Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 15:41, дипломная работа
Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 2. Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі . . . . . . . . . .
2. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 1. Физикалық география курстарында экоглогиялыық білім және
тәрбие беру методикасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
география және дүние жүзі экономикалық география курстарын-
да экологиялық тәрбие беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі . . . . . . . . . . . . . .
3. 1. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру . . . . . . . . . . . . .
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Аралдың апатты жағдайға ұшырауы, т.б. су көздерінің ластануы, энергетика мен ауыл шаруашылығы арасындағы байланыс барлық елдегі эколог-мамандардың біріккен жұмысы үшін перспективалық мәсслелер болып табылады. Мұндай қарым-қатынастар суды сақтау, суды пайдалану және су көздерін қорғау бойынша барлық ұлттык бағдарламалардың бірігуіне әкеледі.
Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық апатқа әкеледі, сондықтан экологиялық қауіпсіздік - мемлекет аймақтарының стратегиялык міндеттерінің бірі, ерекше атап айтқанда, халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігін көрсетеді.
Ең бастысы, экологиялық мәселелер басқару шешімдерін қабылдау кезінде ескерілуі қажет, олай болмаған жағдайда қоғам оның себептерімен емес, ал олардың туындауымен күреседі.
Экологиялық білім берудің тиімді жүйесі - қоғам мен экомомиканың даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін құралдардың бірі.
Тұрақты даму ұстанымдарында экологиялық капитал қорларын болашақ ұрпаққа жеткізу мен сақтаудың қарастырылғаны белгілі: топырақтың құнарлығы, таза ауа, белгілі климат, азондық қабат, генетикалық биотүрлер. Әкімшілік басқару және табиғатты пайдалану саласындағы барлық мамандардың экологиялық дайыңдығының санасы маңызды деңгейде анықталуы тиіс.
XXI ғасырдың күн тәртібінде экологиялық білім өзіндік мақсат емес, ол тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет, салауатты өмір, құндылықтар, білімді өзгертудің негізгі механизмі ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, білім адам құқығының негізін қалаушы болып есептелінеді.
Экояогиялық білім беру төмендегідей адам іс-әрекеттерінің дамуына негізделген: — табиғи ресурстарды унемдеу;
— қоршаған ортаның
ластануын тоқтату;
— табиғи экожүйені
сақтау;
- қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру;
— қаржылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу, толық дайындықты қалыптастыру;
ТМД мемлекеттеріндегі біріккен экологиялық саясатты жүзеге асыру және біріккен табиғатты қорғау- әрекеттерін жүргізу.
Экологиялық білім беру - ерекше қалыптасқан жүйе, болашақ ұрпақтың мүддесі мен қажеталігін және алғышарттарын сақтау, жер жүзіндегі адам өмірінің жоғары бағалануы, ақпараттық-экологиялық қоғамның жүзеге асырылуы.
Экологиялық білім дегеніміз - үздіксіз оқу үрдісі және ғылыми-тажірибелік білім мен іскерлік Жүйесін қалыптастыруына бағытталған. Сонымен қатар ол тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуінің, экологиялық өмір салтын қалыптастырудың, тұрақты табиғатты пайдалану мен тұтынудың, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі мен тәртібінің құндылық бағдарлары болып табылады.
География — тек теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларға оқығанын көзбен көрсететін, табиғи зандылықтарды ұғындыратын бірден-бір ғажайып пән. Сондықтан сабақта топырақ туралы өткенде, табиғатқа саяхат жасап, (көктемгі, күзгі саяхат),топырақ қабаттарын көріп, оны зерттеу үшін арнайы шұңқырларды (шурфтар) қалай қазу керек екенін мұғалім өзі жетік білуі шарт. Бұл сабақтың оқушыларға өз беттерінше физикалық географиядан алған теориялық білімдерін өзіндік жұмыстармен ұштастырып, экологиялық тұрғыда саралап, талдап және корытынды жасай алуларына үлкен көмегін тигізеді. Экологиялық бағытта орындалатын өзім жүргізген бұл жұмысты әріптестеріме ұсынып отырмын.
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың дүние-танымын кеңейту, географиялық қызығушылығы мен ғылымға деген ынтасын, зерттеу, тәжірибе жасау және қорытынды шығара білуге кабілетін дамыту.
Білімділігі пәнаралық байланысты ұштастыра отырып, теориялық білімін дамытып, аралай және нақтылай түсуге, өздері қорытынды жасап талдай білуге баулу.
Тәрбиелілігі табиғатты сүюге, тірі денелерге, қоршаған ортаға ұқыпты қарап, оларға деген сүйіспеншілігін оятып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және эстетикалық, экологиялык-экономикалык тәрбиені үнемі басшылықта ұстау.
Сабақтың түрі: дала жағдайындағы орындалатын өзіндік жұмыстар. .
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: шағын қайла, үшкір басты күрек, дәптер, қарындаш, қаламсап, шағын қорапша, жиналмалы метр, сызғыш және целлофан қалталар.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сынып бөлмесінде түгелдеп, қауіпсіздік ережесімен таныстырып, оқушыларға мектеп ауласында қандай жұмыс жүргізілетіндігі алдын ала таныстырылады. Әрбір құралдармен жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуына баса көңіл аударылады. Сонымен бақылау шұнқырларды қалай қазу және топырақты зерттеу үшін оның үлгілерін қалай алу керек.
Жұмысбарысы.
Шұңқыр (шурф) қазбастан бұрын топырағы зерттелген жерді қарап шығу қажет. Егер жердін беті әр қилы болса, мәселен көтеріңкі және ойыс болса немесе оның өсімдік жамылғысы әр түрлі болса, онда сыртқы түрлі жағынан айырмасы бар жерлерде екі-үш шұңқыр қазу керек. Қазылатын шұңқырдын ұзындығы, әдетте, 150 см, ені 70-80 см терендігі ең терең деген жеріне кемінде 100 см болады. Шұңқырдың ұзын қабырғасы солтүстіктен онтүстікке карай жүргізілуі тиіс. Топырағын бақылап, үлгісін алуға белгіленген тар қабырғаларының бірі жарық жақсы түсуі үшін оңтүстікке карағаны жөн. Қазғанда топырағын ұзын жағына тастау керек. Бір қабырғасын саты тәрізді етіп жасау керек. Осы қабырға арқылы шұңқырға түсіп шығу қолайлы болады.
Жұмыс барысы кезінде жер бетінің тар қабырға жағындағы өсімдік жамылғысы басылып, бүлініп қалмау үшін, қадағалау керек. Жұмысты бірнеше оқушы кезектесіп қазғаны дұрыс. Шұнқыр (шурф) даяр болған соң топырақ кесіндісін мұқият қарап шығын, суреттеп сипаттап жазып шығуға кірісеміз. Мұғалім бағыт беріп тұруы тиіс. Мұқият қарап шыққан соң әрбір қабатынын қалындықтарын өлшеп, жазады. Оны мұғалімнін нұсқауымен шартты түрде белгілеп отырады.
Сабақтың мақсаты:
а) Айналадағы ортаның ластану жолдары, ондағы қоғамның рөлі, қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу жолдары, экологиялык дағдарыс, сот, сот процестері туралы түсінік беру.
б) Айналадағы ортаның ластануына жол бермеуге, экологиялық проблемаларды шешуге туған өлке табиғатын қорғауға, сүюге баулу.
Әдісі: сот сабақ.
Көрнекілігі: Қазакстанның саяси және әкімшілік картасы, «Жердегі экологиялық жағдай» карикатурасы, Арал теңізінің картасы, әр түрлі көрнекті плакаттар.
I. Сабақтың жүрісі:
экологиялық проблемалар. Сот процесінің жүрісін түсіндіру.
Сот мүшелерін тағайындау.
Хатшы: Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар.
Сот төрағасы: Біз бүгін коғам мен табиғат арасындағы істі бастаймыз. Соттың негізгі мақсаты айналадағы ортаның ластануы мен экологиялық проблемалар. Іс екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, табиғат қоғамды кінәлайды. Екінші бөлімде, құрып бара жатқан табиғатты қалпына келтіретін негізгі күш — бұл қоғам. Мен осы екі жақты куәгерлерді тыңдай отырып, әділ шешім шығаруға шақырамын.
Хатшы: Табиғатқа сөз беріледі.
Табиғат: Жер бетінде адам пайда болғалы 1 мллионан астам уақыт өтті. Ғылыми-техникалық революция нәтижесінде табиғаттың қожасы .коғам болды, атлдына «пайдалан да басқар» принципін қойды.
Сот төрағасы: Айыпталушыны әкеліңіздер.
Хатшы: Айыпталушы қоғамды шақырамын.
Қоғам: Жердегі тіршіліктің ең жоғары ұйымдасқан түрі — бұл қоғам. Алғашқы қауымдық кұрылыста адам аң аулап, тіршілікпен айналысты және табиғатқа бағынышты болды. Техниканың дамуымен адам табиғатты өзіне бағындырды, тіпті басқарып отыр.
Сот төрағасы: Енді жәбірленуші мен куәгерлерді тындаймыз. Залға жерді шақырамыз.
Жер: Адам баласы киіну, тамақтану үшін жер ресурстарын пайдаланады. Жыртылған жерлер З6 млн. га, жайылым 186 млн. га жерді алып жатыр. Егер жерді дұрыс өндемесе, онда топырақ бұзылады. Эрозияға ұшырайды, тұзданып кетеді. Адам жыл сайын миллиондаған тонна рудалар, жанғыш заттар, құрылыс материалдарын өндіреді. Пайдалы қазбаларды өндіру жер рельефінің өзгеруіне, шұнқырлардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
Сот төрағасы: Минералды тыңайтқыштардың адам денсаулығына зиянын қандай факторлармен дәлелдейсіз?
Табиғат қорғаушысы: Тамақ кұрамында нитраттар мен нитриттердің кездесуі көптеген ауруларға әкеліп соқтырады. Ауылшаруашылығында үй жәндіктерімен егістік жәндіктерін азайту үшін көптеген мөлшерде пестицидтер қолданылады. Мысалы: 1988ж. 1га жерге 1,9 кг пестицид себілген.
Сот төрағасы: Минералды тыңайтқыштардан болатын аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар жүргізіліп жатыр?
Қоғам қорғаушысы: Қазіргі кезде пестицидтерді қолдану мөлшерін азайту жолдары қарастырылып жатыр.
Хатшы: 1-ші куәгер шақырылсып.
Атмосфера.
Хатшы: 2-ші куәгер шақырылсын.
Гидросфера.
Хатшы: З-ші куәгер шақырылсын.
Литосфера.
Хатшы: 4-ші куәгер шақырылсын.
Биосфера.
Сот төрағасы: Адам өз қатесын мойындай ма?
Қоғам қорғаушысы: Иә, адам өз қатесін мойындайды. Қазіргі кезде ағаш отырғызу жұмысы жүргізіліп жатыр. Көптеген парктер, қорықтар, қорықшалар жасалған.
Қоғам: Жүз мыңдаған жылдар бойы адам даму үстінде болды. Жүз мыңдаған жылдар бойы адам табиғатты пайдаланып келді. Қазіргі уақытта жер шарында 6 млрдқа жуық халық бар. Жыл сайын халық саны 85-90 млн. адамға көбейіп отыр. Халық санының мұндай деңгейде көбеюі минералды, энергетикалық және азық-түлік ресурстарын көптеп пайдалануды қажет етеді.
Жоғарғы сот шешім кабылдайды:
Қазіргі кезде адамзат алдында экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемасы туындап отыр. Осы проблемаларды болдырмау үшін жоғарғы сот мынадай шешім қабылдайды:
3. Егістік жерді өңдеу кезінде минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді қолданбау.
4. Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану.
5. Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу және санын көбейту.
III. Жаңа сабақты қорытындылау:
Арал, Балхаш, Каспий теңіз-көлдерінін экологиялық проблемаларына тоқталып өту.
IV. Окушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма: кайталау.
3.1. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі.
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын . оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгсршілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.
Сыныптан тыс жұмысқа сабактан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кездс тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдык пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.
Сыныптан тыс жұмысқа қойьлатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс.
Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.
Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде.
Ертедегі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жастарды табиғатты сүюге, олардын экологиялық мәдениетін қалыптастыруда құнды құрал болып саналады.
Информация о работе География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі