Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 10:38, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген шаруашылық жүргізуші коммерциялық мекеме өз қаржысын құруды көздейді. Бұл оның міндеті, алға қойған мақсаты. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім ендіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды белу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Оглавление

Кіріспе._______________________________________________________3



І. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы



І.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының

мазмұны және оны ұйымдастыру.______________________________4

І.2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысын

ұйымдастырудың негіздері.___________________________________5-9



ІІ. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен кәсіпорындары

қаржыларының қорлары.

ІІ.1. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін

қаржыландырудың көздері.__________________________________10-11

ІІ.2. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары._____12-15

ІІ.3. Кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдардың қаржы

қорлары.__________________________________________________16-25



ІІІ. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекмелердің қаржысын басқару.



ІІІ.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық ұйымдар мен

мекемелердің қаржысын басқару.____________________________26-36



Қорытынды. __________________________________________________36-38



Қолданылған әдебиеттер.________________________________________39

Файлы: 1 файл

Ком. емес ұйым.doc

— 296.00 Кб (Скачать)


 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Академик Жолдасбеков атындағы институт

Гуманитарлы-экономикалық факультет

Экономикалық пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің

                         қаржысы».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Орындаған: 202 топ студенті 

                                                                                                   Ахметжанов Ғ.

                                                                            Жетекші:

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған 2006жыл.

Жоспар:

 

Кіріспе._______________________________________________________3

 

І. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы

 

І.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының

      мазмұны және оны ұйымдастыру.______________________________4

І.2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысын

      ұйымдастырудың негіздері.___________________________________5-9

 

ІІ. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен кәсіпорындары

     қаржыларының қорлары.

ІІ.1. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін

        қаржыландырудың көздері.__________________________________10-11

ІІ.2. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары._____12-15

ІІ.3. Кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдардың қаржы

        қорлары.__________________________________________________16-25

 

ІІІ. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекмелердің қаржысын басқару.

 

ІІІ.1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық ұйымдар мен

          мекемелердің қаржысын басқару.____________________________26-36

 

Қорытынды. __________________________________________________36-38

 

Қолданылған әдебиеттер.________________________________________39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Кез келген шаруашылық жүргізуші коммерциялық мекеме өз қаржысын құруды көздейді. Бұл оның міндеті, алға қойған мақсаты. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім ендіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды белу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Коммерциялық есеп шоттары кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының тендігі қамтитын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын тандауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға жөне азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекетгік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру жене денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамбльдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарьш келешекге болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Прези­дент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілдік берілген. Президент стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есепті әзірлеу тәртібін белгілейді, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекітеді. Президент Үкімет актілерінің іс-қимылын бұзады (алып тастайды) не түгелдей немесе ішінара тоқтатады.

І. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы.

 

І.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру.

 

Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.

Kipic түcipy негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы қаңтардың 16-сындағы № 142-И КРЗ Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық басқа да  мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардынң құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіктерді қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң кепілін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз қатысушылардың игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметтің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі қоры, діни бipлecтiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестік  нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құры­луы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметін мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қажеттіліктерді қанағат­тандыру болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен кызметтерді жасау мақсатында материалдық салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде кұрылатын ақша қорларынының қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түзеді.

Коммерциялық емес ұйымдардың каржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына қажетті мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметі сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.

Құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммер­циялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.

 

І.2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын үйымдастырудың негіздері.

 

        Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында қүрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өңцірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материаддық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

        Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсілорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

        Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім ендіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды белу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен, ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған жене орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырьш, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:

коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласын-дағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);

жоспарлылық;

меншіктің барлық нысандарының тендігі;

қаржы резервтерінің болуы.

1. Коммерциялық (шаруашылык) есеп — кәсіпорыңдар мен үйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруа­шылык қызметінен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.

Коммерциялық есеп шоттары кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының тендігі қамтитын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын тандауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға жөне азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.

Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

Өзін-өзі өтеушілік — шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол көсіпорынның өз өнімін (орындалған жүмыстарды, көрсетілген қызметгерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жолындағы бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі — залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық тендігі. Шығыңцарды өзін-өзі өтеушілікке жету — кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе қоғамдық басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қодцауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабедці жүмыс істеуі тиіс; бірінші жағ-дайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екшшісінде бюджет-тік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.

Жеткізушілер, банктер, бюджет, ер түрлі несиегерлер тарапы-нан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражатгарының жетіспеуімен байланысты түрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.

Өзін-өзі қаржыландыру — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бүл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқы мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайда-ланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жүмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорын-ның қарамағында қалатын пайданың есебінен отелінеді.

Информация о работе Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы