барлық
шығындарды енгізеді «франко-бағдарланған кеме порты-сақтандыру» - жабдықтаушы бағдарланған кеме портына дейінгі және тасымалдану кезіндегі тауардың апат болу немесе бүліну тәуекелінен кемені сақтандыру шығындарын өз мойнына алады. |
«D»
тобы
(жеткізілуі) |
DAF - «delivered at frontier» DDP - «delivered dutypaid» |
«шекараға дейінгі
жеткізу» «кедендік баж салықтарын өтей отырып жеткізу» |
«франко-шекара»
- жабдықтаушы шекараға дейінгі шығындарды
өз мойнына алады «франко-тұтынушы қоймасы» - жабдықтаушы барлық көліктік шығындарды өз мойнына алады |
3. Сыртқы
саудалық бағаларды есептеу
Сырқы саудалық бағаларды анықтау – экспорттық және импорттық кәсіпорындардың коммерциялық қызметінің маңызды элементі.
Нақты сыртқы саудалық өзара шарттар бағасын анықтаудың негізі болып әлемдік бағалар саналады.
Әлемдік баға – негізінде аталынып отырған өнімнің ауқымды көлемі халықаралық саудада ерікті айырбасталымдылық валюта төлемімен өткізілетін өнімнің белгілі бір түріне бекітілетін баға.
Әлемдік бағалар бір-біріне еш тәуелсіз күйдегі ірі фирмалар арасындағы ірі көлемдегі шарттарға қызмет көрсетеді.
Әлемдік нарық айналымындағы тауарлар бағасы бірқатар ерекшеліктермен сипатталынады.
Күрделі және ұзақ кезең болып екіншісі саналады.
Бәсеклестік материалдар - өнімнің техника-экономикалық көрсеткіштері, баға және коммерциялық шарттары бойынша ақпараттар.
Бір атаулы тауардың әр түрлі жабдықтаушыларының әр түрлі бәсекелестік материалдарында айырмашылықтар болуына байланысты мәміле валютасына тузетілімдер енгізіп, бірліктік валютаға келтіру керек.
Бірлік валютаға келтіру – бәсекелестер бағасын мәміледе көрсетілген валюта бойынша бірлікке келтіру мақсатында бағаның қайта есептелуі, бәсекелестік материалдардың қызмет ету мерзіміндегі сәйкес валюта бағамы бойынша есептелінеді.
Баға динамикасына түзетілім. Қолдағы бар бағалық ақпарат әртүрлі уақыттық кезеңдерге тиесілі болып, нарықтағы әртүрлі жағдайлардың сипаттамасыны қатысты болуы мүмкін, сондықтанда барлық көрсеткіштерді тауарлар бағасы мен валюта бағамының өзгерісін ескеру үшін нақты мәміленің күніне барлық көрсеткіштерді сәйкестендіру керек. Бұл үшін статистикалық материалдарда жарық көретін әлемдік бағалар индексі қолданылады. Бағаларды бір түрге келтіру келесі формула көмегімен іске асады:
Рм.к.= Рқ.а.к. х Iм.к./Iқ.а.к.
мұндағы, Рм.к. – мәміле күнінің бағасы;
Рқ.а.к. – қолдағы бар ақпарат күнінің бағасы;
Iм.к. – мәміле күнінің индексі;
Iқ.а.к. – қолдағы бар ақпарат күніне баға индексі.
Саудаға түзетілімдер. Көп жағдайда импорттық баға бойынша қолданылады, өйткені, сатушы коммерциялық ұсыныстарға иек артып, бірнеше жоғарлатылған бағаны ұмсынады. Бұл түзетілім таңдап алынған негізгі баға ақпаратының түріне байланысты іске асуы мүмкін. Фирма ұсынған баға өзара шарт бағасына 10-15%, каталог пен прейскурантқа – 20-50% шамасындағы шегерімдермен енгізілуі мүмкін, ал биржалық котировкалар түзетілмейді.
Жабдықтау шартына түзетілімдер. Барлық бағалар жабдықтаудың бірлік шартына келтірілуі керек.
Төлем шартына түзетілімдер. Ең көп таралған түріне чектермен, банктік аударымдармен және инкассо (банкінің құжаттар бойынша өз тапсырыкерлері атынан және солардың шоттарынан ақша алуы) арқылы аккредитивтік есеп айырысуды жатқызамыз.
Құжаттық аккредитив – бір қарызгер мекеменің екінші біреуге арнайы брондалған қаражаттар есебінен жөнелтілген тауар үшін тауарлық-тасымалдық төлемдерді төлеу бойынша тапсырысты білдіретін есеп айырысушылық не ақшалай құжат.