Нарық ұғымы мен мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 21:09, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің бірі деп есептеледі.
Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.

Файлы: 1 файл

курсовая работа111.doc

— 237.50 Кб (Скачать)

Нарықтың маңызды  элементтеріне  нарықтық инфрақұрылым  жатады. Нарық тауар биржаларының  көтерме және  бөлшек сауда  құрылымдарының  құрылып, қызмет етуін  талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Нарықтың инфрақұрылымы және нарықтағы бәсеке

2.1 Нарық инфрақұрылымы

 

Рыноктың инфрақұрылымы  дегеніміз − рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы .

Рыноктың инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі − жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі − көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік-есептеу негізі − банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.

     Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: жәрмеңке, биржа, аукцион.                                                                                                                                                                         

Жәрмеңке − жылдың белгілі бір мерзімдерінде сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын. Мұндай сауда орындарының Қазақстан аумағында ғұн дәуірінен бастап ұйымдастырыла бастағаны тарихтан белгілі. Әрине, XIX ғасырдың 30жылдарында Қазақстанның көптеген қалалары мен елді мекендерінде Жәрмеңкелер көптеп ашылды. Бөкей ордасындағы, Шортанды, Семей, Көкшетау, Ақмола, т.б. Жәрмеңкелер қазақ жеріндегі сауда айналымының өсуіне, айырбас көлемінің артуына ықпал етті. Ресей, Қытай, Моңғолия, т.б. мемлекеттермен сауда байланыстарын жүргізуде Қазақстанның әр түкпіріндегі Қоянды (Қарқаралы уезі), Ойыл (Ақтөбе), Қарқара (Верный, Жаркент уездері), Әулиеата, Тайынша көл (Петропавл уезі), Шар (Семей уезі) Жәрмеңкелері маңызды рөл атқарды. Жаздық және күздік болып бөлінетін Жәрмеңкелер саны 19 ғасырдың соңында Ақмола облысында 40, Семей облысында 14-ке жетті. Олардың ішінде ең ірісі болған Қоянды Жәрмеңкесінде мемлекеттік банк бөлімшесі, почта, телеграф жұмыс жасады. XIX ғасырдың соңына қарай ашылғанына қарамастан, Қарқара жәрмеңкесі ірі Жәрмеңкелердің қатарына тез қосылды. Саудагерлер Жәрмеңкелерге әкелген тауарларды жергілікті мал шаруашылығы өнімдері (тері, жүн, киіз, мал), азиялық тауарлар (халат, кілем, жібек және қағаз, ат әбзелдері, кептірілген жеміс-жидектер), еуропалық заттар (ұн, балауыз, сабын, шай, қант, темір, фарфор бұйымдары), т.б. деп топтауға болады. Алайда, сату және сатып алудың жетекші тауары мал өнімдері болған. Жәрмеңкелерде сауда-саттықпен қатар, қазақ халқы мен басқа да ұлт өкілдерінің өнерпаздары мен спортшылары өнерлерін көрсетіп, мәдени шаралар да өткізіліп тұрды. Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Уәлиқызы, Әміре Қашаубаев, т.б. сияқты халық арасынан шыққан әнші, сазгерлер мен балуандар осы Жәрмеңкелерде халыққа өз өнерлерін тамашалатып отырған (қ. Жәрмеңке думаншылары). Жәрмеңкелер қазақ даласындағы экономикалық өмірді жандандырып, ұлттық өнерді ел арасына тарату қызметін де атқарды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырған Қарқара жәрмеңкесі (Алматы қаласында) жаңа техника мен технологияны, тауарларды сату мен тарату, еліміздің табиғи байлықтарын насихаттау, инвестициялар тарту, т.б. қызметтер атқаратын жүйелі орын болып отыр.

Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында, алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда кезінде бұйым көрмеге қойылады. Аукцион тауарлардың, бұйымдардың белгілі бір түрлері бойынша өткізіледі. Аукционның бағаны көтеріп немесе бағаны төмендетіп жүргізетін түрлері бар. Бағаны көтеріп саудаласу ашық және құпия түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық түрінде аукционшы лот (сапасы біркелкі тауар тобы) нөмірін, бағасын алушылар алдында жариялап, «кім көбірек», «кім артығырақ» деп сұрақ қояды, ал алушылар тауардың алғашқы бағасынан сату ережесінде белгіленген мөлшерден әрдайым арттырып, өз бағаларын атайды. Егер кезекті баға арттыру ұсынылмаса, сұрақ үш рет қайталанғаннан кейін, аукционшы балға соғып тауардың ең жоғарғы баға ұсынған кісіге (мекемеге) сатылғанын хабарлайды. Аукционның жабық түрінде сатып алушы аукционшыға баға көтеруге келіскені туралы шартты белгілер береді де, аукционшы сатып алушының атын атамай-ақ жаңа бағасын хабарлайды. Бағаны бір ыңғай төмендету арқылы жүргізетін аукционда тауар тобын (лотты) кім бірінші «иә» десе, сол алады. Бағаны төмендететін аукциондарда бағаның өзгеруі циферблат тілімен көрсетіледі. Кім бірінші кнопканы басып циферблат тілін тоқтатса, лотты(тауар тобын) сол сатып алады.

Биржа (лат. Bursa-әмиян) − сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны. Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.

Тауар Биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер — астық, мақта, металл, т.б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар Биржаларына: Лондон халықаралық Биржасы (мұнай өнімдері, мазут, т.б.), Токио тауар Биржасы (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т.б.), Лондон металл Биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т.б.), Нью-Йорк тауар Биржасы (алюминий, алтын, т.б.), Орталық Америка тауар Биржасы (астық өнімдері, бидай, жүгері, т.б.) жатады.

Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор Биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2-3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.             

Валюта Биржа − валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта Биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.

 

2.2 Нарық коньюнктурасы.

 

Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалык коньюнктураға байланысты, яғни нарықтың белгілі мерзімдегі  уакытша  жағдайы. Коньюнктура  туралы  төменде  көрсетілген көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:

  • өндіріс  пен  кұрылыс дииамикасы, тауар запастарының мөлшері;
  • баға, процент, бағалы кағаздар курсының козғалысы;
  • пайда, еңбек ақы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;
  • еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас;

Экономикалык коньюнктураға «циклдық», «циклдық емес»,       «кездейсоқ» факторлар әсері бар;

А) циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың (өндірістік құрал-жабдықтардың) кезекті жаппай жаңаруына байланысты;

 Ә) циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер етеді (оған ең алдымен ғылыми-техникалык прогресс жатады);

Б) кездейсоқ (уакытша, тез өтетін) құрғақшылық, аурулар, мода.                           Экономикалык коньюнктура жақсартудың әдістері:

А) инвестициялық ахуалды қалыптастыру;

Ә) фирмаларға мемлекеттік тапсырыстардың берілуі мен көлемінің өзгеруі;

Б) салық және процент ставкаларының дәрежесін қайта қарау;

В) халықтың ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу;

Қазір барша кәсіпорындар немесе жекелеген  нарықтар коньюнктураның өзгеруін зерттейді, оның болашағын болжайды.

Нарық коньюнктурасын болжау маркетингтің де міндеті.

 

 

2.3 Нарықтың құрылымы

 

   Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

  • меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
  • шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының

экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар  өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);

  • тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
  • шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен

алыну және жекешелендіру дәрежесімен;

  • осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен;

  Нарықты құрылымы жағынан жіктеу

   Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:

1. Нарық  қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

  • игіліктер мен қызметтер нарығы;
  • өндіріс құралдарының нарығы;
  • ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
  • құнды қағаздар нарығы;
  • жұмыс күші нарығы;

   Нарықтық көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді. Тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.

2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:

  • өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
  • халық тұтынатын тауарлар;
  • азық-түлік тауарлар нарығы;
  • шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары;

   Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбейуін тілейді.

3. Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады:

  • аймақтар ішіндегі;
  • аймақаралық;
  • республикалық;
  • республикааралық;
  • халықаралық (әлемдік) нарықтар;

Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың  мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.

4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:

  • монополиялық;
  • олигополиялық;
  • салааралық нарықтар;

5. Нарық  қатынастарының субъектілері бойынша  мынадай нарықтар болады:

  • Көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар

болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.

  • Бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар − жеке

азаматтар.

  • Ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.

Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар − ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендердер және т.б.

Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі — жабдықтаушы (жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек кооперациясы тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобил және шина жасайтын заводтар). Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі − коммерциялық орталықтар, биржалар. Бұл түр өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген ұсақ тұтынушылар пайдаланғанда орын алады. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметгік жағдайларда мүмкін болады.

6. Экономикада  заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:

  • занды, ресми нарықтар;
  • занды емес, «көлеңкеленген» нарықтар, т.б.

Нарықтың түрлері бойынша жіктеу

Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі  түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл  топқа жататын нарықтар:

  • тұтыну тауарларының нарықтары − азық-түлік және азық-түлік

емес  тауарлар нарығы;

  • қызметтер нарығы − тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер;
  • тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардын, нарығы;

Информация о работе Нарық ұғымы мен мәні