Нарық ұғымы мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 21:09, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің бірі деп есептеледі.
Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.

Файлы: 1 файл

курсовая работа111.doc

— 237.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің бірі деп есептеледі.

  Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста  әрекет ететінін  естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы  ретінде  соңғы екі жүз жылдықта  А.Смиттің  еңбегінде іргетасы қаланған  теорияны талдау  және оны толықтыру бағытында  дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы  деалектикасының өзі нарықтық  экономиканы  ұйымдастыруға  әкелетіні аян. “Айырбастау”- дейді  В.И. Ленин: “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан  шаруашылықтың  жүргізу  құралы, оның дамуының  өзіндік бай тарихы бар.

  Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де  толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа  көшу экономиканы  дағдарыстан  шығарудың  баламасыз  құралы деп  танылып отыр. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрлым  жатады. Нарық тауар биржаларының,  көтерме және  бөлшек сауда  құрылымдарының  құрылып, қызмет етуін  талап етеді. Нарықтың ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

   Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қозғалып отырған өзекті тақырып нарық және нарықтың құрылымына байланысты болғандықтан, бұл курстық жұмыстың негізгі зерттеу объектілері мыналар:

  • Нарық туралы жалпы түсінік
  • Нарықтың инфрақұрылымы
  • Нарық қызметтері мен элементтері

  Курстық жұмыстың негізгі аспектілері: Осы тақырыптың негізгі аспектісі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.

Мақсаты:

  • Нарықтық мәнін анықтау, оның функциялары мен инфрақұрылымын

және  нарық түрлерін зерттеу.

Міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсатына жету жолдарын қарастыру.

 

 

 

І Нарықтың теориясы және даму тарихы

1.1 Нарық ұғымы мен мәні

 

Қоғамдық өндіріс  процесінде  қоғамдық өнімнің нақтылығы  қозғалысы сан  мыңдаған  шаруашылық  байланыстары арқылы жүреді.  Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының  экономикалық  қан тамыры  іспетті. Осы байланыстар  арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады.  Міне, қоғамдық өнімнің  осы қозғалысында  нарық маңызды қызмет атқарады.  Әрине, оның  өміршеңдігі  өндірістің табиғатына, экономикалық  әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен  нарықтың біраз  дербестілігі бар, сондықтан да  болар ұдайы  өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен  тиімділігіне айтарлықтай  әсер етеді.

Жалпы нарық  мәселесі төңірегінде  осы күнге  дейін  теориялық айтыстар  толастай келеді. Экономикалық  әдебиеттер мен  зерттеулерде “нарық” деген терминнің  мәні осы күнге дейін толық  ашыла қойған жоқ.  Көпшілігі  нарықтық қатынасты стихиялық  күштер үстемдік  ететін ұйымдастырылмаған, ұшуы  көп кәдімгі  базар мен теңесе,  ал ендігілері  нарықты экономиканы  барлық ауруынан  тез жазылатын  керемет “күш”  деп те  дәріптеуде.

Саяси экономикалық мағынада  нарықты айырбас  қатынасын білдіретін  экономикалық  категория деп қарайды.  Ол экономикалық қатынастар  жүйесінде  ұдайы  өндіріс процесінің  маңызды сатысы,  айырбасты сипаттайды.

Сонымен нарық  дегеніміз не?  Бұл сауалға  бірден жауап берудің  өзіндік  қиындығы көп. Нарық бұрын – соңды біздің елде терең  зерттелмеген, сондықтан оның мәнін  қате түсіну  қазіргі әдебиеттерде  жиі кездеседі. Себебі нұсқау – бөлу  әдістеріне негізделген  басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми  зерттеу пәні  бола алмады. Ұзақ  жылдар бойы  әкімшіл - әміршіл  жүйенің идеологиялық  тұтқынында болып келген  экономикалық ғылымдарда  нарықтың маңызы  мен орны туралы дауырықпалық көзқарас басым болды.

Нарық мәселелерінің  қоғамдағы қайта құру теориясы мен  практикасында  алатын зор  мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің  және Қазақстан ғылым экономикасының  арасында нарық түралы бірыңғай  пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың  бірнеше анықтамасын келтірейік.

Нарық − өндіріс факторларын немесе  оның нәтижелері  мен шарттарын айырбастауға байланысты  болатын өндірістік  қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

Нарық − бұл сатушылар  мен  сатып алушылардың  арасындағы тауар және қызмет  көрсету процесіне  байланысты  қалыптасатын  экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Нарық − тауарларды  сатып алу-сатумен  байланысты орын  алатын экономикалық  қатынастар  жиынтығы.

Нарық тауарларды өткізуге  байланысты сатушылар  мен сатып алушылардың арасындағы  қатынастар жүйесі  болып табылады.             

Келтірілген көзқарастардың қайсысы  да жеткілікті  түрде дәлелді бірақ  мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ  нәрсе ол  нарықты өндірістің  емес,  айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар  емес , сатушылар мен сатып алушылар  деп көрсетілуі.  Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық  байланыстар сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық  айырбас пен   айналыс саласындағы  қатынастарға емес, өндірісте болатын  қатынастарға  тиісті болуы  керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және  оның  тауарға  айналуын  сипаттайтын,  тауар-ақша қатынастарын қандай нақты  нысындарда  болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда  болады.

 

1.2 Нарық қатынастарының даму кезеңдері

 

Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан  шаруашылықтың  жүргізу  құралы, оның дамуының  өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы  айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының  дамуын мынадай негізгі кезеңдерге  бөлуге болады:

  1. Натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
  2. Тауар баламасының  кезеңінің нарығы;
  3. Тауар емес балама кезеңінің нарығы;

Бірінші кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ  болды. Олар өндірістің шарттары  болып табылмайды. Құндық қатынастар  әрбір жеке  сауда саттық  көріністерде  кездейсоқ болады. Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула  бойынша т12 көруге болады. Балама айырбас  көбіне-көп өндірістің  шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның  субстанциясы әлде болса  тауарды бір түрімен  біртұтас болып  бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза  құнның иленушісі  болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

Екінші кезеңіндегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас  формуласы бойынша  т12 − балама −   т2 . Әрбір жергілікті нарыққа  балама тауардың  бір түрі тән. Ол  ерекше тұтыну  қасиетіне байланысты  әрдайым ортасынан ағысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн  өзінің иленушісінің белгілі бір  заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді. Оған тауар қабығынсыз өмір сүре  алмайтын  «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін  құрамалары  байланады. Дүниежүзілік  нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алтын  атқара бастайды.

Үшінші кезеңдегі  тауар қозғалысының формуласы: 

 


Т1 − тауар емес балама – Т2 .

 

Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның «таза» иленушілері − несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық  иленушісінің  оқшаулануы             қазіргі замандағы  нарықты сипаттайтын  құбылыс болып табылады.

Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы  немесе еркін нарық,  монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді. Стихиялы  нарық − капитализмнің алғашқы кезеңінде  болды,  оған еркін тауар  өндірушілер мен  сатып алушылар, еркін  бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы,  әлемдік экономикалық  теорияның  негізін қалаушы А.Смит (1723-1790 ж.) өзінің   «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері түралы зерттеу» (1776ж.) деген басты еңбегінде жеке  меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық  қажеттіліктерге  лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған  болатын. Сонымен бірге  А.Смит  екі кәсіпкер немесе  саудагердің  арасындағы әңгіме  әрқашанда бағаны өсіру  ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге  араласпауы  керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзетшінің» рөлін атқару қажет. Мемлекет  «Laisser faire» («мейлі өзінен өзі жүрсін»)  саясатын жүргізіп,  бәсекені  шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит  осы екі дәлел негізінде  жаппай анархияны  қорғаған жоқ. Керсінше, ол жеке капиталдың  монополиялар мен картельдер арқылы  бәсеке  күресіне  шек қоятын             «жаман әдеттеріне» мейлінше  күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны  төмендету  және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу  қабілетті болады деп  көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит нарықты  экономиканы өзін-өзі реттеу  механизмін  ашты. Оның  пікірінше, жеке мүддені  қоғамдық игіліктің  пайдасына жарату  мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделенуіне байланысты  нарықта  анархия  орын ала  бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан  ала бастады. Осы кезден  бастап монополиялық нарық қалыптасты.

Монополиялық  нарық ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы  кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың  бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына  кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік  ғылыми техникалық прогрестің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар  тапшылығына, ал  түптеп келгенде,  қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына  негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы да  жатады. Нәтижесінде, сұраным мен  ұсыным сұрақтары  әкімшілдік -әміршілдік  тәсілмен шешілетін,  тұтынушылардың мүддесіне  бағдарланбаған  өндірушілер  нарығының типі  қалыптасты. Қазіргі заманғы  өркениетті  елдерге реттелмелі  нарық тән болып отыр. Оны  тек қана еркін  тауар өндірушілер  мен тұтынушылар еркін бәсеке  мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге  мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне  қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін  маркетингтік  қызметті енгізу, өндірістің  көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру,  әр түрлі  кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама  ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін  атап көрсету керек.

 

1.3 Нарық қызметтері

 

Нарықтың мәні оның  функциялары  арқылы толығырақ  анықталады.

Нарық мынадай  маңызды  қызметтер  атқарады:

  • Тауар өндірісінің өзін -өзі реттеу  қызметі. Бұл мына жағдай арқылы 

көрінеді: тауарға  сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің  өндіріс көлемін  көбейтіп, бағаны  жоғарлатады нәтижесінде өндіріс  қысқара бастайды.

  • Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде,  өндірушілер өндіруді 

азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды  жетілдіру  арқылы шығындар азайту мүмкіндігін  іздестіреді.

  • Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының  қоғамды маңыздылығын 

айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық  жоқ өндіріс  жағдайында  жүзеге аса алады.  Сатып алушылардың таңдауы бар  болғанда,  өндірісте монополия  болмағанда, бірнеше өндірушілер  болып олар өзара бәсекелес болғанда.

  • Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және 

айырбастағы  негізгі микро және  макропропорциялар белгіленеді.

  • Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару

принциптерін  жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар  әсері мен  қоғамдық өндіріс  экономикалық жағынан  қолайсыз  әлементтерден  арылып отырады және осының арқасында  тауар өндірушілер  әркелкі  түрге, буындарға  бөлінеді , яғни дифференцияланады.

 

1.4 Нарық элементтері

 

Нарық экономикасының қызмет етуі  оның белгілі  элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы  нарық жүйесін құрайды.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі − өндірушілер мен  тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек  бөлінісі процесінде  қалыптасады. Біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны  тұтынады. Тұтыну, жеке тұтыну  және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда  тауарлар, өндіріс  сферасынан  шығып, адамдардың  жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай  жалғастырып  жүргізу болып табылады.

Бұнда тауарды  басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда  өндірушілер  мен  тұтынушылардың бір-бірімен  байланысы әрқайсысының  әрекеттерінің  нәтижелерін  айырбастау  арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында  бұл байланыстар тұрақты болады. Мамандануға негізделеді  және көтерме нарықтық келісімдер  фомасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементін  өндіріс орындарының  коорпоративтік  басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен  болжанған экономикалық  оңашалану  құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды  элементі − баға. Бағаны  жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек  екі мәселені  ескертеміз:

1. Баға  сұраныс  пен ұсыныс  нәтижесінде  қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі  коньюнктураға  байланысты  өзгеріп  (тербеліп) отырады.

2. Осы географиялық  ауданда  өндірілген тауарға  нарықтық  қатынастар  әсерінің  сферасын  баға анықтайды. Осы сфераның  шегін  айырбаспен  байланысты  айналым  шығындары болжайды.

Нарық экономикасының төртінші орталық буыны екі  құрылымнан  сұраныстан және  ұсыныстан  тұрады. Нарықта сұраныс  тауарларға  қажеттілік  болып көрінеді. Осы  тауарларды тұтынушылар  қалыптасқан бағамен  ақшалай  табыстарына  сатып алады. Сұраныс өндірудің ең  тиімді әдісін  қолданудың  және ресурстарды  тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс  материалдық игіліктерді  өндірушілер мен  тұтұнушылар  арасындағы тұрақты  байланыстарды  қамтамасыз ететін нарық механизмінің  өте маңызды элементі.

Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары  болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын                                        кеңейтуді  қамтамасыз етеді. Бәсеке нарығы  субъектілерінің өзара әсерінің  және пропорцияларды реттеу  механизмінің  формасы болып  табылады.           А.Смит бәсекені  нарықтың  “көрінбейтін қолы”  деген.

Информация о работе Нарық ұғымы мен мәні