Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.
Монтаждық жұмыстарға енетіндер:
Жиһаздар мен құрал-саймандар құнына құралдардың барлық түрлерін конструкциялау және қоймаға жеткізу, сонымен қатар, өндірістік үдеріспен байланысты технологиялық байланысты көліктік құралдар шығындары; жатақхананы жабдықтау үшін, коммуналдық шаруашылық объектісі, сауда, денсаулық сақтау, мәдениет саласы үшін қажетті жиһаздар, құралдар мен саймандар.
Басқа шығындарға барлық шығындар жатады, тек қана құрылыс және монтаждау жұмыстарына, жабдықтарға, жиһаздар мен қосалқы бұйымдарға кеткен шығындар кірмейді.
Басқа шығындарды жабудағы құралдар әдетте сметалық есеп айырысу жасалғанда анықталады.
Құрылыстық монтаждық жұмыстар, жиһаз және құрал-саймандар құнының құрамына жасалған анализдері бойынша мынандай тұжырым жасауға болады: жылжымайтын мүлік дүниелерге бағалағанда құрылыстың сметалық құны өзіне тек қана құрылыс жұмыстарының құнын енгізу керек. (монтаждық жұмыстар, жабдықтар және құрал-саймандар құны, бағаланатын объектілердің құрылыс бөлігіне байланысты емес, өйткені олар негізгі қордың жылдам бөлігін қалыптастырады (активті-жылдам). Сондықтан берілген курста ол қарастырылмайды.
Құрылыс жұмыстарының сметалық құны өзіне тура шығындарды (Ст.ш.), өзгермелі шығындарды (Сө.ш.) және сметалық пайданы (Сс.п.)енгізеді:
Сқ.ж
= Ст.ш + Сө.ш..+ Сс.п.
Тура шығындар құрылыс жұмыстарының нақты түрлерін өндірумен байланысты. Олардың шамасы бойынша және сәйкес сметалық бағаламаларды қолданумен байланысты сметалық шығындар мөлшерімен анықталады.
Тура шығындар өз құрамына қосады:
жұмысшы
– құрылысшылардың негізгі
құрылыс машиналары мен механизмдерді пайдалану шығындары жұмысшы-машинстердің еңбек ақысын қосқанда (Сэ.м.м);
құрылыс материалдары мен бұйымдарға, констуркцияларға кеткен шығындар (См.).
Сө.ш = Шн + Сэ.м.м + См = Шн + (Ем + Сп) + См.
мұндағы, Ем – құрылыс машиналарымен жұмыс істейтін жұмысшы
машинстердің еңбекақысы.
Сп–машиналарды пайдалану
еңбекақысын санамағанда).
Реконструкция мен жалпы жөңдеу өндірісінде:
Спз = Шн х 1,15 + Сэ.м.м х 1,25 + См.
Өзгермелі (жөнелтпе) шығындар – құрылысты басқаруда, құрылыс өндірісін қалыптастыруда және жұмысшыларға қызмет көрсетумен байланысты шығындар.
Тура шығындар сомасы мен өзгермелі шығындар құрылыс жұмыстарының сметалық өзіндік құнын (Сө.қ.) құрайды:
Сө.қ. = Стш + Сөш
Сметалық пайда – негізінен мердігерлердің әлеуметтік аясының және өндірістік базаның дамуына әкелетін мердігерлік құрылыс ұйымдарының пайдасы.
Құрылыс жұмыстарының сметалық құнының құрылымы(пайыз түрінде) келісідей:
материалдар, бұйымдар мен конструкцияға кеткен шығындар .......... 50 - 60
жұмысшылардың негізгі еңбекақысына кеткен шығындар .................10 – 17
жұмысшы – машинист еңбекақысын енгізетін, құрылыс машиналары
мен механизмдерді пайдалануға кеткен шығындар .............................. 5 – 10
Тура
шығындар барлығы.......................
-
өзгермелі шығындар ..............................
-
сметалық пайда ..............................
Құрылыс жұмыстарының сметалық құны барлығы .............................. 100
Құрылыстың сметалық құнын анықтау үшін келесідей үлгіде құжаттама құрылады. Жоба құрамында:
Локальдік (жергілікті) сметалар – біріншілік сметалық құжаттамалар болып табылады және де осы жұмыс құжаттамаларын әзірлеу кезінде анықталатын жұмыстар көлемі негізіндегі жалпы жұмысқа не ғимараттар мен қондырғылар бойынша шығындар және жекелеген жұмыс түрлеріне қатысты шығындар ескеріледі.
Локальдік сметалық есеп айырысулар жұмыс көлемі толығымен анықталмаған жағдайда және жұмыс құжаттамалары негізінде нақтылау тиістілігін қажетсінетін немесе жұмыс көлемі мен олардың орындалу әдістері құрылыс үдерісінде нақтыланатын және де жобалау кезінде анықталуы мүмкін. Объектілік сметалар жалпы объектінің өзінде, құрамына локальдық сметалар мәліметтерін біріктіре отырыпнегізінде объектіге келісім шарттық бағаларды қалыптастыратын сметалық құжаттама болып табылады.
Шығындардың жекелеген түрлеріне арналған сметалық есеп айырысулар, шығындар сметалық нормативтермен нақтыланбаған жағдайда құрылады. Бұл шығындар, әдетте, «басқадай жұмыстар мен шығындар» құрамына енеді.
Құрылыс құнының жиынтық сметалық есеп айырысуы, объектілік сметалық есеп айырысу, объектілік сметалар мен жекелеген түрдегі шығындардың сметалық есеп айырысу негізінде құрылады.
Шығындар ақпары (есеп-қисабы, сводка) құрылыстың құнын егерде, өндірістік бағыттағы объектілер мен тұрғын-тұлғалық объектілерге жобалық-сметалық құжаттама құрылатын жағдайда анықталады.
Аталған сметалық құжаттамалар формалары, оларды белгілі бір реттілікте толтыруға мүмкіндік береді. Олар құрылыстың ұсақ элементтерінен ірісіне өту схемасы арқылы толтырылады:
локальдік смета – объектілік смета – жиынтық (сводный) сметалық есеп айырысу.
Сметаларды құру барысында келесідей сипаттағы құнды анықтау әдістері қолданылуы мүмкін:
Базисті–индестік әдіс – жұмыс көлемі және бірліктік бағалама негізінде базистік деңгей бойынша анықталатын құнға ағымдық индексті қолдануға негізделген.
Базистік-өтемақы әдісі – базистік сметалық баға деңгейі негізінде және құрылыста қолданылатын ресурстар тарифтері мен баға өзгерістерін өтейтін қосымша шығындар негізінде анықталатын жұмыстар мен шығындар құнының соммасын қарастырады.
Ресурстық әдіс – жобаны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстардың ағымдық бағасы мен тарифтерінің калькуляциясын қарастырады. Материалдарға, бұйымдар мен конструкцияға, энергия тасушыларға, құрылыс машиналары мен оның құрамын пайдалану, жұмысшылардың еңбек шығындарына қажеттілік шынайы өлшеуіштерде айқындалады және де жоспарлы материалдардан, әр түрлі нормативтік, ақпараттық көздерден бөлінеді.
Ресурсты–индекстік әдіс – ресурстардың базистік деңгейдегі бағасы мен тарифтерінің калькуляциясын қарастырады. Сондықтан да ресурсқа индекс жүйесімен ресурстық әдісті ұштастырады.
Ағымдық бірлік бағаламаға негізделген әдіс – аймақтық ағымдағы өлшемдік бағалама мен жұмыс көлемін қолдануды қарастырады.
Ертеректе
салынған (алдын-ала
салынған) немесе жоспарланған
ұқсас объект құнының
мәліметтері негізіндегі
әдіс объектіні жоспарлағанда құндық
мәліметтер, алдын-ала салынған немесе
жоспарланған ұқсас ғимараттар мен мекемелерді
қолданады.
3. Қызмет
көрсету аясындағы
Қызмет көсету аясы келесідей сипатта топтасады:
Қызмет көрсету ерекшелігі (сезілмеушігі, тұтынудың жекелік сипаты, жинақтау мүмкіндігінің болмауы, өндіріс пен тұтынудың үзіліссіздігі, сапа тұрақсыздығы) баға қалыптасудың және олардың анықталу әдісінің айрықшылығымен қоса, кәсіпорынның баға саясаты мен стратегиясын шарттайды. Көрсетілетін қызметке сұраныс әрдайым даралық сипатта, өндірілуіне ұштаса отырып, жергілікті сипатта болады және де практика жүзінде алмастырылмайды.
Қызмет көрсету аясында бағаның қалыптасу үдерісіне әлеуметтік қызмет көрсетудің қоғамдық мәнділігі, және де басқа да сыртқы факторлар әсер етеді. Нәтижесінде шаруашылықтың нарықтық механизмі үнемі тиімді бола бермейді, осы себептен баға қаржылық тұтқалармен (рычаг) толықтырылып отырылуы қажет: өндірушілерге жеңілдіктер мен төлемақылар, ал тұтынушыға-жәрдемақылар. Мұндай сипаттағы мәселе ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласына тиісті.
Нарық коньюнктурасына қызметтердің жоғарғы сезімталдылығы баға қалыптастыру икемділігін қажетсініп, шегерімдерді қолдану, баға өзгерістеріне байланысты баға саралануын талап етеді.
Қызметтер аясы үшін сұраныстың баға бойынша жоғарғы икемділігі тән. Осыдан басқа, баға сапалық көрсеткіш ретінде де қарастыралыды (өйткені тұтқынушы әрдайым көрсетіліп тұрған қызмет жайлы ақпаратты біле бермейді).
Қызмет бағаларын реттеу тұрғысынан оларды 3 категорияға бөлуге болады:
Бірінші топқа байланыс, көлік, денсаулық сақтау және білім берумен байланысты қызметтер кіреді. Осы топтағы қызметтердің бір бөлігі табиғи монополиялардың тарифтерін мемлекеттік реттеу бойынша, не тегін түрде көрсетілетін қызметтерге жатқызылады.
Екінші топқа, тарифтері сан түрлі бірлестіктер мен немесе нарық қатысушыларының келісімшілдігінің нәтижесінде реттелінетін қызметтер енеді (әуе тасымалдауы, нотариустық, адвокаттық қызметтер).
Үшінші
топқа тарифтері сервистік
Қызмет аясының ерекшелігі көтерме құрылымда бола отырып, ол көтермелік және де бөлшек саудалық баға функциясын атқара алатын айрықшалығымен шартталынады. Қызметтер бағасы тұтынатын қызметтің бірлігіне есептеліне алады (кино билеті, шаш алдыру бағасы және т.б.), сонымен қатар осы қызметті орындау үшін қажетті басқада қызметтер түрінің бағасының соммасы ретінде интегралдық үлгіде есептеліне алады (тұрмыстық техниканы жөндеу, стоматологиялық қызметтер, маркетингтік зерттеулер жүргізу), немесе бірін-бірі толықтыра алатын қызметтерді іске асыруда қолданылатын кешендік бағалар (туристік-экскурсиондық қызмет көрсетудегі бір турдың бағасы, стационардағы емделу бағасы, құрал-жабдықтарды орнату мен бекіту бағалары).