Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 18:15, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың тереңдеуі жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында көп салалы инвестициялық қызметті қолдануда ерекше контроллинг жүйесін жасаудың маңызы зор. Көптеген елдердің бүгінгі күні дайындаған дағдарысқа қарсы бағдарламаларында ерекше маңызды ресурстар ағымын реттейтін жаңа құралдар бар, соған сәйкес осы дағдарысқа қарсы кеністіктегі іске асырылатын шараларды келісу мүмкін болады және объективті тұрғыда қажет. Кез-келген дағдарысқа толқын тәрізді үрдіс тән болғандықтан, осы дағдарыстың тереңдігіне дер кезінде икемделу керек, яғни бұл – инвестициялық ағымдарды реттеу бойынша сәйкес шаралар жүйесін қабылдауды талап етеді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................6

Инвестициялық қызметтің теориялық негізі......................................9
1.1 Инвестиция және инвестициялық қызметтің экономикалық
мазмұны..............................................................................................................9
1.2 Инвестициялық қызметтің дамуы – экономикалық белсенділіктің артуы ретінде...................................................................................................22

2 Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің даму тенденциясына талдау жасау........................................31
2.1 Инвестициялық қызметтің құрылымдық өзгерістерін талдау..............31
2.2Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудағы инвестициялық белсенділікті бағалау.......................................................................................44
2.3 Отандық өндірістің инвестициялық ахуалын талдау.............................57
3 Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары.....................................................64
3.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды
шешу жолдары................................................................................................64
3.2 Жаңа стратегия – экономиканың жаңаруы мен тұрақты өсуінің
негізі .................................................................................................................69

Қорытынды…………………………………………………………………84

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………...88

Файлы: 1 файл

№ 68+ шетел инвестиция лар модернизация.docx

— 318.91 Кб (Скачать)

Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл  сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.

Мұндай есептің  тәжірибелік мәні: егер өсу процентін  өзгерте алмасаңыз, онда келешек  кірістің көлеміне қажетті болатын  базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге  оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға  кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы  жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен  мөлшердегі сомаға жетесіз.

Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент  те сізге байланысты емес. Онда сіз  бәрібір, бірнеше жылдардан кейін  барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз  жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант  бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас  тарту керек те, инвестицияны басқа  біреуіне салу керек болады.

Мына мысалды  қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің  кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге  өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу  үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге  әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?

Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен  байланысты болады, өйткені уақыт  анықтауды күшейте түседі, шығындардың  орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай  түседі.

Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы  экономикалық тиімділікті уақытша  өзгерістерді есептей отырып, бағалау  керек.Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше  бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір  уақытқа келтіру процесі.

Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде  де объективті пайдалылығы төмен  болады, егер осы соманы айналысқа  салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді. [11,б.61].

Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан  алғашқы табысты ең кем дегенде  үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар  үшін ешқандай қызықты емес, өйткені  олар қысқа мерзімді инвестицияларға  мүдделі. Әлемнің бұл ауданында  өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға  Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын  қажет.

 

1.2 Инвестициялық қызметтің дамуы – экономикалық белсенділіктің артуы ретінде

 

Кез келген мемлекеттің нарықты экономикада  экономикалық тұрақты дамуының мақсаты - ішкі қажеттілікті қанағаттандыру және әлемдік шаруашылық қатынастарда тиімді байланыс жасау. Аталған мақсаттардың жиегіне жету көптеген міндеттердің шешуін талап етеді. Демек, біздің ойымызша нарықтық үдеріске қатынасушылардың мүдделерін барынша ескеру мен қамтамасыз ету  қажет. Ол өз алдына белгілі бір талдау, бағалау шараларымен іске асуы тиіс, яғни мемлекеттің экономикалық қуаттылығының  жинақталған ресурстарының мөлшерімен және қызметті мүмкіндіктерін пайдалану  деңгейімен анықтау қажет. Отандық  тәжірибеде мемлекеттің экономикалық қуаттылығын бағалау көрсеткіші ретінде шаруашылық жүйенің экономикалық қызметінің көрсеткіштері қолданылады. Сондықтан белгілі бір сала жүйесіне қатысты қызметті бағалау нақтылы  мәліметтер арқылы оңды және теріс  үрдістерін анықтау арқылы жүргізіледі. Осыған сәйкес жалпы «қызмет» ұғымын, экономикалық қызметтің құрамдас бөлігі болып табылатын «инвестициялық қызметті» зерттеуге сәйкес қызмет теориясына арналған шет елдің және отандық экономист-ғалымдарының пікірін  ортаға салсақ, қызмет теориясы мен  «экономикалық қызмет» терминінің мән мағынасына арналған еңбектер кездеседі. Экономикалық қызметтің мағынасын  ашу бойынша бірқатар анықтамалар, сипаттамалар, амалдардың кездесетінін назарға ала отырып, келесідей  жіктеуге болады:

1. Экономикалық  қызмет - халық шаруашылығы салаларының  жиынтық қабілеттілігі ретінде. 

2. Экономикалық  қызмет – өндірістік үдеріске  қатысты ресурстардың жиынтығы  ретінде. 

3. Экономикалық  қызмет – шаруашылық субъектілері  арасындағы экономикалық және  өндірістік қатынастардың нәтижесі  ретінде. 

«Экономикалық қызмет» терминіне анықтама беру кезінде, басқа категориялардан айырмашылығы бар негізгі сипатын бөліп қарастыру қажет. Олардың ішінде: 

Экономикалық  қызмет– шама-шарқына байланысты қабілеттіліктердің жиынтығы, талданып отырған жүйенің мүмкіндіктері. Демек, экономикалық қызметбелгілі бір ресурстардың жиынтығымен сипатталады; 

Бұл ресурстар  өндірісте қолданылуы тиіс немесе шаруашылық жүйеге пайдалануға дайын күйде  болуы қажет, яғни бұл термин дамудың  жеткен немесе жетілген деңгейін сипаттайды. Жүйенің қабілеттіліктері мен мүмкіндіктері, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық қатынастардың сипаты мен ерекшеліктері  бойынша өзара байланысқан және шаруашылық үдеріске қатысты адамдар, кәсіпорын, мемлекеттік мекемелер  арасында өзара қарым – қатынастағы  сипатымен ерекшеленеді. Бұл қатынастардың  мақсаты біздің пікірімізше, ресурстарды  тиімді пайдалану, тауарлар мен қызметтерді  өндіру негізінде қажеттілікттерді қалыптастыру және оны барынша қанағаттандыру деп санаймыз. Жоғарыда келтірілген  анықтамалар мен пікірлерді ескере отырып, «экономикалық қызмет» термині – бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастар үдерісінде қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, қоғамдағы қажеттілікті, мұқтаждықты тауарлар мен қызметтер арқылы барынша қанағаттандыру және қалыптастыру мүмкіндіктерінің жиынтығы деп тұжырымдаймыз. Экономикалық қызметті көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша экономикалық қатынастардың әр түрлі қырларын қарастыру арқылы жекелеген тұжырымдарының орын алып отырғандығы теориялық тұрғыда зерттелді. Дегенмен, нақтылы инвестициялық қызметтің даму деңгейі жөнінде теориялық астары бар ғылыми еңбектердің көбісі, экономикаға қатысты әр сипаттағы мәселелерге арналып отырғандығы анықталынды. Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың өз қызметтерін кеңейтуі инвестициялық қызмет арқылы жүзеге асатыны белгілі. Қазіргі уақытта шаруашылықты жүргізу нарықтық стратегияға бағытталатын болғандықтан, кәсіпорындар инвестициялар нарығын құруды қажет етеді [12].

 

Сурет 3. Инвестициялық қызмет

 

«Инвестициялық  қызмет» түсінігі экономикалық әдебиеттерде материалды-техникалық ресурстардың құрамдас бөлігі ретінде қызметтік-экономикалық қызмет шеңберінде қарастырылады. «Инвестициялық қызмет» түсінігімен «инвестициялық ресурстар» түсінігі тығыз байланысты. Инвестициялық ресурстар дегеніміз  инвестициялық үдерістің соңғы  нәтижесін қамтамасыз ететін ресурстар. «Инвестициялық қызмет» түсінігін  бөліп қарастырудағы басты себеп  қызметтің негізгі қорлардың  ұлғаймалы ұдайы өндірісіне қабілеттілігін және сол қабілеттілікті пайдалануды  талдауды бағалау қажеттілігінен туындап  отыр. Сонымен біздің көзқарасымыз бойынша, инвестициялық қызмет - бұл  күрделі салым түріндегі үнемі  пайда болып отыратын қаржылық ресурстардың жиынтығы болып табылады. Сонымен  бірге инвестициялық қызмет экономика  салаларын инвестициялаудың мүмкіндіктері  мен шегін сипаттап отырады. Инвестициялық  қызмет туралы түсінігімізді келесідей  сызба ретінде көрсетуге болады.

Инвестициялық қызметтің жеке элементтерінің өзара  байланысы шектелген және өзара  негізделген. Егер инвестициялық ресурстар  мен үрдістер оны неғұрлым жақсы  іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етсе, ал негізгі қорлар қызметтік  мүмкіндіктердің іске асырылу деңгейін көрсетеді. Бұл жерде сыртқы әлеуметтік-экономикалық орта, құқықтық және шаруашылық тетіктері  негізгі роль атқарады. Инвестициялық  үдеріс – бұл күрделі салымдардың  дайын объектілерге немесе негізгі  қорларға айналу үдеріс. Ол келесідей  кезеңдерден тұрады:

− дайындық жұмыстары;

− жобалау;

− өндіріс;

− дайын  объектіні өткізу;

− нәтижені бағалау.

Дайындық  кезеңі инвестициялық мақсаттар  мен бағдарламаларды жасаудан, жобалау  және өндіріс жұмыстары орындаушыларды іздестіруден, тапсырыс берушілер мен  орындаушылар үшін нақты тапсырмаларды  анықтаудан тұрады. Жобалау кезеңінде  инвестициялық стратегия жоба түрінде  көрініс табады. Дайын объектіні  өткізу оның қалыпты жұмыс істеуге  дайын екендігін бағалау. Нәтижені бағалау кезеңінде инвестициялық  тапсырманың жобалық параметрлерін  қол жеткізілген нақты көрсеткіштермен  салыстыру жүргізіледі. Инвестициялық  қызметті талдау логикасы келесідей  кезектілікпен жүзеге асырылады (сурет  4).

 

 

Сурет  4. Инвестициялық қызметті талдаудың мазмұны

 

Инвестициялық қызметтің қасиеттері мен заңдылықтарын  зерттеу оның мәні мен құрылымын  сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін  анықтаудан басталады. Инвестициялық  қызметтің көрсеткіштер жүйесін 4- сурет  түрінде көрсетейік.

Инвестициялық қызметтің индикаторлар жүйесі өзінің мазмұны бойынша келесідей түрлерге бөлінеді:

− көлемдік;

− құрылымдық;

− пайдалану  тиімділігі.

Күрделі салымның көлемі – инвестицияны жалпылап көрсететін көрсеткіш, ол ақшалай өлшем түрінде  негізгі қорлардың ұлғаймалы  ұдайы өндірісіне кеткен шығындардың  көлемін сипаттайды. Құндық көрсеткіш  ретінде ол қаржыландыру көздері  есебінен қалыптасады. Осы көрсеткіштің көмегімен елдегі инвестициялық  қызметтің көлемі, негізгі қорларды жаңарту динамикасы, экономика саласындағы  инвестициялық саяаттың заңдылықтары мен даму үрдістері туралы қортытындылар  жасауға болады. Негізгі қорларды іске қосу көлемі – инвестициялық  қызметтің іс-әрекетінің нәтижелілігін  көрсететін маңызды көрсеткіш [14].

 

Сурет  5. Экономика салаларының инвестициялық қызметінің көрсеткіштер жүйесі

 

Инвестициялық қызметтің құрылымдық көрсеткіштері  күрделі салымдарды әртүрлі белгілері  бойынша жіктеуден құралады.

Күрделі салымдардың  технологиялық құрылымы инвестициялық  қызметтің экономика салаларындағы  ҒТП мәселелерін шешу қабілеттілігін анықтайды.

Күрделі салымдардың  салалық құрылымы экономиканың жеке салаларының даму пропорциясын қалыптастырады, өндірістік салалар мен инфрақұрылым арасындағы тепе-теңдік деңгейін көрсетеді.

Күрделі салымдардың  тиімділік көрсеткіштерін талдау инвестициялық  қызметті пайдалану тиімділігін  жоғарылату резервтерін анықтауға  мүмкіндіктер береді.

Экономика салаларының  дамуындағы инвестициялық қызметтің  ролі ең алдымен шаруашылық жүйелеріндегі  қол жеткізілген стратегиялық мақсаттардан көрінеді.  

Инвестициялық қызметтің динамикасы мен құрылымын  анықтайтын мынандай факторларды бөліп  қарастыруға болады. Олар:

− экономикалық өсу факторлары;

− қаржылық көрсеткіштер;

− өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің факторлары;

− уақыт  факторлары.

Экономика салаларының  экономикалық өсуін көрсететін негізгі  көрсеткіш тауар айналысы болып  табылады. Тауар айналысы мен күрделі  салымдардың арасында бір-бірімен  өзара тәуелділік бар: тауар айналысын  жоғарылату қосымша күрделі салымдарды талап етеді. Сонымен бірге, күрделі  салымдардың көбеюі тауар айналысының  дамуына тәуелді болып келеді. Сондықтан да экономикадағы тауар  айналысын инвестиция көлеміне әсер ететін басты фактор ретінде қарастыруға  болады [15].

Осындай байланыс күрделі салымдар мен пайда көрсеткіштерінің арасында да болады. Яғни, күрделі салымдардың  өсуіне пайданы көбейту есебінен қол жеткізуге болады. Пайда –  белгілі бір нәтижені көрсететін қаржылық көрсеткіш. Табыстылық деңгейі  экономиканың инвестициялық мүмкіндіктерін анықтайды. Қаржыландыру көздерін іздестіруге  бағытталған белсенді қаржылық саясат экономика салаларындағы инвестициялық  шаралардың пайда болуына әкелетін негізгі фактор болып табылады. Өндірісті  ұйымдастыру факторлары күрделі  салымдарды іске асыруға тікелей  әсер етеді. Осы факторлардың ішінен жұмыспен қамтылған жұмысшылардың  саны және еңбек өнімділігі сияқты факторларды бөліп қарастыруға  болады. Сонымен күрделі салымдардың  көлемі экономика салаларындағы  инвестициялық үдерістерге әсер ететін факторлардың өзара байланысымен және олардың өзгеруімен анықталады.

Біздің ойымызша, нарықты экономика жағдайында инвестициялық  қызметтің индикаторларын екі үлкен  топқа бөліп қарастыру талап  етіледі:

    1. инвестициялық сұранысқа әсер ететін индикаторлар;
    2. инвестициялық ұсынысты қалыптастыратын индикаторлар.

Инвестициялық сұранысқа әсер ететін индикаторлар тобына негізгі қорларды жаңарту, кәсіпорындардың  шаруашылық қызметтерінің көлемін  кеңейту мақсатында оларды қайта  құру. Инвестициялық саланың дамуы  инвестициялық ұсыныстардың кеңеюі есебінен жүргізілуі мүмкін. Бұл жерде  негізгі қаржыландыру көзі кәсіпорындардың  пайдасы мен амортизациялық аударымдары, сонымен бірге инвестициялық  мақсаттарға алынған несиелер болып  табылады. Инвестициялық ұсынысқа қаржылық көздерден басқа күрделі құрылыс  та әсер етеді. Инвестициялық қызметтің  дамуындағы уақыт факторын ескеру қалыпты  инвестициялық циклмен байланысты.

Қазіргі заманғы  әлемдік экономика мен жаһандану  құрылымы оған қатысулар үшін жаңа қатаң әрі бәсекелі талаптар қояды. Қазақстан үшін жаһандық өндірістің шындықтары мен қыр көрсетулерді сезіну қажет, онда  бірінші кезекте  дамыған елдер мен трансұлттық  корпорациялар өз мақсаттарын қудалай  отырып, өндірістің әлемдік тізбегінде үстемдік жағдайын сақтап қалуда ресурстар  үшін күрес жүргізеді.  Бұл технологиялар  дамыған елдердің қолында болатын, ал шикізатқа бай елдер қудалаушылар рөлінде қалатын қалыптасқан  жағдайға әкеледі. Әлемдік тұтыну мен  өндіру орталығының  Бразилия, Ресей, Индия және Қытай сияқты елдерге  ауысу жағдайында дамушы елдер үшін өзінің маңыздылығы мен қызметі  жағынан көптеген елдер үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы  индустрияландыру, көтеру және әлемдік  табыстарды бөлуге тең құқылы қатысушы болу үшін қалыптасқандарға тең жағдайлар  қалыптасқан.

Информация о работе Қазақстан Республикасы экономикасын инвестициялау приоритеттері мен жетілдіру жолдары