Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 18:15, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың тереңдеуі жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында көп салалы инвестициялық қызметті қолдануда ерекше контроллинг жүйесін жасаудың маңызы зор. Көптеген елдердің бүгінгі күні дайындаған дағдарысқа қарсы бағдарламаларында ерекше маңызды ресурстар ағымын реттейтін жаңа құралдар бар, соған сәйкес осы дағдарысқа қарсы кеністіктегі іске асырылатын шараларды келісу мүмкін болады және объективті тұрғыда қажет. Кез-келген дағдарысқа толқын тәрізді үрдіс тән болғандықтан, осы дағдарыстың тереңдігіне дер кезінде икемделу керек, яғни бұл – инвестициялық ағымдарды реттеу бойынша сәйкес шаралар жүйесін қабылдауды талап етеді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................6

Инвестициялық қызметтің теориялық негізі......................................9
1.1 Инвестиция және инвестициялық қызметтің экономикалық
мазмұны..............................................................................................................9
1.2 Инвестициялық қызметтің дамуы – экономикалық белсенділіктің артуы ретінде...................................................................................................22

2 Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің даму тенденциясына талдау жасау........................................31
2.1 Инвестициялық қызметтің құрылымдық өзгерістерін талдау..............31
2.2Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудағы инвестициялық белсенділікті бағалау.......................................................................................44
2.3 Отандық өндірістің инвестициялық ахуалын талдау.............................57
3 Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары.....................................................64
3.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды
шешу жолдары................................................................................................64
3.2 Жаңа стратегия – экономиканың жаңаруы мен тұрақты өсуінің
негізі .................................................................................................................69

Қорытынды…………………………………………………………………84

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………...88

Файлы: 1 файл

№ 68+ шетел инвестиция лар модернизация.docx

— 318.91 Кб (Скачать)

Ірі дамушы елдер төрттігі: Бразилия, Ресей, Индия  және Қытай экономикасының жедел  өсуі таяудағы он жылдықтардың маңызды  үрдісі болады. Олар «ескі» индустриялық елдерді экономиканың жалпы көлемі жағынан ғана емес, халықтың жан  басына шаққандағы ЖІӨ бойынша да айтарлықтай ығыстырады.  Бұл  елдердің ЖІӨ-нің жалпы көлемі 2010 жылға қарай Үлкен алтылық  блогы елдерінің (АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция және Италия) жиынтық  ЖІӨ-сінен асып түседі. Бұл ретте, Индия мен Қытай тауар өндіру мен сервистік қызмет көрсету  бойынша, ал Ресей мен Бразилия –  табиғи шикізатты экспорттау бойынша  көшбасшылық ұстанымға ие болады. Әлемнің трансұлттық компаниялары Индия мен Қытайда шамамен  71 % -ға бизнес жүргізуді жоспарлап отыр, бұл ретте  оларды арзан жұмыс күші ретінде қарап қана қоймай, жаңа ірі өткізу нарығы ретінде де қарайды. Нарықтың тез өсуі және үдемелі көлемдері үлкен корпорацияларды тартады және осы елдердің нарықтарын ірі инвестициялар үшін тартымды етеді, ал мүдделі тұтынушылардың өсіп келе жатқан саны қысқа мерзімді сияқты, ұзақ мерзімді перспективада да бизнестің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер танытады.

2020 жылға  қарай халықтың нақты сатып  алу қабілеті бойынша бағаланатын  Қытай экономикасы АҚШ экономикасымен  салыстыруға тұратындай болады. Әлемдік экономикадағы Азия үлесі  35%- дан 43%-ға дейін өседі. Бұл  уақыт ішінде Қытай әлемдегі  ең ірі технологиялық саласы  бар әлемнің екінші экономикалық  державасы болады. Қытай азиялық  экономика локомативі мәрбетесіне  және тұтастай алғанда әлемдік  экономикадағы «белсенді өсу  факторының» рөліне үміткер болуға  қомақты объективті негіздемелерге  ие. Қызмет көрсетулер саласын  (бағдарламалық қамтым, ақпараттық  технологияларға негізделген іскерлік  қызмет көрсетулер аутсорсингі)  тез жаңғырту еңбекті халықаралық  бөлудегі Индияның рөлін айтарлықтай  күшейтеді. Егер соңғы он жылдықтарда  инвесторлар үшін елдердің тартымдылығы  жұмыс күшінің төмен құнына  негізделген, қазіргі кезде ол  энергетикалық ресурстардың қол  жетімділігімен айқындалады. Жер  бетіндегі халықтың үштен бірінен  астамы тұратын өсіп келе жатқан  азиялық алыптар - Қытай мен  Индия энергия ресурстарына деген  орасан зор сұраныс танытып  отыр. Мысалы, Қытай әлемде мұнайды  тұтыну бойынша екінші орынға  шықты. Осы экономикалардың өзін  мұнай мен газдың сенімді көздерімен, оның ішінде шетелдегі неғұрлым  белсенді инвестициялық саясат  есебінен қамтамасыз етуге деген  ұмтылысын танытатын энергия  ресурстарының импортына өсіп  келе жатқан тәуелділігі (2006 жылы  Индияда - 70 %, Қытайда – 50 %).[16]

Жиырма бірінші  ғасыр басталғаннан бері болашақта  да байқалатын ірі компанияларды  жұту әрі біріктіру үрдісі байқалады, бұл әлемдік экономикадағы трансұлттық  корпорацияларды одан да ірілендіруге және олардың рөлін күшейтуге  әкеледі.  Компанияларды біріктіру  мен жұту себебі, бірінші кезекте, шикізат және еңбек ресурстары, капитал  үшін, содан кейін ғана ақпаратқа, білімге, технологияға ие болу болып  табылады, әлемдік ірі трансұлттық  компаниялар өздерінің экономикаларының масштабтары бойынша тәуелсіз мемлекеттер  экономикаларының өлшемдерімен салыстыруға  тұрарлық.   Бұл  үрдіс ТМД  кеңістігіне қазірдің өзінде келді.  Мысалы, 2010 жылы Қазақстан мен Ресейде  жұту және біріктіру нарығының көлемі шамамен бір жарым есеге өсті және шамамен тиісінше 8 және 71 млрд. долларды құрады және бұл үрдіс болашақта да жалғасатын болады. 

Әлемдік тәжірибе барлық елдерде (Францияны, Германияны, Оңтүстік Кореяны және Жапонияны  қоса алғанда) өнеркәсіптік саясат адресаттары  ретінде салалар емес, компаниялар  танылғанын куәландырады. Мысалы, Францияда  әрбір салада өз айналасына ұсақ бизнесті біріктіруге және әлемдік нарықтарда шетелдік фирмалармен бәсекеге түсуге тиіс бір немесе екі ірі компания құрылған.  Экономикалық жағынан  дамыған елдердің қазіргі заманғы  өнеркәсіптік саясаты үшін қатаң  салалық басымдықтардың болмауы  тән, бұл ең алдымен бизнестің  жоғары әртараптандырылған бүкіл құрылымының  салдары болды. Сондықтан өнеркәсіптік саясаттың негізгі адресаты ретінде  көбінесе белгілі бір елде қалыптасқан, ел мүдделеріне жауап беретін  корпоративтік құрылымдар танылады. Дәл осы жерде жалпыұлттық  даму ресурстары: кәсіби кадрлар (маркетологтар, топ-менеджерлер), басқару өкілеттігі, алдыңғы қатарлы технологиялар  мен қаржы ресурстары өспелі дәрежеде шоғырланады.

Осылайша, мемлекет пен трансұлттық компаниялар  тандемі – салалар мен экономиканың тиісті сегменттерінде ірі компанияларды  дамыту стратегиясымен байланыстырылған салааралық кешендерді дамыту стратегиясын әзірлеу. Стратегияның мұндай келісілуі  индустриялық саясатты іске асыру тиімділігі мен сапасын арттыруға, перспективалық нарықтық тауашаларды, экономикалық дамудың  ұзақ мерзімді болжамдарын айқындауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл  тәуекелдерді айтарлықтай қысқартуға және компанияларды инвестициялық  жоспарлау көкжиегін ұлғайтуға  мүмкіндік береді. Мемлекеттік болжау жүйесі серпіліс нүктелерін іздестіреді, болашақ неғұрлым тиімді нарықтарды, сұраныс пен технологияларды  дамыту перспективаларын айқындайды, тәуекелдерді талдауды жүргізеді. Мұндай жүйе бизнеске инвестициялық және зияткерлік ресурстарды қайда шоғырландыру қажеттігін айтады [17].

