Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:38, курсовая работа
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Кіріспе 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .4
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы.,....8
1.3. Негізгі үйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері .12
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ .19
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны үйымдастыру ...19
2.2. Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін
қаржьшандырудың көздері ...................................25
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .27
Қорытынды...................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер .34
Занды тұлға да селолық тұтыну кооперативіне мүше бола алады.
Селолық тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей дәрежеде ғана айналыса алады.
Селолык тұтыну кооперативтері сауда, дайындау, өткізу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметін және заңнамаларда тыйым салынбаған өзгс де кызметті жүзеге асыру үшін мүліктік (үлестік) жарналар есебінен құрылады.
Пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативтері — ПИК өзгеше ұйымдық құқықтық түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиіс.
2. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды түлға коммерциялык емес үйші деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 16-сындағы № 142-11 ҚРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардьщ және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардьщ рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда кұрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдык бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанына және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда кұрылуы мүмкін. Бүл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қогамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табыдады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының, қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының, ерекшеліктерін анықтау үшін оның кұрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Меншік нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік және жеке меншік мекемелер болып бөлінеді.
Мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері заңнамалық актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заңнамалық актілерде өзгелері көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала өкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек кана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.
Басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік қүрылымның бөлігі болып табылмайтьш ұйым жеке менгиік мекеме деп танылады.
Жеке меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі.
Жеке меншік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің бөлігіндегі ақшамен жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Қазақстан
Республикасының заңдарына
Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің (қатысушыларының) сол бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның, ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Өздері мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттемелері бойынша олар жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайыньщ ерекшеліктері "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес үйым қор деп танылады.
Қорға оның қүрылтайшылары берген мүлік кордың меншігі болып табылады. Қор жарғыда белгіленген мерзімде қаржы қызметін тексеруді жүзеге асыруға міндстгі. Тексеруді тексеруші немесе аудитор жүзеге асырады.
Мүшелік негізде қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің, мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар да кіре алады.
Селолық түтыну кооперативтері тек өз мүшелерінің ғана емес, ауылдык жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзгеде қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күрылуы мүмкін.
Тұтыну кооперативтерінің мүшелері оның міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша жарнасының енгізілмеген бөлігі шегінде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тұтыну кооперативі алған кірістерді оның мүшелері арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
Тұтыну кооперативінің мүшелері жинақталып қалған шығынды жыл сайыңғы баланс бекітілгеннен кейін үш ай ішінде косымша жарналар арқылы жабуға міндетті. Бүл міндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.
Тұтыну кооперативтерін, соның ішінде селолық кооперативтерді құкықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалык актімен реттеледі.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін каражаттарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционеррлік қогам деп танылады.
Коммерциялық
емес акционерлік коғамдардың
Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады.
Жоғарыда аталған коммерциялық емес қызметтің ұйымдарын, мекемелерін және басқаларын нарық жағдайындағы олардың қызметінің сипаты мен қаржыландыру әдістеріне карай шартты түрде үш топқа біріктіруге болады.
Бірінші топқа материалдық өндіріске өте жақын шығындары материалдық емес қызметтер мен игіліктерді өткізуден алынатын түсім ақшадан өтелетін ұйымдар мен мекемелср жатқызылуы мүмкін. Олар "Мемлекеттік кәсіпорьш туралы" занды басшылыққа ала отырып, өздерінің қызметін гиаруашылық-коммерциялық есеп әдісінде жүзеге асырады. Бүл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл эдісті коммерциялық емес үйымдар мен мекемелер пайдаланады. Кәсіпорындар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығынндар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, олар түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Оларда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Ұйымдардың екінші тобына олардың толық емес шаруашылық есептегі, яғни өзін-өзі өтеу әдісін қолданатын бірқатары жатады. Бүл әдіс ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы корланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби мамандықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарды оқып ұйренудің курстары мен мектептері) қолдалынады.
Ұйьшдардың үшінші тобына бюджет қаражаттары есебінен ұсталатын мекемелер мен салалар жатады. Олар көрсететін қызметгер тегін, оларды қаржыландырудың көзі мемлекеттік бюджет болып табылады.
Бюджет мекемелерінің шығындарын қаржыландырудың негізі смета болып табылады. Ол — қаржы жоспарының айрықша нысаны. Қазіргі кезде бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер шығындардың сметасын жасайды, онда бюджетпен қатынастардың біржақты сипаты, бюджет қаражаттарының ауқымы және оларды шығындардың баптары бойынша бөлу қамтылып көрсетіледі. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныс органдары, ғылыми, шығармашылық, мэдениет мекемелерінің бІр бөлігі қаржылаңцырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді түтынушылардың еңбегі қолдалынады, сондықтан шығындарда әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде өндірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.
Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:
сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен жэне кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржы ресурстарын болумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкі салалық қатынастар;
шаруашылық жүргізуші субъекгілердің, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;
салааралық – түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар жэне т.т.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардьщ мүшелері арасында жарналарды — кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
коммерциялык ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның, қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақшалай нысандарда қаражаттар беру жөнінде;
сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентінің (әскери қызметшілердің, күш ведомстволары мен салық службалары қызметкерлерінін және т.т.) қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.
Аталынған қаржы катынастары ақша қорларын қалынтастыру, болуды және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін камтамасыз ететін қорлар;
күрделі жұмсалымдар қорлары;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) қызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мұқтаждарын канағаттандырумен байланысты қорлар;
негізгі қызметі дамыту қорлары.
2000-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрылымы
қорытындыға %-бен
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 | ||
Түсімдер |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
Табыстар |
98,0 |
98,3 |
98,4 |
98,3 |
98,6 |
|
Салық түсімдері |
89,3 |
86,7 |
93,2 |
94,3 |
92,2 |
|
корпорациялық табыс салығы |
31,2 |
26,6 |
27,8 |
28,8 |
32,3 |
|
қосылған құн салығы |
22,0 |
25,2 |
23,4 |
24,4 |
20,5 |
|
акциздер |
3,7 |
3,4 |
3,4 |
2,8 |
2,5 |
|
жеке табыс салығы |
9,7 |
10,8 |
10,3 |
9,8 |
8,3 |
|
әлеуметтік салық |
18,9 |
19,5 |
17,8 |
16,6 |
14,2 |
|
мүлік салығы |
2,8 |
3,3 |
3,2 |
2,9 |
2,7 |
|
жер салығы |
1,1 |
0,9 |
0,7 |
0,6 |
0,5 |
|
сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар |
3,5 |
4,1 |
5,1 |
4,5 |
4,2 |
|
өзгеде табыстар |
7,1 |
6,3 |
8,3 |
9,5 |
14,8 |
|
Салықтан тыс түсімдер |
6,6 |
9,9 |
5,6 |
4,5 |
6,3 |
|
Капиталмен жасалған операция-лардан түскен табыстар |
4,2 |
3,5 |
1,2 |
1,2 |
1,5 |
|
Алынған ресми трансферттер |
0,5 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Кредиттерді қайтару |
1,4 |
1,7 |
1,6 |
1,7 |
1,4 |
|
Шығыстар |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
олардан: |
||||||
жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
5,8 |
6,7 |
5,5 |
6,1 |
6,5 |
|
қорғаныс |
3,4 |
4,3 |
4,5 |
4,4 |
4,5 |
|
қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік |
7,9 |
8,5 |
9,3 |
8,6 |
9,2 |
|
білім беру |
14,1 |
14,0 |
14,5 |
13,9 |
14,8 |
|
денсаулық сақтау |
9,0 |
8,2 |
8,5 |
8,4 |
10,2 |
|
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек |
28,4 |
24,6 |
24,1 |
22,4 |
21,1 |
|
мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік |
2,9 |
2,4 |
2,7 |
3,2 |
5,4 |
|
тұрғын үй–коммуналдық шаруа- шылық |
3,7 |
4,0 |
3,0 |
3,2 |
3,4 |
|
отын -энергетикалық кешен |
… |
0,7 |
0,9 |
0,8 |
2,0 |
|
ауыл, су, орман, балық шаруашы- лығы және қоршаған ортаны қорғау |
1,9 |
3,0 |
3,4 |
4,4 |
5,6 |
|
өнеркәсіп және құрылыс |
1,2 |
0,6 |
0,7 |
0,4 |
0,2 |
|
көлік және байланыс |
6,3 |
5,8 |
6,9 |
7,7 |
8,1 |
|
өзгелер |
5,2 |
7,8 |
5,8 |
8,1 |
5,6 |
|
ресми трансферттер |
1,5 |
1,2 |
2,7 |
|||
борышты өтеуге қызмет көрсету |
5,9 |
5,0 |
4,7 |
3,3 |
0,7 |
|
кредиттеу |
4,3 |
4,4 |
4,0 |
3,9 |
2,7 |
Информация о работе Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы