Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 19:08, реферат
Бұл ғылым өзінің зерттеу объектісі мен әдістемелері бойынша биология ғылымының бір саласы болып саналады. Сонымен қатар адамның қоғамда атқаратын рөлінің ерекшелігіне орай оны антропологиялық зерттеу барысында әрдайым тарихи мәселелермен тығыз ұштастырып отырады. Жалпы антропология ғылымдар саласында қандай орын алатындығына Ф.Энгельс өте орынды анықтама берген: «... антропологии, опосредствующей переход от морфологии и физиологии человека и его рас к истории».
Бұл ғылым өзінің зерттеу объектісі мен әдістемелері бойынша биология ғылымының бір саласы болып саналады. Сонымен қатар адамның қоғамда атқаратын рөлінің ерекшелігіне орай оны антропологиялық зерттеу барысында әрдайым тарихи мәселелермен тығыз ұштастырып отырады. Жалпы антропология ғылымдар саласында қандай орын алатындығына Ф.Энгельс өте орынды анықтама берген: «... антропологии, опосредствующей переход от морфологии и физиологии человека и его рас к истории». Сөйтіп бұл ғылым саласы көне грек заманынан белгілі болғанымен, содан кейін ортағасыр кезінде жалғасын тапсада, тек ХIХ ғасырдың екінші жартысында ғана адам биологиясы мен қоғамдар ғылымдарының аралығынан орын алды. Осындай ғылыми аралықтың әсерінен Еуропа мен Америкада антропология ғылымы әртүрлі терминдермен аталатын болды. Мәселен, Батыс Еуропа елдерінде «антропология» деп үш ғылым салаларының қосындысын айтады, яғни антропология, археология және этнографияны қосып оны «Әлеуметтік антропология» дейді. Ал Америкада археология мен этнографияны өзара біріктіріп «Мәдени антропология» деп атайды. Онда физикалық антропологияның бірнеше атаулары бар. Олар «остеология» (бас пен қаңқа сүйекті зерттеуші), «биоархеология», «палеогенетика», «палеоантропология», «молекулярная археология», т.б. Бір ескерте кететін жай физикалық антропология пәні бойынша мамандарды дайындау жолдары бірнеше ғасырлар бойы медицина мен биология университетінде арнайы антропология кафедрасы арқылы жүзеге асырылып келеді.
Бұл «антропология» терминіне орыс әдебиеттері де әртүрлі түсініктеме бергені мәлім. Кеңес үкіметі кезінде, «Педагогикалық антропология», «Спортивная антропология» деген т.б. атаулар болған. Мұндағы терминдердің негізгі ұғымдары бойынша адамның морфологиялық, физиологиялық және психологиялық даму жолдарын анықтау әдістемелері оның биологиялық ерекшеліктеріне негізделіп жүргізілуі қажет деген түсінікпен байланысты.
Дегенменде Кеңес Одағы кезінде «антропология» деген ұғым адамның физикалық құрылымының заңдылығын, тарихи дәуірлерге, тұрған географиялық ортасына байланысты оның өзгеру процестерін, шығу тегін және әлемде таралу жолдарын зерттейтін биология ғылымының арнайы бір саласы болып танылды. Ал, археология мен этнография болса тарих ғылымының арнайы салалары болып антропологиядан мүлдем бөлек пәндер қатарында ажыратылды. Мәселен, археология ғылым саласы адам баласының өткен көне тарихын арнайы үйілген қорған, оба, қоныс орындарын қазу арқылы табылған зат пен бұйымдарды зерттеу арқылы ізденістер жүргізеді. Сөйтіп көне заманның материалдық мәдени тарихын баян ететін ғылыми сала болды. Этнография ғылымы болса тарих ғылымдарының бір саласы ретінде халықтардың материалдық пен рухани ерекшеліктерін, әдет-ғұрыптарын, олардың шығу тегін (этногенезін) тарихи және мәдени байланыстарын, көшіп-қонуларын жан-жақты зерттеумен айналысады. Мұның айғағын кеңес үкіметі кезінде кезекті сандар бойынша жылына бірнеше рет басылымнан шығып тұрған «Советская археология» мен «Советская этнография» журналдарынан көруге болады. Бірақ негізгі антропологиялық зерттеулер көбінесе академияның этнографиялық ғылыми мекемелерімен тығыз байланыста болды. Соның нәтижесі болуы керек этнография ғылымының антропологияға тигізген орасан ықпалының бірі ол халықтың тек физикалық құрылымын ғана анықтап қоймай сонымен қатар оның этникалық ерекшеліктеріне үлкен мән беріліп екі ғылымның нәтижелерін өзара тоғыстыруға мүмкіншілік туғызды. Сөйтіп антропология тарихи мәселелерге бетбұрыс жасай бастады. Бұл салада негізінде адам баласы бір жағынан биологиялық заңдылыққа орай зерттелсе, екінші жағынан тарихи дәуірлерге байланысты оның қоғамдағы ерекшеліктерінеде назар аударылып зерттелді. Сөйтіп антропология саласында негізгі зерттеу жұмыстары адамның биологиялық даму заңдылықтары және оның әлеуметтік пен мәдени даму сатыларымен қалай ұштасатынына да назар аударылады. Қорытып айтқанда биология ғылымының саласында антропология пәні ерекше орын алатыны аян. Адамды ерекше биологиялық объекті ретінде зерттеу барысында ол адамға деген әлеуметтік факторды да ескерусіз қалдырмайды.
2. Антропогенез саласында адамның тегіне жақын жануарларды (маймылдарды) және төрттік геологиялық кезеңдегі адамдарды зерттейді. Жалпы адам баласының жануарлар жүйесінде алатын орнын анықтайды. Зоологиялық тұрғылықтан адамды жоғарғы деңгейдегі приматтарға байланысты қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар адам эволюциясына орай бүгінгі адамның қалыптасу түрін және оның себептерін, жолдарын анықтайды. Сөйтіп бұл салада бүгінгі дәуірдің маймылдары мен қазбалардан табылған көне заман маймылдардың өзара салыстырмалы ерекшеліктерімен айналысады. Сол сияқты адам эволюциясынада назар аударады. Көне заман адамдарының бас сүйектері мен қаңқа сүйектердің дәуірлік динамикасын зерттейді. Бұл салада қосымша ізденістер ретінде көптеген ғылымдардың нәтижелерін жан-жақты пайдалануға ұмтылады. Солардың ішінде геологиялық дәуірлерге, археологияның палеолит мерзіміне орай адамның физикалық даму жолдарына, әлемде расалық типтердің таралуы мен олардың қалыптасу себептеріне, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктеріне, т. б. жүйелеріне назар аударады.
3. Расатану (расоведение) саласында бүгінгі дәуірде әртүрлі географиялық аймақтарда өмір сүріп жатқан адамдардың биологиялық ерекшеліктерін, олардың биологиялық бір түрге (Homo sapiens) жататындықтарының себептерін, анықтамаларын зерттейді. Сонымен қатар әлемдегі халықтардың антропологиялық құрамын, этникалық топтарға байланысты ерекшеліктерін, олардың расогенездік шығу тегін анықтайды. Осыған орай бұл саланың көптеген фактілерін арнайы тарихи дерек ретінде пайдалану жолдарын орыс әдебиетінде «тарихи антропология» деп атауды ұсынған болатын. Бұл ұғымда алғаш 1979 жылы ғылыми айналмаға кіргізген академик В.П. Алексеев. Оның берген бұл терминге анықтамасында былай делінген: «... Историческая антропология – прикладная наука, служанка истории, но служит она истории, особенно применительно к древним эпохам, верой и правдой, дает такую информацию, которая не перекрывается никакими другими видами исторических источников». Жалпы алғанда тарихи антропологияның негізгі мәні мен оның ғылыми орыны аталмыш автордың пікірінше: «... Историческая антропология есть отдел антропологии, исползующий антропологические данные в исторических целях на протяжении всей истории человечества, начиная с древнейших этапов, т.е. С момента появления семейства гоминид», - деп жазады. Негізінде тарихи антропологияда қоғамтану мәселелеріне байланысты жағына көбірек қарастырылғандықтан расатанудың барлық мәселерін қамти алмайды. Сондықтан расатану саласының ғылыми зерттеу көлемі «тарихи антропологияға» қарағанда көбінесе ауқымды және кең мағыналы ұғымды білдіреді. Аталмыш расатану саласын зерттеу барысында қосымша сүйемел ретінде тарихи, мәдени, рухани, діни әлеуметтік қауымдастардың ерекшеліктеріне де үлкен мән беріледі. Сөйтіп антропология биология ғылымының саласындағы алатын орны өте ерекше және ол қоғамдар ғылымының заңдылығыменде ұштасып отырады. Расатанудың осындай ерекшеліктері арқасында биология мен қоғамтану ғылымдарының арасындағы алшақтықтар біраз әлсірей түседі, яғни олардың жақындықтары өзара күшейді.
4. Физиология саласында адам организмінің иммуно-биологиялық және биохимиялық қасиеттерін зерттейді. Адам денесінің бұл ерекшеліктері негізінде қан жүйелері, дәм сезімі, ауыз сілекейі (түкірігі) т.б. қасиеттері арқылы анықталады. Бұл анықтамаларды көбінесе қанның қызыл түйірлеріне арнайы анализ жасау арқылы жүргізіледі. Ең алғаш ХХ ғ. басында анықталған қан жүйесі тек АВ0 ғана болды. Бұл қан жүйесі топтарының (0, А, В, АВ) халықтар арасында таралым шарттары әртүрлі деңгейде болатындығы өткен ғасырдың 20 – жылдары ашылған болатын. Бұл күнде адам организмінде отыздан артық әртүрлі қан жүйелерінің түрлері барлығы аян болып отыр. Қан жүйелерінің таралым шарттары негізінде этникалық топтардың әртүрлі географиялық пен климатологиялық аймақтарда қоныстанғандығын, ұзақ уақыт оқшау қалғандығын, немесе ғасырлар бойы өзара араласуда, не болмаса миграциялық процестерде болғанын, кейбір тарихи дәуірлерде этномәдени өзгерістерге шалдыққандығын және т.б. өзгерістерге тап болғандығын көрсете алады. Сонымен қатар қан жүйелерінің құрылым ерекшеліктері медициналық, әсіресе генетикалық тұрғыдан ғылыми қолданбалы жағынан маңызы өте зор. Жалпы адам организміндегі көптеген иммуно-биологиялық ерекшеліктер халықтардың раса тобына бөлінбей тұрған кезде пайда болған антропогенез дәуіріндегі экологиялық адамның морфофизиологиямен байланысты екендігін аңғартады. Сөйтіп әлем деңгейінде қан жүйелерінің таралу заңдылықтарын зерттеу жолдары антропологияда ерекше салаға айналды.
Жалпы антропологияда адамның дене құрылысын және оның физиологиялық пен биохимиялық ерекшеліктерін, әсіресе халықты раса тұрғылығынан зерттеудің өзіндік бірнеше ғылыми әдістемелері қалыптасқан. Соның ішінде ғылыми айналмада көп таралым алған әдістемелердің бірі популяциялық зерттеу.
Енді
антропология ғылымының зерттеу
объектісіне қысқаша
Жалпы қазақ халқының тарихи антропологиясының объектісі, бағдарламасы және оның ақпараты қанағаттанарлық деңгейде іске асырылды деп айта аламыз. Қазақ халқының антропологиясына байланысты соңғы 40 жыл жиналған материалдан әдістеме тұрғылығынан және оларды салыстырмалы ретінде пайдалануда ешқандай қайшылық болмайды деген пікірдеміз. Өйткені монография авторлары тиісті уақытында Мәскеудің әлемге танымалы антропология мектебінен өткен және олармен күні бүгінге дейін байланыстарын үзбей келе жатқан мамандар. Сонымен қатар бұл кітап авторлары ұзақ уақыт жылдар бойы алыстағы ауылдарда тарихи қоныстарын өзгертпеген қазақтарға арнайы зерттеу үшін жыл сайын экспедициялар ұйымдастырып оларға кешенді антропологиялық зерттеулерін сол жерде және сол субэтникалық топтардың арасында өткізген тәжірибелі мамандар. Соның арқасы болу керек Қазақстан антропологтары бірнеше халықаралық экспедицияларға (Индия, Монғолия, Италия т.б.) қатысқандары аян. Бұл күнде қазақ антропологтары Италияның Болон университетінің мамандарымен Қазақстан бойынша он жыл бойы қол үзбей халықаралық деңгейде кешенді зерттеулер жүргізіп келеді. Сондықтан біздердің қазақ антропологиясының салаларында қолданылған әдістемелеріміз, ақпараттарымыз, зерттеу жүйелерінің үлгісі әлем номенклатурасының биологиялық стандарттық деңгейіне толық сәйкестікте екендігі ешбір күмән туғызбайды.
Антропоскопия. Бұл зерттеу әдістемесімен көбінесе өлшеуге келе бермейтін бет әлпетінің морфологиялық белгілері зерттеледі. Оларды тек арнайы шартты түрде қабылданған бағалау балл сандары арқылы ғана сипаттауға болады. Мәселен, мұндай физикалық белгілерге тері, шәш, көз бояуларының түстері және мандай, қабақ, мұрын, ерін т.б. бет әлпетінің морфологиялық құрылым ерекшеліктері жатады. Жалпы зерттеушілер антропологиялық сипаттамалар арқылы адамның фенокейпіне барынша терең ғылыми сараптамалар жүргізеді. Берілген сипаттамалар мейлінше обьективтік түрде бағалану үшін морфологиялық анықтамалардың табиғи түріне дәйекті ұқсастығы бар арнайы жасалған муляждар, эталондар, графикалық суреттер мен бланкалар қолданылады. Негізінде антропоскопияға байланысты көптеген морфологиялық үлгілерді ғылыми айналмаға кіргізгендер ХХ ғ. 30 – жылдардағы Ресей антропологтары болатын. Солардың ішінде эпикантусқа (моңғол қатпары), көздің жоғарғы қабақ қатпарларының түріне, маңдай, мұрын, ерін формаларының құрылымдарына арналған модельдерін қазақтар арасында жүргізілген соматологиялық зерттеуде жиі қолданылады.
Осыған
орай, мәселен, сақал шығу түрі мен
оның маңызына назар аударайық. Ерлер
тобын зерттегенде олардың
Үлкен екі раса өкілдерін (еуропеоид пен монғолоид) бір-бірінен ажыратуда көздің жоғарғы қатпарларын дүрыс аңықтай білудің де антропоскопиялық маңызы зор. Көз қатпарының баллы жоғарлаған сайын, зерттелген топ моңғолоидтық расаның негізгі өкілі болып саналады.
Бет
формасының горизонтальдық (көлбеу) профилі
расалық таксономия жағынан өте
құнды морфологиялық ерекшелік
болып танылады. Егер беттің бұл
профилі балл 3 - мен сипатталса,
ондай бет профилі еуропеоид
тобына, ал ол белгі бал 1 деп бағаланса,
моңғолоид тектестер қатарына жатады.
Көздің ішкі және сыртқы бұрыштары
өзара көлбеу, не болмаса бірі төмен,
ал екіншісі шеті жоғары болып кездесуінің
айтарлықтай таксономиялық
Көздің ішкі бұрышында жоғарыдан төмен қарай тік созылған тері қатпары эпикантус, не болмаса моңғол қатпары деп аталады.. Бет морфологиясының сипаттамасында мұрын қыры мен жоғарғы ерін профилінің таксономиялық мәні де жоғары. Қабылданған шарт бойынша мұрын профилінің көрінісі балл 1-ден 4-ке шейін анықталады. Көбінесе балл 2 мен 3 формалары еуропеоид расасына тән белгілер болып саналады. Сол сияқты жоғарғы ерін профилінің де өзіндік ерекшеліктері бар, мысалы, оның тік формасы еуропеоид тектестер арасында жиі ұшырасады. Үлкен, яғни бірінші қатардағы раса өкілдерін бір-бірінен ажыратуға маңдай профилінің түрлерін анықтауда себебін тигізеді. Антропоскопиялық зерттеу жұмысында ерін қалындығының да өзіндік таксономиялық маңызы бар. Еуропеоид тектестерде ерін қалындығының орта баллы көбінесе 2 санынан аспайды. Бұл арада айтылып отырған бет бөлімінің сипаттамаларына жалпы түсінік ретінде еуропеоид расасына ғана тән антропологиялық бет-бейнесінің морфологиялық құрылымының дәлдік ерекшеліктерін білу қажет.
Антропоскопиялық
аңықтамалардың қандайы болмасын қабылданған
халықаралық методикалық шарт бойынша
ғана жүргізіледі. Өйткені антропоскопиялық
аңықтамалар бүкіл жер шарында
тұрып жатқан расалар өкілдерінің
морфологиялық ауытқулық масштабына
қарай алынған ортақ
Антропометрия. Бұл саладағы зерттеу әдістері тек арнайы құрал саймандар арқылы жүргізіліп, сантиметр, миллиметр өлшемдерімен анықталады. Адамның бой биіктігі, қол мен аяқ ұзындықтары, дене пропорциялары, бас пен бет бөлімдерінің көптеген өлшемдері арнайы өлшем құралы (циркуль) арқылы анықталады. Негізінде барлық антропометриялық өлшемдер адамның табиғи морфологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға бейімделіп, шартты түрде қабылданған антропологиялық нүктелер бойынша алынады. Онда әрбір нүктелердің атаулары латын әрпімен белгіленген. Бас пен бет бөлімдерінің жалпы өлшеу саны мен оның көрсеткіштерін қосқанда 20-дан артық атаудан тұрады.
Информация о работе Антропология ғылымы туралы жалпы түсінік