Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 18:15, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың тереңдеуі жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында көп салалы инвестициялық қызметті қолдануда ерекше контроллинг жүйесін жасаудың маңызы зор. Көптеген елдердің бүгінгі күні дайындаған дағдарысқа қарсы бағдарламаларында ерекше маңызды ресурстар ағымын реттейтін жаңа құралдар бар, соған сәйкес осы дағдарысқа қарсы кеністіктегі іске асырылатын шараларды келісу мүмкін болады және объективті тұрғыда қажет. Кез-келген дағдарысқа толқын тәрізді үрдіс тән болғандықтан, осы дағдарыстың тереңдігіне дер кезінде икемделу керек, яғни бұл – инвестициялық ағымдарды реттеу бойынша сәйкес шаралар жүйесін қабылдауды талап етеді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................6

Инвестициялық қызметтің теориялық негізі......................................9
1.1 Инвестиция және инвестициялық қызметтің экономикалық
мазмұны..............................................................................................................9
1.2 Инвестициялық қызметтің дамуы – экономикалық белсенділіктің артуы ретінде...................................................................................................22

2 Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің даму тенденциясына талдау жасау........................................31
2.1 Инвестициялық қызметтің құрылымдық өзгерістерін талдау..............31
2.2Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудағы инвестициялық белсенділікті бағалау.......................................................................................44
2.3 Отандық өндірістің инвестициялық ахуалын талдау.............................57
3 Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары.....................................................64
3.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды
шешу жолдары................................................................................................64
3.2 Жаңа стратегия – экономиканың жаңаруы мен тұрақты өсуінің
негізі .................................................................................................................69

Қорытынды…………………………………………………………………84

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………...88

Файлы: 1 файл

№ 68+ шетел инвестиция лар модернизация.docx

— 318.91 Кб (Скачать)

Нарықтық экономикада  жоба дегенде тек құжаттама ғана емес, жаңалықты іс жүзіне асыруға  байланысты нәрселердің бәрі, яғни белгілі бір істі қолға алып, ақырына  дейін жеткізу жолында атқарылатын  барлық іс-шаралар ескеріледі. Демек, нарықтық шаруашылық жағдайында инвестициялық  жоба деп оның шеңберінде тұжырымдалған  мақсат-мүдделер жүйесі, ұйымдық-техникалық және нормативтік құжаттамалар кешені, нақтылы объектілерді іске асыруға  және құруға байланысты пайдаланылатын барлық ресурстардың (еңбек, материалдық, қаржылық тағы да сол сияқтылар), сондай-ақ оларды орындау жөніндегі басқарушылық шешімдердің жиынтығы айтылады.

Осы бөлімді  қорытындылай келе еліміздегі инвестициялық  үдерістің дамуына кедергі жасап  отырған бірқатар себептерге тоқталайық.

1. Экономикалық  себептер:

− шикізат  экспортына бағытталған салаларға  деген қатынасэкономиканы әлемдік  нарық конъюнктурасына толық  тәуелді етіп отыр;

− бюджеттік  қаражаттардың өте көп бөлігі мемлекеттің сыртқы қарыздар қайтаруға  жұмсалып отыр;

− шығынмен жұмыс істеп отырған кәсіпорындар үлесінің жоғарылылығы инвестициялау  үшін ақша қаражаттарының жетіспеушілігін  көбейтіп оытр;

− негізгі  қорлардың көп бөлігінің тозуы 60 пайыздан жоғары, ал өнеркәсіптің кейбір салалары бойынша бұл көрсеткіш  бұдан да жоғары;

− экономика  салаларының дисбалансы. Бүгінгі  күні инвестициялау үшін неғұрлым қолайлы  салалар мен кәсіпорындар шеңбері  қалыптасқан. Олар үшін жоғары рентабелділік  тән және соның нәтижесінде жұмсалған  қаражаттардың қайтарымы тез  болып отыр. Сондықтан да неғұрлым тиімді салымдар отын-энергетика кешендері  мен сауда салалары болып отыр:

− коммерциялық банктердің несиелер құнының жоғары болуы инвестициялаудың осы көзін  пайдалануға кәсіпорындардың мүмкіндіктері  болмай отыр;

− бюджет қаражаттарының тиімсіз және рационалды емес қолданылуы. Оның көп бөлігі мемлекттік үкімет органдарын басқаруға жұмсалып отыр.

