Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптасуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 19:58, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазыргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасындағы дағдарыс жағдайында бағалы қағаздар нарығының даму мәселелері
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік реттеу және оның перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Экономика теория жөнделген.doc

— 369.50 Кб (Скачать)
  • мемлекеттің салық саясаты;
  • ақша  саясаты;
  • мемлекеттік капитал;
  • мемлекеттік меншік және ресурстар;
  • сырқты экономикалық саясат.

     Аталған құралдар, тұтқалар арқылы мемлекеттік  реттеуді дұрыс бағытта жүргізуге  мүмкіндік береді.

      Жіктелім, формаларымен қатар, мемлекеттік реттеудің бағыттары анықталынады: рестрикциялық және ынталандырушы бағыттар.

Бағалы  қағаз нарығын рестрикциялық  мемлекеттік реттеу міндетті ережелер мен талаптар негізінде, мәмілелерді  тіркеу үрдісін жетілдіруге бағытталған әдістер жиынтығынан құралады.Ынталандырушы реттеуге мысал ретінде, халық арасындағы бағалы қағаздар туралы біліктілікті жоғарылату, хабарламаларды жеткізуді атап өтуге болады.Бұл бағыт арқылы ішкі инвестициялық ресурстарға деген ұсыныстың жоғарылауына әкеліп, бағалы қағаз нарығының дамуына септігін тигізеді.

  Бағалы қағаз нарығын мемлекеттік органдар тарпынан тиімді реттеу нарықтың макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау және олардың қоғамдық өндіріс, баға өзгерісі мен басқа да факторлардың байланысын анықтау маңызды сұрақтардың бірі.Сондықтан да, бағалы қағаз нарығының интегралды көрсеткіштерін, конъюктураны бағалау, несие нарығымен, бюджет жағдайы және басқа да макроэкономикалық көсеткіштермен өзара байланысында бағалы қағаз нарығының даму болжамы жүйелі түрде жариялануы қажет

      Бағалы  қағаз нарығының жағдайын және оның даму қарқынын келесі көрсеткіштер тобы анықтайды:

      1.Бағалы  қағаздың шығарылым мен айналыс  тәртібін, бағалы қағаз нарығының  субъектілер қызметін, бағалы қағаздар  нарығындағы қаытнастарды реттейтін құқықтық инфрақұрылымның болуы;

      2. Бағалы қағаз нарығының құрылған  және қызмет ететін техникалық  инфрақұрылымның болуы; 

      3.Өз  мүшелерінің қызметін өзн-өзі  реттеу ұйымының қызметін мемлекеттік  органдар арқылы реттетін, ал  өзін-өзі реттеу ұйымының қызметін мемлекеттік органдар реттейтін кәсіби қатысушылардың қызметын реттеу жүйесінің

      Сонымен, өзін - өзі реттеу және мемлекеттік  реттеу жүйелерінің болуы нарықтың тиімді дамуына әсер етуші күш  ретінде танылады.Өзін-өзі реттеу жүйесі Қазақстанда онша дамымаған.Іс - әрекетететін өзін-өзі реттеу ұйымы ретінде Қазақстан қор биржасын жатқызуға болады.

      Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтауда, экономиканың даму болашағының мақсаттары мен қағидаларын, сондай – ақ экономикаылқ - әлеуметтік факторларды ескеру міндетті.Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекттік реттеу белсенді сипатта болуы шарт.Сонымен қатар, реттеу экономикалық субъектілердің қызметтеріне жағымды жағдайларды құруға, нақты экономикаға инвестицияларды тартуға бағытталуы керек.

      Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуының стратегиялық міндеттерін айқындау кезінде негізгі шарт – бұл  қандай нарыққа жетуіміз керек деген  сауалдарға жауап іздеу.Себебі, әр түрлі  елдерде бағалы қағаздар нарығының сипаты да әр түрлі.Біз елде негізінен мемлекеттік бағалы қағаз нарығынң басты орын алып, мемлекеттің рөлін артуға бағытталады.Әлде, нарықта корпоративтік бағалы қағаздар аса ауқымды орын алуы мүмкін.Әр мемлекеттің өз сипатына қарай, бағалы қағаздар нарығы да бір – бірінен ажыратылады.

      Бағалы  қағаздар нарығының негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары.Алдымен  отандық бағалы қағаздар нарығының  қол жеткен жетістіктері мен артықшылықтары жайлы айтсақ, Қазақстандағы қор  нарығының даму жағынан басымдылығы жайлы кейінгі кездері көп айтылып жүр.Бұл экономика дамуының жоғарғы қарқыны да, әлемдік стандарттарға түгелімен сәйкес келетін инфрақұрылым да, институтционалды инвесторлардың қалыптасқан стандарттары да (банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорлары) және активтерінің шоғырлануының жоғарғы деңгейі.

      Соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының дамуында белгілі бір нәтижелерге қол  жеткізді.Егер ұлттық сауда-саттық ұйымдастырушысы  – Қазақстан қор биржасының қызметін талдасақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес,екі мың үшінші жылдан бері сауда алаңдарында жасалған мәмілелер көлемі:

  • шетел валютасымен мәмілелер – 4,5 есе;
  • мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер – 35 есе;
  • мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер – шамамен жүз есе өскен     екен .                                                  

      Қазіргі Қазақстандық тәжірибеде, бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды сату мен сатып алу орын ретінде түсінеді. Сондықтан да, тиімді бағалы қағаздар нарығын құруда бағалы қағаздардың максималды өтімділігі ретінде сандық көрсеткіштер арқылы анықталынады, яғни нарықтың айналымы,  саудаға түскен бағалы қағаздардың саны, мәміле жасау жылдамдығы, инвесторлар саны және т.б. көрсеткіштер.Бірақ, бұл бағыт бағалы қағаздар нарығының дұрыс құрылған механизм кезінде ғана жүзеге асырылады. Әр түрлі себептерге байланысты, Қазақстан осы бағытқа жетпеген.

      Қазақстан жағдайында, бағалы қағаздар нарығының  стратегиялық мақсаттары ретінде –  Қазақстандық экономикаға капиталды  тарту мен қайта бөлу арқылы, ішкі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен Республиканың әлемдік деңгейде позициясын тұрақтандыру механизмін құру болып табылады.Тактикалық шаралар негізінде, интраверттік нарықтан, яғни өз шеңберінде даму, экстраверттік нарыққа, яғни экономиканың нақты секторының қажеттліліктерін қанағаттандыруға бағытталуы жөн.Мұнда бір жағынан, нарық нивесторларға максималды түрде ашық болу, екінші жағынан, эмитенттерге капитал тарту құралы ретінде өзекті болуы тиіс.

      Жеке  ішкі инвесторлардың мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі болуы керек.олардың қызығушылықтарына сай, нарықтық механизм құрылуы жөн. Отандық бағалы қағаздар нарығына әр түрлі факторлардың әсері салдарынан, мемлекет пен жеке инвесторлардың мүдделерін қорғайтын, инвестициялық сипаттағы стратегияны жасау қиындығын туғызады.

      Экономикалық  тұрғыдан алған, мемлекеттің бағалы қағаздар нарығындағы қызығушылықтар, ең алдымен , осы нарықтың тұрақтылығын және инвестициялық бағыттылығын қамтамасыз етумен байланысты, яғни жинақ және инвестиция ағындары арасындағы тепе-теңдікті ұстауға бағытталған жөн.

      Алайда, Отандық экономикада өзгерістер аяқталмағандықтан, мемлекет бағалы қағаздар нарығында қосымша міндеттерді шешуге қажет.Олар: мемлекет иелігіндегі корпоративтік меншікті тиімді басқаруын қамтамасыз ету; болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын экономиканың сектоларды ынталандыра отырып, өндірістік саясатты жүзеге асыру.

      Қарастырылған сұрақтарды ғана шешіп қана қоймай, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде, елдің  бағалы қағаздар нарығының нақты дамуына әкеледі.Ал, бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің әлеуметтік – экономикаылқ әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар, алдағы ұзақ, орта мерзімге бекіткен стратегиялық мақсатқа жетуге көмектесуге мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

      Курстық жұмысты қорыта келгенде қазіргі Қазақстандық тәжірибеде бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды сату мен сатып алу орын ретінде түсінеді. Сондықтан да, тиімді бағалы қағаздар нарығын құруда бағалы қағаздардың максималды өтімділігі ретінде сандық көрсеткіштер арқылы анықталынады, яғни нарықтың айналымы, саудаға түскен бағалы қағаздардың саны, мәміле жасау жылдамдығы, инвесторлар саны және т.б. көрсеткіштер. Бірақ, бұл бағыт бағалы қағаздар нарығының дұрыс құрылған механизм кезінде ғана жүзеге асырылады. Әр түрлі себептерге байланысты, Қазақстан осы бағытқа жетпеген.

      Қазақстан жағдайында, бағалы қағаздар нарығының  стратегиялық мақсаттары ретінде –  Қазақстандық экономикаға капиталды  тарту мен қайта бөлу арқылы, ішкі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен Республиканың әлемдік деңгейде позициясын тұрақтандыру механизмін құру болып табылады.Тактикалық шаралар негізінде, интраверттік нарықтан, яғни өз шеңберінде даму, экстраверттік нарыққа, яғни экономиканың нақты секторының қажеттліліктерін қанағаттандыруға бағытталуы жөн.Мұнда бір жағынан, нарық нивесторларға максималды түрде ашық болу, екінші жағынан, эмитенттерге капитал тарту құралы ретінде өзекті болуы тиіс.

      Бағалы  қағаздардың экономикалық тиімділігі және экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасында ең маңызды орынды иеленеді және оны жүзеге асыру бүгінгі күннің талабы.Бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуы экономикалық өсуді қаржыландырудың ең қолайлы тетіктерінің бірі болып есептеледі.

      Коммерциялық  банктер үшін бағалы қағаздармен операциялардың бүгінгі таңдағы ең басты проблемасы – мәліметтердің шектеулілігі.Қазіргі кезде Қазақстандық коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларының ең негізгі түрі – бағалы қағаздармен инвестициялық операциялар , яғни бағалы қағаздарды сату және сатып алу оперциялары болғандықтан, коммерциялық банк мамандары бағалы қағаздардың бағамдары жайлы, олардың өзгерістері, болжанған бағалары туралы мәліметтерді қажет етеді.

     Бағалы  қағаздар нарығы - шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  мен мемлекет  шығарған  бағалы  қағаздардың  сан  алуан   түрлері  сатылатын  және  сатып алынатын  қаржы  нарығының  бөлігі болып есептеледі. Бұл нарықтың  жұмыс істеуі  көптеген  экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді. Бұған  осы нарықтың  қор құрылымдарының – бағалы  қағаздардың  сан  алуандығымен  қол  жетеді.

     Бағалы  қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады.

      Бағалы  қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.Осыдан, бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінуге болады.

     Бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл нарықтық ары қарай дамуына, экономикаға инвестицияларды тартуды  қамтамасыз етуге, елдің, аймақтың, кәіпкерлік құрылымдардың, халықтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы.

      Мемлекеттік реттеудің негізі мақсаты ретінде  бағалы қағаздардың сенімділігінің артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады. Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі -бұл банктік өнімге бәсекелес құралдарды шығару және компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады.

     Бағалы  қағаз нарығын мемлекеттік органдар тарапынан тиімді реттеу нарықтың макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау және олардың қоғамдық өндіріс, баға өзгерісі мен басқа да факторлардың байланысын анықтау маңызды сұрақтардың бірі. Сондықтан да, бағалы қағаз нарығының интегралды көрсеткіштерін, конъюктураны бағалау, несие нарығымен, бюджет жағдайы және басқа да макроэкономикалық көсеткіштермен өзара байланысында бағалы қағаз нарығының даму болжамы жүйелі түрде жариялануы қажет.

     Бағалы қағаздар — бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен сан алуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін оларды ұсынудың қажеттігімен біріктіріледі. 
 
 

                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.Қ.Қ.Ілиясов., С.Құлпыбаев. Қаржы. - Алматы: 2009.- 551 бет.

2.Б.Көшенова. Бағалы қағаздар нарығы және қор биржасы.-Алматы: 2007. 368бет.

3. Ғ.С.Сейтқасымов.Ақша.Несие.Банктер–Алматы: Экономика 2009ж. 459бет.

4. Г.И.Супугалиева. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелері. //Қаржы менеджменті.- 2008.- желтоқсан. - №12 (12) . 10-11бб. 

5.Д.Ш.Исканов.Бағалы қағаздар нарығы. //Экономика негіздері журналы.- 2009ж. -  сәуір №4 (4). 10-11бб.

6.Б.Т.Қайырбекова. Бағалы қағаздар нарығының дамуы.//ҚазҰУ хабаршысы.- 2009. – желтоқсан.- №12. 67-72бб

7. М.Селбиев. Мемлекеттік құнды қағаздар саудаға түседі.//Айқын апта.- 2008. 191 (1372). 14 қазан

 8.Б.К.Блеутаева. Ақша және банктер. - Алматы: ЖШС РПБК Дәуір – 2007. -

9.Ә.Саутбекова. Банктік жүйенің өзекті мәселесі. //Дала мен Қала – 2009. маусым. - №6. 6-7бб.

10. Мақыш С.Ақша айналысы және несие.Алматы: Издат Маркет 2008ж.

11. Әубәкіров. Байжұманов Б. Экономикалық теория. - Алматы: Қазақ университеті, 1999ж.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын қалыптасуы мен дамуы