География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 15:41, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.

Оглавление

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. 2. Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі . . . . . . . . . .
2. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 1. Физикалық география курстарында экоглогиялыық білім және
тәрбие беру методикасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
география және дүние жүзі экономикалық география курстарын-
да экологиялық тәрбие беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі . . . . . . . . . . . . . .
3. 1. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Файлы: 1 файл

Дип.-География-сабағында-экологиялық-тәрбие-беру-әдістемесі.doc

— 609.50 Кб (Скачать)

Осындай ұлттық дәстүрімізге негізделген табиғатқорғау жұмыстарын біраз уақыттан бері экологиялық үйірме арқылы жүзеге асырудамыз. Бұл үйірме жұмысына оқушылармен қоса сынып жетекшілері, ата-аналар да атсалысуда.

Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №151 орта мектепте экологиялық тәрбиеге байланысты «Қазақстандағы экологиялық жағдайы нашар «катерлі нүктелер атласы» атты тақырыпта аудандық семинар өтті. Семинарға аудан мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар барысында үш ашық іс -шаралар көрсетілді: Мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иманғалиева Гүлзина Абдоллақызы «Жер тағдыры — ел тағдыры» атты сыныптан тыс іс-шара және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Проводникова Светлана Ивановна мен география пәні мұғалімі Қошқарбаева Ғалия Елтайқызы «Өз планетанды сақта! Өз республикаң Казақстанды сақта!» атты экологиялық кеш дайындап, «Экологиялық білім — білім беру жүйесін жетілдірудің приоритеттік бағыттарының бірі» деген тақырыпта баяндама жасады. Семинар соңында іс-шаралар талқыланып қорытындыланды. Семинарға қатысушылар №151 орта мектепте окушылармен экологиялық тәрбие беру жұмысы  талапқа сай деген шешім кабылдап, семинарды өз мақсатына жетті деп таныды.

Өзім дайындаған «Жер тағдыры — ел тағдыры» атты іс-шараға тоқталып өтейін. Мен осы мектепте қазақ тілінен тіл ұстартудан үш қазақ сыныбында аптасына 1 сағаттан сабақ беремін. Семинарға неге қазақ сыныптарын қатыстырмасқа  деген  оймен 5е, 6е,7д  қазақ сыныптарының окушыларымен дайындыққа кірістім. Жалпы біздің мектеп аралас мектеп деп саналғанымен, (50 сыныптың 7-і ғана қазақ сыныптары). Бұл дайындық зая кеткен жоқ, қатысқан қонақтар ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты. «Жер тағдыры — ел тағдыры» тақырыбын алудағы басты мақсат оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру еді. Іс-шара мынадай жоспар бойынша жүргізілді.

1. Табиғат — тіршіліктің  көзі.  Экологиялык  білім жайлы кіріспе.

а) Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы. ә) Қоршаған ортаны корғаудың жолдары

  1. Қазіргі экологиялық жағдайдың күрделілігі а) Қазақстан қалаларының экологиясы
  2. Табиғатты қорғау — салт-дәстүрлерімізден

4. Қорытындылау. Табиғатты  қорғаудың  маңыздылығы

Көрнекілік: . Нақыл сөздер, адамдар, тағыларға жем етпей, Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар С. Мәуленов

  1. Рефераттар: «Табиғаттағы тіршілік», «Көгалдандыру, ағаштар мен бұтақтар», «Табиғатты  қорғаудағы  міндеттеріміз» т.б. Қызыл кітап, Қазакстанның флорасымен фаунасы.
  2.      Қазакстанның картасы «Қатерлі нүктелер».

4.   Оқушылар шығармашылығынан суреттер, табиғат, туған ел туралы ән. 5.    М. Макатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс.

6. «Заманазапыраны» (Семей полигонынан зардап шеккендерге арналған стенд).

7. Семей  ядролық  полигонының  жабылу  тарихы Олжас Сүлейменовтін сөйлейтін сөзі. Назарбаевтың полигонды жабуға байланысты қаулысы (деректі фильм). Қазакстанның Қызыл кітабына кірген кұстар мен жануарлар суретінен стенд.