2. Психологиялық  себептер:

− Қазақстан  экономикасына шетелдік инвесторлардың ақша қаражаттарын салуға қызығушылықтарының жоқтығы, себебі тартымдылығы неғұрлым кәсіпорындар салыстырмалы түрде өте  аз сомаға акционерленген.

− халықтың басым бөлігінің қор нарығындағы  ойындар тәртіптерінің жеткілікті деңгейде білмеуі. Өздерінің уақытша  бос ақша қаражаттарын қандайда бір  құнды қағаздарға салғысы келетін  жеке тұлғалар оны қалай жасауды  білмейді.

Психологиялық себептердің қатарына инвестициялық  қызметпен тікелей байланысты емес, бірақ Қазақстандағы инвестициялық  климаттың жағдайын талдауға әсер ететін тағы бір  себепті бөліп қарастыруға  болады – ол ақпарттық құрамдас бөліктердің үнемі кешігіп жариялануы. Экономика салалары бойынша пайда  және рентабелділік сияқты кейбір көрсеткіштер бір жылға кешігіп жарияланады.

Инвестициялық үдерістегі кемшіліктер мен мәселелерді  шешу инвестициялық қаражаттарды тарту  көлемін ұлғайтуға, оларды пайдалану  тиімділігін, яғни барлық инвестициялық  қызметті жоғарылатуға мүмкіндіктер береді.

 

2.2 Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудағы инвестициялық            белсенділікті бағалау

 

Инвестициялық қызметті әрбір елде пайдаланудың шектеулі және үдемелі сипаттары сияқты бірқатар факторларға негізделген өзіндік  ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде  көптеген инвестициялық ағымдар  үшін шаруашылықтың әртүрлі салаларын  инвестициялау үдерістерін ынталандыратын қажетті институционалдық базаны, экономикалық тұтқаларды құруға негізделген қолайлы  орта бар. Осылардың барлығы соңғы  жылдары қазақстан экономикасының жоғарылауына әсерін тигізді. Ел экономикасының инвестициялық белсенділігінің  өсу тенденциясының нығайғандығы туралы айтуға болады. Біздің көзқарасымыз бойынша  инвестициялық қызметтің тиімділігін  және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін мүмкіндігін сипаттайтын бағалау  белгілерінің ішіндегі маңыздыларының бірі болып табылады.

Инвестициялық қызметтің тиімділігін өлшеу, оның көлемін бағалау, инвестициялық  ағымдардың бағыттарын анықтау мәселелері инвестициялық кеңістікті құру қажеттілігі  туғаннан кейін өзекті мәселелердің біріне айналғандығын айта кеткен жөн. Жаңа конструктивті бағалау жүйесінде  сандық және сапалы параметрлерді біріктіру  талап етілді, бұл шаруашылықты жүргізуді  жаңа құрылымдық параметрлерімен өзінің мазмұны бойынша да сыртқы өзара  байланыстары бойынша да өте күрделі. Көптеген зерттеушілер «қазіргі уақытта  тиімділікті өлшеу тұжырымдамасын қайта бағалау болып жатыр. Егер дәстүрлі түрде тиімділік көрсеткіштері  сандық көрсеткіштердің шығындарға қатынасы ретінде анықталса, онда қазіргі  кезде тиімділікті анықтау үшін кәсіпорын қызметтерінің сапалық  көрсеткіштері алынады. Бұдан тиімділікті  өлшеу мәселесі кәсіпорындар мен  халық шаруашылығы салаларының  қызметтерінің сапасын бағалау  мәселесімен ұштасады. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезінде  сапа «өмір сүру үлгісіне» және өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің  құрылымының ажырамас бөлігіне айналуы  керек» деп атап айтқан.

Осыдан көріп  отырғанымыздай, сапалық белгілер инвестициялық  кеңістікті ұйымдастыруды бағалауға  деген көзқарастарды объектендіреді. Басқа да дамушы нарықтық жүйелер  сияқы қазақстандық экономика да инвестициялық ортаны құру, инвестициялық  ағымдарды құрылымдастыру кездерінде объективтік сипаттағы бірқатар қиыншылықтармен кездесті. Маңызды  трансформациялық міндеттерді шешу кезінде тек сыртқы инвестицияларға  ғана арқа сүйеу оңтайлы болмайтыны белгілі. Бірақ экономиканы реформалаудың  алғашқы кезеңдерінде бұдан басқа  ешқандай жол болмады. Сондықтан  да қаржыландырудың ішкі көздері  құнсызданды және көптеген объектілер аяқталмаған құрылыстарға айнала бастады. Бұдан – жағымсыз қорытынды шығады. Мәселен, инвестициялық ортадағы 1991 жылы басталған дағдарыс 1999 жылдың басында азиялық және ресейлік қор  нарықтарында болған дағдарыстармен сәйкес келіп ерекше қиыншылыққа тап  болды. Инвестициялық белсенділік  өте жылдам қарқынмен төмендеді. 1998 жылы инвестиция көлемі 1990 жылғы  деңгейдің 14,3 пайызын ғана құрады. 1992 жылдан басталған инвестициялық  ресурстардың біртіндеп қысқаруы инвестициялық  сфераны ғана емес, сонымен бірге  қоғамда орын алған келеңсіз жағдайлардың көбеюіне байланысты елдегі іскерлік белсенділікті де төмендетті.

Экономикадағы реформаларды іске асырудың алғашқы  кезеңінде инвестициялық белсенділіктің төмендеуінің негізгі сипаттық белгілерінің бірі қажетті мөлшерде тиімділік  әкелмейтін объектілергі күрделі салымдарды салу болып табылды. Бұл жағдай керісінше, күрделі салымдардың салалық  құрылымын тез төмендетті. Бұл  негізінен инвестициялық сфераға  мемлекет тарапынан бақылаудың төмендеуімен және реттелмейтін инвестициялық жобалардың көбеюімен байланысты болды. Осы  жағдайда өндірістік инвестициялау  деңгейінің төмендеуі құрылғылар мен  жабдықтардың ішкі нарығының азаюына, құрылыс-жөндеу жұмыстарының қысқаруына және жаңа перспективтік жобаларды  игеруге жұмсалатын уақыт факторларының  көбеюіне әкелді.

Инвестициялық белсенділікті кешенді түрде  бағалау кезінде «Күрделі салымдардың  тиімділігі белгілі бір деңгейде инвестициялық ағымдарды іске асыру  барысына, яғни оны ұйымдастыру мен  оларды негізгі қорларға айналдыру  ұзақтылығына тәуелді.

Инвестициялық ағымдарды қысқарту кезінде жаңа қорларды енгізу жылдамдатылады және аяқталмаған құрылыстардың көлемдері  азайтылады. Күрделі салымдардың  көлемін көбейту арқылы өндіріске  негізгі құрал-жабдықтарды көптеп енгізуге қол жеткізуге болады. Ол саланың экономикалық өсу қарқынына  тікелей әсерін тигізеді.

Инвестициялық үдерісті оңтайлы ұйымдастыру үшін құрылыс-жөндеу жұмыстарын прогрессивті түрде ұйымдастырудың маңыздылығы  жоғары. Бұл көрсеткіште құрылыс  ұйымдарының қызметтерінің барлық жақтары көрініс табады.» [24] дегенді ескеру керек.

Біздің ойымызша, «инвестициялық белсенділікті» бағалау  белгілерінде келесідей көрсеткіштерді міндетті түрде ескеру керек:

− инвестициялық  ресурстарға деген сұранысты;

− инвестициялық  ағымдардың динамикасын;

− инвестициялау  көздерінің тұрақтылығын;

− инвестициялау  пропорциясын (өндірістік, өндірістік емес);

− инвестициялық  ортаның реттелгіштігі (арнайы инвестициялық  институттардың бар болуы немесе болмауы).

Экономикадағы инвестициялық үдерістерді бағалауға  осындай көзқарас кезінде ел экономикасындағы инвестициялық стратегияларды құруға және іске асыруға деген көзқарастың  өзі объектендіреді. Сонымен қатар  оны ел ішіндегі басқа да үдерістермен салыстыру және шет елдердегі  осыған ұқсас үдерістерді бағалау  үшін әдістемелік база құрылады. Инвестициялық  стратегия саласындағы сарапшылардың  инвестициялық үдерістің өзін қалай  дұрыс ұйымдастырудың объективті қажеттілігімен бірге инвестициялық портфелді  қалыптастырудан, яғни инвестицияның  ұсынысы, оларға деген сұраныс және ерекше инвестициялық конъюктураның  қозғалысына контролингтің бар  болуынан бастап экономикаға салынатын  инвестициялардың тиімділігін бағалауға  ерекше көңіл бөлетіндері кездейсоқтық емес. Осы айтылғандардың барлығы  инвестициялаудың күдікті көздерінен және өндірістік емес шығындардан бас  тарта отырып экономикадағы инвестициялық  ортаны неғұрлым нәтижелі моделдеуге мүмкіндіктер береді.

Инвестициялық ортадағы конъюктурада қалыптасқан  жағдайға бірқатар факторлар әсер етеді. Факторларды екі топқа бөліп  қарастырады. Біріншісі – бұл  инвестициялық сұранысқа әсер ететін факторлар, екіншісі – инвестициялық  ұсынысты қалыптастыратын факторлар. Инвестициялық сферадағы сұраныс  пен ұсыныстың ара-қатынасына құрылыс  өнімдеріне деген келісім-шарттық  бағалар да әсер етеді.

Инвестициялық сұранысқа әсер ететін факторлар  тобына негізгі қорларды жаңарту, кәсіпорындардың  шаруашылық қызметтерінің көлемін  кеңейту мақсатымен оларды қайта  құру жатады.

Инвестициялық сұраныс инвестициялық белсенділікті  бағалау үшін өте маңызды. Ол кәсіпкерлік  белсенділікті жоғарылатудың нақты  үдерістерін көрсете отырып инвестициялық  ортадағы өзгерістер үшін негіз қалыптастырады, іскерлік белсенділікке байланысты инвестициялық ағымдардың пропорциясын анықтайды.

Инвестициялық сферадағы белсенділік инвестициялық  ұсыныс есебінен болуы мүмкін.

Эконмикадағы  дағдарыстық жағдайлардың біртіндеп  жойылуы және макротұрақтылыққа  қол жеткізілген кезде  инвестициялық  орта неғұрлым қолайлы инвестициялық  конъюктурада жұмыс істей бастады. Яғни, инвестицияларға деген сұраныс  пен ұсыныс белсендірілді. Инвестициялық  тоқыраудың оның қайтадан жандануына ауысуы барлық дамушы нарықтық жүйелерде  орын алды. Бір-бірлерінен өзгешеліктері  тек инвестициялау көздері болды. Инвестициялық белсенділік динамикасындағы  тенденцияларды көрсету үшін ұзақ уақыт  кезеңін зерттеу керек. Ол үшін келесі кесте мәліметтерін келтіріп, оларға талдаулар жасайық.

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, 1997-2011 жылдар аралығында инвестициялық сферадағы тоқырау ең жоғарғы деңгейлерге жеткен. Экономиканың көптеген салаларындағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі, инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі инвестициялық салымдардың құлдырау қарқынын ЖІӨ-мен салыстырғанда жоғары болған жағдайға алып келді. Мәселен, 1995 жылы ол көрсеткіш өткен жылдың шамамен жартысын құраса, ал ЖІӨ бойынша индекс 91,8 пайызды құраған.

 

Кесте 6

1997-2011 жылдар аралығындағы ҚР  нақты ЖІӨ мен инвестициялардың  өзгеру динамикасы 

 

 

Жыл

 

Нақты  ЖІӨ, млрд.тг.

ЖІӨ-нің нақты көлемінің индексі, өткен жылға, пайызбен

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, нақты бағамен, млрд.тг.

Инвестиция индекстері өткен жылға, пайызбен

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006 2007

2008

2009

2010

2011

29,4

423,5

1014,2

1415,7

1672,1

1733,3

2016,5

2599,9

3250,6

3776,3

4612,0

5542,5

7590,6

10213,7

12763,2

90,8

87,4

91,8

100,5

101,7

98,1

102,7

109,8

113,5

109,8

109,3

109,4

109,7

110,7

108,7

5,5

80,9

148,6

119,0

139,8

263,9

369,0

595,7

943,4

1100,0

1327,9

1530,6

2421,0

2804,5

3234,2

-

-

57,5

60,1

111,6

141,9

133,0

148,5

144,7

110,6

116,6

110,6

134,1

111,1

118,2

Ескерту – www.minfin,kzақпарат көзінен алынған мәлімет


 

2001-2007 жылдар  аралығы – бұл инвестициялық  белсенділіктің жоғарылау кезеңі. 2002-2005 жылдар аралығында оның  ең жоғарғы көрсеткіштеріне қол  жеткізілген. Яғни, жыл сайынғы  өсу 133 пайыздан 148,5 пайыз аралығына  дейінгі мөлшерде өзгеріп отырған.  Бұл көбінесе нарықтық реформалардыңнегізденуімен, экономикадағы шаруашылықтардың  нарықтық ортасын кеңейту бойынша  бағдарламаларды іске асырумен, елімізге инвестициялардың өте  көп көлемін тартуға мүмкіндіктер  берген қолайлы инвестициялық  ортаны құрумен негізделді[25].

2008 жылы инвестициялардың  өсу қарқынының 10,6 пайызға дейін  азаюы байқалса, ал осы жағдай 2009 жылы 34,1 пайызға көтерілген. 2010 жылдан  бастап іскерлік және инвестициялық  сфераларда тұрақтылық үдерістері  байқалады. 

2004-2011 жылдар  аралығындағы инвестициялық белсенділіктің  өсуі келесі суретте көрсетілген.

 

Сурет 6.  Негізгі капиталға инвестицияның өсу динамикасы

 

Суреттегі мәліметтерден  көріп отырғанымыздай, 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі аралықта Қазақстан  экономикасында инвестициялық белсенділіктің өсуінің тұрақты тенденциясы  байқалады. Өсуді 2007 жылға қатысы бойынша  алып қарастырсақ, ол 2008 жылы 231,9 пайызды, 2009 жылы – 310,8 пайызды құраған. 2011 жылы инвестициялық белсенділіктің өсуі 2004 жылмен салыстырғанда шамамен 4 есеге  өскен, бұл бір жағынан инвестициялық  салымдардың жыл сайын өсіп отырғандығын көрсетсе, ал екінші жағынан – олардың  көлемдерінің жеткілікті деңгейде көп  екендігін көрсетеді. Осындай тенденция 2011 жылдың басына дейін орын алған. Қаржы сферасындағы жаһандық дағдарыстарға  байланысты соңғы жылдары инвестициялық  белсенділіктердің төмендеуі болғаны  бәрімізге белгілі. Оны келесі суреттен көруге болады.

 

 Сурет 7.  ҚР негізгі капиталға салынған инвестиция динамикасы

 

7-суретке сәйкес 2011 жылдың жарты жылдығында инвестициялардың өсу қарқынының төмендегені көрсетілген, яғни 1,3 пайызды құраған, ал 2011 жылдың осыған сәйкес кезеңінде 2010 жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға төмендеген. Тоқырау негізінен құрылыс-монтаж жұмыстарының, ғимараттар мен құрылғыларды жөндеу жұмыстарының тоқтауымен байланысты. Мәселен, осы мақсаттарға бағытталған инвестициялар 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 22,3 пайызға төмендеген.

Қазақстандық  экономикада инвестициялық белсенділік  бір қалыпсыз режимде қалыптасқаны белгілі. Шаруашылықты жүргізудің негізгі  реттеуіштерін либерализациялаумен  бір мезгілде инвестициялық белсенділікте  бірқатар макроэкономикалық факторларға, көбінесе бағалық факторларға негізделген  дағдарыстар мен өсулер болып  отырды. Егер экономиканың негізгі  макрокөрсеткіштерінің динамикасы, соның ішінде бағалық көрсеткіштердің  әсерінен жалпы ішкі өнім бойынша  дағдарыстық кезеңдердің өзінде де жеткілікті деңгейде жағымды жағдайлар  орын алса, ал инвестициялық белсенділік  бойынша дағдарыстар байқалды. Көптеген кәсіпорындардың өз қызметтерін  тоқтатуы және өндіріс көлемдерінің өте тез қысқаруы болған өткен  ғасырдың 90-жылдарының басында сол  кәсіпорындардың экспорттық қызметтерін  қолдау үшін инвестициялар өте аз мөлшерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға бағытталып отырды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары