Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.
Бәсекелестік саласындағы испандық заңдардың жалпы қағидасы тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағаларды орнату бөлігіндегі еркіндік болып табылады.
Испанияда адал емес бәсекелестік туралы Акт сияқты бәсекелестікті қорғау туралы Акт та бағаларды орнатудың еркіндігін жариялайды. Бәсекелстікті қорғау бойынша трибунал заңдық күші жоқ бағаларды орнату бойынша кез келген дұрыс емес жағдайды мәлімдеп, оның қатысушыларына 970 000 эскудаға дейін және одан жоғары мөлшерде айыппұл салуы мүмкін. Адал емес бәсекелестік туралы Акт демпингтің мүмкіншіліктерін шектейді, ал ішкі сауда туралы Акт, демпингті, әкімшілік құқықбұзушылық ретінде анықтайды. қылмыстық кодекстің өзі бәсекелестік барысында орнатылған бағаларды белгілі бір жағдайларындағы модификациялау әрекеттерін қылмыс деп бағалайды.
Жалпы экономикалық саясаттың құралы ретінде біршама қызмет көрсетулер мен тауар түрлерінің бағаларына шектеулер салуға өкілеттік бар. Бағаларды жоғарлату үшін алдын – ала әкімшіліктік рұқсат талап етілетін тауарлар мен қызметтер санын қысқартты. Кейбір жағдайларда мұндай рұқсат билік органымен ұлттық деңгейде берілсе, басқаларда – аймақтық деңгейде беріледі. Ұлттық деңгейдегі рұқсаттар электрқуаттылығы, газ, дәрі-дәрмектер, ауылшаруашылық сақтандырудың әр түрлерін, пошталық және телеграфтық қызмет көрсетулер, телефон және байланыс қызметтерін, қоғамдық көлік және Ұлттық теміржол компаниясының жол билеттерінің төлемін бағалауға тиісті. Аймақтық деңгейдегі рұқсаттар сумен қамтамасыз ету, қалалық жолаушылық көлік пен аймақтық теміржол компанияларының қызметтері, сонымен қатар Канар аралдарындағы гидроирригационды қызметтер төлемдеріне тиісті.
Ішкі сауда туралы акт Үкіметке билік органдарының берген лицензиялары бойынша немесе монополиялар өндіретін стратегиялық тауарлардың, тағамдық өнімдердің негізгілеріне қарай бағалардың өзгерулеріне алдын – ала рұқсаттар жүйесін қолдануға рұқсат береді.
Бағақалыптастырудың үшінші тәсілі тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне қатысты және ұсынылатын бағалардың ішіндегі тиісті таңдаудың қамтамасыз етіілуіне негізделген. Испандық заңдарда негізгі бір ереже бар, ол бойынша тұтынушының баға туралы жалпы немес смета туралы сұрау салса, ол жайлы мағлұматтары, және пайдалану немесе сатып алу актінің заңдық, экономикалық шарттары туралы, сонымен қатар бағалық шегерім немесе үстеменің кез келген мүмкін мөлшері және қосымша қызметтерді, қаржылық схемаларды ұсынудан, мерзімін ұзартып өткізу мүмкіншілігі немесе сол сияқты шаралардан шығатын кез келген қосымша шығындары туралы мағлұматтары болуы керек.
Бағаларға бақылау және мемлекеттік реттеуді 1977 ж. Королевтік декретпен бекітілген экономика және қаржы Министрлігі тұсындағы бағалар бойынша Жоғарғы кеңес жүзеге асырады.
Тұтынушылық
бағалардың жалпы көлемінің шамамен
10%-ын тікелей мемлекетпен
Рұқсат бағалар. Нақты тауар немесе қызмет бағаларын жоғарлатуды жоспарлайтын мемлекеттік немесе жекеменшік компания, бағалар бойынша Жоғарға кеңеске қолдаухат жібереді және үкіметтік комиссиядан рұқсат алған соң бағаларды көтереді. Олар соя майы, электроэнергия, табиғи және сұйылтылған газ, бензин, керосин, дизельдік отын, тыңайтқыш өндірісі үшін мұнай, фармацевтік тауарлар, ауыл шаруашылығындағы сақтандыру, телефон байланысының, телеграф пен пошта қызметтері, теміржолдық, автомобильдік, жолаушылық және жүктік тасымалдарға, ел ішіндегі теңіздік жолаушылық тасымалдарға, әуе тасымалдарына орнатылады.
Хабарлау бағалары – бағаларды жоғарлатуды жүзеге асырғанға дейін бір ай бұрын бағалар бойынша жоғарғы кеңеске хабарлағанан кейінгі бағалар (мысалы, айықтырылған (стерилизованное) сүт, сұйық май, жемшөп дәні, минералды тыңайтқыштар).
Жергілікті бағалар. Оларға келесі тауарлар мен қызметтер бағасы жатады: тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, қалалық жолаушылық және теміржол тасымалдары, клиника, санаторийлер, аурухана қызметтері. Олардың жоғарлауы бағалар бойынша провинциалды комиссия компетенциясына кіреді. Елдің жалпы нарыққа енуіне байланысты көптеген тауарлар, оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаларды реттеу ЕО деңгейінде жүреді.
Греция. Бағақалыптастыру облысындағы мемлекеттік реттеу бағаларды тікелей анықтау және олардың орындалуын бақылау жолымен және жалпыэкономикалық саясат шекарасында немесе экономиканың жеке салаларындағы елдің белгілі бір даму кезеңдерінде табыстар мен бағалар саясатын жүргізумен жүзеге асырылады.
Қазіргі
уақытта тұтынушылық тауарлар мен
қызметтердің шамамен 20% атауының бағалары
мемлекеттік органдармен
Бірінші топқа енетін тауарлар мен қызметтер бағасын табыстар мен бағалар бойынша Министраралық комитет реттейді, оны ұлттық экономика Министрі басқарады. Бұл орган бидай, темекі, мейіз, электроэнергия тарифтері, қоғамдық көлік, пошталық және байланыс желілері, әуежолаушылық тасымалдар, каботаж (кеме қатынасы) сапары бағаларын реттейді. Министраралық комитет құрамына қаржы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, сауда министрлері және кейбір басқа министрлер (еңбек, денсаулық сақтау) кіреді.
Екінші топқа қалған тауарлар мен қызмет жатады. Оларға бағаларды сауда Министрлігі реттейді. Министрлік өзінің орындаушылық қызметтерін (толық немесе бөліктеп) жергілікті билік органдарына беру мүмкіндігі қаралған. Сонда да олар қосымша рольді ойнайды. ¤йткені сауда министрінің бекітуінсіз олардың шешімдерінің заңдық күші жоқ.
Екінші топ тауарлары мен қызметтері үш категорияға бөлінеді:
Жапонияда бағақалыптастыруға мемлекеттің тікелей араласуы минималды. Мемлекет корпорация жағына бөлшек және көтерме сауда бағаларына бақылаудың кез келген формасын шектейтін бағытты жүргізуде. Бағақалыптастыруда мемлекет пен нарық субъектілерінің қатысуын шектейтін негізгі заңдық база–ол монополияға қарсы заң (1947ж.). Жапонияда бағақалыптастырудың негізі сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы болып табылады. 1973ж. құрылған экономикалық жоспарлаудың Басқармасы тұсындағы баға Бюросы қызмет етуде. Ол бағақалыптастыру облысында маңызды қызметті жүзеге асыратын үкіметтік орган болып табылады. Оның қызмет ету аясына енетіндер:
‡кімет жағынан ынталы назардың объектісі – ауыл шаруашылық өнімі мен азық–түлік тауарларына бағақалыптастыру болып табылады. Мемлекет араласпаған жағдайда, көптеген дамыған мемлекеттерге қарағанда шығындары жоғары жапон фермерлерінің негізгі бөлігі шаруашылық аумағының кішілігіне, жұмыс күшінің, жем бағасының қымбаттылығына байланысты құлдырауға ұшыраушы еді. Сондықтан мемлекет аграрлы секторды қолдаудың әр түрлі әдістерін қолданады:
Австралия.
Бұл елде реттеудің арнаулы жүйесі жоқ.
Нан, сүт, жұмыртқа бағаларына бақылау
осы ел штаттарының қазынашылықтарының
құрамына кіретін арнаулы өкілетті ұйымдар
мен штаттар қатарында жүзеге асырылады.
¤кілетті ұйымдар аталған тауарлардың
бағаларының максималды деңгейін үнемі
қайта қарап отырады. Басқа жалпы ауылшаруашылық
тауараларына минималды кепілденген сатып
алу бағалары бекітіледі. Көтерме сауда
бағаларының ұлттық қазынашылық құрамына
кіретін бағаларды бақылау Басқармасына
алдын– ала хабарламай (21 күн бұрын) жоғарылауы
мүмкін емес.
Тақырып
бойынша бақылау
сұрақтары:
7 Тақырып.
Өзара шарт жасасу кезіндегі бағақалыптастыру
1. Өзара
шарттық бағалар
Көтерме
жабдықтау кезінде бағалар
Қатаң (тұрақты, тіркелген, кенілденген, fixed price) баға өзара шартқа қол қою сәтінде бекітіледі, оның қызмет етуінің барлық мерзімінде өзгеріске ұшырамайды және де тауар ағымымен жабдықтау реттілігі мен мерзіміне тәуелді емес. Мұнда «баға қатаң, өзгеріске жатпайды»
Қозғалысты баға (fleixble price) - өзара шарт жасалғанда тіркелінетін баға, осы тауардың нарықтық бағасы оны қою сәтіне дейін өзгерітіндей болған жағдайда қайта қарастырылуы мүмкін баға. Бұл баға төмендеу немесе жоғарлау өзгерісіне ұшырап отырады. Мұндай өзгеріс «жоғарлау не төмендеу ескертпесі» деген атауға ие болады. Әдетте өзара шартта мүмкін жіберілетін минимум қарастырылады, мысалға, өзара шартта қабылданған бағадан 2-5% шегінде. Мұндай аралықтағы бағаның ауытқуы өзара шарттағы бағаға ешқандай өзгеріс әкелмейді. Қозғалысты бағамен өзара шарт жасасқанда міндетті түрде нарық бағасының өзгеруі сипатын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы статистикалық мәліметтер жинағы болу керек. Қозғалысты бағалар көн жағдайда ұзақ мерзімді өзара шартпен қойылымы қамтамасыз етілетін шикізат және азық-түлік, өнеркәсіптік өнімдеріне бекітіледі. Мұндай жағдайдағы, есеп айырысулар осы кезеңдегі қызмет етуші ағымды бағалармен жүргізіледі.
Сырғанақ баға (sliding price) - өзара шарттың орындалу мерзімінде болатын өндірістік шығындар өзгерісін есепке ала отырып базистік бағаны қайта қарастыру жолымен өзара шарттың орындалу кезіндегі есептелінетін баға. Егерде өзара шартпен жабдықтаудың бөлшектік түрі қарастырылса, онда баға әр қойылымға жекелей есептеледі.
Сырғанақ бағалар ұзақ мерзімдік дайындауды қажет ететін өнімдер өзара шартына бекітіледі. Өзара шартқа қол қою кезінде қатысушы жақтар базистік бағаны анықтап, оған оның құрылымы бойынша ескертпені енгізеді, яғни тұрақты шығындар пайыздық үлесіне тиісті етіп үлестіру (пайда, өзгермелі шығындар, амортизациялық аударымдар және т.б.), шикізаттар мен материалдар және де еңбекақы шығындары. Өзара шарт қосымшасына өзара шарттық бағалар келісімі турасында хаттама келтіріледі. Импорттаушы мүдесіндегі сырғанақ бағалар бекітілуінде өзара шартқа кейбір шектеулік сипаттағы шарттар енгізілуі мүмкін. нақтыласақ, өзара шарттық бағаға қайта қаралып, өзгертілуі мүмкін емес, сонымен қатар, өзара шарттық бағалардың өзгеруінің мүмкін шегінің пайыздық (мысалға, жалпы тапсырыс көлемінен 10% шамасында) шамасы бекітілуі мүмкін, бұл өз ретінде сырғанау лимиті деп аталады.