Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:38, курсовая работа

Краткое описание

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.

Оглавление

Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы.,....8
1.3. Негізгі үйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері .12
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ .19
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны үйымдастыру ...19
2.2. Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін
қаржьшандырудың көздері ...................................25
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27
Қорытынды...................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер .34

Файлы: 1 файл

АЛИЯ.Курсовой.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы.doc

— 513.50 Кб (Скачать)

 

 

 

2.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері

Коммерциялық  емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттіц қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бүған мемлекеттік басқару, құкықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөліғі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ак мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.

Коммерциялық  емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсім-ацша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда)    ұйымның    меншігіндегі    басқа   мүлікті   пайдаланудан   түскен табыстар болып табылады.

Қызымет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымньщ оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) қамтиды. Мүндай эдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтын қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.

Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, кұрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар , мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.

Қаржыландырудың үшінші көзі — банктердің кредиттері. Бүл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.

Қоғамдық  бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқаларын) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді, Қоғамдык бірлестіктерді ұйымдастырудың серіктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жүмсалады.

Материалдық өндіріс сферасының кэсіпорындары мен үйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатыи аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, үйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мэдени жэне шығармашылық үйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржылаңдырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай каржыландырудың алуан түрлілігі ретіндс белгілі бір үйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік каржъиіандыруы бола алады.

Ғылыми  зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми талдамаларды (зерттемелерді), жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша колдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау эдісі қолдалынады.

Коммерциялық  емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстау және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағьшдағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногінде бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.

Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қызмет үйымдары мен мекемелерінің ақша қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында калыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда — екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада — қаржыландырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы —-мемлекеттік бюджеттен оның кірістсрі мен шығыстарыньщ тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мүндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жүмысының тиімділігін арттырудағы ұжымның, бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады.

 

2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыға немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функционалдық қызметін камтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (катыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын эдіске қарай анықталады.

Шаруашылъщ есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-зрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде рәсімдейді . Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатьш шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатьшға ұқсас болып келеді, бірақ қүрылымында материалдык шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбек ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеумепік салықты қоса) жұмса-латын шығындар басымырақ болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады. Бюджеттен ішінара каржыландырылған жағдайда оның көлмі қаржы жоспарының   үшінші   бөлігінде   —   "Бюджеттен   қаржы   бөлу"   бөлігінде қаражаттарды баптар бойынша бөле отырып, белгіленеді.

Коммерциялық  емес қызмет жүргізетін ұйымдар мен мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үстіне тек бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметаларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты керсекіштері және қаражаттарды баптар бойынша бөлу қамтып көрсетіледі, ал өздерінің қажеттіктерін бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардыц сметаларын жасайды.

Коммерциялық  негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан сметаның басты айырмашылығы сол, сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әртүрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.

Жеке мекемелер мен ұйымдар бойынша өтпелі кезеңнің жоспарлы қаржы құжаты ретінде олардың бюджеттік емес көздері бола тұрса да шығындардың сметасы пайдаланыла беруі мүмкін: бұл жағдайда көрсетілген ақылы қызметтер шығындардың сметасында бюджеттен тыс қаражаттар ретінде бейнеленуі, не арнайы қаражаттардың ерекше сметасы бойынша жоспарлануы мүмкін.

Экономикалық  жіктеме бойынша сметаларда шығындар әдетте санаша, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.

"Ағымдағы шығыстар "санаты мына сыньштарды қамтиды:

1. Ішкі  сыныптардың  құрамында тауарлар  мен  қызметтер  керсетуге 
жұмсалатын шығыстар:

өзгешелігі бар жалақы: негізгі жалақы, қосымша ақшалай төлемдср, өтемақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы корларына төленетін міндетті зейнетақы жарналары;

жұмыс берушілердің жарналары: әлеуметгік салық, автокөлік құралдары иелерінің құкықтық-азаматтық жауаптылығын міндетті сақтандыруға, мемлекеттік мекемелердің, қызметкерлерін мемлекеттік емес міндетті сақтандыруға төленетін жарналар;

тауарлар  мен қызметтерді сатып алу (өзгешсліктері:тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек және тану қүралдары, ағымдағы шаруашылық мақсаттарына арналған заттар мен материалдар, жұмсақ жабдық және дүниемүлік, айрықша жабдық пен материалдар, іс сапарлар мен қызмет бабындағы жүріп-тұрулар, ғимаратты жалдау);

коммуналдық қызметтерге, көлікке, электр қуатына, жылуға ақы төлеу;

басқа ағымдағы шығыстар (өзгешелігі: жабдық пен кұралсаймандарды, үймереттерді үй-жайлар мен ғимараттарды ұстау жэне ағымдағы жөндеу, жалпы міндетті орта білім беру қорының шығыстары, несиегерлік берешекті өтеу және баскалары);

басқадай  ағымдығы шығыстар.

2. Сыйақылар   (мүдделер)   төлеу,   ішкі   сыныптардың   құрамын- 
дағы басқадай ағымдығы шығыстар:

ішкі   қарыздар   бойынша   сыйақылар   (мүдделер)   төлеу;   сыртқы қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу.

3. Ішкі   сыныптардыц   құрамындағы   субсидиялар     және   басқа

ағымдағы трансферттік төлемдер:

субсидиялар;

жеке  тұлғалар беретін ағымдағы трансферттер (міндеггі әлеуметтік қамсыздандыруға беру, зейнетақылар, стапендиялар, басқадай трансфергтер);

басқадай субсидиялар;

өзгешелігі бар трансферттер: мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдарға, үй шаруашылығына беру, зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, сақтандыруға төленетін мемлекеттік жарналар, басқадай трансферттер;

мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін басқадай трансферттер, өзгешілігі: субвенциялар , бюджеттік алынымдар, басқадай ағымдағы трансферттер;

шет жаққа берілетін трансферттер;

әр түрлі басқадай трансферттер.

"Күрделі шығыстар " санаты мына сыныпты қамтиды:

ішкі  сыныптардың құрамындағы негізгі  капиталды сатып алу;

өзгешелігі бар негізгі капиталды сатып алу: активтерді, үймереттер мен ғимараттарды, басқадай активтерді сатып алу;

негізгі капиталды жасау, соның ішінде өзгешеліктері: үй мен ғимараттарды салу, басқадай күрделі активтерді жасау; күрделі жөндеу, соның ішінде үймереттерді, жолдарды жөндеу, басқадай жөңдеу;

босалқы қорлар жасау үшін тауарлар сатып алу; жерді жэне материаддық емес босалқы қорларды сатып алу; ел ішіндегі күрделі трансферттер, соның ішінде (өзгешелігі): мемлекеттік кәсіпорындарға, қаржы мекемелеріне, мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне беру; басқадай күрделі трансфеттер;

шет жаққа берілетін күрделі трансферттер, соның ішіңде халықаралық ұйымдар мен шетелдік мемлекеттердің үкіметтеріне беру, шет жаққа берілетін басқадай күрделі трансферттер.

"Кредит беру, үлескерлікпен қатысу " санаты мына сыныптарды қамтиды:

ішкі  сыныптар құрамындағы кредиттср беру және акционерлік капиталға үлескерлікпен қатысу:

ерекшелігі бар ішкі несиелендіру: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерін, мемлекеттік кэсіпорындарды, қаржы мекемелерін, жеке тұлғаларды несиелендіру, басқадай ішкі несиелеидіру;

ерекшелігі бар сыртқы несиелендіру: әр түрлі сыртқы несиелендіру;

ерекшеліктері бар шет елдік акционерлік капиталға үлескерлікпен қатысу;

халықаралық ұйымдар мен басқадай шетелдік ұйымдардьщ акцияларын сатып алу;

ерекшеліктері бар заңды тлғаның акционерлік капиталына салынған басқару органдарынын, инвестициялары болып табылатын төлемдері. "Қаржыландыру " сонаты мына ішкі сыныптарды қамтиды: өзгешеліктері бар ішкі борышты өтеу: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне қарыз борышты өтеу, ішкі рынокқа орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу, басқадай ішкі борышты өтеу;

кәсіпорындар    мен    халықтың    арасыңда    орналастырылатын    ішкі қарыздарды өтеу;

сыртқы борышты өтеу.

Коммерциялық емес қызметтің жеке бағыттары мсн түрлері үшін өзіндік сипаты бар шығындарды құрайтындардың басым болып келуі оған тән қасиет. Мысалы, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, әсіресе үй шаруашынығына берілетін трансферттердің өзіндік салмағы жоғары. Бұған балалары бар отбасына берілетін жәрдемақылар, тұрмыс құнының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақылар, соғыс ардагерлеріне, экологиялық апаттардьщ нәтижесінде азап шеккен азаматтарға берілетін эр түрлі өтемақылар жэне т.т. жатады.

Денсаулық сақтаудың емдеу мекемелерінде  сипатты шығыстар дәрі-дәрмек пен таңу құралдарына, тағамға, жұмсақ жабдыққа жұмсалатын шығыстар болып табылады.

Қорғаныс жүйесінде әскери арналымдағы тауарлар мен әскери техниканы сатып алуға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің ақшалай жабдықталымын төлеуге жұмсалатын шығындар маңызды орын алады.

Кәсіподақ, партия, қоғамдық қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар шығыстарының құрамында съездерге, конференцияларға, митингіге дайындалу және оларды өткізуге, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге жұмсалатын шығыстар сипатты шығыстар болып табылады. Ардагерлердің қоғамдық ұйымдарында олардың қатысушыларына материалдық көмек көрсету шығыстары басым болады.

Мәдени-ағартушылық  мекемелерде (кітапханаларда, мұражайларда, тұрақты көрмелерде) едәуір қаражаттар кітап қорларын, экспонаттарды, коллекцияларды толықтыруға жүмсалады.

"Күрделі  шығыстар" санаттарына жұмсалатын шығыстар күрделі құрылыс, негізгі өндірістік емес қорларды жасау мен молайтуды жүргізетін, сондай-ақ оларды күрделі жөндеу туралы жұмыс қабілеттігінде ұстауды жүзеге асыратын қызметтің коммерциялық емес түрлерінін барлық ұйымдары мен мекемелері үшін сипатты болады. Бұл санат бойынша сондай-ак, материалдық активтерге, жерге қүқықты сатып алуға жұмсалатын шығыстар, каржы мекемелерінің жарғылық қорына төленетін жарналар тіркеледі.

"Кредит  беру және үлескерлікпен қатысу" санаты бойынша шығыстар басқа экономикалық бірліктерді несиелендіруді, олардың айналысқа шығарылған бағалы қағаздарын сатып алуды, мемлекетгік кәсіпорындарға, қаржы мекемелеріне, жекеше кәсіпорындарға түрлі несиелер беруді жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер үшін қарастырылады.

Информация о работе Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы