Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 19:08, реферат
Бұл ғылым өзінің зерттеу объектісі мен әдістемелері бойынша биология ғылымының бір саласы болып саналады. Сонымен қатар адамның қоғамда атқаратын рөлінің ерекшелігіне орай оны антропологиялық зерттеу барысында әрдайым тарихи мәселелермен тығыз ұштастырып отырады. Жалпы антропология ғылымдар саласында қандай орын алатындығына Ф.Энгельс өте орынды анықтама берген: «... антропологии, опосредствующей переход от морфологии и физиологии человека и его рас к истории».
Антропометриялық зерттеулерде бас пен бет формаларының ерекшеліктерін дұрыс сипаттау үшін мамандар арнайы қабылданған анатомиялық қағидаларға сүйенеді. Солардың біріне басты табиғи нормада, яғни франкфурт (неміс) горизонталында ұстау болып саналады. Бұл қағида бас пен бет формаларын табиғи нормада алдынан, жанынан т. б. түрлер бойынша дұрыс қарауға мүмкіндік туғызады. Ғылыми әдебиеттерде көп тараған бас анықтамасының біріне бас көрсеткіші жатады. Осы көрсеткіштің принциптеріне орай барлық бас формасы үш түрге бөлінеді: долихокефалия, яғни сопақ бас (көрсеткіші төменнен 75,9-ға дейін), мезокефалия, яғни орта жалпақ бас (көрсеткіші 76,0-ден 80,9-ға дейін) және брахикефалия, яғни жалпақ (жұмыр) бас (көрсеткіші 81,0-ден жоғары). Осы сияқты көрсеткіштерді бет пен мұрын формаларын сипаттау үшін де кең пайдаланады.
Бұл бөлімде тағы бір айта кететін жай – ол қандай да морфологиялық зерттеулер болмасын ізденіс барысында кәсіби мамандар әр уақытта жыныс ерекшелігіне (жыныс деморфизміне) айтарлықтай назар аударып, олардың арасындағы биологиялық айырмашылықтарын ескеріп отырулары қажет. Өйткені әр этникалық топ әр түрлі табиғи ортада, мәдени-тарихи кезеңдерде өзіндік тұрмыс жайына қарай тиісті жыныс ерекшеліктерімен оқшаулануы мүмкін.
Сайып
келгенде айтарымыз – барлық соматологиялық
анықтамалар адам баласына ортақ
деңгейде алынып өлшеніледі. Сондықтан
авторлар ұжымы Қазақстан бойынша
ұзақ жылдар бойы жүргізілген барлық
соматологиялық зерттеулердің жоғарыда
айтылған ғылыми талаптарға сай болуын
өте қатты қадағалау арқылы іске
асырды.
ҚАН
ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН БИОХИМИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕР
Әрбір
халықтың мәдени, рухани қоры және мұрасы
ғасырлар бойы ата-мекенде тарихи өрбіп-өскен
әлеуметтік қауымының сұрыптаған нәтижелері
болып саналады. Сонымен қатар
адам қауымының ерекше этникалық
топ болып қалыптасу жолында
оның морфологиялық пен
Қазақ
халқының генетикалық ерекшелігін
сипаттауға орай аталмыш қан жүйелерінің
үлгілерін жинап және зерттеу
жұмыстарын алғаш рет жүргізгендер
республика антропологтері болды. Ғалымдар
Қазақстанның негізгі аймақтарына
антропологиялық экспедициялар
ұйымдастырып ауылдық жерде тұратын
26138 қазақтың қызыл қан жүйелерінің
үлгілері зерттелді, соның ішінде 12287
адам АВ0 қан топтары бойынша, 5252
адам – MNSs, 8899 адам – Rh – факторы
бойынша тұңғыш рет халқымызға серологиялық
(қан жүйелері) тұрғылықтан аңықтамалар
берілді. Осы жиналған қан жүйелерінің
топтары бойынша 1977 ж. арнайы «Этническая
геногеография Казахстана» . атты монографияда
жазылған болатын. Бірақ, өкінішке орай,
бұл еңбек сол жылдың төртінші
айында сатылып жатқан кезінде «Қазақстан
компартиясының саясатына қарсы
кітап» деген айдар тағылып, оны
кітапханалар мен кітап дүкендерінен
кейін қарай алынып, шығарылған “Ғылым”
баспасына жинатылды. Содан кейін
Орталық комитет партияның
Жалпы
еуропеоид тектес халықтар арасында
генотип р мен q қарым-қатынастары
р > q түрінде ғана кездеседі. Негізгі
моңғолоид тектестерде бұл жай керісінше
q > р болып келеді. Ал зерттелген қазақтар
арасында аталмыш генотиптер қатнасы
q (29,5%) ≥
р (28,9%) түрін құрайды, яғни q генотипі
сәл р генотипінен басым деңгейде,
немесе бірдей деңгейде кездеседі. Мұндай
генотиптердің кездесу түрлері тек еуропеоид
пен моңғолоид тектестердің араласу нәтижелерінен
пайда болған генотип деп қарайды. Олай
болса р > q генотиптерінің аңықтамалары
бойынша қазақтар негізінде аралас тұраноид
расасына жататыны АВ0 қан жүйесі бойынша
да дәлелін тауып отыр.
ҚОЛА
ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан
жерінен жиналған барлық археологиялық
материалдар қола дәуірінде тіршілік
еткен тайпалардың мәдени-
Қазақстанның белгілі археологі К.А.Акишев 1953 жылы андронов мәдениетін үш кезеңге бөледі. Кейінгі кезде Ә.Х.Марғұлан мен К.А.Акишев екі кезеңге андроновтық пен беғазы-дандыбай деп бөледі. Сонымен бірге С.С.Черников 1960 ж. Шығыс Қазақстандағы андронов мәдениетін төрт кезеңге: 1) усть-букон (б.з.д. XVIII-XVI); 2) қанайлық (б.з.д. XVI-XII); 3) кіші-красноярлық (б.з.д. ХІІ-Х); 4) трушинковтың (б.з.д. X-VII)Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар осы кезкң бойынша зертелді.
Мамандардың
зерттеулері бойынша андронов мәдениетінің
Қазақстан территориясында
Барлық
зерттелген палеоантропологиялық материалдардың
краниологиялық сипаттамасы біртекті,
бір протоеуропеоидты расаға жатады.
Дегенмен де кейбір бассүйектің анықтамаларында
жерорта теңізі типінің кездесетіні
де байқалады. Қазақстан аймағынан
жиналған барлық қола дәуірінің хронологиялық
материалдарын көршілес Орта Азия,
Оңтүстік Сібір, Алтай және Еділ жерінен
табылған материалдармен салыстырылды.
Салыстыру барысында бассүйек сауыты
мен бет сүйек құрылымы бойынша
Қазақстанның тұрғындары Қара-тепе, Гюксера
серияларынан айтарлықтай ажыратылады.
Сонымен
қазақ халқының гендік қоры қазақстан
жерінде пайда болып, осында жетілгенін
осы хранологиялық
АЛҒАШҚЫ
ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ
ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ
АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Алғашқы темір дәуірінде (б.з.д. VII-IV ғғ.) арасында сақ тайпаларының мәдениеті болғаны аян. Шартты түрде бұл дәуір екі кезеңге сақ кезеңі б.з.д. VII-IV, үйісн кезеңі б.з.д. ІІІ-IV б.э. бөлінеді. Сондықтан бұл кезеңдерде өмір сүрген тайпалардың антикалық сипаттамасының ерекшіліктерін толық білу үшін екі бөліп зерттеуді қажет етеді. Сақ дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті көршілес Оңтүстік Сібір, Алтай Орталық Азияның мәдениетімен өте ұқсас болып келеді
Енді соңғы кездерде Қазақстанның бірнеше аймақтарынан табылған сақ дәуірінің палеоантропологиялық материалдарың краниологиялық сипаттамасына тоқталайық. Бұл материалдардың жағдайы өте нашар, сондықтан қалпына келтіру жұмыстарынан кейін ғана оларға антропология талдау жүргізілді. Жетісу өңірінің қызылауыз моласынан табиғи материалдар б.э.д. IV-ға, анттропологиялық сипаттамасы еуропеоидтық типті екені, дегенменде моңғолоидтық элеметтердің де кездесетіні анықталды.
Зерттеу
барысында сақ дәуірінде өмір
сүрген тайпалардың өзара
Осы анықтамалардың
сипаттамасы ерте темір дәуірінде
Қазақстанда тіршілік еткен тұрғындардың
антропология типінде қола дәуіріндегі
ежелгі еуропеоидтық (андроновтық) типтің
сақталып қалғанын яғни ұрпақ жалғастығын
дәлелдейді. Бұл сондай-ақ заттың
мәдениеттің материалдары бойынша
да дәлелденеді. Сонымен қатар бұл
дәуірде моңғолоид тектес тайпалардың
Қазақстан жеріне келуіне байланысты
тұрғындарда моңғолоидтық элементтер
кездеседі. Сақтардың антропологиялық
ерекшіліктерінде моңғолоидтық элеметтердің
шамасы мен оның пайда болу жолдарын
анықтау үшін оларды көршілес аймақтардың
сақтарымен салыстыруды жөн көрдік.
Бұл салыстыру барысында
Сонымен қорыта айтқанда Қазақстан жерінде өте күрделі де ұзақ араласу процесі (метисация) б.э.д. І-мыңжылдықтың екінші жартысында басталғандығын айқындайды.
Енді
ерте темір дәуірінің үйсін (б.э.д.
III- б.э.IV) кезеңіндегі
Бұл
кезеңде палеоантропологиялық материалдар
Қазақстанның солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс,
Жетісу өңірлерінен археология қазба
жұмыстарының нәтижесінен табылған.
Сонымен үйсіндердің бассүйек көрсеткіштерінің
өзіндік ерекшіліктерін айта кету керек.
Өйткені бұл кезеңде
ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстанда
түрк дәуіріндегі ескерткіштер саны
көп табылғанымен археологиялық
тұрғылықтан әліде болса, жеткілікті
дәрежеде зерттелмей келеді. Бұл дәуірден
зерттелген археологиялық материалдар
өткен дәуірлердің
Қазақстанда
1956-1961 жж. жүргізілген археологиялық
нәтижелерінде түрік
Басқа
антропологиялық анықтамаларына назар
аударсақ онда, маңдай кеңдігі орташа,
бет биіктігі мен жалпақтығы орташа
, мұрын формасы орташа, мұрын
түбі қырынның сүйегі орташа көтеріңкі
және тағы да басқа осы айтылған
анықтамалар бұл топтың өзіндік
антропологиялық ерекшіліктерін айқындайды.
Атап айтқанда еуропеоид және моңғолоид
тектес халықтардың араласу
Информация о работе Антропология ғылымы туралы жалпы түсінік