Сөйлеу туралы жалпы ұғым

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, реферат

Краткое описание

Тіл арқылы адамдардың өзара қарым-қатынас жасау процесін сөйлеу деп атаймыз.
«Сөйлеу» мен «тіл» ұғымдары бірдей ұғымдар емес. Сөйлеу дегеніміз –адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатыгас жасау әрекеті.

Оглавление

Кіріспе
1.Сөйлеу туралы жалпы ұғым.
1.1.Тіл және сөйлесу
1.2.Сөйлеу түрлері.
2.Сөйлеудің сапалары.
3.Сөйлеу және жеке адам.
Қорытынды
Қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Сойлеу туралы жалмы угым.docx

— 39.30 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

                      ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИҚАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ     

                                   «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

             

 

       Курстық жұмыс

 

Сөйлеу  туралы жалпы ұғым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

                                                                                  Орындаған:  Рахымжан Арайлым

                                                                                 Қабылдаған: Көшпенбетова Л.М

 

 

 

 

 

 

 

Тараз 2012 ж.

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1.Сөйлеу туралы жалпы ұғым.

 

1.1.Тіл және сөйлесу

1.2.Сөйлеу түрлері.

 

2.Сөйлеудің сапалары.

3.Сөйлеу және жеке адам.

 

Қорытынды

 

Қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе

 

 Тіл  арқылы адамдардың өзара қарым-қатынас  жасау процесін сөйлеу деп  атаймыз.

«Сөйлеу»  мен «тіл» ұғымдары бірдей ұғымдар  емес. Сөйлеу дегеніміз –адамдардың  тіл арқылы  басқа адамдармен қарым-қатыгас жасау әрекеті. Бұл  қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақ  та сол ұлттың қолданып жүрген тіл  құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл  болса осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланысы) жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры сондай-ақ грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдық өндірістің дамуы барысында, адамдардың өзара  сөйлесу процесінде пайда болады, сөйтіп адам дайын тілді игереді.

Адамдардың  бір коллективте бірігіп еңбек  ету процесінде, «бір-біріне бірдеңе  айту қажеттігі пайда болған». Адамдар  замандастарына сөйлесу арқылы сол  кезеңде болып жатқан оқиғаларды баяндап қана қоймай, сондай-ақ ол бүкіл  адамзаттың барлық жинақтаған білім  қорын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Бала сөйлесуді үйрене отырып, өзі дүниеге келген қоғамның өмірінен тыныс алады. Егерде бала кездейсоқ  бір жағдаймен сөзді үйрене алмай  қалған кезде, оның ой-өрісі өте төменгі  дәрежеде қалған болар еді.

Бөбектер  алғаш дүниеге келген жылдары  адам қоғамынан бөлек сырт қалып, адамдардың сөйлеген сөздерін мүлдем естімеген жағдайлардың (сирек кездессе де) болғаны бар. Мысалы, туған кезден бастап маймылдар асырап, солардың арасында өскен бірнеше баланың  әр кезеңдерде Үндістанда табылған рас. Өй-өрісі жағынан бұл балалар  өздерін асырап өсірген маймылдардың дәрежесінде болған. Кейіннен мұндай балалар адамдармен бірге өмір сүргенде олардың ақыл-ойы өте баяу дамыған. Адам өмірінің алғашқы жылдары оның интелектісінің дамуына сөйлеудің (тіпті жалпы әлеуметтік ортаның) қаншама мәні  бар екенін осы  дәлелдердің өзі көрсетеді.

Ойлау мен  сөйлеу, жоғарыда айтылғандай, бір-бірімен  тығыз байланысты. Адам ойлағанда, әдетте өз ойын іштей сөз және сөз тізбегі  арқылы құрып, іштей сөйлеу деп аталатын түрде береді. Іштей, ең болмаса бір-екі  сөзді құрап алмай, бір нәрсені  шығынды да ойлап көріңізші, ойлай  алмайсыз.

Алайда  адамдар өз ойын сөзбен жеткізіп айтып  бре алмайтын жағдайлар да болады. Бұдан ол сөзден бөлек бола береді деген ой тумайды. Бұл жерде адам іштей ойлаған  сөзін сыртқа шығарып, сол ойын басқа адамға түсінікті  етіп кеңінен айтып жеткізуінің  қиын екендігі туралы ғана сөз болып  отыр.

Сөз сөйлеу тек адам баласына ғана сөз тән. Жануарлар  өз өмірі үшін маңызды оқиғаларды (қауіп төнгенде, азық табылғанда) бір-біріне дыбыс синалы арқылы хабарлайды, сондай-ақ эмоцияларын (үйрену, ашу шақыру, ыза  болу сияқты) білдіреді. Бірақ бұл  дыбыстаулар бірніші сигнал системасына  жатады.

Жануарларды зерттеу арқылы, олардың өзара  дыбыстық қатынастары ерекшеліктерін кеңінен аша түсуге болады дегенмен, жануарлар шығарған сигналдар саны қаншама көп болғанмен, бұл сигналдардың адам баласы сөзінен ерекше айырмашылығы бар. Жануарлардың тілі әр алуандығына  қарамастан, тек бірінші сигнал системасы  болып қана қалмақ.

 

    1. Сөйлеу туралы жалпы ұғым.

1.1.Тіл және сөйлесу

Адам  озінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бүл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне  сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.

Адам  баласының сана-ссзімінің дамуьшда дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы  нәтижесінде адам организмі анатомиялык  өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына  қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді  жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп  қалыптасуын тек биологиялық  жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз  қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының  тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен  айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.

Тіл, сойлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде  аса маңызды рөл аткарады. Сөз  ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі  мірдің оғын-дай екен» дейді. Ескі қазақ жүртының ғүлама ғалымы Жүсіп  Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл  арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне  айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ыкналымеп, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бүл екеуінің дамуы  бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл  сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының  көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын  екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «Мүғалім келді» деген сөйлем-де мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мүғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.

Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы  адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі  сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық  жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алгашқы кезде  бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйретеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе  келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі зандылықтарын  үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қогам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді  сөйлеу деп атайды. Сойлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы озара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытын кана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қогамдық тәжірибай меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М.Жүмабасв).

Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз  байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұгынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны  үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен  үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонаңияны  қабылдау сойлеу аппаратында, адамның  мәнерлі қозғалыстарында түрліше  реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонаңиясы  бойынша іс орындалса, тілек интонациясына  келісу немесе келісушілік білдіреді. Адамға тон сейлеу орекетінде екі  сипат болуы шарт. Бұларсыз сейлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сейлеудің мазмүндылыгы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмүн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмүндылыгы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос сеөді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздің мәнерлігі дегеиіміз — адамның сейлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлсйтін адамдарды «сөзі  мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандык үшін маңызы зор. А.С.Макарснко бұл жөнінде:

«Балалар  сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшслігіңізді  сезіне алатындай болуы керек»,—  дейді.

Сөйлеу  әрекеті тиісті анатомиялық аішараттардың (тіл, срін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еітері т. б.) дүрыс қызмет істеуін  қажет етеді.

Сөйлеу әрекеті  үлкен ми сыңарларының анализдік, синтсз-дік  қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындап.і қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі  дыбыс-тарды нозік галдаудан; екіншіден, сөздік сигнаддардың болшскіаі-гш элемеиттерін байланыстырудан керінеді. Физиологнялық  тұрғыдан создің мәнін И.П.Павлов былай  түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен  елестеріміз шындықтын бірінші  сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сойлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық  тітіркенулер, екінші сигналдар —  сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып  табыладі да, жалпылауға мүмкіншілік  береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».

Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып түратын жүйке  орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Верникс басқа  біреудің сөзін есіту мидың сол  жақ сыңарындагы самай бөлігінің  арт жағында орналасқан жүйке  орталығының қызметіне байланыстылығын  айтады.

    1. Сөйлеу түрлері.

 Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі.

Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең  тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.

Ауызиш сойлеу — сойлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.  Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөййлеу. Диоогтық, сойлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдееуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшсліктері төмендегідей:

  1. Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайын жатуды тілейді;
  2. Үнемі кезектесіп айтылатындыктан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тогызыншы» деген сөйлемді осындай номірлі авгобусты кутіп тұрған адамдар ғана түсіне алады;
  3. Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу болады;
  4. Диалог сөз ым-ишаралармеи, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т. б.) толықтырылады.

Монологтық сойлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:

    1. Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес ққрылады, бұл алдын-ала даярлықты тілейді;
    2. Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
    3. Монолог сөз мәнерлі, адамга әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.

Диалог және монолог сөздер кобінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау  сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнсрлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті  болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай  ым-ишаралардың дербес күйінде аса  үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші  құрал ретінде ғана пайдаланады.

Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланағын, мағынасына түсінгеімен күн сайын ашылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу рекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппсн 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 сөзге жетін отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000-дай болған.

Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша  сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер  арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түсиейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай  дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің  біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.

Жазбаша сойлсудің кейбір ерекшеліктері:

      1. Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.
      2. Жазбаша сөйлсудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауга тырысады, кеп ойланып, толғанады. Өйтпейінше бұдан нәтиже шығару қиын.
      3. Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
      4. Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам озінің туысқандарына, таныстарына хаг арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-кағаздық т.б. создер. Сөйлеудің жеке бір түрі — ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осығадай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де және стезиялық тітіркендіргіштерге орай туьш отыратындығы анықталған. Ішкі сөйлеумен жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: «Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті озімді де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардын алдымда бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын». Ішкі сойлеу өте кысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әркез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сойлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың кажеті де болмайды.

Информация о работе Сөйлеу туралы жалпы ұғым