Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:10, реферат
Тіл арқылы адамдардың өзара қарым-қатынас жасау процесін сөйлеу деп атаймыз.
«Сөйлеу» мен «тіл» ұғымдары бірдей ұғымдар емес. Сөйлеу дегеніміз –адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатыгас жасау әрекеті.
Кіріспе
1.Сөйлеу туралы жалпы ұғым.
1.1.Тіл және сөйлесу
1.2.Сөйлеу түрлері.
2.Сөйлеудің сапалары.
3.Сөйлеу және жеке адам.
Қорытынды
Қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі
2.Сөйлеудің сапалары.
Адам сөзі байлығының бір себебі-адамдардың өзара сөйлесуі үшін жоғары дамыған және өте нәзік анатомиялық – физиологиялық (сөйлеу мүшесі) апаратының болуында. Бұл аппарат біздің ертедегі ата-бабаларымыздың біртіндеп адамға айналу процесінде пайда болған. Ф.Энгельс: «маймылдың жетілмеген көмекейі неғұрлым дұрыстап модуляция жасау үшін модуляция жолымен ақырындап, бірақ үнемі өзгере берді, ал ауыз органдары бірте-бірте бір оның дыбыстан соң бір анық дыбыс шығаруды үйренді» - деп жазды.
Егер
түйсіктер, қабылдаулар және елестер
- бірінші исгнал системасына
жатса, онда өзінің дамыған түрінде
тек адам баласына ғана тән сөйлеу
екінші сиганал системасына жатады.
«Адамның жануарларда соншама мөлшерде
болмайтын маңдай бөлігінде екінші
бір сигнал системасы бірінші
системаның сигналдануы – сөйлеу
қолдан қосылып қойылғандай», - деп
жазды И.П.Павлов . Ғалымның айтуына
қарағанда, адамдарда айтқанда сөз
ретінде естіліп те, көрініп те
тұратын бірінші сигналдың
Сөйлеудің қозғау орталығы ( тілді, көмекейді және басқа да сөйлеу мүшелерінің қозғаласын басқаратын) мидың маңдай қатарларының төменгі жағында орналасқан. Сөйлеуді қабыс алатын орталық ( есту орталығы) мидың сол самай жағында орналасқан.
Сыртқы естіртіп сөйлеуді сыртқы сөйлеу деп атауға болады. Бірақ та, айланған кезде іштей сөйлеуді де пайдаланамыз деп жоғарыда айтқанбыз. Мұндай сөйлеуді ішкі сөйлеу деп атайды.
Сыртқы сөйлеу ауызыша және жазбаша түрде болады. Ауызша сөйлеу, өзінің аты көрсетіп тұрғандай, бір адамның сөйлеуі болады - Әдетте бұл сөйлеу (лекция, баяндама, әңгіме т.б. сияқты) басқа да адамадарға тыңдаушыларға қаратылып айтылады, сонымен қатар тыңдаушылар жоқ жерде де, адам өзін-өзі дыбыстап сөйлеуі мүмкін. Монологтың сөйлеу тыңдаушыларға арналған кезде, оларды көбіне қалуы тиіс. Сондықтан да басқаларға сөйлеп тұраған адамның оның сөзіне жұрт назарын қалай аударып отырғанын ескеруі қажет.
Мұғалімнің сабақты түсіндіруі де монолог түрінде болуы мүмкін. Бастауыш кластарда сөйлеудің монологтық түрлерін шамадан тыс қолдана берудің қажеті жоқ екенін айтып кеткен жөн. Жас оқушылар сабақты лекция түрінде түсіндіргеннен гөрі, оны өзара әңгіме ретінде түсіндіргенде, анағұрлым жақсы таңдап, түсініп, меңгеріп алады.
Екі адамның, не болмаса одан да көп адамдардың өзара әңгімелесуін диалогтық сөйлесу дейді. Әдетте сөйлесушілердің сөзі алма-кезек келіп отырғандықтан монологтық сөйлеу тәрізді ұзақ болиайды. Диалогтық сөйлеу кей кездерде пікір таласа, диспут, түрінде болып, соның барысында кейбір мәселенің анықталуы мүмкін.
3. Сөйлеу және жеке адам.
Оқушы жазбаша
дүниенің мазмұнымен, әдетте, оның авторынсыз
танысады,, сондықтан да ол өте-мөте
оның, түсінікті, дәл болуы қажет.
Сондай-ақ сөйлеудің жазбаша түрінде
сөйлеген сөзді жандыра түсуге қажетті
сөз ырғағы, мимика, қол қимылдарын
пайдалана алмайсың. Сондықтан да
сөйлеудің жазбаша түрінде
Сөйлеудің
көрсетілген түрлері актив
Екінші топқа сөйлеушілердің өз ойын тыңдаушылар жадында бұлжытпай жеткізіп, тыңдаушыларға тиісті әсер жасап, оларды нандыратын сайлау сапалары жатады. Бұған сөйлеудің маңыздылығы, анықтығы, түсініктілігі, сөздің дұрыс құрылуы, логикалығы, әсемділігі, бейнелілігі, эмоциялылығы, ұғымдылығы кіреді. Әрине түрліше баяндау сондай-ақ бірінші топтағы талаптарды орындауға байланысты екені белгілі.
Егерде сөз адамның ойы мен сезімін дұрыс бейнелей алса, оны тыңдаушылар да жеңіл түсінеді. Егер сөйлеушінің де ойы өзіне түсініксіз болса, не болмаса өз ойын жеткізуге немқұрайлы қараса, оны түсіну де сондайлық дәрежеде болады.
М.Ш. Калинин
бір кезде ҮІІІ-Х класс
Мұғалімнің сөзіне ерекше жоғары талап қойылады. Ол сөз түсініктілігі, анықтығы, қызғылықтығы, ойға қанымдылығы, дұрыстығы тағы басқаларымен ерекше болуға тиіс, егер оның ішінде қайта-қайта айтылып, жауыр болған сөздер көптеп кездессе, оның жаман болғаны. Мұғалімдердің шыңына жеткізе жаттап алған сөздерін.
Жазбаша сөйлеу - баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеу меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Баланы жазу сөзіне үйрету – бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда жартысына жуығы ашылады. Жазбаша сөйлеудің дамуы хат танудан басталады. Бала мектепке келген кезден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның 3 кезеңі бар:
Қорытынды
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне тусінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарның бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарыньң төбе, самай, желке беліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялык функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақым- данса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мүның бірнеше түрі бар. Мәселен, бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынга соғады. Екінші бір түрінде адам өзі сойлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан кұйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жүмысы әлі жонді жетілмегендігін, ягни онда созді дұрыс қабыл-дау, түсіну әлі мардымсыз екендігін корсетеді. Сөзді жалпылай алу — адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндсп ие болып отырады.
«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сейлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылар-мен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стено-графиялық жазу, эсперанто т. б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет атқаратыпы белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қыз-мет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасыпда, күрбы-қүрдастарымен пікірлсскенде кісі басқа формада сойлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, иителлект (ақыл —- парасат) түрінде көрініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы карастырады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) аукымы кең, ол, кобінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, педагогика т. б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл аркылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауызекі — фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал «сөз», сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шыгасылы адамдардыц да сойлеу ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлсудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ қүбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді.
Әркім өзінің
басындағы ойларын басқаға
Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді.
Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай
екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық
сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе
бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық
сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме,
баяндама, лекция және басқа да түрлері
кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы
– көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу:
ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық
сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.
Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі
бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің,
жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді.
Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп,
іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің
бұл сипаты – оның мәнерлілігі.
Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда
мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды
ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып
шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі
интонациямен, мимикамен, ишаралармен
білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай
мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға
жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып,
оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі
түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу -
өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере
білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай,
нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп,
тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.
Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын
тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар
оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық
және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен
жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің
арасында психологиялық айырмалар да
баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі
ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше,
бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып
жеткізуге шорқақ.
Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология»
кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953
жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы
былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде
қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі:
әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге
сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір
айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті
қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа
айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады...
Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу
деп атауға болады.
Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден
жеңіл болады. Онай болатын себебі – сөйлеушілер
бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан,
қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан,
бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді
айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне
қояды.
Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен
толықтырылады. Қорыта айтқанда, диалог
сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу
жақтарына онша көп талап қойылмайды.
Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда
барлығы ақырына дейін толық баяндалуы
керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты
түрде құрылуы қажет.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1.Ә.Алдамуратов.Жалпы
2.Қ.Жарықбаев. Жалпы
3.Ф.Н.Гоноболин. Психология -1976ж.
4.К.Н.Корнилов. Психология. 1946ж.
5.В.В.Богословский. Жалпы психология.1980ж.
6.С.Балталы. Жалпы психология. 2003ж.
7.С.Балталы. Жантану
8. Жалпы психология ,2004.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Ә.Алдамұратов.”Жалпы
2.Қ.Жарықбаев.”Жантану
3.Р.С.Немов:”Психология кн-1”Москва 2000г.
4.С.Л.Рубинштейн”Основы общей психодогии”Москва 2003г