Қазіргі уақытта  жер шары халқының шамамен үштен  бірін қамтитын индустрияландырудың  кезекті кезеңі байқалып отыр. Болашақ  әлемдік державалар күшті протекционизм, колониялар үшін күрестегі тірі бәсеке, әскери қызметті үстемелеу мен соғыс  жағдайында дамыған 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басындағы индустрияландырудың  бастапқы кезеңдеріне қарағанда  қазіргі заманғы кезең серпінмен  ерекшеленеді. Әлемдік жаһанданудың, әлемдік сауда нарығының, капитал  мен еңбек ресурстары ұтқырлығының мүлдем басқа жағдайы кезінде  бір кездері он жылдықтарға созылған үрдіс қазір бір үкімет шеңберінде жүргізілуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, индустриялық дамудың қазіргі заманғы  процесінде мемлекет шешуші рөлге ие. Мысалы, ірі металлургиялық зауыттар салу туралы шешімдер макроэкономикалық  немесе геосаяси міндеттерді негізге  ала отырып қабылданады. Шикізат  базасын игеру және дамыту мемлекеттің  бақылауымен және қатысуымен жүргізіледі. Жобалардың бастамашылары ретінде  трансұлттық корпорациялар танылса  да, кәсіпорындарды салу тәуекелдерді төмендетудің тиімді тәсілі болып табылатын  ел мұқтаждарын ескере отырып, мемлекеттік  деңгейде келісімдер жасасумен қатар  жүргізіледі. Ұлттық экономика мүддесінде индустрияландыру туралы шешімдер экспортқа  бағдарланған тиісті өңдеуші өнеркәсіп  енді қалыптасып жатқан кезеңде қабылдануға  тиіс. Осының   салдарынан нарықтық тетіктер негізіндегі даму мүмкіндіктері  анағұрлым шектелген, сондықтан  мемлекеттің белсенді қатысуымен жүргізіледі. Қазақстан экономикасының нарықтық жағдайда дамуы елдің экономикалық қызметінің бәсекелі басымдықтарымен  қатар нарыққа бейімделудің әр түрлі  мүмкіндіктерімен байланысты олардың  кемшіліктерін де анықтады. Бұл шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте өндірістің айтарлық құлдырауына және ұюына  әкелді, экономиканың нақты секторы  салаларының шикізат экспорты жағына қарай тепе-теңсіздігі шиеленісе  түсті. Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне белсенді кіруін әлемдік және өңірлік еңбек бөлінісіндегі  Қазақстанның тар мамандануы, негізгі  әлемдік тауар нарықтарынан алшақтығы  тежейді, бұл бірінші кезекте, сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз ететін көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның  дамымағандығымен шиеленісе түседі

Осыған байланысты, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі экономикалық саясаттың  басты басымдығы ретінде мемлекет мақсаты дамудың шикiзат бағытынан  қол үзу жағына қарай экономиканы  әртараптандыру және сервистiк-технологиялық  экономикаға көшуге дайындалу жолымен  елдің орнықты дамуына қол  жеткізу болып табылатын Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негізінде экономиканы  және жоғары технологиялар инновацияларын индустрияландыру жолын таңдап алды. Стратегияны iске асыру оны өнеркәсiптiк  өндiрiстi инновациялық даму талабына сай  барабар әрекет ететiн жоғарғы  бiлiктi кәсiби мамандармен қамтамасыз етуге тiкелей тәуелдi. Бұл ғылыми, инженерлiк-техникалық, ғалым-конструктор мамандарға да, ұйымдастыру-басқару мамандарына (менеджерлерге) да бiрдей қатысты болады[18].

Белгілеу  өлшемі бөлінеді:

  • өнімнің нақты топқа кіретінін сипаттайтын жіктелу өнімдері бәсекелестердің өнімдері мен тауарлардың қолдану саласын таңдау кезеңін бағалау кезінде ғана қолданылады, олар келешектегі талдауға негіз ретінде қызмет етеді және кейінгі есеп айырысуларға қатынаспайды (мысалы, жолаушылар сыйымдылығы, айналу жылдамдығы).
  • Техникалық тиімділік өлшемдері өнімді әзірлеу және дайындау кезінде қолданылатын техникалық шешімдердің үдемелігін сипаттайды (мысалы, станок өнімділігі, өлшеу құралдарын дайындаудың дәлдігі мен жылдамдығы, электронды есептеу машинасына арналған жад көлемі), олар бір уақытта да жіктемелік бола алады.
  • Конструктивті өлшемдер, бұйымды әзірлеу және өндіру кезінде қолданатын негізгі жобалық құрастыру шешімдерін сипаттайды (бұйымның құрамы оның құрлымы, мөлшері, салмағы), жеке өлшемдер жіктеудің мақсаты ретінде де қызмет етеді. Эргономикалық өлшемдер, бұнда адам организіміне қатысты еңбек  операциялары және тұтыну кезінде өнім қасиетінің сай келуі сипатталады (гигиеналық, антропометрикалық, физиологиялық, өндірістік кемелі және тауар түрінің қалпы), олар ішкі өнім қабылдауды моделдейді және көбіне маңызды тұтынушыға, нақты өнім түріне қатысты деңгейлерге олардың сондай ішкі қасиеттері әсер етеді [26]. Нормативті өлшемдер, өнім қасиетін сипаттайды, нарықтағы міндетті заңдармен, стандарттармен, нормалармен регламенттеледі, осы өнімді қайда шығаруды болжау кезінде (патентті тазалық өлшемі, техникалық шешімдерді өнімде іске асыру деңгейін сипаттайды және патент іс-әрекетіне берілмейтін, елде болжанған шығынның болуы, экологиялық өлшемдер, қауіпсіздік өлшемдері осы нарыққа қойылған міндетті әрекетті талап ету халықаралық, ұлттық стандарттар, техникалық регламенттер, заңдар).

Экономикалық  өлшемдер тобына тұтынушылардың толық  жұмсауы (тұтыну бағасы) өнімді сатып  алу және тұтыну бойынша, сонымен  қатар оларды сатып алу мақсаттарымен  және деректі нарықта пайдалануы. Номенклатуралы өлшемдерді таңдау бойынша  нақты шешім, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауда пайдалану, экспортты  комиссиямен осы өнімнің нақты  мақсаттағы есеп және бағалануы үшін қабылданады.

 

 

2 Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің даму тенденциясына талдау жасау

 

2.1 Инвестициялық қызметтің құрылымдық өзгерістерін талдау

 

Қазақстан экономикасындағы жалпы белсенділіктің жоғарылауына байланысты соңғы жылдары инвестициялар  көлемінің жоғарылағаны байқалады. Инвестициялық сұраныстың жоғарылауы инвестицияның көбеюіне әсерін тигізді. Бірақ инвестициялық сұраныстың негізгі генераторы экспортқа бағытталған  салалар болып отыр. Әлі де болса  неғұрлым ірі капиталдар инфрақұрылымы  жақсы дамыған экономикалық тұрғыдан күшті салалар мен аймақтарға ағылуда. ҚР субъектілерінің инвестициялық  тартымдылығын бағалау келесідей  қорытынды жасауға мүмкіндіктер берді: әлеуметтік-саяси, заңдылық-нормативтік  және әсіресе ұйымдастырылу-экономикалық мәселелері жақсы шешілген аймақтарда ғана инвестициялық қаражаттарға деген  жетіспеушілік байқалмайды. Мұндай аймақтар өздеріне қанша инвестициялар  көлемі қажет болса, сонша инвестициялар  тартуға мүмкіндіктері бар.

Қазақстан Республикасы ашық нарықтық экономикаға бағытталған  саяси және экономикалық бір жүйелілікке  бет алып келеді. Бұл Республика Президенті мен Үкіметінің республикаға шетелдік капиталдың құйылуын ынталандырудағы  іс-әрекеттерінен, қолданып жатқан шараларынан  көрінуде.

 

Кесте 1

Инвестициялық қызметтерінің негізгі  көрсеткіштерінің серпінімлн. млн.тенге

 

Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2011/2008ж, %-

1

2

3

4

5

6

Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялар

2 090 266

3 040 031

3 595 876

4 044 579

193,4

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар

1 703 684

2 420 976

2 824 523

3 392 122

199,1

Құрылысқа жұмсалған инвестициялар

1 181 794

1 828 058

2 074 660

2 731 501

231,13

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған  инвестициялар

130 495

254 287

368 354

490 375

375,7

Өткен жылға %-бен

         

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар

123,1

134,1

111,1

113,5

 

Құрылысқа жұмсалған инвестициялар

118,7

145,9

108,1

124,4

 

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған  инвестициялар

210,2

185,9

138,2

126,2

 

Ескерту – www.minfin,kz ақпарат көзінен алынған мәлімет


 

Инвестициялық саясат ел экономикасында маңызды роль атқарады және оның мақсаты мен алға қойылған міндеттерін білу қажет. ҚР үкіметі соңғы жылдардағы жинақталған  тәжірибені негізге ала отырып, шетелдік инвесторлар мүддесінің белгілі  шеңбері туралы мәліметтер алды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары