Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:38, курсовая работа

Краткое описание

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.

Оглавление

Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы.,....8
1.3. Негізгі үйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері .12
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ .19
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны үйымдастыру ...19
2.2. Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін
қаржьшандырудың көздері ...................................25
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27
Қорытынды...................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер .34

Файлы: 1 файл

АЛИЯ.Курсовой.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы.doc

— 513.50 Кб (Скачать)

Коммерциялық  емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

 

 

Кіріспе 3

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4

1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4

1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы.,....8 
1.3. Негізгі үйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші

субъектілері  қаржысының ерекшеліктері .12

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР  МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ 
ҚАРЖЫСЫ .19

  1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны 
    және оны үйымдастыру ...19
  2. Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін 
    қаржьшандырудың көздері ...................................25

2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27

 

Қорытынды...................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер .34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.

Коммерциялык, шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің кызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік жэне муниципалдық кәсіпорыцдар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кэсіпорындарының басым бөліғі жэнс материалдық емес сфера ұйымдары мсн мскемслерінің едэуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық үйымдары, қаржы секторының баска мекмелері (жинақ ақша-деиозит мекемелері, инвестидиялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Қаржы қорларында кәсіпорындар мен үйымдар мүлкінің қозғалысы бұл акпарат өндіріс, шаруашылық-каржы жэне әлеуметтік қызметгі басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғүрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштсрі де болыл табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмст етеді.

Өндірістік  емес сферада коммерциялық негізде  жұмыс істейтін түрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және баска кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жүмыс істейді.

Бүл жұмыстың мақсаты мемлекеттік жалпы республикалық деңгейдегі коммерциялық емес кэсіпорындардың каржысын жан-жақты ашып талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 .ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ

ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысының  мазмұны

Шаруашылъщ жүргізуші субъектілер қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің қүрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін қүрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдщің каржы ресурстарының негізгі бөлігі калыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі - коғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысы  ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу жэне пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтық қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне әсер етеді.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысы  өзіне қоғамдық-пайдалы 
кызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл үшаруашылығы, 
кұрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау, 
жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, 
түрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, 
білім, медицина, ақпарат, маркетинг жэне басқа қызметті жүзеге асыратын 
кәсіпорындардыц, фирмалардыц, қогамдардыц, концерндердіц,

ассоциациялардыц, салалыц министрліктер мен басқа шаруашылық органдардыц, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардыц, мекемелердіц қаржыларын қамтиды.

Меншік  нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпаттарының: жекеше, кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кэсіпорындарымен жэне фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың пайда болуына жеткізді. Шетелдік жэне отандық инвесторлардың басқаруына мемлекеттік кәсіпорындарды беру жолымен мемлекеттік меншікті пайдаланудың тәртібі өзгерді: меншікті басқару мен пайдаланудьщ аз жетілдірілген нысандарынан жаңа меншіктенушілердің уақытша иелігіне көшірілді. Келесі саты

мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу, оның жаңа иелікке көшуі жэне жекешеге немесе бірлескенге айналуы болып табылады.

Экономикалық  реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару органдарының - қогғамдардың, ассоциациялардың, концерндердің, консорциумдардың және т.с.с. көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтардың өзін -өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруға көшіруге мүмкіндік береді.

Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бүл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына жэне бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысы  жалпы қаржылар сияқты бөлу жэне бақылау функцияларын орындайды.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясыныц ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде кұнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бүл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір бөліғі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмүны жәй жэне ұдайы өндіріс кезінде материалдық жэне ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бүл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілер каржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөль атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру жэне еңбек, материал, табиғи жэне еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бакылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғары ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылык жүргізуші субъектілер арасындагы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-эрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы  сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:

Басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бүзған кезде айыппүл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар блойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);

өзініц  еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;

өз  ішіндегі бөлімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу кезінде);

мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;

банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы кағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);

сақтық органдармен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тэуекелді сақтандыру жөнінде;

 

жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгарлік төлемдер бойынша және басқалары);

құрылтайшылармен (бүл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес кұрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалык табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызметр етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

  1. қаржы қатынастарыныц көпқырлылығы, олардың нысандары мен 
    мақсатты арналымының сан алуандығы;
  2. өндірістік      құралдардыц      міндетті      болуы      және      оларды 
    қалыптастырумен,      көбейтумен     және     қайта     бөлумен     байланысты 
    қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бүл өндірістің серпінді 
    элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен 
    қатар  құн  нысандарының  тұрақты  ауысымы  болып  отырады.  Кәсіпорын 
    қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық 
    және ақша нысанында болуы мүмкін;
  3. жоғары   белсенділік,   кәсіпорындардың   шаруашылық   қызметінің 
    барлык жағына әсер ету мүмкіндігі;
  4. шаруашылық   жүргізуші   субъектілердің   қаржысы   бүкіл   каржы 
    жүйесінің айқындаушы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Кәсіпорындардың,  ұйымдардың және мекемелердің

сыныптамасы

Информация о работе Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы