Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 15:41, дипломная работа
Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 2. Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі . . . . . . . . . .
2. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 1. Физикалық география курстарында экоглогиялыық білім және
тәрбие беру методикасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
география және дүние жүзі экономикалық география курстарын-
да экологиялық тәрбие беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі . . . . . . . . . . . . . .
3. 1. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру . . . . . . . . . . . . .
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ Жаңа білім беру. (әдіс) Біз бүгін әдеттегідей жаңа тақырып өтеміз. Сабақтың тақырыбы Евразияның табиғат зоналары. Тақырыпты тақтаға жазып қоямын. Сосын «Табиғат зонасы дегеніміз не?»-деп анықтамасын сұраймын.
Табиғат зонасы деп температура жағдайларының ылғалдануы, топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі бірдей болып келетін ірі табиғат комплексін айтамыз. Евразияның табиғат зоналарының орналасуында ендік зоналық заңы байқалады.
Табиғат зоналары картасын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Евразияның табиғат зоналары анағұрлым алуан түрлі, материктің солтүстігінде табиғат зоналары тұтас алап болып созылып жатады, тайганың оңтүстік тұсына қарай олар сол сияқты батыстан-шығысқа қарай ауыса береді.
Табиғат зоналардың материкте орналасуы климатқа, жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
III. Сыныпты үш топқа бөлем (үш қатарға, тиісті жұмысты бөліп беремін) Балалар, тақтада жазылған табиғат зоналарының кестесін кі- таппен және алдарындағы картамен жұмыс атқара отырып толтырып шығасыңдар.
І-топ: Арктикалық шөлдің таблицасын толтырады.
ІІ-топ: Тундра, орманды тундраның кестесін толтырады.
Ш-топ: Тайга табиғат зонасының кестесін толтырады.
Келесі зонамыз қоңыржай белдеудің үлкен кеңістігін алып жатқан Шығыс Европа жазығында орналасқан аралас орман мен жалпақ жапырақты ормандардың табиғат зоналарына өзім қысқаша тоқталып шығамын.
III. «Көңіл толқыны» күйі ойналып жатады. Мұғалім енді келесі тоқталатын табиғат зона қандай деп сұрайды. Орманды дала мен дала табиғат зонасы. Дала зонасымен сіздермен қандай материкті өткенде танысып едік? Солтүстік Америка, онда ол зона қалай аталған? Прерий-ормансыз кеңістік деген мағынаны білдіреді. Сіздер бұл табиғат зонасының климатымен толығырақ 8 сыныптың «Қазакстанның физикалық. географиясын өткенде танысасыңдар». Ал бүгінгі сабақта біз сіздермен бұл зонаның қасиеті, қадірі тарихқа толы екендігің және даму болашағын қарастырамыз. Дала табиғат зонасында Қазақстанның 26 % территориясы, орманды дала зонасында 7 % орналасқан. Сонымен қатар осы зонада тілі, әдепғүрпы, салтдәстүрі, мәдениеті ұқсас болған түркі тілдес халықтар мекендеген. Олардың тіпті аспаптары, тағамдары кәсібінде мал шаруашылығы болған. Қазақстанның дала зонасын ғалым Қаныш Сәтбаев жаяу аралап, түсті металл кендерін ашып, респуб-ликаның өндірісін дамытып. экономикасын котеруге үлес қосқан жер осы. Қазақстан үш жүздің басы қосылып біріккен жер осы. .Ал енді 1950-54 жылдарға тоқталатын болсақ, осы зонада тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Миллиондаған гектар жер жыртылып, егіншілік қарқынды дамыды. Бірақ мұның кері әсері де болды, көптеген құнарлы жерлердің топырақтары бүлініп, эрозияға үшырады.
Ал енді біз бұл зонаның болашағын қалай елестете аламыз? Бүгінгі таңда бұл табиғат зонасында кішкентай Қорғалжын қорығы болса, болашақта XXI ғасырға аяқ басқан кезде 2030 жылдары дала зонасында ең үлкен қорық болып, онда емдік қасиеті бар өсімдіктер көп өсіп, таза экологиялық аймаққа айналады. Түркі тілдес халықтар, соның ішінде қазақ халқына қасистті жылқы малы табын-табын өсіріліп, адамдар түгел қымызбен емделеді. Қымыз адамға әрі қуат, әрі шабыт беріп, адам жаны сая табатын жер осы жер болады.
IV. Келесі біздің соңғы зонамыз, шөл мен шөлейт. Біріншіден, біз шөлдердің түрлеріне тоқтала кетейік. Біз сіздермен қандай шөлдердің түрлерін білеміз? Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөл. Осылардың ішінде адамға біршама қолайлысы сазды шөл. Евразия материгінде және Қазақстанда қандай шөлдерді білесіңдер?
Шөл зонасының климатын, топырағын мұғалім өзі сипаттап шығады. Ал енді балалар, сендер өсімдіктану пәнінен қандай шөл мен шөлейттің өсімдіктерінің аттарын білесіңдер? Оқушылар бірнеше өсімдіктердің аттарын атап шығады. Шөл зонасының кеппе шөптерін таратып беріп, олардың құрылысына, ерекшелігіне тоқталады. Олардың бойлары аласа, тікенекті, тамырлары ұзын болып келеді. Себебі оған қоршаған орта әсер етеді.
Дәптермен жұмыс. Географиялық терминдер.
V. Қорытынды. Жауын-шашын өте
аз, өсімдіктері сирек, кейбір жерлерінде
мүлдем кездеспейтін табиғат зонасын
ата. Ал енді балалар бүгін сабақта біз
не өттік, не үйрендік, соны тексеріп шығайық.
Евразия материгінде табиғат зоналары
қалай орын ауыстрады екен?
Солтүстіктен оңтүстікке қарай, батыстан
шығысқа қарай. Әр табиғат зонасының өзіне
тән ерекшеліктері болады.
2.2. Физикалық география курстарында экалогиялық
білім және тәрбие беру методикасы.
" Казакстанның физикалық географиясы" пәні бойынша "Пайдалы қазбалар" тақырыбын экологиямен байланыстырып өткізуге болады. Оқушыны өз өлкесінің табиғат жағдайымен таныстыру оның туған жеріне деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына, патриоттық тәрбие алуына мүмкіндік береді. Табиғат байлықтарын ысырапқорлықпен пайдалану айналадағы ортаның жай-күйіне, тірі және өлі табиғат элементтері арасында қалыптасқан табиғи тепе-теңдік күйіне ықпалын тигізеді.
Орталық Казақстанда жабық және ашық әдіспен кең өңдіру ісі кең етек алып келеді. Кеніштердің шаң-тозаң болып шығаратын кездері екіге бөлінеді: оқтын-оқтын шаң-тозаң болып шығаратын кездер және шаң-тозаң болып шығаратын көздер. Тау-кен кәсіпорындарының ауаны ластауының тағы бір көзі шаң-тозаңның аса ұсақ минерал бөлшектерінің аэрозоль түрінде қалқып атмосфераға шығуы. Ауаның ластануына қарсы күрес жүргізген кезде биологиялық әдістерге газдарды жұту және шаң-тозаңдарды тұтып қалу үшін мүмкіндігінше ағаш, тал, өсімдіктер егуге ерекше назар аударған жөн. Атап айтқанда, Жезказған, Балқаш өндіріс орындарында өнеркәсіптік қалдық суларды тазарту үшін тазартқыш қондырғылар іске қосылды.
Материктер мен мұхиттар географиясы пәні бойынша «Әлем Халықтары — Қазақстанда» тақырыбында өткен мәслихат сабақтың мақсаты — ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын бүкіл әлем халықтары танып отырған кезде, «жас географтар мәслихатын» өткізіп, жерімізді, елімізді келген қонактарға таныстыру және олардың отандарымен танысу.
Сабақта, глобус, Мемлекеттік ту, «Казақстан — 2030» — Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Дүниежүзілік саясикарта, Қазақстанның физикалық картасы, Жарты шарлар картасы, Зоогеографиялық карта, «Солтүстік Америка» , «Оңтүстік Америка», «Австралия», «Африка», «Евразия», «Антарктида»
материктеріне арналған альбом, «Гидросфера», «Литосфера», «Атмосфера» сөзтуымдары, геовикториналар қолданылды.
Сабақ барысы. Мәслихаттың төрайымы — география-биология пәнінің мұғалімі жер бетінің түкпір-түкпірінен Дүниежүзілік «жас географтар мәслихатына» келген қонақтарға Қазакстанның кең байтақ жерін, ата-бабаларымыздың қасиетті атамекнін таныстырып, соңғы кезде Қазақстанда болған өзгерістерге тоқталды. Кеңестер Одағы ыдырап, Қазақстан егеменді ел болды. Ата Заң қабылданып, өз еліміздің Елтаңбасы, Туы, Әнүраны, теңгесі пайда болды. «Қазақстан — 2030» —
Ел Призидентінің Қазақстан халқына Жолдауы жолдаңды. Қазақстан халқы 1999 жылдың қаңтар айыңда Н. Ә. Назарбаевты ел басшысы етіп қайта сайлады, Елімізді өркениетті ел қатарына қосу үшін халық шаруашылығының жан-жақты дамуы қарастырылып жатыр.
Қазақстан — Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
Қазақстан Мемлекеті Туының авторы — Шәкен Ниязбеков. Ермек Өтетілеуұлының «Қазақстан туы» өлеңі оқылды.
Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары танымал суретшілер— Жандарбек Мәлібеков, Шоқан Уәлиханов. Е Өтетілеуұлының «Біздің Елтаңба» өлеңі оқылды. Жер бетінің салтыңда қай жерде, қандай елде болсаң да сол жердің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеу — әр азаматтың міндеті.
Сондықтан қонақтар Қазақстанның Әнүранын орындайды. Жас бишілер қонақтарға «Айгөлек» биін билеп берді. Екі оқушы кезектесіп, Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақтың» өлеңін оқыды.
Келесі кезекте қонақтарөз елдерін таныстырды. Мәслйхатқа қатысып отырғандар - үңдіс, американ, үнді қызы, абориген, ағылшын, масам негр, цыған қызы, араб, пигмей, жапон, испандықтардың рөліндегі оқушылар. Барлығы өздерінің ұлттық киімдерін киген.
Дүниежүзілік «жас географтар мәслихатының» соңы географиялық ойындарға жалғасты. Ортаға шыққан— үңдіс, абориген, пигмей, үнді қызы бір әріптен басталатын географиялық атауларды қағазға жазып, картадан керсету сайысына қатысса, қалған қонақтар екіге бөлініп, «Литосфера», «Гңдросфера» сөзтуымдарын шетті. Сыныптағы барлық окушылар «Сіз білесіз бе?» телевикторинасына белсене қатысты.
Сабақ соңында дүниежүзілік «жас географтар мәслихатына» қатысқан оқушылар «алтын» (5) және «күміс» (4) жүлдемен марапатталды:
Олсм халықгарыньщ тыныс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен аз да болса мағлұмат беретін мұндай сабақтар оқушының ойт-өрісін дамытып, Отан туралы үғымдарын кеңейтеді, өз елі, жері туралы көп білуге ұмтылдырады.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың. жаңа жолына
түскенде
экалогиялық білім мен тәрбие берудің
маңызы арта түсуде. Бұл пробле-малар:Ел
Президенті Н. Ә. Назарбаев үсынған «2030
стратегиялық бағ-
дарламасында» басты орында тұр. .
XXI ғасырда өмір сүретін қазіргі
және болашақ ұрпақтарымыз кең
байтақ Қазақстанның жері мен оның қойнауларын,
су ресурстарын,
өсімдік пен жануарларын қорғауға және,
ғылыми негізде
ұтымды пайдалануға, ауа мен суды таза
сақтауға жан-жақты дайын болу үшін олардың
экологиялық мәдениеттілігін қалыптастырып,
экологиялық біліктерін % дамыту қажет.
Бұл - қазіргі оқу үрдісіне қойылатын
басты талаптардың бірі.
Қазіргі ғылыми-техниканың даму жағдайында қоршаған ортаны қорғау, адамның табиғатпен үйлесуі басты мәселе. Осыны ескеріп, ғалымдардың бірқатар аймақтардағы табиғи ортанын қалжағдайына, экологиялық қасірет салдарынаң зардап шеккен жұртшылықтың жерге, оның байлықтарына, көлдер мен өзендерге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ұқыптылықпен қарау мәселесін көтергендері дұрыс. Ғалам шарға экалогиялық қауіп төніп түрғанда, біздің республикамыз үшін бұл ерекше көкейкесті мәселе. Республикамыздың табиғи жағдайы кері бағытта өзгерді де өзгеріп те барады. Оның себептері ашылды, бірақ өзгерген табиғатты қалпына келтіру үшін біліктілік те, уақыт та керек.
Осы орайда заман талабына сай жас ұрпаққа экологиялық білім мен тарбие беруді мынадай бағытта жүргізген жөн:
1 Табиғатты қорғау, табиғаттың құрам бөліктерін жеке - жеке (мысалы, суды, ауаны, т,б.) емес,біртұтас қорғау.
2. Экология негіздерін арнайы сабақ ретінде беруде биология, химия,физика, география, әдебиет және т.б. пәндермен пәнаралық экологиялық байланысын арттыру.
3. Экологяны оқушыларға тек табиғатты қорғау ғана емес, техникамен өндірірістің өсуінен өзгерген табиғаттан қажетті табиғи жағдайдысақтау деп түсіндіру.
4.Оқушылардың, табиғатқа әлеуметтік құнды көзқарас қалытастыру, әсіресе табиғатты тиімді пайдалану дегенде қажетті табиғат жағ-дайды сақтауды түсіндіру.
Мұны жүзеге асыруда экологиялық білім мен тәрбие беруге мынадай элементтер кіреді: табиғат пен қоғам қарым-қатынасының ғылыми негізін қалыптастыру (экологиялық білім беру), табиғатты қоргауға байланысты ереже мен дағдыны сақтауды үйрету.
Қазір өмірдің өзі экологиялық білімді адамдардың бойына
жас кезінен үйретуді талап етіп отыр.
Балабақшаларда жас балаларды, мектептерде
оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған
ортаның амандығын қорғауға тәрбиелеудің
маңызы зор. Сондықтан мүғалімдердің негізгі
міндеті, мектеп оқушыларының экологиялық
білімін жастай қалыптастыру. Осы міндеттерді
шешуде оқушылардың экологиялық білімің
арттырып, олар-
дың табиғатқа жаңа қарым-қатынасын қалыптастыруда
география пәнінің ішінде физикалық география
маңызды орын алады.
Физикалық география жер бетіндегі табиғи жағдайлардың қалып-тасуын зерттейтін ғылым. Әр жердегі табиғи жағдайдың қалыптасуы сол жердегі бар заттардың байланысынан, одан туатын құбылыстардан, өзгерістерден, дамулардан пайда болады. Ал экологиялық жағдайлар жер бетіндегі табиғи жағдайлардың ішіндегі кімге болса да, неге болса да қажеттілері. Ол жағдайларды біліп, анықтау үшін оқушылардың экологиялық біліктіліктерін қалыптастырып, дамыту керек. Онсыз табиғатты қорғау мәселелерінің негізі де қаланбайды.
Экологиялық мәдениеттілікке негізделген экологиялық біліктіліктерді қалыптастыру мәселесі география ғылымында маңызды орын алады, бұл мәселенің ерекше пәнаралық және курсаралық мәні де зор. Себебі қазіргі кезеңде география - жалпы ғылымдар ішінде жаратылыс және әлеуметтік мәселелерді қамтушы, табиғат және қоғам арасындағы; өзара қарым-қатынастардың оптималдылығын қарастырушы бірден-бір ғылым. Сондықтан табиғатты таныту, оқушылардың экологиялық біліктіліктер жүйесін қалыптастыру - физикалық географияның өте маңызды міндеттерінің бірі.
Физикалық географияны оқытуда экологиялық біліктіліктердің рөлі зор және алуан түрлі. Оларды мектепте оқытылатын география курсы мазмұнын міндетті түрде толық меңгеруге жататын дербес бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен, іс-тәжірибеден өткен физикалық география курстарында қалыптасатын экологиялық білімдер жүйесін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.
Кесте 3
Физикалық
география курстарындағы
экологиялық білім жүйесі.
№ |
Пән |
Бағдарлама бөлімдері |
Экологиялық білім мен біліктіліктер |
| |||
1. |
Физикалық |
Кіріспе |
Экскурсия ауданында табиғатқа оң және теріс |
география |
ықпал мысалдары. Теріс зардаптарды болдыр- | ||
(6-сынып) |
маудың мүмкіндіктері. Орманды тазарту жүмыстарына қатысу. | ||
План және |
Аудандардың қолайсыз экологиялық жағдай- | ||
карта |
ларын картада кескіндеу. Шаруашылық іс-әре-кеттердің зардаптарын карта бойынша болжау. Табиғатты көркейту және қорғау картасын . жасау. | ||
Литосфера |
Адамның жер бедерін өзгертуі, эрозияның үдеуі және оны болдырмау. Өз жерінің мысалында пайдалы қазбалардың пайдаланылуы. | ||
- |
Жер қойнауын қорғау біліктіліктері. . |
Информация о работе География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі