Педагогика ғылымының маңызы мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 15:14, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қоғамдық, саяси және экономикалық өміріндегі ірі өзгерістер болашақ азаматтардың тұлға болып қалыптасуына жауап беретін – педагогика ғылымының алдына жоғары талаптар қоюда. Әлем бойынша әр типті оқу тәрбие мекемелеріндегі білім беруді ізгілендіру мен гуманитарландыруға жаппай бет бұруда. Мемлекетімізде қазіргі кезеңде сапалы білім берумен қатар болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттілігі туындауда.

Файлы: 1 файл

1-10 Диплом сырттай.doc

— 60.50 Кб (Скачать)

2. Өз жұмысынң нәтижесін болжай  білуі, нақты нәтижелердің тәрбиелік  мақсатқа сәйкестігін аңғаруы,  қайшылықтарды, тәрбие ісінің  перспективаларын көре білу. Жоспарды оқушылардың даму нәтижесіне байланысты құруы.

3. Талдау барысында тәрбие ісінің  белгіленген мақсатқа сәйкестігін  анықтау, кемшіліктерінің себептерін  түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс - шараны талдау шеберлігі, өзінің  көзқарасын қорғап дәлелдей алуы.

4. Оқушыларды зерттеу арқылы  тәрбиелік міндеттерді анықтауы.

5. Оқушылардың даму деңгейіне  байланысты тәрбиенің негізгі  міндеттерімен, оларға сәйкес  іс-әрекеттер белгілеуі. Таңдап  алынған іс-әрекеттердің түрлері  мен тәрбие жұмысының әдістері, формалары тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал жасайтынына мұғалімнің толық сенуі.

6. Тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы, Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдыран тереңнен ойластыруы.

7. Оқушылардың дамуын болжауы,  оларды әр түрлі іс-әрекеттерге араластырып, өзара жақсы қарым-қатынастарда болуға бағыттауы, адамгершілік дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөліп, қажет болса, асырыңқырап мақтаған да артық емес (баланың мінез-құлқына байланысты). Оқушылардың қабілетіне, қызығушылығына, ынтасына, даму деңгейіне байланысты, тәрбиешінің оларды дамыту мақсатымен; баланың күшті жақтарына сәйкес істер таңдап, тапсырмалар беріп отыруы.

8. Тәрбиелеу барысында мұғалім  өзінің күшті және әлсіз жақтарын  ескеруі.

9. Тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен  мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі  тексеріп, талдап, оқушылардың даму  деңгейін зерттеп отыруы.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, сынып ұжымын дамытуға толық мүмкіндігі бар сынып жетекшісі мынадай:

- тәрбиеленушілердің тәрбиелік  деңгейін, әрқайсысының ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы біледі;

- оқушының дамуы туралы толық  хабары бар;

- белсенді оқушылар тобын  қолдап, олардың ұйымдастырушылық дағдыларын дамытып, ұжымды тәрбиелеу жұмыстарына қатыстырып отырады;

- ұжымның негізгі белгілеріне  және атқаратын қызметіне сәйкес  іс-әрекеттер жүйесін қалыптастырады;

- оқушыларды өзін-өзі басқаруға,  тексеруге бағыттап, олардың ынтасын дамытып, ұжымда тәртәпті оқушылардың қатарын көбейтіп, олардың адамгершілік қылықтарын, қасиеттерін қалыптастырады;

- ұжымның даму барысында, мұғалім  өзінің педагогикалық позициясын, пікірін өзгертіп отырады.

-  оқушылардың ұжымдағы өзара  қарым-қатынасын, қоғамға пайдалы еңбектерін бағалау әдістемесімен қамтамасыз етеді.

Аталған жұмыстың барлығы - ұжымды жоғары сатыға көтеруде, оқушыларды субъект  ретінде қабылдауға, дұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруға көмектеседі.

Мұғалімдік, ұстаздық ету үшін мәнінде өте қымбат, құрметті, қиын жұмыс. Оны бәріміз де білеміз. Ал жас ұстаз шындығында өз жұмысын қалай жолға қоюы керек? Әрине оған дайын нұсқау жоқ.  Десе де, ойланып көрейікші жас ұстазға ең қажетті не деп ойлайсыз?

Ең бастысы - мұғалімнің өзінің талабы, осы жұмысқа деген құштарлығы, балаларды жақсы көруі, түсіне білуі, ұстаздық білімділігі, оның теориялық білімділігімен қатар, біліктілігінің болуы.

Біліктілік дегеніміз - әдіс-тәсілдерді жетілдіру; әрине әдіс, тәсіл өз бетімен  келмейді. Ол үйрену, оқу, сезіне білу, яғни еңбектену арқылы келеді. Осыны түсіну керек сияқты.

Мұғалімнің жан-жақтылығы дегенді  қалай түсінесіз?

Мұғалім бойында барлық мамандықты игере алатын қасиеттердің ұшқыны болуы  керек. Ол - дәрігер, ол - психолог, ол - әртіс (ақын жанды), ол - кемеңгер ғалым, ол - ұйымдастырушы, ол - озық саяси көзқарасы бар адам және әдемілік, әдептілік кепілі.

Ұстаз әдемі киіне білетін, мінезі ұстамды, қарапайым, адамдармен тіл  табысатын, тіл байлығы мол, тек  өз пәнінен ғана емес, қоғамдық негізгі  ғылым саласының барлығынан хабардар болуы қажет.

Жаман бала жоқ. Жаман қарым-қатынас  бар.

Кішіпейіл, ізетті, байқағыш, сезімтал болуға тырысып, үлкен-кіші аралықты тырысуы  керек.

Ұстаз бойындағы адам көзіне онша түсе бермейтін елеусіз жағдайлар  оқушыларға кері әсерін тигізеді. Сондықтан мұғалім өзінің тәртібіне, мінезіне сын көзбен қарап, әрдайым оқушыларға өнеге болуы қажет.




Информация о работе Педагогика ғылымының маңызы мен міндеттері