Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 20:07, реферат

Краткое описание

Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі болып табылады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйін қайта жаңғыру делінеді. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесті ес деп атауға болады.

Оглавление

Кіріспе
І Тарау
Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар.
Естің түрлері және олардың өзара байланысы.
ІІ Тарау
2.1. Естің жалпы сипаты мен процестері.
а) Есте қалдыру
б) Қайта жаңғырту
в) Ұмыту
2.2. Ес саласындағы айырмашылықтар мен естің даралық ерекшеліктері.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

ес жайлы теориялар.doc

— 79.00 Кб (Скачать)

Жоспар:

 

Кіріспе

І Тарау

    1. Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар.
    2. Естің түрлері және олардың өзара байланысы.

ІІ Тарау 

2.1. Естің жалпы  сипаты мен процестері.

а) Есте қалдыру 

б) Қайта жаңғырту

в) Ұмыту

2.2. Ес саласындағы  айырмашылықтар мен естің даралық  ерекшеліктері.

Қорытынды

Әдебиеттер  тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Кіріспе.

 

Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз  санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға  мәлім.

Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі болып табылады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйін қайта жаңғыру делінеді. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесті ес деп атауға болады.

Естің физиологиялық  негіздерін И. П. Павловтың жүйке  жүйесінің пластикалық қасиеті  туралы ілімімен түсіндіруге болады. Жүйке жүйесінің пластикалылығы түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса енді бір зерттеушілер есті мидың нейро - химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын бір сыдырғы зерттегенмен естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.

Бір нәрсені еске сақтау-оны  байланыстыру деген сөз.

Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де тығыз байланысып жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Ес - бір - бірімен ұштасқан дара бөліктерден құралған күрделі психикалық процесс.

Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.

Алғашқы кездегі ес зерттеулері  көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологы Торндайк жанауарлардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді.

ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И. П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И. П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен ғана шектелген еді.

Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын  ырықты және саналы формалары тек  философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да, жоғары сананың туындысы деп танылды.

Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі  орыс ғалымы Л. С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20 - жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психологиялық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А. А. Смирнов және П. И. Зинченко естің саналы іс - әрекетпен быйланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп - әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.

Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті "материяның жалпы қасиеті" деуден аспады. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі - біртекті қарапайым  қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан алуан. П. Линдсей  мен Д. Норман естің бір - біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады:

    1. Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.
    2. Қысқа мерзімді ес.
    3. Ұзақ мерзімді ес.

 Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі

Бұл ес жүйесі біздің сезім  мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.    

Қысқа мерзімді есте жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді.

Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың  арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес - жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз.

Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық - бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу.

Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.

Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Олар тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған есте қалдырудың механизімі туралы мәселелер.

Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар  мен теориялық болжамдар бар. Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы  зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады.

Естің биохимиялық  теориясы

Ес механимін нейро - физиологиялық дәрежеде зерттеу  мәселелері осы кездегі биохимиямен  ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу  нәтижелері, есте сақтау екі сатылы сипатта болады.

Бірінші саты  тек секунд, минуттарға созылады. Ол естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі.

Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.

Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі.

Биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақта адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процесі - өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке - организмнен мүшеге ауысып отыратын процесс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Ойда қалдыратын не қайта жаңғырылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді.

Олар: қозғалыс, образдық, сөз - логикалық және эмоциялық естер.

  1. Қозғалыс есі деп - ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинада қағаз басу, самолет жүргізу, турникте ойнау) қалыптастырудың негізі болып табылады.
  2. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың, музыкант пен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді.
  3. Адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой) еске қалдыра алу қабілеті сөз - логикалық ес деп аталады.  Сөз жүйесін есте сақтау - ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөз - логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор.
  4. Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді.

Естің осы аталған  түрлері екі сигнал жүйелерінің  мидағы қызметімен түсіндіріледі. Мәселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы роль атқаратын болса, онда естің образдық түрі болғаны, ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз - логикалық ес түрі болып табылады.

Іс - әрекеті мақсатына байланысты ес - ырықты, ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс - ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық әркеттерге орай жүзеге келеді.

Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін екі деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған тұрмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс - әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.

Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне, сыртқы әсерлер іздері бекінгенге дейін өтетін процесстерге аударылуда.

Нақты қызметтік ес адамның іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдынғы бөлік нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып естен шығып, келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқандай болады. Қызметтік естің жоғары деңгейде, нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.

Ес түрлерінің өзара  байланысы

Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара  тығыз ұштасып, бірін - бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік - мағыналық ес мағыналы болуымен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа мерзімді ес сыртқы мағлұматтарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Барлық ес қысқа мерзімді ес процесінен басталады. Естің күрделі әрі адам өмірінде алатын орнының ерекше екендігін мына схемадан да көруге болады.

Естің таным жүйесіндегі орны.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Ес күрделі психикалық  процесс

Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

а) Есте қалдыру - жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақтағандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.

Еріксіз есте қалдыруда  адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай  шарттар қажет:

    1. арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу.
    2. Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы.
    3. Есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу.
    4. Сол мән - мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру.
    5. Қабылдаған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларлық жемісін табу.
    6. Қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
    7. Өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу.
    8. Сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.

Информация о работе Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар