География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 15:41, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.

Оглавление

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. 2. Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі . . . . . . . . . .
2. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 1. Физикалық география курстарында экоглогиялыық білім және
тәрбие беру методикасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
география және дүние жүзі экономикалық география курстарын-
да экологиялық тәрбие беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі . . . . . . . . . . . . . .
3. 1. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Файлы: 1 файл

Дип.-География-сабағында-экологиялық-тәрбие-беру-әдістемесі.doc

— 609.50 Кб (Скачать)

Экологиялық сана мынадай маңызды функцияларды атқарады:

  • ағартушылық функциясы;
  • дамытушылық функңиясы;
  • тәрбиелік функциясы;
  • ұйымдастырушылық функциясы;
  • болжаулық (прогностикалық) функциясы.

Аталған функцияларға сипаттама берсек, ағартушылық функциясы оқушылардың табиғат: эстетикалық жаратылыс және ол барлық тіршілік иелерінің өмір сүру ортасы екендігін түсінулеріне көмектеседі. Өскелең ұрпаққа экологиялық тепетеңдіктің қайтымсыз бүлінуіне жол бермей, табиғатты қорғау мақсатында экологиялық білімдерін пайдаланудың қажеттілігі туралы ой, көзқарастарын қалыптастырады.

        Жастардың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуы үшін білім мен төрбие ғана емес, әсем табиғат, тылсым дуние, жаратылыс күштерінің ықпалы, сонымен қатар, жоғары мәдениетке қол жеткізген  отбасы  тәрбиесі  керек.

  Табиғат пен адам  дамуы егіз, бір-бірімен тығыз  байланысты. Сондықтан, адамзаттың  табиғатқа, қоғамға, жаратылыс әлеміне, айналасындағы жан-жануарға деген  ізгі қатынасы сүйіспеншілік  сезімінің  дамуымен   айқындалады.

 Экология - табиғатты үнемдеу туралы ғылым.

 Экология - грекше oikos - үй, мекен және логия сөзінен құралады. "Экология" терминін 1866 жылы Австралия ғалымы биолог  Э.Геккель  ұсынған.

БҰҰ шешімі бойынша маусымның 5-ші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп атап өтілуде. Қазіргі кезде балаға жас шамасына қарай экологиялық білім және тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда табиғат анамызға тіземізді батырып, жерге қопарылыс жасап, ойран салудан табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айрылып, экологиялық дағдарыс әлемдік проблемаға айналды. Табиғи орта ластанған. Арал теңізінің жоғалып кету қаупі тұр. Өзен суларында 20 есеге артық мұнай, т.б. зиянды өнімдер бар. Теңіз тартылу зардабынан 34 түрлі балықтың азайғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс. Балқаш өңірі, Абай жері, Сыр өңірі бәрі де өзінің келбетін жоғалтып отыр. Сондықтан да табиғат-ананы қорғау-адамзат парызы. Оны ұрпаққа ұғындыру, тәрбиелеу мектептің міндеті. Экологиялық тәрбие балалық шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбиеленуі керек.

Әр бала өзін қоршаған ортаның құрлысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын бұзбай сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын асырап етпеудің ғылыми негіздерінің басты заңдылықтарын  үйрету.

  Адам өз бойындағы  адамгершілік асыл қасиеттерін  туған жерінің табиғатымен,  өскен  ортасымен байланыстырады.

Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласын таныта білген данышпан әрі ақылғой Асан қайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп мақтан етеміз. Оның Жерүйықты іздеп жүріп, қазақ жерінің әрбір өзен-суына, кең байтақ даласы мен асқар тауларына берген бағасы осы күнге дейін құнын жойған жоқ. Ал Қорқыт бабамыздың "Асқар тауларын құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарын қырқылмасын" деген өсиет сөздерін бала құлағына сіңіру және оның мағынасын түсіндіру - міндетіміз.

Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша, Наурыз мейрамының туған жер табиғатын түлетуге, көркейтуге қосатын үлесі зор. Бұл мейрамның басты мақсатының өзі табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе-теңдікті сақтауға негізделген. Айналаны тазарту, ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу адамның табиғат-ана  алдындағы міндеті екендігін түсіндіру.

Балаға экологиялық тәрбие бере отырып, онымен келешекте оқытылатын жаратылыстану пәніне дайындық жұмыстарын жүргіземін.

Экологиялық білім және тәрбие нәтижесін үш түрге бөлемін:

  1. Оқушыға экологиялық білім туралы ой саламын.
  2. Жеке өз бетінше  ізденушілікке  бағыттаймын.
  1. Зерттеушілік қабілетін дамытамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 1                      

                    Сабақ барысында қолданылатын кестелер.         


 


 


 



 








 


 





 

 

 

БҰҰ қабылдаған "Табиғат қорғаудың дүниежүзілік стратегиясында" былай делінген: "Біз жерді әкелерімізден мұраға алғанымыз жоқ, біз оны өз бабаларымыздан  қарызға алдық".

 Қазір жер басып  жүргендер бұл жердің соңғы ұрпағы емес бұлардан кейін басқа адамдар келеді және олар өмір сүруге жарамды дүние алуы керек. Сөйтіп, ұрпақ болашағын жан-жақты қарастырғанда ғана бәрі ойдағыдай орынды шешіледі.

Көптеген жылдар бойы жер қойнауындағы байлықты игеру бары-сында еліміздің шикізат жүйесі Жер-Анаға зиянды салдарын тигізбей қойған жоқ. Мұнай, газ кешендерінің, жылу энергетика кәсіпорын-дарының, тау-кен және байыту өнеркәсіптерінің ұлан байтақ жерімізді ластауы өте үлкен зиянын тигізді. 2000 жылдан бастап өндірістің қайта өрлеуіне байланысты кәсіпорындардың зиянды қалдықтарының өсе түсуінен тұншыға бастаған қалалар бар. Атап айтқанда, Өскемен, Ал-маты, Шымкент, Актөбе, Теміртау қалаларында ауаның бүзылуы бұрын-ғысынан көбеймесе азайған жоқ.

    Дәл осындай жағдай су қоймалары мен өзендерде де байқалды. Қазакстан бойынша, әсіресе Ертіс, Іле, Нұра, Сырдария өзендері ластануда.

Біздің дәулетіміз де, сәулетіміз де, бүгініміз бен болашағымыз да туған өлке табиғаты. Шебер табиғаттың ғажайып кестесі орман-тоғайы, өзен-көлі, оны мекендейтін аң мен құс, балықтар, бәрі де халық қазынасы. Сол сияқты жорғалаушы жануарлардың аңдарға пайдалы түрлері қаншама. Біз табиғаттың бұл байлықтарын қорғап, қорын молайтқанда ғана оны кәдеге жарата аламыз. Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен өніп-өсер мекені. Табиғат - бойына қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын сүлулық пен өсімдік әлемі.

Туған өлке аумағы қанша кең болса, ондағы табиғат байлығы да сонша мол. Тіпті, жол үсті, аяқасты болып жатқан дәрілік, тағамдық өсімдіктеріміз қаншама!

Қоршаған ортаның ластануы-қазіргі кезде адам баласын аландатып отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Соңғы жылдары табиғат байлықтарын пайдаланудың салдарынан адамзаттың табиғатқа тигізетін әсер, ықпалы өлшеусіз өсуде. Адам баласының табиғатпен үйлесімді байланысын қалыптастыру үшін экологиялык білімнің маңызы зор. Табиғатты қорғауда өтілетін тақырыптарға байланысты әр түрлі әдістерді қолданып, сабақты түрлендіріп отыру керек.

      Табиғат - адам  тәрбиешісі. Адам адам болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар рөлі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала бәрі-бәрі адамдардың ойына сана, денесіне - қуат, бойына - күш, өнеріне-шабыт, көңіліне - қанат береді.

Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келді. Сондықтан табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз керек.

Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып пайдағып жаратып қана қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер еңгізуде.

Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі қоршаған ортаның тиімді қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын қайта қарау, туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.

Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі оқушылардың санасына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, сол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге бағытталған сезімдерін тәрбиелеу.

Оқушыларды экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды. 

 

 

 

 

 

     1.2. Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі.

 

Экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуді дәрістер, этнографиялық әңгімелер, сол сияқты табиғатқа саяхат, экология үйірмесі (жас натуралистер станциясына қамқорлық), факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады.

 

       Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдас-тырылған (ЮНЕСКО) "Адам және биосфера" деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО жане ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982 ж.), Беч (1983 ж.), Мәскеу (1987 ж.), т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.

Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов, т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.

XX ғасырдың орта шетінде педагогтер В.Натали, Н.Верзилин, В.Корсун-ская, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып оқытуды ұсынған. 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жұйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белоруссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б.) "Биосфера", "Экология", "Табиғат қорғау", т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады.

    Экологиялық білім  беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты. Олардың негізгілері: "экологиялық білім", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық мәдениет", "экологиялық этика", т.б.

Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген қызығуды арттырады.

Экологиялық сана - адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің, сенімінің және дағдысының жиынтығы болса, ал экологиялық ойлау - табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және терең түсіну. Жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына жол бермейді (Арал, Балқаш, т.б.).

Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашатын болса, ал экологиялық этика - үйде, түзде, табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуін, мінез-құлық дағдыларын қатаң сақтауын қалыптастырады. Олар жоғарыдағы ұғымдардың негізінде қалыптасқан.

    Қазақ халқы  туған өлкесінің табиғатын сүйе  отырып, ондағы жануарлар мен  өсімдіктер әлемін де зерттей  білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат апаттарын алдын ала болжап отырған.

 Басқа ұлттар сияқты  қазақтар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюуге тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің табиғатқа деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеген. "Жерана,, ел-бала", "Жері байдың— елі бай", "Күте білсең - жер жомарт" деп жерді Анаға теңеп көркөйтсе, "Тозған жерде тоқшылық болмайды" деп жерді қорғауға шақырады.

      Біздің жеріміз әлі де бай, әлі де шырайлы. Десе де, Арал, Балқаш, 
Билікөл, т.б. су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда екені әлемге әйгілі. Бір кездері бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған,аң мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен. Табиғатымыздың осындай халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз бен ғалымдарымыз да жоқ емес. Ертеде ит түмсығы өтпейтін ну тоғайлар Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Ырғыз, Есіл ,  Нұра өзендері бойында көп болған. Ал таулы жерлердегі қалың ормандар кең алқапты алып жатқаны туралы деректер көп. Мәселен, 1892 жылы А.Қүнанбаев "Дала уәлаяты" газетінде экологиялық мақала жариялаған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың қырқылып құрылысқа пайдалана. бастағаның, оның әсерінен сол жердің табиғаты тозып бара жатқаны айтылады. Бұл деректің өзі-ақ қазақхалқының бойында экологиялық сауаттылықтың ерте кезден-ақ болғанын айғақтаса керек. Ендеше халқымыздың ата-салт дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен тәрбиені қайта түлету - бүгінгі аға буынның міндеті.

Информация о работе География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі