Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 14:02, доклад
Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.
Инвестиция ұғымы
Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.
Инвестор – бұл өзіндік немесе несиеге алынған немесе басқа жақтан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға құятын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор тәуекелдердің аз болуын қалайды. Олар стратегиялық немесе портфельдік инвестор болып бөлінеді.
Инвестициялар төмендегі мақсаттарды шешуге көмектеседі :
Қаржы және материалдық қорларды жинақтау арқылы өз кәсіпкерлік іс-әрекетін кеңейту ;
Жаңа кәсіпорындарды сатып алу ;
Бизнесті жаңа салаларды меңгеру арқылы түрлендіру (диверсификация) .
Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады :
Портфель ді инвестици ялар – қаржыны жобалар тобына құю, мысалы әр түрлі кәсіпорындардың акцияларын сатып алу
Нақты инвестици ялар – қаржы қаражатты нақты, әдетте ұзақ мерзімді және нақты активтерді сатып алуға тиісті жобаға құю
Инвестициялардың негізгі түрлері :
Шетелдік
Мемлекеттік
Жеке
Өндірістік
Интеллектуал ды
Бақылайтын
Бақыламайтын
Әрекет ету жағынан қарастырғанда инвестици ялар мына түрлерге бөлінеді :
Алғашқы инвестиции
Кеңейтуге бағытталған и нвестици ялар
Реинвестициялар – кәсіпорынның бос қаражатын жаңа құралдарды сатып алуға бағыттау
Негізгі фондыларды алмастыруға арналған и нвестици ялар
Диверсификацияға бағытталатын и нвестици яларИнвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі: а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін; ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық; Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар). - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар : 1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы; 2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы; 3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі; 4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы; 5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал; Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі: - өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ; - портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін); Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады