Нарық ұғымы мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 21:09, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің бірі деп есептеледі.
Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.

Файлы: 1 файл

курсовая работа111.doc

— 237.50 Кб (Скачать)

Бұл уақыт екі кезеңнен тұрады:

  • (1992-1998 жылдары) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің

тығырықты жағдайы сәйкес келеді. Ол бұрын  болып көрмеген бағаның ушығуымен, өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ дәл осы кезде болашақтағы дамудың негізі жасалды.

Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар:

  • либерализациялау;
  • жекешелендіру;
  • ұлттық және басқа банктердің құрылуы;
  • төл теңгенің енгізілуі;
  • кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.

Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп, өндірісті жандандыруға көмектесті.

  • (1999-2008 жылдары) экономикалық өсудің онжылдығы деп

атауға  болады. Оған қолайлы жағдай туғызған Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың) негізін құрайтын мұнай мен металға  әлемдік бағаның өсуі еді. Осы  жағдай экспортқа бағытталған мұнай  мен металдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді.

Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде  Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысып, Қазақстанның алтын валюталық қоры жасалды. Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металға сұраныс қысқарып, баға күрт төмендеді. Бұл жағдай өндірістің құлдырауына, жұмыссыздыққа әкелді. Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстың әсерін жеңілдетті. Ал оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты.

Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы - экономикалық-әлеуметтік әлуетті  нығайту болып табылады.

 

3.2 Қазақстандағы нарық түрлері

Сауда нарығы. Қазақстанның бөлшек саудадағы тауар айналымы шілде айында 2,5 пайызға өсіп, 294,7 млрд.теңгені (2,05 млрд.доллар) құрап отыр. Жылдық көрсеткіште бөлшек сауда өсімінің қарқыны өткен айда 13,6%- дан 14,7%-ға өсті. Шілдедегі көрсеткіш санының өсуі Қазақстан халқының тұтынушылық көңіл-күйінің жақсаруынан болды. Шілдедегі халықтың сатып алу белсенділігін сипаттайтын «тұтынушыларды сезіну индексі» 4 пайыздан 18 пайызға өсті. Тұтынушылық сектордағы көңіл-күйді жақсартуға өткен айдағы халық жалақысының өсуі оң әсер етті. Орташа айлық жалақы маусым айында мамырдағы 0,5% өсімге қарай 4,7 %-ға көтерілді. Сатып алушылық белсенділіктің өсуіне сонымен бірге халықты несиелендіру көлемінің ұлғаюы әсер еткені сөзсіз. Себебі, маусымдағы жеке тұлғалардың несиелік қоржыны бір айда 8%-ға өсіп, жыл басынан 4,5 пайызға көтерілгені байқалып отыр, дәл осы позитивті үрдіс шілде айында да жалғасын тапқан болуы керек. Жыл соңына дейін бөлшек саудадағы тауар айналымдары тұрақты болады, алайда аталмыш көрсеткіштердің өсу қарқыны қысқаруы мүмкін. Бұл жағдай күзде болады деп күтілген қаржы дағдарысымен, әлемдік экономикалық тұрақсыздық кезеңіндегі қазақстандық экономиканың кейбір секторларының баяулауымен және халықтың шынайы кіріс көзінің өсу қарқынының аздығымен байланысты болады. Біз 2011 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі 12 %-ға өседі деп күтудеміз.

Тұрмыстық техника нарығы. Қазір тұрмыстық техникасы жоқ үйді елестету мүмкін емес. Техника адам өмірін жеңілдетуге бағытталған. Қазақстандықтар оның сапалы әрі сенімді түрін таңдауға тарасады. 2010 жылы тұрмыстық техника нарығы 155 пайызға артқан еді. Сауданың дені жаңажылдық саудаға тиесілі болды.

 Саладағы сатылым көрсеткіші 2009-2010 жылдары қарқынды дамып, айтарлықтай өскен еді. Сол кезде, 2 миллионнан астам тұрмыстық техника өнімдері сатылды. Алайда, биылғы жылдың көрсеткіштері жергілікті нарық ойыншыларын бұдан да жағымды өзгерістер күтуге үміттендіріп отыр. Дағдарыс кезінде қазақстандықтар өз электроникасын алмастыруды кейінге шегерген еді. Ол түсінікті де. Алайда, қазір өз электроникалық мүлікін жаңартып отырғандардың саны еселеп артты.

 Нарықты  салаларға бөліп қарастыратын  болсақ, аудио және видеоның сатылымына  жаңа техникалық мүмкіндіктердің  көптеп шыққаны әсер етіп отырғандығын  байқаймыз. Нарықта сатылып жатқан теледидарлардың басым бөлігі яғни 73 пайызы жалпақ панельді және алып көлемді түрлері. Жаңадан пайда болған 3D, жалпы сатылым көрсеткіштерінің 3 пайызына тиесілі. Алайда, техника өндірушілері алдағы уақытта оған деген сұраныс бірнеше есеге артатын болады деп отыр.

Компания өкілінің пайымдауынша, нарық жыл сайын 65-70 пайызға өсіп жатыр. Биыл қазақстандағы  теледидарлар сатылымы 400 мың данадан  асып, 275 млн. долларға жететін болады. Сарапшылар жағдайды 3D-құралдарына  артып келе жатқан сұраныспен түсіндіріп отыр. Сала мамандарының пайымдауынша, аудио-видео нарығындағы сауданың 54 пайызы теледидарларға тиесілі.

Бұдан бөлек, қазір  тауар өндірушілері 3D форматын нарықтың басты хэдлайнері етіп таныстыруды  доғарды. Қазір 3D-дан бөлек, теледидарда  ғаламтор, 2D-дан 3D-ға ауыстыру сынды қызметтер кеңінен қолданылып келеді. Тағы бір болжам: Сарапшылар келесі жылы гейм-теледидарларға сұраныс артады деп отыр. Себебі, қазірден бастап оның құрамына плей-стейшиндар орнатылып жатыр.

Тұтынушылар назарын  аударған тағы бір жаңалық кішкентай гидридтті фотокамералар, олар кішкентай болғанымен оның оптакасын алып түрлеріндегідей ауыстыруға болады. Бұл сурет сапасын жақсартып отыр. Тағы сатылымы артып келе жатқан тауар арасында, сарапшылар фен, сақал қырғыш, эпилятор мен шаш сәндегіш құралдарды атап өтті. Бұл қазақстандықтар өзін жақсы күтіп ұстау үшін қаржы аямайтындығын білдіріп отыр. Алайда, саладағы АЙ-Ти-дің үлесі де аз емес, 25 пайыз.

Нарықтың белсенді дамуы, ойыншыларды жаңа маркетингтік технологияларды енгізіп отыруға  итермелеп отыр. Айтарлықтай жетістіктерге жергілікті жеке-дара сатып алу орталықтары қол жеткізді.

Қарапайым жеңілдіктерден бөлек, жеке-дара сатып алу орталықтары  промоушн науқандар ұйымдастырып, жинақтаушы бонустар жүйесі мен тұтынушылық  несиелер және Internet арқылы тапсырыс беруді қолға алды.  Бұған жеке-дара сатып алу орталықтары сатылым көрсеткіштерінің артуы ықпал етті. Мысалы, дағдарыс кезінде де тұрмыстық техника сатылысы төмендеген жоқ.

Айта кететін  жайт, тұрмыстық техника саласы биыл өсті, қазір тоңазытқыштарға сұраныс жоғары болып отыр. Бұдан бөлек, қазір тұтынушылар тапсырыс бермей-ақ, дайын өнім сатып алғанды жөн санайды. Алайда, алып көлемді техника бірнеше жылдар бойы қызмет етеді. Мысалы тоңазытқыш пен кір жуғыш машина тостер немесе шәйнекке қарағанда көп жөндеуді талап етпейді.

Қазір елге импорталып отырған тауарлардың басым бөлігі Малайзия, Түркия, Польша мен Венгриядан келеді. Алып көлемді техниканы Корея  мен Қытайдан жеткізіп отырмыз. Олар Еуропалық өнімдерге қарағанда  әлде қайда жақсы өтіп жатыр. Оның сапасы да жаман емес. КО-ының құрылуымен нарықтағы сұр және қара жасырын нарықтар біршама қысқарды. Бұл дегеніміз нарықтағы сапасыз өнімдер саудасы азайды.

Автокөлік нарығы. Қазақстандық автокөлік бизнесі Ассоциациясы (ҚАБА) таяуда өткен жылдың қорытындысын жасады. Еліміздегі ресми автодилерлер 2011 жылы 22 409 көлік өткізген. Яғни, сатылым 2010 жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға артық. Қазақстандық автокөлік нарығы соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді. Бұл нарықтың дағдарыстан шыққанын көрсетеді. Сатылған көліктердің басым бөлігі Қазақстанда құрастырылған машиналарға тиесілі.

2011 жылы сатылым  көлемі бойынша үш бірінші  орынды Lada, Тоyоtа және Uz-DАЕWОО брендтері  бөліскен. Қазақстанда және Ресейде  құрастырылған Lada ав­токөліктері  байырғыдай көшбасшылық танытып отыр – 2009 жылмен салыстырғанда сатылым өсімі 28 пайыз және 5 125 машинаны құрайды. Екінші орынды жапондық Тоyota бренді берік ұстанды. Алайда Тоyota көліктерінің алдыңғы жылмен салыстырғанда сатылымы 5 пайызға төмендеді. Тізім бойынша келесі орында тұрған Uz-DАЕWОО сатылымы 2009 жылмен салыстырғанда 39 пайызға артты.

Тізімдегі төртінші орынды сатылымдары 2009 жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға азайып, 1 430 бірлікті құраған  ресейлік УАЗ бренді иеленіп отыр. Рейтингтің ондығын 576 автокөлік сатқан, Қазақстанда құрастырылған Сһеvrolet бренді қорытындылайды. 2009 жылмен салыстырғанда Сһеvrolet өзінің сатылымдарын 27 пайызға арттырған.

2011 жылы 8 364 автокөлікті  сатып өткізген «БИПЭК АВТО»  компаниясы дилерлер арасында  Қазақстан нарығының көшбасшысы атанды. Екінші орынды ауыр және жеңіл жүк техникасын қоса есептегенде 3 804 бірлікті өткізген «Вираж» компаниясы, үшінші орынды 3183 автокөлік өткізген «МЕRCUR Auto LTD» компаниясы иеленіп отыр. Төртінші орында сатылымдары 2564 машинадан тұратын «Астана Моторс» ҚМК тұр. Бесінші орынға 2010 жылы 960 көлік сатқан «Аllur Auto» компаниясы жайғасты.

Өткен жыл Қазақстанның бүкіл автобизнесі үшін жемісті  болды, еліміздің қарқынды индустриалды дамуының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканың алуан түрлі салаларында бірқатар автоқұрастырушы өндірістер іске қосылды. 2010 жыл отандық автоқұрастырушы өндірістердің пайда болуымен ерекшеленеді. Қостанай қаласында «Агромашхолдинг Қазақстан» АҚ негізінде Оңтүстік Кореялық жол талғамас SsangYong көліктерінің өндірісі іске қосылды. Оның алғашқы өнеркәсіптік топтамасы өз тұтынушыларын Қазақстаннан жылдам тапқан. Оған қоса Алматыда жапондық «Isusu» және «Itochu» компаниялары, сонымен қатар «СВС» қазақстандық топпен ұйымдастырылған Isusu жүк көліктерін құрастыру бойынша автомекеме құрылды.

Автокөліктерді  Қазақстанда жасау олардың тұтынушылар  үшін бағасын төмендетуге және қосымша  жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді. Сонымен қатар  жаңа жоғары технологиялық өндірістер отандық экономи­каның индустриалды әлеуетін арттыру бағдарламасына елеулі үлес қосады.

Мұнай нарығы. Қазақстан мұнай нарығында өз ұстанымдарын нығайтпақ. Қазір Үкімет әлемдегі ең үлкен мұнай-газ кен орны - Қарашығанақты игеруге қатысуға ниетті. Осы мақсатта консорциумның 10 пайыз үлесін сатып алу жөнінде келіссөзді бастап кеткен.

  Үкімет әуел бастан Қарашығанақ мұнай-кен орнын игеруге мүлдем қатыспағанды. Тек алған өнімді бөлісуді ғана қанағат тұтып келген. Бүгінде консорциум акцияларының 60 пайыздан астамы Англия мен Италия алпауыттарына тиесілі, 20 пайызға жуығын Американың «Шевроны» бақылайды, қалған 15-і ресейлік «Лукойл» компаниясының қолында. Енді жағдай өзгеретін сияқты. Егер бәрі ойдағыдай шығып, “Қазмұнайгаз” консорциумға акционер ретінде кірсе, жүздеген отандық кәсіпорын әр сала бойынша кен орнын игеруге қатыса алады. Жалпы «Самұрық-Қазына» отандық тауар үлесін 55 пайызға дейін ұлғайтуды мақсат етіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Нарықтық экономика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика дамыған сайын, оның бір-бірімен байланысты, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары (объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып-өзгеріп, бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі жеткен кезде олар шешімі күрделі әлеуметтік, экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы мүмкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі - нарық механизмі тиімділігінің артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының пайда болуынан бастап, ұлттық-мемлекеттік шеңбердегі нарықтық шаруашылықтардың қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін   тоқтаусыз жалғасып келеді.

  Біздің елдегі нарыққа келер болсақ, Қазақстан соңғы онжылдықта экономиканы дамытудың көрнекті нәтижелеріне қол жеткізді. Стратегиялық бағдарды сауатты және дәйекті түрде іске асырудың арқасында елдің экономикалық әлеуеті артып, соңғы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстан тиімді шығуға мүмкіндік берген қажетті ресурстар жинақталды. Алдағы онжылдық кезеңінің басты міндеті экономиканы кең көлемді жаңғырту және әртараптандыру болмақ, бұл ұзақ мерзімдік, орнықты және сапалы өсуді одан әрі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы міндетті шешуде басты күш-жігерді мына бағыттарға жұмылдыру қажет:

  • экономиканың өнімділігін кешенді түрде арттыруға, оны

әртараптандыруға  және шикізаттық емес басым салаларды  дамытуға бағытталған елді жедел индустрияландыру;

  • шикізат өндірісінен қосылған құны неғұрлым жоғары тауарлар

өндіруге көшу;

  • егін шаруашылығында және мал шаруашылығында инновациялық

технологияларды қолдану негізінде ауыл шаруашылығын индустрияландыруды жүргізу;

  • ауылдың инфрақұрылымын жетілдіру, несиелеу жүйесі және өзін-өзі

жұмыспен қамтыған халықты оқыту арқылы ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамыту;

  • ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 4 есе арттыру және

агроөнеркәсіптік  кешен өнімдерінің экспортын  өсіру;

  • өңірлерді дамыту бағдарламаларының орындалу барысын

бақылауды күшейту, қаржылық қамтамасыз ету және бюджеттік  шығыстардың тиімділігін арттыру, өңірлерде инвестициялық саясатты іске асыруда республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен жобаларды  бірлесіп қаржыландыру қағидаттарын жетілдіру;

  • көлік, өндіріс және энергетика инфрақұрылымын дамыту, транзиттік

тасымал көлемін 2 еседен астам арттыру, ішкі өндіріс  есебінен электр энергиясымен толық  қамтамасыз ету, тұтынушылар топтары  бойынша және тұтыну көлеміне қарай  сумен жабдықтау қызметінің және тұтыну көлеміне қарай электр энергиясының сараланған тарифтерін барлық жерде қолдану;

  • экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру: ІЖӨ-ні кемінде 30%-ға

ұлғайту, Ұлттық қордың активтерін ІЖӨ-нің кемінде 30%-дық деңгейіне жеткізу, 2020 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін кемінде 2 есе арттыру, инновацияны кең ауқымды дамыту және енгізу, инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлес салмағын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 20%-на дейін арттыру, жалпы ішкі өнімнің энергетикалық сыйымдылығын кемінде 25%-ға дейін кеміту, қазір қолданыста бар өндірістерді технологиялық жаңарту;

Информация о работе Нарық ұғымы мен мәні