Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 15:14, доклад
Қазақстан Республикасының қоғамдық, саяси және экономикалық өміріндегі ірі өзгерістер болашақ азаматтардың тұлға болып қалыптасуына жауап беретін – педагогика ғылымының алдына жоғары талаптар қоюда. Әлем бойынша әр типті оқу тәрбие мекемелеріндегі білім беруді ізгілендіру мен гуманитарландыруға жаппай бет бұруда. Мемлекетімізде қазіргі кезеңде сапалы білім берумен қатар болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттілігі туындауда.
Қазақстан Республикасының қоғамдық, саяси және экономикалық өміріндегі ірі өзгерістер болашақ азаматтардың тұлға болып қалыптасуына жауап беретін – педагогика ғылымының алдына жоғары талаптар қоюда. Әлем бойынша әр типті оқу тәрбие мекемелеріндегі білім беруді ізгілендіру мен гуманитарландыруға жаппай бет бұруда. Мемлекетімізде қазіргі кезеңде сапалы білім берумен қатар болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттілігі туындауда. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстары тоқырауға әкелді. Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмысына деген жаңаша көзқарастар қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. Тәрбие даму ретінде қарастырылуда, яғни педагогикалық қарым-қатынаста адамдық сапаларды сақтау және қалпына келтіру. Тәрбие жұмысы- педагогтардың нақты міндеті, яғни шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс-әрекеті. Осыған орай оқыту мен тәрбиені ұйымдастырушы және осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен, ата-аналармен жағымды қарым-қатынасты реттеуші ретінде сынып жетекшісінің ролі көтерілуде. Бүгінгі жағдайда сынып жетекшісі жұмысының мазмұны өзгеруде, педагогтік мамандықтың мәні, оның мақсат, міндеттері жаңаша тұрғыдан қарастырылуда. Қазіргі кезеңдегі ғылым педагогика адамға басқа көзқараспен қарауды ұсынады, мектептегі жұмыстарға, соның ішінде сынып жетекшісінің жұмысына деген тың пікірлер кең таралуда. В.А.Сухомлинский: «Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнәрсе жоқ» - деп жазған. Бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің, әсіресе сынып жетекшісінің алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс - әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсаттардан төмендегідей міндеттер туындайды:
Толыққанды тұлғаны дамыту үшін тәрбиені ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы деп түсіну қажет. Осылай түсінілген тәрбие ғана баланың өмірінде кездесетін мәселелерді батыл шешу. Кейбір адамгершілік сыналар жағдайларда дұрыс бағытты таңдау дағдыларын қалыптастырады. Тәрбие - бұл тұлғаны (өз бетімен не сынып жетекшісімен бірлесіп отырып) адамгершілік, нағыз адами өмірді саналы түрде іздеуі. Оқушылар көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Мен кіммін? Мен қалай өмір сүремін? Не үшін осылай істеуім керек? Маған өмірде не керек? Өзімнен не күтемін? Басқалардан не қажет? Онда тәрбие кең мағынада тұлға бойында басқа адамдардың өміріне сәйкес өз өміріне рефлекторлық, шығармашылық, адамгершілік қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады.
Тұлғаның дамуы дене, адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесінің, сондай-ақ адам тұлғасының рухани дамуы негізінде іске асырылады. Педагогтар тәрбиенің мақсаты физиканы немесе химияны және т. б. пәндерді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы адамды тәрбиелеу екенін терең түсінулері керек.
Мектептегі оқу-тәрбие
жұмысының табысты болуы
Сынып жетекшісі баланың белсенділігін, әлеммен қарым-қатынасын, өзіндік «Менін» ой елегінен өткізуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісінің бағалауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.
Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократиялануына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр. Осы себеппен педагогтардың да ой-пікірі жан-жаққа бөлінуде.
Республиканың бірқатар мектептерінде тәжірибе ретінде сынып жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшілерінің әртүрлілігі (вариативность) жүзеге асырылуда.
Жекелеген мектептерде жоғары сыныптарда өзін-өзі басқарудың дамығандығы соншалықты, тіпті оқушылардың бастауыш ұжымы жұмысын сынып жетекшісіз-ақ құруға мүмкіндік береді. Сірә, сынып жетекшісі жұмысының әртүрлілігі туралы мәселені тікелей нақтылы мектептер мен сыныптарда шешу керек болар. Кейбір жерлерде, мүмкін, тәрбие процесін сынып жетекшісіз ұйымдастыру да орынды шығар.
Республикамыздың педагогикалық ұжымдарының және басым көпшілігінің пікірі бойынша бүгінгі күні сынып жетекшісін мектеп өмірінен алып тастау өзін-өзі ақтаған жоқ.
Сынып жетекшісінің біліктілігі
балалар әлемін терең түсінуге негізделген
педагогикалық білім екені
Ережеге сәйкес, сынып жетекшілікке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі мектеп директорының жарлығымен тағайындалады. Ол тәрбие жұмысын өзіне сеніп тапсырылған сынып ұжымымен, сондай-ақ, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, оқушылардың қоғамдық ұйымдары, олардың ата-аналарымен, мектептен тыс мекемелермен, жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста іске асыруға бар күш-жігерін жұмсайды.
Демократиялық мектеп өзінің
назарынан адамның мінез-
Бірақ сынып жетекшісі өзінің кәсіби және әлеуметтік роліне байланысты, бала өмірінің бір бағытына басым көңіл аударады, сонымен қатар оны ұйымдастырады - ол көбіне оқу тәрбие ісіне көңіл аударады; ата-аналар - баланың денсаулығын қамқорлыққа алады, мектептен тыс ұйымдар - баланың бос уақытын қамтиды. Осы арада сынып жетекшісінің ролі ерекше. Тәрбиешілер өздерінің күнделікті қызметінде сынып жетекшілер өздерінің әріптестерімен, отбасымен, жұртшылықпен бірігіп жұмыс істейді деген түсінікте. Бірақ, қазіргі таңда бұл пікірге кейбір анықтау қажет сияқты: біріншіден, тәрбиешілер оқушыны тәрбиелеу жөнінде дара келісті, ал оқушы бұл жағдайдан - бейхабар. Ол оқушыға осы жағдайда қандай нақты көмек қажет, немесе ол өзінің проблемаларын өзі шешетіндей мүмкіндігі бар ма? -Бұл жағы да тасада қалады. Сондықтан, көп жағдайда, тәрбие жұмысы нәтиже бермейді. Тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісінің орнын анықтау барысында ең басты бағыттан айырылмаған абзал - ол оқушы мен сынып жетекшісінің өзара байланысы. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі әр тұлғамен, баламен өзара түсінушілік негізде байланыс орнату. Егер осы диалог жұмысы жеткіліксіз болғанда ғана ата-аналармен, сынып оқушыларымен, басқа мұғалімдермен байланыс жасауға болады. Бірақ, бұлардың барлығы екінші кезектегі істер.
Енді, жаңа талаптар тұрғысынан сынып жетекшісінің қызмет бағыттарын анықтауға тырысайық: егер сынып жетекшісі қызмет мазмұнын оқушының жас ерекшеліктерімен, қызығушылығымен, қажеттілігімен байланыстыратын болса, онда сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірінші міндеті - баланы қорғау болады (аштықтан, суықтан, жалғыздықтан, дау-жанжалдан, т.б.). Сонымен бірге баланың еркін дамуына жағдай жасау (рухани жағынан да, дене жағынан да).
Қазіргі мектеп баланы қорғау функциясын әлі мойындай қойған жоқ. Ал егер мектепте гуманистік педагогика енетін болса, ондағы ең басты идея - баланы қорғау - сынып жетекшісінің негізгі міндеті болуы керек.
"Оқушыны қорғаушы"
функциясы сынып жетекшісінің
оқушымен жеке-дара жұмысын
"Оқушыны қорғаушы"
тұрғысынан қарағанда сынып
Сонымен, сынып жетекшісінің бірінші теңгеретін, жүзеге асыратын бағдарламасы - ол "Денсаулық" бағдарламасы. Бұл бағдарлама сынып жетекшісі мен педиатрдың, мектеп дәрігерінің тығыз байланыста болуын талап етеді. Мұғалім бұл салада өзінің білімін жетілдіру қажет.
Сынып жетекшісі ата-анамен бірге денсаулығы нашар оқушының ерекшеліктеріне сәйкес демалу, ұйықтау, тамақ ішу тәртібін белгілейді.
Балаға қамқорлық қажет ететін келесі өріс - ол қатынас: осы жағынан кейбір оқушылар мектепте көп қиналады: біреулерін ешкім байқамайды, екіншілерін - мазақтайды, ызаландырады, үшіншілеріне күліп, төртіншілерін - ортақ ойынға араластырмайды, бесіншісіне қорлық көрсетеді (моральдық жағынан да, күш жағынан да). Осындай қолайсыз жағдайға кезіккен оқушыларда өзіне-өзі сенбеушілік, психологиялық тұрақсыздық пайда болады. Сондықтан, ондай балалар айналасындағы адаммен қатынасқанда өрескелдік, дөрекілік, әдепсіздік көрсетеді.
Тәрбиешінің негізгі міндеттерінің балалардың қатынас өрісіне ену, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру, қатынас мәдениетіне баулу. Жоғарыда айтылған қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Бұл арада біз жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге аламыз.
Ең биік құндылықтардың бірі - адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Келесі құндылық - саған өмір сыйлаған, дүниеге әкелген адамның алдында бас ию. Туған жер, үй, отбасы - бұл құндылықтардан адамның ары, абыройы, нәр алып, қоректенеді. Оның еркіндікке талпынысы, патриоттық, азаматтық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіндік ерекшеклікке, өзіндік пікірге құқылы екендігін мойындайды.
Егер осы қасиет бала кезінен қалыптасса, ол сонда ғана басқа адамдардың , қоғамның дамуына мүмкіндік бере алады. Табиғат, ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұра - осының бәрі жалпы адамзаттық құндылықтар.
Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине өте қиын. Бірақ, оларды күнделікті өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар адамдардың қылықтарын, араларындағы қатынастарды реттеп отыратын ережелерге айналатыны сөзсіз. "Балаларды қорғаушы" тұрғысынан алатын болсақ оқу өрісіндегі сәттілікке жетелеудегі тәрбиешінің жұмыс бағыттары ерекше қырынан көрінеді.
Егер тәрбиеші оқушының жақсы мүмкіндігіне сенсе, оған жаны ашыса ғана, оны қорғауы мүмкін. Керісінше, ол алдын ала "бұл балаға не істесең де ештеңе шықпайды" деген оймен барса, ондай педагог қорғаушы бола алмайды.
Оқу -ең қиын әрекеттердің бірі. Осы кезеңде сынып жетекшісінің қорғау ісі "оқу" бағдарламасы бойынша жүреді, олар: баланың сабақ үстіндегі жұмысын көру (сабаққа кіру арқылы), "кіші кеңеспен" жұмыс істеу, кейбір пәндер бойынша оқушыларға көмек ұйымдастыру, басқа пән мұғалімдерімен бірге балалар көзқарасын, дүниетанымын кеңейтетін қызықты кештер ұйымдастыру; отбасын келісе отырып, ата-аналар жағынан көрсететін көмекті жан-жақты ойластыру, жоспарлау;
Оқушының қалыптасуына үлкен ықпалы бар өріс - оның бос уақыты. Осы бос уақыт өрісінің 3 міндеті бар:
1. Бала ағзасының дамуы, күш-
2. Қызығушылығы мен қабілеттің дамуы;
3. "Қызықты" адамдармен еркін қатынасу. Бұл өрістің бір ерекшелігі - оқушылар демалыс түрін өздері таңдап алады. Бұл өрістегі әрекеттерді ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің міндеттері мынау: әр баланың құштарлығын анықтау, үйірме таңдауға көмектесу, таным, мәдени көзқарасын кеңейту мақсатымен әдеби, тарихи, т. б. ұйымдастыру; сабақты нашар оқитын оқушылардың дер кезінде жақсы жақтарын байқап, сынып балаларына көрсете білу.
Ендігі өріс - баланың өмір сүру ортасы, тұрмысы, қалпы оқушының тұрмыс қалпы тек қана үйдің материалдық жағдайымен шектеліп қоймайды мектепте ауық-ауық белгілі бір модаға байланысты "эпидемиялар" болып тұрады. Кейбір оқушылар (әсіресе, ересек) сыныптардағы, құрбыларындағы киім, аппаратура оларда болмағанына налып, өзін кемсітіп жатады. Сондықтан, көп жағдайларда ата-аналармен келіспеушілік туады. Осы себептен, сынып жетекшісі отбасындағы тұрмыс жағдайларын жақсы білсе, ол дер кезінде қолайсыз істерге кедергі болар еді.
Мектепты сынып жетекшісі
Осымен, қорыта келе, айтамыз: сынып жетекшісінің басты назарында оқушы - Адам, оқушы - тұлға, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қорғау, дамыту міндеттері. Ал сынып ұжымы әр балаға қолайлы ортаға айналуы қажет.
Тәрбие процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін басқаруды сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса, ол жұмыстың нәтижелі болуы сөзсіз:
1. Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндетін, маңызын біліп, түсінуі, өзекті мәселелерін көре білу. Негізгі психологиялық - педагогикалық ұғымдарын, оқу тәрбие жұмысын тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы.
Информация о работе Педагогика ғылымының маңызы мен міндеттері