Кәсіпорындағы баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.

Файлы: 1 файл

Конспект лекции.doc

— 729.50 Кб (Скачать)

Осындай мемлекеттік макроэкономикалық  саясатты жүргізу нәтижесінде АҚШ-ның ішкі нарығындағы ұсыныс пен сұраныс арақатынасының өзгеруіне белсенді түрде әсер етуге және баға деңгейі мен айырбастың базалық пропорцияларын анықтауға мүмкіндік туды.

Соңғы сегіз жылда, елде экономикалық өсудің теңдесіз тұрақты және жоғары қарқыны байқалады, мемлекеттік бюджет тапшылығы мәселесін артта қалдырып, профициттік (бюджеттің оң сальдосы) көрсеткішткрге қол жетуде.

Қазіргі уақытта бағаларды тікелей мемлекеттік  реттеу антитресттік реттеудің юрисдикциясына (заңдық хұкім, заңдық құқықты шешетін құқық) түсетін жоғары монополияланған салаларда ғана қолданылады. АҚШ-да жалпылай негізде, баға 5-тен 10% -ға дейінгі дәрежеде мемлекетпен реттелінеді.

Франция - өнеркәсібі дамыған аз ғана елдердің бірі, онда ұзақ уақыт бойы бағаның мемлекеттік реттелуі қатаң режимде жүргізілді. Қырықжылдық кезең аралығында (1947-1986) бағаның мемлекеттік реттелуі “дирижизм (белсенді мемлекеттік реттеу саясаты)” саясатының құрамдас бөлігі болды және  қазіргі уақытқа шейін оның бірен–сараны сақталды. 1973ж. басталған бағалардың ырықтандырылуы (либерализациясы) 1980-шы жылдардың екінші жартысына шейін жалғасты. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан өнеркәсіптік өнімдер  бағаларының  шамамен 90%-ы босатылды.

Қазіргі уақытта француз үкіметі келесі саладағы монополист-кәсіпорындар өніміне қатысты бағаларды реттеуді жүзеге асыруда: газ, электроқуаттылығы, көлік, ауыл шаруашылығы өнімдері. Тауарлар мен қызметтерге еркін және реттелінетін бағалар арақатынасы келесі үлгіде: шамамен бағалардың 20%-зы мемлекетпен реттелінеді, ал қалған 80%-ы еркін бағақалыптастыру режимінде болады.

Бағаларды реттеу, қызмет көрсету, сауда, өнеркәсіп  жұмысшылары мен фермерлердің табыстарындағы паритеттің  сақталуына, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік  әсер етудің негізгі құралы болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдерінің шамамен 90% -на бағалар реттелінеді. Осымен, мемлекет тағамдық азықтардың бөлшек бағасының динамикасы мен деңгейіне жанама әсер етеді.

Бағаларды реттеу ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер  қызметін реттеуді, өнеркәсіб жұмысшылары мен фермерлер, сауда, қызмет көрсету саласындағы  алынатын табыстылық паритетін (тепе-теңдік) реттеуді жүзеге асырушы негізгі құралдардың бірі болып саналады. ауыл шаруашылық өнімдер бағасының 90%-ға жуық шамада реттелінеді.Осындай жолмен мемлекет тағам өнімдерінің бөлшек саудалық бағасының динамикасы мен деңгейіне жанама түрде әсер етеді.

Бағаны  реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік  құрылым болып, құрамына баға және бағалық  бәсекені мемлекеттік реттейтін  органды енгізетін жоспарлау және қаржы Министрлігінің бәсеке бойынша Департаменті табылады. Бағаны реттеуге қатысты үш мыңға жуық мемлекеттік бақылаушылар қызмет етеді, олар өз ретінде бағаны реттеу бойынша жоғары аталған бөлімнің, салалық министрліктің және 100 департаменттің қызметкерлері болып саналады.

Мемлекеттік бақылаушылар бағалардың мемлекеттік  тәртіптілігін сақталуын бақылайды, бағаларға қатысты заңдарды бұзушыларға  қатысты  акт құрып, оны жалғасынша қаржылық арбитражға беруге құқылы, ал арбитраж сол заң бұзушыларға  қатысты санкция бойынша шешім қабылдауға құқығы бар.

Тауарлар  сапасы мен бағасына орнатылған қоғамдық бақылаудың кең ауқымды желісі бар.

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда бағаларды реттеу тіпті шектелген және коммуналдық қызметтер және осымен байланысты салалар қатарының аясындағы монополияға таратылады. Мұнда екі қағидаға сүйенеді. Біріншісі, нарықтық биліктің бәсекеге қарсы ықпалын шектеу мақсатымен бәсекелестік туралы Заңды қолдану. Екіншісі, сатып алушы мен сатушының нарықтық билігінің айқын теңсіздігін шектеу мақсатымен, азаматтық және қылмыстық құқықтықты құрастыратын заңдық қағидаға негізделген әр түрлі шараларды қолдану.

Көп жылдар бойы Ұлыбританиядағы табыстар мен  бағалар саясаты мемлекеттік  экономикалық басқарудың негізгі белгісін құрды және де жалпы инфляцияға қарсы саясатты жүзеге асыру еңбекақының өсуін тоқтатуына кәсіподақтардың келісімінің тәуелділігіне қарай немесе сәйкес заңдарды қабылдау жолымен емес, мемлекеттік тапсырыстың беруін қабыл алмау немесе қабыл алу жолымен жүзеге асырылған жағдайда маңызды құқықтық таластарды туғызды. 1973 ж. инфляцияға қарсы акт және оның шекарасындағы белгілі бір салаларды реттеуден босататын бағалар шегіндегі заңдар Кодексін қабылдаумен реттеу жүйесін қалыптастырудың әрекеті жасалынды. Сол кезде сәйкес әкімшілік орган болып табылатын бағалар бойынша Комиссияның басқа облыстарында бағаларды жоғарлату, олардың мүмкін болатын шығындарының жоғарылауын көрсететін жерлерде ғана, рұқсат берілді. Пайданың маржасы да шектелген болатын. 1977 жылғы бағалар бойынша комиссия туралы акт Комиссияға бәсекеқабілеттілігі жеткіліксіз нарықтарға назар сала отырып, Комиссия негіз ретінде ұстануы тиіс жалпы жағдайлар реттілігін қалыптастырып, бағаларды жоғарылатуға қатысты жалпылама сипаттағы өкілеттікті  берді.

Бағаларды реттеу жүйесі 1979 ж. аяқталып, 1988 ж. тұрғын үй туралы Акт тұрғын үйге жалдық төлемді реттейтін жүйені жойды. Бірақ қазіргі уақытқа дейін үкіметке тағамдық азықтар және төмен табысты жанұялар үшін бірінші қажеттіліктегі басқа заттарға бағаларды реттеуді енгізуге рұқсат беретін заңдар әрекет етеді.

Бағаларды реттеудің басқа түрі–бөлшек  сауда бағаларын қолдау енді–қолданылмайды. Бұрын бағаларды реттеудің бұл  түрі өндірушілермен ұсынылған бөлшек сауда бағаларынан жалпы бөлшек сауда бағалары төмен болмау үшін қолданылатын, яғни ірі компаниялардың бәсекелестігінен кіші компанияларды қорғауға бағытталған.

Бағаларды реттеудің әлі де болса әрекет ететін негізгі саласы – қандай да бір дәрежеде монополия билігі сақталынған жерлерде қоғамдық  тұтынушылық сипаттағы кәсіпорындар ұсынатын қызметтер. Сонымен, реттеу: телекоммуникациясының белгілі бір аясында, жарым-жартылай газдық өнеркәсіптерде, электрқуаттылығында, сумен қамтамасыз ету, арна жүргізу (канализация) және жолаушы теміржолдық тасымалдарда қолданылады.

Швеция. Елде бағаларға бақылау және тексеру арнаулы орган – азаматтық-әкімшілік Министрлігіне бағынатын, бәсекелестік және бағаларды мемлекеттік басқару органымен жүргізіледі. Швеция бағаларды реттеу туралы заң және бәсекелестік шарттар мен бағалар жайлы мағлұматтар берудің міндеттілігі туралы заң қабылданған және ол қызмет етуде.

Инфляцияның өсу қарқынын басу және нарықтағы  өткір дисбаланстарды қалпына келтіру  үшін қысқа мерзімдік жоспарда бағаларды  тоқтатып қою (замораживание) қолданылады. Соғыс немесе оның туындау қауіптілігі  бар жағдайда, не бағалардың маңызды жалпылай жоғарылауының туындау қауіпінде бағаларды реттеу заңы мемлекетке,  бағаларға тікелей әсер ету бойынша шараларды жүзеге асыруға құқық береді. Заңға сәйкес мемлекеттің бағалардың жоғарылау мөлшерінің дәлелдемесін және бағалардың жоғарылауы жайлы алдын-ала ескерту болғаннан кейін бағалардың жоғарылауы рұқсат етілетін жағдайдағы тәртіпті енгізу, жеке тауарлар үшін максималды баға деңгейін құру мүмкіндігі бар.

Бағалардың  деңгейіне әсер ету мемлекеттік  монополиялар және мемлекеттік кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылады (арақ-шарап бұйымдарына монополия, пошталық қызмет көрсетулер, дәріханалық сауда, телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің түрі).

Швеция  ауыл шаруашылығын бағалық қаражаттандырудағы (субсидирование) құралдардың маңызды көзі – шикізаттың импортталуынан кедендік алымдар. Олар ішкі нарықтың жоғарырақ бағалары мен сыртқы нарықтың бағалары арасындағы айырмашылықтың мөлшерінде қалыптасады.

Тұрғын  үйге бағалар – баға қалыптастырудың  мемлекеттік реттелуінің маңызды сферасы. Олардың өте жоғары деңгейін ескеріп, мемлекет тұрғын үйлік жәрдем ақша (субсидия) мен қарыз береді.

Дания. Данияда бағақалыптастыру жүйесі көбінесе нарық факторларының ыықпалымен құралған. Бағақалыптастыруға мемлекеттік әсер ету жоғарғы сипатта шектелген. Мемлекеттің бұл облыстағы қызметі сүраныс пен ұсыныс арақатынасы, өндірістік шығындар сияқты өлшемдерге (критерий) сүйеніп, өз өнімдеріне бағаларды өз бетімен қоятын жекеменшіктік өндірушілердің еркін бәсекелестігі үшін максималды түрде жағымды жағдайларды қалыптастыруға кіріседі.

Үлкен масштабты немесе мемлекеттік сектордағы бағалар мен тарифтер фолькетингпен (парламентпен), муниципалды және мемлекеттік  биліктермен қалыптасады. Тікелей  мемлекетпен орнатылатын қатаң  немесе реттелінетін бағалардың үлес салмағы шамамен 6%-ды құрайды.

Даниядағы бағақалыптастыру бойынша негізгі  заңдық акт 1989ж. 1-ші маусымда фолькетингпен  қабылданған бәсекелестік туралы заң  болып табылады. Бағақалыптастыру облысындағы  монополияның қызметін қабылдаудағы бәсекелестік бойынша Кеңес жүзеге асырады. Оның мүшелерін төрт жылдық мерзімге өнеркәсіп министрі тағайындайды.

 Ауыл  шаруашылығы өнімдеріне бағақалыптастыру  Дания мүшесі болып табылатын,  ЕО-тың (еуропалық Одақ) ауыл шаруашылық  саясаты механизмдерінің ықпалының  жетегінде қалыптасады. Мұндай жағдайда, фермерлерге суландыру және сорғыту (дренажная) жұмыстарын жүргізу, энергияүнемдеуші (энергосберегающая) жүйелерді енгізу,  негізгі құрылыс үшін жеңілдік ренталық шарттарды және қарыздарға мемлекеттік кепілдікті беруді қамтитын  мемлекеттік қолдаудың біршама тармақталған жүйесі бар.

Норвегия. Елде бағаларды мемлекеттік реттеудің құқықтық негізіне 1953ж. қабылданған бәсекелестікті шектейтін және пайданы, бағаларды бақылау туралы заң, сонымен қатар осы заңның негізінде шығарылған корольдік қарарлар (резолюции) реттілігі жатады. Кәсіпкерлік пен бағақалыптастырудың мәселелерін реттейтін заңдардың орындалуын бақылауды органдар жүйесі жүзеге асырады. Олардың ішіндегі маңыздыларына бағақалыптастырудың келесі мамандандырылған органдары жатады: баға бойынша Кеңес, бағалар бойынша Директорат, бағалар бойынша Мемлекеттік инспекция.

Мемлекет  бағалардың максималды және минималды  деңгейін анықтайды, бағаларды тоқтатып қояды, бағаларды есептеу, шегерімдер мен үстемелер тәртібін, пайданың максималды деңгейін және бағақалыптастыру облысындағы басқа ережелерді орнатады.

Норвегияда  ішкі бағаларды орнату негізіне әлемдік  бағалар алынады. Норвегия экономикасының сыртқы нарыққа тәуелділігі үкіметті өзінің экономикасын қорғау саясатын, соның ішінде ішкі және сыртқы бағалардың ара қатынасы мен деңгейінің сәйкестігін бақылау жолымен де жүргізуге мүжбүр етеді. Егер импорт ішкі нарықтағы бағалардың ара қатынасының жағымсыз өзгеруіне әкелсе, онда үкімет импортты шектеуге жүгінеді.

Австрия. Бағаларды мемлекеттік реттеу бағалар туралы (1976ж.) заң, картель туралы (1988 ж. редакциясында) заң, Антидемпинг (1985ж.) заңы негізінде жүзеге асырылады. Мемлекет бағалардың 10% жуығын реттейді (қара металдың қалдықтары мен сынықтары, формацевтикалық шикізат, дәрілік препараттар, электроэнергия, газ, жылумен қамту). Елдің Парламенті телефондық, телеграфтық және теміржолдық тарифтерді, пошталық жинау, тұз, темекі бұйымдары, темекіге бағаларды орнатып, бекітеді. Қаржы Министрлігі  спирттік ішімдіктерге бағаларды бекітеді.

Австрияның экономика Министрлігі  кез келген тауар немесе қызмет көрсетулер түрлеріне 6 айға дейінгі мерзімде бағаларды реттеуді енгізуге құқығы бар. Ол 6 айға дейінгі мерзімде  бір немесе бірнеше кәсіпорындармен бағалардың негізсіз жоғарлатылуы, не өнімнің өндірісіне қолданылатын шикізат пен материалдарға бағалар төмендеген жағдайда, дайын өнімге кәсіпкерлер бағаларды төмендетпесе, бағаларды бекітуге құқығы бар. Мұнда бағаның экономикалық ақталғандығы жеке кәсіпорындарды алғандығы өнімнің шындыққа негізделген өзіндік құнымен емес, тұтынушылар мен тұтастай экономика дамуының мүддесі тұрғысынан қарастырылады.

Швейцария. Ауыл шаруашылығының тауарлық өнімдерінің жартысына жуық бағалары заңдық тәртіппен реттелінеді. Мемлекеттік реттеу тағамдық және азықтық дәндер, қант қызылшасы, рапс, сүтке бағаларды қамтиды. Етке анықтамалық бағалар орнатылады. Бағаларды шекті реттеу, оларды бақылаумен бірге, тоқыма тауарлары, киімдер, ойыншықтар, музыкалық аспаптар бойынша жүзеге асырылады.

Швейцарияда мемлекет қорғайтын немесе жәрдем ақша төлейтін тауарлар бағасы бақыланады.

Бағаларды бақылау жөнінде Федералдық ведомство – Швейцария бағақалыптастыру органы болып табылады. Мұнда бағақалыптастыру үдерісі нақты салалар және өнім түрлері бойынша қаулылар мен заңдар қатарымен, тауарларға қорғаушы бағалар жайлы федералды Үкіметтің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Испания. Испанияда баға орнатуда 3 түрлі тәсіл орын алуы мүмкін. Біріншіден, бәсекелстік туралы заңдардан шығатын бағалар нормасын орнатуды реттейтіндер. Екіншіден, мемлекеттік биліктің өкілеттігі нарықтық қызметтер мен тауарларға бағаларды орнату. Үшіншіден, өндірушілер мен сатушылар жүзеге асыратын бағаларды орнату саласындағы тұттынушылардың экономикалық мүдделеріне қатысты нормалар.

Информация о работе Кәсіпорындағы баға саясаты