1-шара экологиялық  білім жайлы кіріспеден басталады. Адамзаттың береке-байлығы жер екені, халқымыздың жерден өсіп-өнгені, туған жердің  тобықтай тасы мен бір уыс топырағын қастерлей білгені, елі, жері үшін бабаларымыз қасықтай қанын төккені, кең даласын қалай қорғағаны жайлы айтылады. Бүгінгі Жер-ананың мүшкіл халін оқушылар тебірене айтты. Қазіргі экологиялық жағдайдың ауырлығы, әсіресе Арал қасіреті бүгінде бүкіл планетаның бас ауруына айналғаны (ол туралы және Қазакстандағы «қатерлі нүктелер» туралы сөз козғалды), Семей маңындағы жарылыстан әлі күнге дейін зардап шегіп келе жатқан ел туралы «Полигон зардабы» деген үлкен стенд жасалды. Халқымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменовтің «Семей —Невада» қозғалысын басқарып, Семей полигонын жабуға өз үлесін қосқанын, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды жабуға арналған қаулы туралы деректі фильм көрсетілді      

     Табиғаттағы экологиялық жағдайға байланысты құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар туралы да сөз қозғалды. Осыған байланысты ақынымыз Мұқағали Макатаевтың «Аккулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. Іс-шараның окушыларға танымдық және тәрбиелік маңызы зор болды. Олар әрбір адамнын табиғатқа деген қарым-қатынасы ананың әлдиімен құлаққа сіңгенін, табиғаттың сұлулығын сақтай білу, одан рахат алу біздің экологиялық мәдениетіміздің басты көрсеткіші екенін, табиғатты қорғау еңбасты мақсатымыз бен парызымыз болуы керек екенін ұғынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       3. 2. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру.

 

   Жер ғаламшары Күн жүйесіндегі ең сулы ғаламшар, біздің ғаламшардағы су қоры шамамен 1500 миллион шаршы шақырым. Бұл судың көп бөлігін суы ащы мұхиттар мен теңіз сулары құрайды, тек екі пайыздайы ғана тұщы судан тұрады, Су адамзат өмірі мен қоғамында өте маңызды рөл атқарады. Белгілі ғалым В. И. Вернадский судың маңызын айта келе, «бір тамшы суда барлық химиялық 
элементтер бар» деген екен. Ғалымның бұл көрегендік болжамы казір толық дәлелденіп отыр. 

Қазіргі кезде ірі өндіріс орындарының күрт дамуы, өндіріс үрдісінде олардан бөлінетін улы заттар өзен, көл, теңіз, жер асты суларының ластануына әкеліп соқтыруда. Ал судың ластануы әр түрлі ерекше аурулардың тууына себепші болып отыр. Мысалы, Жапонияда «Тиссо» химия бірлестігінің тазаланбаған өндіріс қалдығын Миномата бұғазына жіберу салдарынан миномата ауруы таралып отыр. 
Бұғаздан ұсталған балықты тағамға пайдаланудан адам бірнеше жыл бойы төсек тартып жататын жоғарыдағы ауруға шалдығады. 

Судың қолданылмайтын жері жоқ. Әр адамға пайдалану үшін күніне екі литр су жеткілікті. Ал өндірісте, ауыл шаруашылығында су әлдеқайда көп қолданылады. Мысалы, 1 тонна шойынды қорытып, болат прокатқа айналдыру үшін 4000 м3, 1 тонна мыс үшін 500 м3, 1 килограмм резина жасау үшін 3500 м3, 1 тонна мақтаға 10000 тонна, 1 тонна бидайға 1500 тонна су жүмсалады екен.

АҚШ-тағы барлық көлдердің 2/3-сі. өндірістен түскен химиялық заттардың әсерінен түгелдей іске жарамсыз болып немесе істен шығуға жақын тұр. Дүние жүзінің дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттері — АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италияға шектесетін теңіз жағалаулары адам айтқысыз ластануда. Францияның өнеркәсіп орындарынан өзендерге жылына 6 миллион тонна керексіз зиянды заттар төгіледі.

Шет елдерді айтпай-ақ өз өңіріміздегі өзен-көлдердің экологиясына көңіл белейік. Еліміздің Оңтустік Қазақстан облысының Оңтустік бөлігін киелі Ордабасы ауданы алып жатыр. Ауданңың халқы 77,6 мың адамнан астам (1994 ж.) Орталығы — Темірлан селосы. Аудан солтүстігінде Түркістан және Алғабас аудандарымен, батысында Қызылқұм және Арыс, ал шығысы мен оңтүстігінде Сайрам аудандарымен шектеседі. Аудан релефі Сырдария алды үстіртіне жатады. Солтүстік шығысында Қаратау жотасында 1000 — 1800 метрдей шектесіп жатыр. Ал оңтүстік-батысында Қаратау, Сырдария өзенінің аңғарына дейін созылып жатыр. Ауданның езендері Арал теңізі бассейініне жатады және Сырдария мен Шу өзендерін салаларымен біріктіреді.

Басты өзендері — Бөген және Арыс. Осы екі езенге Бадам, Бөржар, Боралдай, Шұбарсу салалары қосылып жатыр. Арыс езені облыс аумағындағы Сырдарияның оң жақ үлкен саласы. Ал Бөген езені Сырдария езеніне тек суы көп болған жылдары жетеді. Ол көлдік жүйемен аяқталады.

Топырақ жамылғысы негізінен кәдімгі оңтүстік күлгін топырақтан тұрады, Топырақ. жамылғысы топырақ қалыптастырушы түрге және ылғалдану жағдайына байланысты бірнеше генетикалық түрге бөлінеді. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды батпақты топырақ таралған.

   География пәнінен «Туған өлкенің табиғатын қорғау» тақырыбында конференция сабақ ұйымдастырдым.

 Сабақтың  тәрбиелік мақсаты — оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу және қызықты деректер келтіру арқылы пәнге қызықтыру.

Дамытушылық мақсаты — оқушыларды бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап түсінуге уйрету экологиялық сауаттылыққа бағдарлау

Газет материалдары, қорықтар, табиғат жайындағы әр турлі әдеби кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Қабырғаларда нақыл сөздер, кестелер ілінді.

   Сабақ барысы.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндірген соң қоршаған ортаның қазіргі кезеңдегі ластануы мен одан қорғау жолдары жөнінде қысқаша әңгімелейді.

Конференция оқушылардың әр түрлі әдебиеттерді пайдаланып дайындаған қызықты баяндамаларымен жалғасты. Мысалы, «Экологиялық дағдарыстар және олардан шығу жолдары» жөнінде бір оқушы қазақ жеріне көмек керек екеніне, полигондардың зиянын, олардың тез арада жабылуы қажеттігіне тоқталды.

      Ел Президенті  Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына  арналған жолдауында мемлекеттік "Жасыл ел" бағдарламасын іске  асыруды өрістетуді міндеттегені  баршаға аян.

Ауданымыздағы экологиялық ахуалды сауықтырып, турғындардың денсаулығын жақсартудың маңызды шараларының бірі - елді мекендерді көркейту, көгалдандыру.

Ата-бабамыз айтып кеткендей, "Ана көркі - алдындағы баласы, жердің көркі - желкілдеген ағашы". Олай болса, туған өлкемізді жасыл желекке бөлеу - өзіміз үшін де, өзгелер үшін де, болашақ ұрпақтар үшін де улкен міндет. Себебі бір түп жасыл желектің өзі ауаны тазартып, оның ылғалдылығын арттырып, шуды азайтып, елді мекенді желден, құмнан, ыстықтан, суықтан, тұзды-шаң, улы газдардан сақтап, ауаны оттегімен қамтамасыз етіп отырады.

Адамның табиғатты өзгертуі қауіпті жағдайға айналып отырған кезеңде атамекенге қамқорлық қажет-ақ. Әсіресе, қуаңшылықты, экологиясы нашар біздің мекен ететін аймағымыз үшін қою көлеңкелі ағаштарды егу өте қажет.

Мен өзімнің туған мекенім Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіне физ-географиялық сипаттама беріп, экологиялық ахуалына тоқталып өтейін.

Әйтеке би кенті - Қызылорда облысындағы 71 мың халқы бар 8 аудан орталығының бірі. Теңіз деңгейінен - 63 метр. Қайназой дәуіріндегі антропоген жуйесінің қазіргі шөгінді жыныстарының бетінде орналасқан.

Мезозойға дейінгі фундамент 500 метр тереңдікте орналасқан жерасты суының орналасу тереңдігі - 2 метр. Жерасты суы Қызылқум артезиан бассейніне жатады. Өзен аңғарлық террасада орналасқан. Жыл ішінде күннің түсу ұзақтығы 2900 сағат. Желдің соғу жылдамдығы 4-4,5 м/сек. Қаңтар айының орташа температурасы - 12°, абсолюттік минимум - 42°. Шілде айының орташа 1°-ы +26° аб. мин. +46°. Атмосфераның қурғақшылық орташа 85 см-ді құрайды. Қар жамылғысы 104 тәулік жатады. Бұрқасынды күндер 10 тәуліктен жоғары. Көктемде жергілікті ағынды және тұйық сулардың, қар, жаңбыр, грунт суларының есебінен судың деңгейі жоғарылап, топырақ туздылығы артып, тұзды көлшіктердің саны артады да, тұздар физикалық заңдылыққа бағынып, кристалдық структураға ие болып, жер бетіне шөгіп, көктем мезгілінде егілген ағаштың жас көшеттерінің 70%-ы өспей қурап қалады немесе жапырағы сарғайып, өсуі баяулап, вегетациялық дәуірін тоқтатады, әрі кеткенде 1-2 жылда қурап қалады.

       Сондықтан, Әйтеке би кентіндегі топырақты  сорланудан арылтып, ағаш түрлерін, әсіресе, қою көлеңкелі, тік тамырлы  ағаштарды егіп көркейтудің бір  жолы - топырақты жасанды жолмен  құнарландыру, яғни, ағаштың өсуіне  жағдай жасау, Әйтекеби кентін жасыл желекке айналдыру.

      2007 жылғы ақпандағы Президентіміздің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" жолдауында көтерілген бәсекеге қабілеттілік идеясы ел дамуының ұлттық ауқымдағы ішкі факторларымен қатар әлемдік жағдайда да ең басты идеяға айналды. Мұнда бастапқы және орта білім беру жиынтығын, кадрларды даярлауды дүниежүзілік стандартқа жақындату мақсатында Қазақстанды жан-жақты модернизацияландыру үшін негізгі бағыттар анықтап көрсетілді.

Білім беру қызметінің негізгі мақсатының бірі - жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және бас буын өкілдерін кәсіпке баулу. Бұл азаматтардың білім шамасының нығаюына әкеледі. Қазақстанда 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" заң көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Бірақ, сегіз жыл ішінде көптеген өзгерістер болды. Біздің қоғамымыз бүгін үдеулі қарқынмен дамып келеді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру біздің алдымызға аса үлкен, маңызды мақсаттар қойып отыр. Сондықтан "Білім туралы" жаңа заң қабылдау уақыт талабы болды.

Жаңа заң құрылымындағы маңызды жаңалықтардың бірі - біраздан әсері сөз болып, іске аспай келе жатқан педагогика қызметкерлерінің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Қабылданған жаңа заң білім саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының түгел білім алуына қатысты конституциялық құқықтарын қамтамасыз етеді. Оқыту сапасының ұлттық жүйесін дамыту нормаларын және әлемде мойындалған қоғамдық кәсіби аккредиттеуге сәйкес білім мекемелерін мемлекеттік аттестаттау тәртібін де қамтиды. Заңнамалық деңгейде 12 жылдық орта білімге көшу қамтамасыз етілді, оның құрылымы да анықталып берілді. Жаңа нормаларына сәйкес Қазақстанда төрт деңгейлі оқыту жеті деңгейлі білім жүйесіне (бастауыш, негізгі орта білім, орта білімнен кейінгі білім сынды жаңа деңгейлер енгізілді) алмастырылады. Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, олардың жеке адамдар арасындағы және этнос аралық қарым-қатынастарда жоғары мәдениеттілігін қалыптастыруға, тұлғанын ізін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады. Сапалы да жан-жақты білім алуда жаңа кепілдіктер белгіленді. Оқытуда жаңа технологияларды, оның ішінде жоғары оқу орындарында несиелік технология мен қашықтықтан оқыту негізделді. Пәнаралық оқыту мен сабақ беру тәсілі туралы көп айтылып келді. Бұл көбінесе сабақ берудегі қайталауды жою көзқарасы тұрғысынан қаралатын. Қазір бұл мәселе де шешімін тапты. Осы заңға сәйкес білім берудің барлық деңгейлерінде ықпалдастырылған білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. Олар пәнаралық, деңгей аралық, жоғары оқу орындары аралық, халықаралық жоғары оқу орындары ғылыми білім беру және инновациялық қызметті нақты біріктіруге мүмкіндік беретін инновациялық білім беру бағдарла-маларын іске асыруға бағытталатын болады. Мұндай оқу орындары инновациялық университеттер болып аталады. Білім беру мониторингінің нәтижесі негізінде білім беру сапасын басқару алғаш рет енгізіліп отыр. 

Информация о работе География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі